Әдістемелік нұсқаулар пгу ұс н 18. 2/05



Дата11.06.2016
өлшемі201 Kb.
түріАнализ

Әдістемелік нұсқаулар





ПГУ ҰС Н 7.18.2/05

түрі


Қазақстан Республикасының білім және ғылым министрлігі


С. Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университеті

Химия және химиялық технологиялар кафедрасы



ӘДІСТЕМЕЛІК НҰСҚАУЛАР

зертханалық сабақтарға

Анализдің физика – химиялық әдістері

пәні бойынша

050720 «Бейорганикалық заттардың химиялық технологиясы»,

050721 «Органикалық заттардың химиялық технологиясы»,

050716 «Аспапжасау»

мамандықтарының студенттеріне арналған

Павлодар

Әдістемелік нұсқаулардың бекіту парағы





Нысан

ПМУ Ұ СН 7.18.1/05






БЕКІТЕМІН

Декан______________

Ахметов К.К.

«___» _________200_ж.


Құрастырушы: ______________аға оқытушы Т.Б. Туғамбаева

Химия және химиялық технологиялар кафедрасы



Әдістемелік нұсқаулар

зертханалық сабақтарға


Анализдің физика-химиялық әдістері пәні бойынша
050720 «Бейорганикалық заттардың химиялық технологиясы»,

050721 «Органикалық заттардың химиялық технологиясы»,

050716 «Аспапжасау»

мамандықтарының студенттеріне арналған


Кафедра мәжілісінде ұсынылды «___» _______________200_ж.

Хаттама № ___

Кафедра меңгерушісі ___________________ Жапаргазинова К.Х.
ХТжЖТ факультетінің оқу-әдістемелік кеңесімен мақұлданды ____________________

«___» _____________200_ж. Хаттама № _____


ОӘК төрайымы__________________ Буркитбаева У.Д.

Зертханалық сабақтардың мазмұны



Тақырыптар атаулары

Зертханалық жұмыстың атауы

Мазмұны

1

2

3

4

1

Физика-химиялық талдау әдістерінің жалпы сипаттамасы, қолданылуы

1)Физика-химиялық зертханада жұмыс істеу кезіндегі қауіпсіздік ережелері

2) Физика-химиялық талдау әдістерінің қолданылатын аспаптар конструк

циясы


Физика-химиялық зертханада жұмыс істеу кезіндегі қауіпсіздік ережелерімен танысу. Инструктаж өту.
Негізгі аспаптармен танысу. КФК, рефрактометр, рН-метр аспаптарының құрылы-

сымен танысу



4

Абсорбциялық спектроскопия

1) Дифференциалды фотометриялық әдіс арқылы электролит-

тегі мысты анықтау

2)Темірді (ІІІ) трисульфосалицил түрінде анықтау

3) Фотоколоримет-

риялық әдіспен Ni никель ионын анықтау


Дифференциалды фотометрия-

лық әдіс арқылы КФК аспабын қолданып оптикалық тығыздық пен өткізу коэффициенттері бойынша электролиттегі мысты анықтау

Темірді(ІІІ) трисульфосалицил түрінде КФК аспабын қолданып оптикалық тығыздық пен өткізу коэффициенттері бойынша анықтау

Ni никель ионын КФК аспабын қолданып оптикалық тығыздық пен өткізу коэффициенттері бойынша анықтау



7

Рефрактометрия және поляриметрия

Калий хлориді ерітіндісінің концентрациясын анықтау

Калий хлориді ерітіндісінің концентрациясын рефракто-

метрдің көмегімен анықтау



10

Потециометрия

Заттардың рН-ын анықтау


рН-метрдің көмегімен әртүрлі заттардың сутектік көрсеткішін анықтау

16

Жіңішке қабатты хроматография

Бірөлшемді жоғары қарай жылжитын жіңішке қабатты хроматография әдісімен Hg(II). Cd (III). Pb(II). Bi(III). Cu(II) катиондарын бөлу және анықтау.



Қозғалатын фазаны анықтау үшін сүзгі қағазын қолданып тәжірибені орындау

Талданатын қоспа құрамындағы катиондарды анықтау үшін қозғалатын фаза мен талданатын қоспа сорбенттің бетімен жылжуының әртүрлі жылдамдықтарын анықтау




ЗЕРТХАНАЛЫҚ ЖҰМЫС № 1

Тақырып: Физика-химиялық зертханада жұмыс істеу кезіндегі қауіпсіздік ережелері1 сағат.

Жұмыстың мақсаты: Фотоколориметриялық әдіспен Ni никель ионын анықтау, стандартты ерітінділер дайындап үйрену, градуирленген график әдісін іс жүзінде қолдану

Жұмысты орындау.

1. Физика-химиялық талдауды орындау зертханасындағы қауіпсіздік ережесімен Қауіпсіздік ережесі әдістемелік нұсқаулығын қолданып танысу.

2. Дәптерге қысқаша конспект жазу.

3. Зертханадағы қауіпсіздік ережесінің жалпы жағдайдарымен, қышқылдар, негіздермен жұмыс істеу ережесімен, өрт қауіпсіздігімен, электр қауіпсіздігімен, жарылыс қауіпсіздігі ережелерімен танысу

4. Ауызша қорғау
Студенттердің сабақта алған білімдерін бақылау

1. Химиялық зертханада жұмыс істеу ережелерін білу мақсаты неде?

2. Химиялық зертханада жұмыс істеудің жалпы ережелері

3. Қышқылдар, тұздар, негіздер және басқа да ерітінділермен жұмыс істеуде қандай қауіпсіздік ережелерін сақтау қажет?

4. Жарылыс қауіпті, от қауіпті және электр аспаптарымен жұмыс істеуде қандай қауіпсіздік ережелерін сақтау қажет?

5. Алғашқы медициналық көмек ережелері қандай ?


ЗЕРТХАНАЛЫҚ ЖҰМЫС № 2

Тақырып: Физика-химиялық талдау әдістерінде қолданылатын аспаптар конструкциясы1 сағат.

Жұмыстың мақсаты: Физика-химиялық талдауларды орындауда қолданылатын негізгі аспаптармен танысу. КФК, рефрактометр, рН-метр аспаптарының құрылысымен танысу – 1 сағат.

Аспаптар мен құралдар: КФК, рефрактометр, рн-метр, паспорттар.
Жұмысты орындау

1. Спектралды талдауды, оптикалық талдаударды, потенциометриялық талдауларды орындауда қолданылатын негізгі аспаптардың конструкцияларымен танысу.

2. Қолданылатын аспаптардың конструкциялары мен олардың принципиалды схемаларымен паспорттарын қолданып танысу

3. Алынған мәліметтер бойынша есеп беруді құрастыру және ауызша қорғау.


Студенттердің сабақта алған білімдерін бақылау

1. Физика-химиялық талдау әдістерінің ерекшеліктері неде?

2. Физика-химиялық талдау әдістерінде қолданылатын аспаптардың жалпы сипаттамалары

3. Спектралды талдауды орындау ерекшеліктері неде?

4. КФК аспабының негізгі түйіндерінің сипаттамасы

5. Зат концентрациясы мен оптикалық тығыздық және өткізу коэффициенті арасындағы тәуелділіктер қандай?

6. Рефрактометриялық талдауды орындау ерекшеліктері қандай?

7. Сутектік көрсеткіш рН қандай аспаптың көмегімен анықталады?


ЗЕРТХАНАЛЫҚ ЖҰМЫС № 3

Тақырып: Дифференциалды фотометриялық әдіс арқылы электролиттегі мысты анықтау2 сағат.
Жұмыстың мақсаты: Спектралды талдауда қолданылатын фотометриялық әдіс арқылы оптикалық тығыздық пен өткізу коэффициенттері бойынша электролиттегі мысты КФК аспабында анықтау

Реактивтер: Мыс сульфаты (CuSO4*5H2O) ω=5% аммиак ерітіндісі, сульфосалицил қышқылы 1 М-ді.

Аспаптар мен ыдыстар: КФК, өлшеуіш колбалар (50мл-100мл), бюретка (25мл), пипетка (10мл).
Қондырғының сипаттамасы: Дифференциалдық фотометриялық әдіспен электролиттегі мысты анықтауда қолданылатын аспап КФК-2, оның сипаттамасы 1-ші зертханалық жұмыста берілген. Талдауды орындауда фотоэлектроколориметрлер қолданылады. Бұл аспаптар ерітінділердің өткізу коэффициенттері мен оптикалық тығыздықтарын өлшеуде қолданылады. Қазіргі заманғы аспаптар спектрдің көрінетін аймағында (400-760 нм) және оған жақын орналасқан ультракүлгін (300-400 нм) және инфрақызыл (760-1000 нм) аймақтарында өлшеулер орындауға мүмкіншілік береді. Сәулені әртүрлі типті фотоэлементтер қабылдайды, мнохроматизаторлар ретінде өткізу жалпақтығы 10-15 нм болатын жарық фильтрлері қолданылады.

Фотоколориметрлердің жұмыс істеу принципі еріткіш және ерітінді арқылы өтетін жарық ағындарының интенсивтігін (І0) және (І) салыстыру болып табылады.

КФК фотоэлектроколориметрлері – фотоэлектрлік концентрациондық колориметрлер – фотометрлердің қазіргі заманғы модельдері болып табылады.

КФК-2 колориметрінде онбір жарық фильтрі қолданылады.



Жұмысты орындау

Массасы дәл өлшенген (0,78±0,04) г навесканы CuSO4*5H2O 100 мл-лі өлшеуіш колбаға салады. Әрі қарай оны 50 мл H2SO4 ерітіндісімен ерітеді және белгіге дейін дистильденген су құяды (ерітінді 1).

Құрамында 5-тен 30 мл-ға дейін мыс болатын көлемі 50 мл 6 стандартты ерітінді дайындайды. Ол үшін бюретканы қолданып, өлшеуіш колбаға 2,5-тен 15 мл-ге дейін ерітіндіні құяды. Әрбір колбаға 2 мл-ден аммиакты қосады да, дистильденген сумен белгіге дейін жеткізеді. Оптикалық тығыздықты 10 минуттан кейін, қалыңдығы 2 см болатын кюветада өлшейді. Алдымен түсі небары интенсивті ерітіндіні фотометрлейді, судың толқын ұзындығы 400-700 нм болатын қатынасы бойынша оптикалық тығыздықты өлшейді.

Оптикалық тығыздық пен толқын ұзындығы бойынша координаталық жүйеде қисықты сызады. Ерітіндінің максималды түссізденуі бойынша жарықфильтрді таңдайды. Осы жарықфильтрді әрі қарай қолданады.


Жұмыстың есептеуі және қортындысы
1. Градуирленген графикті Д – с, Д – Т координаталаында сызу. Зерттелетін зат мөлшерін анықтау.

3. Жұмыс бойынша қорытынды шығару


Студенттердің сабақта алған білімдерін бақылау

1. Спектралды талдауды орындау қандай заңға негізделген?

2. Бугер-Ламберт –Бердің сәулесіңіру заңын түсіндіру.

3.Оптикалық тығыздық пен сіңіру коэффициенті арасындағы тәуелділік қандай?

4. Градуирленген график әдісін түсіндіру

5. В затының концентрациялары әртүрлі болатын ерітінділердің өткіз коэффициенттері Т тең болады: а) 78,5%; б) 57,0%; в) 27,8%; г) 4,5%. Осы ерітінділердің оптикалық тығыздықтары неге тең болады?

6. Өткізу коэффициенттері белгілі болатын ерітінділердің оптикалық тығыздықтарын D табу қажет: а) 0,087; б) 0,415; в) 0,268; г) 0,765; д) 0,532; е) 0,337.
ЗЕРТХАНАЛЫҚ ЖҰМЫС №4

Тақырып: Темірді (ІІІ) трисульфосалицил түрінде анықтау – 2 сағат.
Жұмыстың мақсаты: Темірді(ІІІ) трисульфосалицил түрінде КФК аспабын қолданып оптикалық тығыздық пен өткізу коэффициенттері бойынша анықтау

Реактивтер: Теміраммоний ашудастары ( квасцы), концентрленген күкірт қышқылы, сульфосалицил қышқылы, аммиактың 10%-ды сулы ерітіндісі, дистильденген су

Аспаптар мен ыдыстар: КФК, өлшеуіш колбалар (50мл-100мл), бюретка (25мл), пипетка (10мл).
Қондырғының сипаттамасы: Темірді (ІІІ) трисульфосалицил түрінде анықтауда қолданылатын аспап КФК-2, оның сипаттамасы 3-ші зертханалық жұмыста берілген.
Жұмысты орындау

Темір(ІІІ) стандартты ерітіндісін дайындау үшін 8,634 грамм өлшенді алынады (желдетілмеген мөлдір кристалдарды таңдайды), оларды 1 литр +5 мл концентрленген H2SO4 колбаға салады. Алдымен колбаға 300 мл дистильденген суға қышқыл құяды және оны колбадағы меткаға дейін жеткізеді және жақсылап араластырады.

250 мл колбаға келесі заттарды еңгізеді:

- 2 гр (585 мг тұзды + 1,25 мл концентрленген H2SO4 (стандарт))

- Сульфосалицил қышқылы 10%

-10 гр тұз+90 мл дист.су (Vколба =100мл)

- аммиактың 10%-ды сулы ерітіндісі (45 мл концентрленген аммиак + 55 мл дист.су (Vколба =100мл)

Әрі қарай 6 этанолды ерітіндіні 100 мл колбада дайындайды.

Стандартты аммиакатты ерітіндіні дайындау үшін 20 мл сульфосалицил қышқылы + 20 мл сулы аммиакты және оларды меткаға дейін жеткізеді де өлшейді.

D болғанда λ=416 нм.


Жұмыстың есептеуі және қортындысы
1. Градуирленген графикті Д – с, Д – Т координаталаында сызу. Зерттелетін зат мөлшерін анықтау.

3. Жұмыс бойынша қорытынды шығару


Студенттердің сабақта алған білімдерін бақылау

1.

ЗЕРТХАНАЛЫҚ ЖҰМЫС №5



Тақырып: Фотоколориметриялық әдіспен Ni никель ионын анықтау –2 сағат.
Жұмыстың мақсаты: Фотоколориметриялық әдіспен Ni никель ионын анықтау, стандартты ерітінділер дайындап үйрену, градуирленген график әдісін іс жүзінде қолдану

Реактивтер: концентрленген азот қышқылы, 20%-ды сегнет тұзының ерітіндісі, 10%-ды натрий гидроксидінің ерітіндісі, 10%-ды аммоний персульфаты, 1%-ды диметилглиоксим ерітіндісі

Аспаптар мен ыдыстар: аспап КФК-2, көлемі 100мл болатын 2 колба, пипетка.

Қондырғының сипаттамасы. Фотоколориметриялық әдіспен Ni никель ионын анықтауда қолданылатын аспап КФК-2, оның сипаттамасы 3-ші зертханалық жұмыста берілген.

Жұмысты орындау

Ыдысты сумен шайқап, 100 мл көлемді өлшеуіш колбаға ауыстырады да, сумен белгіге дейін жеткізеді. Ерітіндінің 5,0 мл өлшеп, оны 100 мл-лік өлшеуіш колбаға құяды, оған бірнеше тамшы концентрленген HNO3 қышқылын, 10 мл 20%-дық сегнет тұзының (калий-натрий тартаты) ерітіндісін қосады. Араластырғаннан соң 10%-дық 10 мл NaOH ерітіндісін, 10 мл 10%-дық аммоний персульфатын қосып алп, ерітіндіні 1 минуттай шайқайды. Оған 10 мл 1%-дық диметилглиоксим ерітіндісін қосып, оны шайқайды және 3 минутке қалдырады. Көгілдір жарық-фильтрі бар қызыл ерітіндіні оптикалық тығыздығын, диметилглиоксим ерітіндісін қоспай, бос сынамамен барлық реактивтермен өлшейді. Градуирленген график бойынша никельдің құрамын анықтайды. Градуирленген графикті стандартты Ni ерітіндісі бойынша салады.


Жұмыстың есептеуі және қортындысы
1. Алынған нәтижелерді кестеге еңгізу

Кесте 1 − Есеп беру кестесі





Су шығыны G,кг/с

Судың температурасы

Судың тұтқырлығы, μ

Судың жылжуының жылдамдығы, ω, м/с

Re

Боялған ағынның күйі

Ағынның тәртібі

t, оС

Т,К

СП

Па*с































Ескерту: 1 сП (сантипуаз) = 1*10-3 Па*с (СИ бойынша).

2. Градуирленген графикті Д – с, Д – Т координаталарында сызу. Зерттелетін зат мөлшерін анықтау.

3. Жұмыс бойынша қорытынды шығару
Жұмыстың есептеуі және қортындысы
1. Градуирленген графикті Д – с, Д – Т координаталаында сызу. Зерттелетін зат мөлшерін анықтау.

3. Жұмыс бойынша қорытынды шығару



Зертханалық жұмысқа арналған бақылау сұрақтары


  1. Спектралды аспаптардың негізгі түйіндері қандай және оладың міндеттері неде?

2. Қоздыру құралдарының салыстырмалы сипаттамасы

3. Призма мен дифракциялық тордың диспергирлейтін элемент ретіндегі салыстырмалы сипаттамасы

4. Шыныдан және кварцтан дайындалған призмалардың артықшылықтары мен кемшіліктері қандай?

5. Қандай жарыққабылдағыштар (рецепторлар) эмиссионды спекторскопияда қолданылады?

6. Адам көзінің рецептор ретіндегі ерекшеліктері неде?

7. Фотопластинкаға (фотопленкаға) жарық қалай әсер етеді?

8. Фотопластинканы айқындағанда және бекіткенде қандай процестер жүреді? Жүретін реакциялар теңдеулерін жазу қажет.

9. Фотопластинканың сезімталдығы немен сипатталады? Экспозиция дегеніміз не?

10. Фотопластинканың қарюы дегеніміз не? Бұл шама қандай аралықта өзгереді?

Ұсынылатын әдебиеттер


  1. Васильев В.П. Аналитическая химия: учеб. для студ. вузов, обучающихся по химико-техн. спец. / В.П. Васильев. − 5-е изд., стереотип. − М. : Дрофа, 2005. − 383с.

  2. Васильев В.П., Кочергина Л.А., Орлова Т.Д. Аналитическая химия. Сборник вопросов, упражнений и задач: Пособие для вузов, / В.П. Васильев, Л.А.Кочергина, − 5-е изд., стереотип. − М. : Дрофа, 2005. − 383с.

  3. Дорохова Е.Н., Прохорова Г.В. Аналитическая химия. Физика-химические методы анализа. / Е.Н. Дорохова, Г.В. Прохорова, − М. : Высшая школа, 1991, − 256с.

4. Парамонов Ф.П., Парамонова Л.Ф. Методические указания к выполнению лабораторных работ по дисциплине «Аналитическая химия. Физико-химические методы анализа». – 2004 – 27с.


Зертханалық жұмысқа арналған бақылау сұрақтары
1. Сапалық спектралды анализ неге негізделген? Сапалық талдау орындауда қандай аспаптар қолданылады?

2. Қандай сызықтар соңғы сызықтар деп аталады? Сапалық спектралды талдауды қалай орындайды:

а) Спектралды сызықтардың планшеттерін қолданумен;

б) «Соңғы» сызықтар бойынша?

3) Сызықтың гомологиялық жұбы деп нені атайды?

4) Жартылай сандық спектралды анализдің келесі әдістерінің мәндері неде: а) сезімтал жолақтардың пайда болуы; б) салыстыру спектрлері; в) гомологиялық жұптар?

5) Анализдің колориметрлік, фотометрлік, спектрофотометрлік әдістерінің мәндері неде?

6) Өткізу коэффициенті Т мен оптикалық тығыздық Д арасындағы байланысты көрсететін теңдеуді жазыңыздар

7) В затының концентрациялары әртүрлі болатын ерітінділердің өткізу коэффициенті тең болады: а) 78,5%, б) 57,0%, в) 27,8%, г) 4,5%. Осы ерітінділердің оптикалық тығыздықтары неге тең болады?

8) Өткізу коэффициенттері а) 0,087; б) 0,415; в) 0,268; г) 0,765; д) 0,532; е) 0,337 болатын ерітінділердің оптикалық тығыздықтарын есептеу қажет.

9) КМnО4 ерітіндісінің концентрациясы екі есе төмендегенде, оның оптикалық тығыздығы мен өткізу коэффициенті қалай өзгереді?

10) Сіңірудің молярлық коэффициентіне ε қандай факторлар әсер етеді?


Ұсынылатын әдебиеттер


  1. Васильев В.П. Аналитическая химия: учеб. для студ. вузов, обучающихся по химико-техн. спец. / В.П. Васильев. − 5-е изд., стереотип. − М. : Дрофа, 2005. − 383с.

  2. Васильев В.П., Кочергина Л.А., Орлова Т.Д. Аналитическая химия. Сборник вопросов, упражнений и задач: Пособие для вузов, / В.П. Васильев, Л.А.Кочергина, − 5-е изд., стереотип. − М. : Дрофа, 2005. − 383с.

  3. Дорохова Е.Н., Прохорова Г.В. Аналитическая химия. Физика-химические методы анализа. / Е.Н. Дорохова, Г.В. Прохорова, − М. : Высшая школа, 1991, − 256с.

4. Парамонов Ф.П., Парамонова Л.Ф. Методические указания к выполнению лабораторных работ по дисциплине «Аналитическая химия. Физико-химические методы анализа». – 2004 – 27с.

ЗЕРТХАНАЛЫҚ ЖҰМЫС № 3
Тақырып: Темірді (ІІІ) трисульфосолицил түрінде анықтау
Жұмыстың мақсаты: Темірді (ІІІ) трисульфосолицил түрінде анықтау

Стандартты ерітінділер дайындау. Фотометриялық әдісті қолданып темірді анықтау, градуирленген график сызу.


Негізгі аспаптар мен реактивтер: аспап КФК-2, көлемі 100мл болатын 6 колба, бюретка, пипетка, кюветалар, Теміраммонийінің ашудастары (квасцы), күкірт қышқылы, дистильденген су, 10%-ды сульфоцил қышқылы, аммиактың 10%-ды сулы ерітіндісі
Қондырғының сипаттамасы: Дифференциалдық фотометриялық әдіспен электролиттегі мысты анықтауда қолданылатын аспап КФК-2, оның сипаттамасы 1-ші зертханалық жұмыста берілген.
Жұмыс барысы:
Массасы 8,634 гр өлшендіні (желдетілмеген мөлдір кристалдарды таңдайды) алады. Темір (ІІІ)- стандартты ерітіндіні оларды 1 литр +5 мл кон-центрленген H2SO4 колбаға салады, алдымен колбаға 300 мл дистерленген суға қышқыл құяды және оны колбадағы белгіге дейін жеткізеді және жақсылап араластырады.

250 мл колбаға: 2 гр (585 мг тұзды + 1,25 мл концентрленген H2SO4 (стандарт))

Сульфоцил қышқылы 10%

10 гр тұз+90 мл дист.су (Vколба =100мл)

Сулы аммиак 10%

45 мл концентрленген аммиак + 55 мл дист.су (Vколба =100мл)

6 этанолды ерітіндіні 100 мл колбада дайындайды.

Стандартты аммиакатты ерітіндіні бөлігін + 20 мл солицил қышқыл + 20 мл сулы аммиактағы және оларды белгіге дейін жеткізеді де, өлшейді.


Жұмыстың есептеуі және қортындысы
1. Градуирленген графикті Д – с, Д – Т координаталаында сызу. Зерттелетін зат мөлшерін анықтау.

3. Жұмыс бойынша қорытынды шығару


Зертханалық жұмысқа арналған бақылау сұрақтары
1. Жарықты сіңіруге негізделген анализді орындауда қолданылатын аспаптардың негізгі түйіндерін атаңыздар

2.Спектрдің инфрақызыл аймағында орындалатын спектрофотометрияның артықшылықтары мен кемшіліктерін атау қажет

3. Спектрдің а) көрінетін; б) ультракүлгін; в) инфрақызыл аймықтарында талдауды орындауда қолданылатын фотометрлік аспаптарды атаңыздар

4. Фотометрлік титрлеу дегеніміз не? Бұл әдістің ерекшеліктері мен қолдану аймақтарын атаңыздар

5. Қандай фотометрлік аспаптарда келесі жарыққабылдағыштар қолданылады: а) фотоэффектісі сырттағы фотоэлементтер; б) фотоэффектісі вентильді фотоэлементтер; в) термоэлементтер; г) адамның көзі?

6. Қандай спектралды интервалда жарық көзі ретінде қыздыру лампасы, сутек лампасы, Нернст штифті, силитті глобар, сынап лампасы қолданылады?

7. В затының концентрациялары әртүрлі болатын ерітінділердің өткізу коэффициенті тең болады: а) 78,5%, б) 57,0%, в) 27,8%, г) 4,5%. Осы ерітінділердің оптикалық тығыздықтары неге тең болады?

8. Өткізу коэффициенттері а) 0,087; б) 0,415; в) 0,268; г) 0,765; д) 0,532; е) 0,337 болатын ерітінділердің оптикалық тығыздықтарын есептеу қажет.

9. КМnО4 ерітіндісінің концентрациясы екі есе төмендегенде, оның оптикалық тығыздығы мен өткізу коэффициенті қалай өзгереді?

10. Сіңірудің молярлық коэффициентіне ε қандай факторлар әсер етеді?



Ұсынылатын әдебиеттер


  1. Васильев В.П. Аналитическая химия: учеб. для студ. вузов, обучающихся по химико-техн. спец. / В.П. Васильев. − 5-е изд., стереотип. − М. : Дрофа, 2005. − 383с.

  2. Васильев В.П., Кочергина Л.А., Орлова Т.Д. Аналитическая химия. Сборник вопросов, упражнений и задач: Пособие для вузов, / В.П. Васильев, Л.А.Кочергина, − 5-е изд., стереотип. − М. : Дрофа, 2005. − 383с.

  3. Дорохова Е.Н., Прохорова Г.В. Аналитическая химия. Физика-химические методы анализа. / Е.Н. Дорохова, Г.В. Прохорова, − М. : Высшая школа, 1991, − 256с.

4. Парамонов Ф.П., Парамонова Л.Ф. Методические указания к выполнению лабораторных работ по дисциплине «Аналитическая химия. Физико-химические методы анализа». – 2004 – 27с.

ЗЕРТХАНАЛЫҚ ЖҰМЫС № 4
Тақырып: Гравиметриялық әдіс арқылы темір массасын табу
Жұмыстың мақсаты: Аналитикалық химиядағы тура тәсіл болатын гравиметриялық әдісті тәжірибеде қолдануды үйрену
Негізгі аспаптар мен реактивтер: Комовский сорғысы, кептіргіш шкаф, муфель шкафы, (NH4)2*Fe(SO4)*12H2O өлшендісі, су, концентрленген азот қышқылы, 25%-ды аммиак ерітіндісі.
Жұмыс барысы: Массасы 0,6 г (NH4)2*Fe(SO4)*12H2O өлшендіні стақанға салып, сумен араластырып, 1-2 мл HNO3 (конц) қосады. Сулы моншада 80-90°С температурада ақырындап қайнатады. Қайнаған ерітіндіге тамшылап 25%-ды аммиак ерітіндісін құйып, араластырады. Ерітіндінің түсі-қызыл түске боялғанда, Fe(OH)3 тұнбаға түстеді. Осыдан кейін 10% аммиак ерітіндісін тез қосып, сулы моншаға қояды. Нейтралдау нәтижесінде аммоний тұзы пайда болып коагулятор ролін атқарады. Қайнау нәтижесінде тұнба стақан түбіне түседі. Жақсы коагурленген тұнбаға 50-100 мл ыстық суды құяды да, 5-10 мин суытады және сүзуге кіріседі. Тұнбаны ыстық сумен шаяды. Алдын ала өлшенген тигельге тұнбаны сүзетін қағазбен бірге салады.

Тұнбаны кептіргіш шкафта кептіреді, кейін муфель пешінде жағады. Сол кезде қағаз және басқа заттар жанып кетеді. Алынған күлдің массасы бойынша темірдің массасын есептейді.


Жұмыстың есептеуі және қортындысы
Есепеуді орындауда гравиметриялық фактор Ғ (Ғ=0,6994) мәнін қолданып, иұнбаның массасы бойынша оның өлшендідегі массалық үлесін анықтайды.
Зертханалық жұмысқа арналған бақылау сұрақтары
1. Гравиметриялық форма дегеніміз не және оған қанда йталаптар қойылады?

2. Келесі заттарды: а) кальцийді; б) барийді; в) қорғасынды; г) темірді; д) магнийді; е) мысты; ж) кадмийді; з) висмутты; и) цинкті; к) кремнийді; л) калийді; м) натрийді; н) сульфат-ионды; о) фосфат-ионды анықтауда гравиметриялық форма ретінде қандай қосылыстар қолданылады?

3) Аналитикалық сигнал дегеніміз не?

4) Аналитикалық химияда қолданылатын негізгі тәсілдер қандай ?

5) Градуирленген график әдісі, ерекшелігі, қолданылу аймағы

6) Қоспалар әдісі, ерекшелігі, қолданылу аймағы

7) Молярлық қасиет әдісі, ерекшелігі, қолданылу аймағы

Ұсынылатын әдебиеттер
1.Васильев В.П. Аналитическая химия: учеб. для студ. вузов, обучающихся по химико-техн. спец. / В.П. Васильев. − 5-е изд., стереотип. − М. : Дрофа, 2005. − 383с.

2.Васильев В.П., Кочергина Л.А., Орлова Т.Д. Аналитическая химия. Сборник вопросов, упражнений и задач: Пособие для вузов, / В.П. Васильев, Л.А.Кочергина, − 5-е изд., стереотип. − М. : Дрофа, 2005. − 383с.



3.Крешков А.П. Основы аналитической химии: Кн. 1 и 2 /А.П.Крешков, − М. : Химия. 1976, – 960 с.

4. Убаськина Н.В., Масакбаева С.Р. Сборник задач по аналитической химии, 2008 – 53с.
Каталог: arm -> upload -> umk
umk -> Дәрістердің тірек конспектісі
umk -> Әдістемелік нұсқаудың титулдық парағы
umk -> Әдістемелік нұсқау Нысан пму ұс н 18. 2/05
umk -> Жұмыс бағдарламасы 050703 «Ақпараттық жүйелер»
umk -> Нұсқаулар ф со пгу 18. 2/05 Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі
umk -> Әдістемелік нұсқаулардың титулдық парағы
umk -> Әдістемелік ұсыныстар мен нұсқаулардың; әдістемелік ұсыныстардың; әдістемелік нұсқаулардың титул парағы
umk -> Әдістемелік нұсқаулардың титулдық парағы
umk -> Жұмыс бағдарламасы 20 ж. " " № Хаттама бекітілген жұмыс оқу жоспарларының және мамандықтың элективті пәндер каталогының негізінде әзірленді
umk -> Жұмыс оқу бағдарламасының титулдық парағы


Достарыңызбен бөлісу:


©dereksiz.org 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет