Әдістемелік нұсқаудың титулдық парағы



Дата13.06.2016
өлшемі179.5 Kb.
#133554

Әдістемелік нұсқаудың

титулдық парағы








Нысан

ПМУ ҰС Н 7.18.3/40


Қазақстан Республикасы білім және ғылым министірлігі


С.Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университеті
Информатика және ақпараттық жүйелер кафедрасы

5В070300 - Ақпараттық жүйелер мамандығы студенттеріне Мамандыққа кіріспе пәнінен



пәнді оқып-үйренуге арналған әдістемелік нұсқау

Павлодар



Әдістемелік нұсқауды

бекіту парағы








Нысан

ПМУ ҰС Н 7.18.3/41






БЕКІТЕМІН

ОІ жөніндегі проректор

__________ Пфейфер Н.Э.

(қолы)


«___»____________2010 ж.

Құрастырған: п.ғ.к., информатика және ақпараттық жүйелер кафедрасының доценті Оспанова Назира Нұрғазықызы


Информатика және ақпараттық жүйелер кафедрасы

5В070300 - Ақпараттық жүйелер мамандығы студенттеріне Мамандыққа кіріспе пәнінен



пәнді оқып-үйренуге арналған әдістемелік нұсқау
Кафедра отырысында ұсынылған 2010 ж. «___»_________ №_____хаттама

Кафедра меңгерушісі ___________________ Асаинова А.Ж.


(қолы)

Физика, математика және ақпараттық жүйелер факультеттің әдістемелік кеңесімен құпталған 2010 ж. «_____»______________ №____хаттама


ӘК төрағасы __________ Мұқанова Ж.Ғ. «____»_____________2010 ж.


(қолы) (күні)
КЕЛІСІЛДІ
Факультет деканы __________ Нұрбекова Ж.К. «____»____________ 2010 ж.
(қолы) (күні)


Жжәқб құпталды

ЖжӘҚБ бастығы ____________ Варакута А.А. «____»_____________2010 ж.

(қолы) (күні)
Университеттің әдістемелік кеңесімен құпталған

«_____»______________ 2010 ж. №____хаттама


1-тақырып. Информатика және компьютерлік ғылымдардың негізгі түсініктері.

Информатика – іргелі ғылым. Информатика ғылым және оқу пәні ретінде. Информатика – адам қызметінің саласы. Информатика пәнінің пәндік аймақтары. Информатиканың пәндік аймақтарының мінездемелері. Ақпараттық жүйелер түсінігі. Компьютермен жұмыс жасау деңгейлері. Компьютерлік сауаттылық, білімділік және мәдениеттілік.


Информатика – электронды есептегіш машина арқылы жинау, сақтау, түрлендіру, тасымалдау және қолдану заңдылықтары мен әдістерін зерттейтін ғылым.

Мәліметтер дегеніміз – регистрленген сигналдар, яғни тіркелген сигналдар. Ақпарат латынның « information » баяндау, білу деген мағнаны білдіреді.

Ақпарат – белгілі бір нәрсе (адам, жануар, зат, құбылыс) туралы берілетін мәліметтер тобы.

«Информатика» сөзі француз тілінен шыққан «информация» және «автоматизация» деген сөзінен жасалған.

Ақпараттық жүйелер дегеніміз ақпаратты жинауға, сақтауға, іздеуге, талдауға және таратуға бағытталған қолданбалы бағдарламалық өнім. Ақпараттық жүйелер кіріс ақпаратты (қандайда бір мәліметтер, нұсқаулар) және шығыс ақпаратты (есептеу, есептеулер) қамтиды, яғни ақпараттық жүйелер кіріс ақпараттарды өңдеп, шығыс ақпараттарды нәтиже ретінде береді. Амалдарды, әрекеттерді бақылап отыратын кері байланыс механизмі де жүзеге асырылынады. Басқа жүйелер сияқты ақпараттық жүйелер де қоршаған ортада болады.


Ұсынылатын әдебиеттер: [1], [2], [3]
2-тақырып. Компьютердің құрылымы және жұмыс жасау принципі. Құрылғылардың өзара әрекеттестігі.

Дербес компьютердің жалпы құрылымы. Оның модульдерінің негізгі мінездемелері және олардың өзара әрекеттесуі. Шеткері құрылғылар.


Дербес компьютер – ақапараттарды іздеу, жинау, сақтау және өңдеу әрекеттерін орындайтын автоматты құрылғы.

Құрылғылар:

  1. Негізгі құрылғылар.

  2. Шеткері құрылғылар (қосымша).

1.Негізгі құрылғылар: монитор, жүйелі блок, пернетақта, тышқан .

2. Шеткері құрылғыларды атқаратын қызметіне байланысты келесі топтарға бөлуге болады:



  1. Ақпаратты енгізу.

  2. Ақпаратты шығару

  3. Ақпаратты енгізу және шығару.

Пернетақта 5 бөлімнен тұрады:

  1. Функционалдық пернелер - Ғ1...Ғ12

  2. Арнайы пернелер – Esc, enter, Caps Lock …

  3. Курсорды басқару пернелері - ,  , , 

  4. Алфавитті баспалау пернелері.

  5. Цифрлар блогы.

Ұсынылатын әдебиеттер: [1], [2], [3]


3-тақырып. Операциялық жүйелерге кіріспе.

Операциялық жүй туралы түсінік. Операциялық жүйелердің жіктелуі. Windows объектілері. Windows-та файл және бумалармен негізгі әрекеттер.


Операциялық жүйе – компьютер іске қосқан кезде жүктелетін арнайы бағдарламалардың жиыны.

Операциялық жүйенің негізгі қызметі:

  1. Компьютердің барлық құрылғыларының жұмысын ұйымдастырады және басқарады.

  2. Барлық программаның орындалуын қамтамасыз етеді.

  3. Компьютермен пайдаланушының арасында сұхбат жүргізеді.

Операциялық жүйенің түрлері:

  1. Бір есепті және бір терезелі. Мысалы: MS DOS операциялық жүйесі. MS DOS – ең көне операциялық жүйе. Негізгі ұғымдар: каталог, MD – Make Directory, CD – Change Directory.

Көп терезелі, көп есепті опероациялық жүйелер: Windows, Unix.

Файл – Қандай да бір атпен сақталған ақпараттың дискідегі орны. Файл екі бөліктен тұрады:

  1. Файл аты.

  2. Кеңейтілуі.

MS DOS операциялық жүйесінде файлдың аты 8 символға дейін бола алады, ал Windows операциялық жүйесінде 255 символға дейін бола алады. Кеңейтілуі 3 символға дейін болады. Windows операциялық жүйесінда файл және бума аттарында келесі символдарды қолдануға болмайды: : , *, < >, ?, /, \, «». Файлдың кеңейтілуі міндетті емес, ол файлдың типін көрсетеді.

Файл аты мен кеңейтілуін бір-бірінен нүкте арқылы ажыратылады.



Файл типтері:

  1. Мәтіндік

  2. Графиктік

  3. Дыбыстық

  4. Кестелік

  5. Орындауға дайын файл.

Ұсынылатын әдебиеттер: [3], [4], [5]


4-тақырып. Ақпараттық технологияларға шолу.

4.1. Мәтінді өңдеу технологиясы.

Мәтіндік редактор: міндеті және негізгі қызметі. Мәтінді енгізу ережесі. Құжат шаблондарын жасау алгоритмі.

4.2. Графиканы өңдеу технологиясы.

Графиктік редактор: міндеті және негізгі қызметі. Графиктік мәліметтерді (растр, вектор) сипаттаудың әдістері. Растрлық және векторлық графиктік редакторлар: айырмашылықтары мен артықшылықтары.

4.3. Сандық мәліметтерді өңдеу технологиясы.

Электрондық кестелер: міндеті және негізгі қызметі. Электрондық кестенің құрылымы. Мәліметтердің типтері және форматтары. Формулалар мен кірістірілген функцияларды қолдану. Диаграмма тұрғызу.
Компьютер кестелерді электрондық түрде ғана емес, сонымен бірге оған кіретін мәліметтерді өңдеу үшін қолдану мүмкіндіктерңін кеңейтуде. Осындай мақсаттар үшін қолданылатын бағдарламалар класы кестелік процессорлар немесе электрондық кестелер деп атайды. MS Excel бағдарламасы кестелік құрылымы болатын құжаттармен жұмыс жасауға арналған файлының кеңейтілуі - *.xls

MS Excel – дің құжаты – жұмыс кітабы деп аталады. Ол әрқайсысы кестелік құрылымда болатын бір немесе бірнеше кестелердің құрайтын жұмыс парақтарының жиынынан тұрады. Әр жұмыс парағының жарлығында оның аты болады. Осы ярлыктар көмегімен жұмыс парақтарына ауысуға болады. Жұмыс парағының атын өзгертуге болады.



  1. Жұмыс парағы атында екі рет шерту.

  2. Жұмыс парағының жанама мәзірде «Переименовать».

  3. ФорматЛистПереименовать

Жұмыс парағының кестелік кеңістігі жолдар мен бағандардан тұрады. Бағандар латынның бас әріптерімен, барлығы 256 баған бар. A-IV – ге дейін.

Жолдар 1-65536 дейін сандармен нөмірленген. Бағандар мен жолдар қиылысындағы обьект – кесте ұяшығы деп аталады. Ол кестелік процессордың негізгі обьектісі және мәліметтерді сақтаудың минималды элементі болып табылады.

Ұяшықты – баған мен жол номері арқылы белгілейді. Мысалы: A1, D7, AA8, BZ256 …

Ұяшықты белгілеу адрестік қызметін орындайды.

Рамкамен ерекшеленген ұяшық – белсенді ұяшық деп аталады. Кестеде үнемі бір ұяшық белсенді болып тұрады.

Ұяшық рамкасы кестелік курсор қызметін атқарады. Көршілес орналасқан ұяшықтар тобын – ұяшықтар диапазоны деп атайды.



Белгіленуі: А1:С8

MS Excel – де мәліметтің үш типін енгізуге болады:



  1. Мәтін

  2. Сан

  3. Формула

Формула әрқашан «=» (тең) таңбасынан басталады.

Ұяшықтардағы мәліметтерді былайша редакторлауға болады:



  1. Формула жолы.

  2. Ағымдағы ұяшыққа тышқанды екі рет шерту.

  3. Ағымдағы ұяшықты белсенді етіп Ғ2 пернесін басу.

Ұяшықта формула бар болса, онда ол формула, формула жолында көрінеді, ал ұяшықта сол формула негізінде есептелген нәтиже қолданылады. Сонымен, формуласы бар ұяшық тәуелді ұяшық деп аталады.

Ұяшықтар адресі – ұяшықтарға сілтеме болып табылады. Сілтемені екі тәсілмен беруге болады:



  1. Қолмен теру.

  2. Қажет ұяшықтарға тышқанды бір рет шерту.

Ұяшықтар адресін екіге бөледі:

  1. Салыстырмалы.

  2. Абсолютті.

Салыстырмалы ұяшық адресі – формуланы көшіру барысында автоматты түрде өзгереді. Ал абсолютті адресте формула көшіру барысында ұяшықтар адресі өзгермейді.

Салыстырмалы: А1, С7, АВ129.

Абсолютті: $A$1, $D$7, $AB$129

Толтыру маркері әрбір ұяшықтың оң жақ төменгі бұрышында орналасқан кішкентай квадрат - толтыру маркері деп аталады. Бұл автотолтыру әдісінде қолданылады.

Адрестердің берілу тәсілдерін өзгерту үшін ұяшыққа сілтемені ерекшелеп Ғ4 пернесін басу жеткілікті.
Ұсынылатын әдебиеттер: [5, [6], [7]
5-тақырып. Компьютерлік желілермен таныстыру.

Компьютерлік желілер. Желінің мүмкіндіктері мен жетістіктері. Желі түрлері. Желі топологиясы. Желідегі компьютерлердің әртүрлі рөлдері.


Екі немесе одан да көп компьютерлерді физикалық біріктіруде компьютерлік желі пайда болады.Компьютерлік желіні жасау үшін, арнайы аппараттық қамттамасыздандыру, яғни желілік жабдықтар және арнайы бағдарламалық құралдар қажет. Мәліметтер алмасу үшін, 2 компьютерді қарапайым қосу тура қосу деп аталады.Ол үшін Пуск → Программы → Стандартные → Связь → Прямое кабельное соединение командасын таңдау қажет. Бұл жағдайда аппараттық құрал ретінде енгізу ∕ шығарудың стандартты порттары қолданылады, ал W – тың стандарттық құралдар тобына кіретін « Прямое кабельное соединение » деп аталаған бағдарламалық қамттамасыздандыруды қолданылады.

Компьютерлік желілердің басты мақсаты – ортақ ресурстарды бірлесе қолдануды қамтамассыз ету.

Ресурстарды 3 – ке бөлуге болады:



  1. аппараттық ( мысалы: принтер,... )

  2. бағдарламалық

  3. ақпараттық

Компьютерлік желілерде аппараттық жәнә бағдарламалық үйлесімділікті қамтамасыз ету үшін,протоколдар ( хаттамасы ) деп аталатын арнайы стандарттар әрекет етеді.

Хаттама дегеніміз – мәліметтерді ұйымдастыру жайындағы келісімдер мен ережелердің жиыны.Ол мәліметтердің дұрыс бағытта тасымалданылуын және ақпарат алмастыру үрдісіне қатысушылардың барлығына осы мәліметтердің дұрыс түсінуін қамтамасыз етеді.

Компьютерлік желілерді былайша бөлуге болады:



  1. жергілікті ( локальды ) желі LAN – Lokal Area Network

  2. аймақтық ( регионалды ) желі MAN – Meropolitan Arta Network

  3. корпоративті желі – бір корпорацияға жататын компьютерді біріктіретін желі. Мысалы: Intranet

  4. ауқымды ( глобальды ) желі WAN – Wide Area Network

Бір мекемедегі немесе кабинеттегі компьютерлерді өзара біріктіру барысында жергілігті желі пайда болады.

Локальды желіде жұмыс жасайтын компьютерлер тобын жұмыс тобы деп атайды. Бір ғана локальды желіде бірнеше жұмыс тобы жасауы мүмкін. Жұмыс тобындағы әр компьютердің желінің ортақ ресурстарына кіруі үшін, әртүрлі құқықтары болуы мүмкін. Мысалы: локальды желіде барлық компьютерлер тең құқылы болса, онда желі бір рангілі желі деп аталады.Компьютерлік желінің қатысушыларының құқықтарының бөлінуі мен шектелуінің тәсілдерінің жиынтығы желі саясаты деп атайды. Желілік саясатын басқару желі әкімшілігі деп атайды. Локальды желінің қатысушыларының жұмысын ұйымдастыратын пайдаланушы жүйелік әкімшілік деп аталады.Әртүрлі хаттамалар бойынша жұмыс жасайтын бірнеше локальды желілердің өзара байланысы үшін, шлюз деп аталатын арнайы құралдар қызмет етеді. Шлюздер аппараты және де бағдарламалық бола алады. Мысалы, шлюздік сервер – арнайы компьютер, шлюздік қосымша – компьютерлік бағдарлама болуы мүмкін.

Жергілікті желі мен ауқымды желі арасында желілік қауіпсіздікті қамтамасыз ету үшін,брандмауэр қолданылады. Желілер арасында мәліметтерді рұқсатсыз орналыстыруға кедергі жасайтын арнайы компьютер немесе компьютерлік бағдарлама брандмауэр деп аталады.
Ұсынылатын әдебиеттер: [5, [6], [7]
6-тақырып. Бағдарламалау тілдері және орталарына кіріспе.

Бағдарламалау тілдері. Бағдарламалау тілдерінің жіктемесі және олардың салыстырмалы талдауы.


Алгоритм сөзі IX ғасырда арифметикалық амалдарды орындау ережесін тұжырымдаған ұлы математик әл-Хорезмидің аты латынша algoritmi болып жазылуынан шыққан. Алғашқы кезде алгоритмі тек көп таңбалы сандарға арифметикалық төрт амалды орындау ережесі ғана деп ұғынған Кейінірек бұл ұғым жалпы алға қойылған мәселені шешуге келтіретін әрекеттер тізбегін белгілеу үшін пайдаланыла бастады.

Қазіргі заманда, адам көп істі компьютерде пайдалану, арқылы атқарады. Кез келген міндетті орындату алгоритмнің болуын, яғни нәтиже алуға жеткізетін әрекеттердің алдын ала жазылып қоюуын қажет етеді. Алгоритмнің негізінде программа түзіледі, яғни есеп шешуінің алгоритмі оны компьютерде орындауға жарамды түрде жазылады. Осыдан барып компьютердің көмегімен есепті шешу процесінің мәні алгоритмді құру екені көрінеді.

Кез келген адам күнделікті көптеген жұмысқа кезігеді, ал оларды атқарудың жолдарын көрсететін белгілі ережелер (нұсқаулар, жарлықтар) болады.

Көзделген мақсатқа жетуге немесе қойылған есепті шешуге бағытталған әрекеттер тізбегін іске асыру үшін атқарушыға түсінікті әрі дәл жарлық (нұсқау) алгоритм деп түсініледі.

Алгоритмдік алдын ала жазбаларды құрастыру процесі алгоритмдеу деп аталады.
Ұсынылатын әдебиеттер: [6], [8], [7]
7-тақырып. Бағдарламалау технологиясы туралы жалпы түсініктеме.

Бағдарлама – мәліметтерді өңдеудің формалдық сипатталуы. Бағдарламалау технологиясының өрлеуі.


Қазіргі кезде кеңінен қолданылатын программалау жүйесінің бірі - Turbo Pascal. Американың Borland корпорациясының бүл өнімі сол корпорацияның қызметкері Андерсон Хейлсбергтің жетекшілігімен қүрастырылған. Оның тұңғыш нұсқасын 1970 жылы Швейцария физигі Никлаус Вирт (Niklaus Wirth) ұсынған. Turbo Pascal - жоғары деңгейлі программалау жүйесі. Автор тілді алғашқы арифметикалық есептеу машинасын жасаған француздың ұлы ғалымы Блез Паскальдің құрметіне Паскаль деп атап, тіл атауын үнемі бас әріппен жазылуын сүраған. Кейіннен тілдің көптеген нұсқалары жарық көреді. Солардың ішінде, 1983 жылы Borland корпорациясының талантты қызметкері Андерсон Хейлсбергтің жасаған жаңа үлгісі - Turbo Pascal программалаушылар арасында үлкен сүранысқа ие болды. Оның бұл нұсқасы СР/М операциялық жүйесіне негізделген. 1984 жылдың басында MS DOS жүйесіне ауыстырылғалы бері пайдалану қарқыны бұрынғыдан да арта түсті. Turbo Pascal-дің жоғарғы деңгейлі логикалық құрылымы әр түрлі есептерді дәл шешуге көмегін тигізеді. Turbo Pascal жүйесінде қарапайым есептерді шешудің программасынан бастап, күрделі мәліметтер қорын қүрудың сан қырлы жүмыстары жүргізіледі.
Ұсынылатын әдебиеттер: [6], [8], [7]

Әдебиеттер тізімі


  1. Избачков Ю. Информационные системы: учебное пособие / Ю.Избачков, В.Петров. – 2-е изд. – СПб.: Питер, 2005. – 655с.

  2. Симонович С.В. Информатика. Базовый курс. 2-е издание. –СПб.: Питер, 2005. – 640 с: ил.

  3. Егоров В.В., Скибицкий Э.Г., Криворучко В.А., Шпигарь Н.Н. Компьютерные технологии в делопроизводстве. – Алматы: Бiлiм, 2006. -384 с.

  4. Ефимова О., Морозов В., Угринович Н. Курс компьютерной технологии с основами информатики. – М.: ООО «Издательство АСТ»; АBF, 2000. - 432 с.

  5. Симонович С.В., Евсеев Г.А. Практическая информатика: Учебное пособие для средней школы. Универсальный курс. – М.: АСТ-ПРЕСС: Инфорком-Пресс, 2001. – 480 с.

  6. А.С. Инчин. Работа на персональном компьютере. Часть 1, 2. – А.: 2002. - 380c.

  7. Информатика. Практикум по технологии работы на компьютере / Под ред. Н.В Макаровой.3-е изд. Перераб.-М: Финансы и статистика, 2002.-320c.

  8. Кетков Ю.Л., Кетков А.Ю. Практика программирования: Бейсик, Си, Паскаль. Самоучитель.- СПб.: БХВ-Петербург, 2002. – 480 c.

  9. Тычков Ю.И. Информационные системы управления пром. предприятием / Отв.ред. Н.Б.Миросецкий. – Новосибирск: Наука, 1982. – 191с.: ил.

  10. Левин А. Самоучитель по работе с компьютером., - М.: Наука, 2001. – 220 c.

  11. Симонович С., Евсеев Г., Алексеев А. Учебное пособие «Специальная информатика». - М.: Инфорком-Пресс, 2002.-220c.

  12. Евсеев Г.А., Симонович С.В. WINDOWS 98: Полный справочник в вопросах и ответах. – М.:АСТ-ПРЕСС КНИГА: Инфорком-Пресс, 2003. - 496 с.


Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет