Әдістемелік нұсқаудың титулдық парағы


Негізгі теориялық жағдайлар және техникалық қауіпсіздік



бет2/5
Дата21.12.2023
өлшемі223.5 Kb.
#487459
1   2   3   4   5
Негізгі теориялық жағдайлар және техникалық қауіпсіздік.

Шифрлаудың классикалық үлгісі. Оларды қою кезінде қолдану. Қою кезінде ашық мәтіннің жекеленген әріптері басқа әріптермен немесе сандармен, немесе басқа символдармен ауысады. Егер ашық мәтін тізбектелген биттер ретінде қаралатын болса,онда шифрленген мәтіннің тізбектелген биттерімен берілген ашық мәтіннің тізбектелген биттерімен ауыстыруына әкеледі.


«Ақпараттық қауіпсіздік және ақпаратты қорғау» пәнінен зертханалық сабақтар арнайы бағдарламалық қамтылуы бар компьютерленген аудиторияларда өткізіледі. Алғашқы зертханалық сабағында компьютерлік техника орнатылған аудиторияға жауапты техник-бағдарламашы студенттерге техникалық қауіпсіздігі жайлы мағмұмат жеткізеді. Нәтижесінде студенттер техникалық қауіпсіздік журналына жазылып тіркелуі қажет.
Зертханалық жұмыс №1
Тақырып : Криптография . Ауыстыруға арналған шифрлар.
Жұмыс мақсаты: криптография негізгі ұғымдарын, криптографиялық жүйелердің таптастыруын , ауыстыруға арналған цезарь шифрын зерттеу.
1. Теориялық мәлімет
Криптография : негізгі ұғымдары
Компьютерлердің және автоматтандырылған ақпарат құралдарының кең тарауы мен пайда болуы, файлдарды және компьютердегі сақталатын ақпаратты қорғайтын автоматтандырылған құралдардын пайдалануын қажет етті. Қорғау құралдарының аса қажеттілігі көппайланушылар жүйесінде және де телефон желісі арқылы қосылатын немесе ашық компьютерлік желілерде байқалады. Хакерларға қарсы әрекет ретінде және мәліметтерді қорғауға арналған әдістер мен құралдарды сипаттау үшін компьютерлік қауіпсіздік термині пайда болды.
Желі мен коммуникацияны қорғайтын негізі автоматтандырылған құралдын бірі шифрлау болып табылады.
Жасырын түрде берілетін мәлімдемені ашық мәтін деп атайды. Ашық мәтінді өзгелерге мәні түсінікті болмас үшін оны өзгертеді, бұл өзгертуді шифрлау деп атайды. Мәтінді шифрлау нәтижесінде шифрланған мәтін болып шығады.Кері әрекетті дешифлау деп атайды, немесе шифланған мәтінді қалпына әкелу. Заңсыз пайдаланушылар қорғау мақсатында, ақпаратты бір таңбадан екінші таңбаға ауыстыруды зерттейтін ғылымды криптография дейді.
№1 суреттке қарап дәстүрлі шифрлау сызбасының негізгі элементтерін қарастырайық.



1-Сурет – Дәстүрлі криптожүйенің моделі


Мәлімдеме бұлағы мәлдемені Х=[Х12,...Хм] түрінде ашық мәтінді құрастырады. Ашық Х мәтіннің Хі элементтері болып қандай да бір шекті алфавиттың символдары болады. Ол мәліметті шифлау үшін қандайда бір кілт K=[K1,K2,…, KJ] ойластырылады. Берілген Х мәтін мен К кілті алынып шифрлау алгоритмы арқылы мәлімдеме шифраладыда шифрланған мәтін Y=[Y1,Y2,…, YN] шығады. Мұны формула арқылы көрсетуге болады:


Y = EK(X).
Бұл формуланы, Y-тің шығуы К кілтін қолданып Е шифрлау алгоритмын Х мәтініне пайдалануы арқылы болған. Қабылдаушы берілген кілтті пайдалана отырып кері әрекет жасай білу керек:
X=DK(Y).

Бөгде адам Y пен таныса келгенде? Ол K және X қалпына келтіруді тырысады. Осыған қарағанда Сол адам E шифрлау алгоритмын және D дешифрлау алгоритмын білуі мүмкін. Егерде бөгде адам қандайда Х мәтінді ғана білгісі келсе онда ол осы Х ашық мәтініне ықтималдықты құрастыраду жолдарын қарастырады. Егер мәтіннің барлығы керек болса ықтималдықты құрастыру жолдарымен К кілтін қарастырады.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет