Әдістемелік нұсқаулардың титулдық парағы



Дата25.02.2016
өлшемі225 Kb.
#21631

Әдістемелік нұсқаулардың

титулдық парағы







Нысан

ПМУ ҰС Н 7.18.3/40


Қазақстан Республикасының білім және ғылым министрлігі


С. Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университеті

Философия және мәдениеттану кафедрасы

«Дүниежүзілік көркемдік мәдениет» пәні бойынша


5В020400 – «Мәдениеттану» мамандықтың студенттеріне арналған

ПӘНДІ меңгеру жөніндегі

ӘДІСТЕМЕЛІК НҰСҚАУЛар

Павлодар





Әдістемелік нұсқауларды

бекіту парағы





Нысан

ПМУ ҰС Н 7.18.3/41









БЕКІТЕМІН

ОІ жөніндегі проректор

___________ Пфейфер Н.Э
2012 ж. «___» ___________

Құрастырушы: ________ аға оқытушы Уызбаева А.А.


Философия және мәдениеттану кафедрасы




«Дүниежүзілік көркемдік мәдениет» пәні бойынша

5В020400 - Мәдениеттану мамандығының студенттеріне арналған



ПӘНДІ меңгеру жөніндегі

ӘДІСТЕМЕЛІК НҰСҚАУЛар
Кафедра отырысында ұсынылды

2012 ж. «___»____________№_____ хаттама.


ФжМ кафедра меңгерушісі__________ Ахметова Г.Ғ. 2012 ж. «___» ________

Тарих және құқық факультеттінің оқу-әдістемелік кеңесімен мақұлданды

2012 ж. «_____»____________№____ хаттама
ОӘК төрағасы ________________ Батталов К.К. 2012 ж. «_____»__________
МАҚҰЛДАНДЫ:

ОҮЖжӘҚБ бастығы ____________Варакута А.А. 2012 ж. «_____»_______


Университеттің оқу-әдістемелік кеңесімен мақұлданды

2012 ж. «___»______________ №____ хаттама




ТАҚЫРЫП 1 Кіріспе. Алғашқы қауымдық қоғам өнері

Қазіргі жетілген қоғамымыздың адамы өзінің бүкіл адамгершілігі, ақыл– парасаты, рухани мәдениеті жағынан бұған дейінгі қай кездегіден болса да, еңсесі биік тұратын, рухани жан-дүниесі мейлінше жетілген болу керек. Жаңа адамның рухани дүниесі бай болуы үшін өнердің алатын орны ерекше. Өнер – қоғамдық сананың бір түрі. Өнер бізді әсемдік әлемінің заңдарын түсінуге жетелейді, адамға рухани күш береді. Өнердің тәрбиелік және қоғамдық мәні де айрықша. Өнер ескерткіштерін жақсы түсініп, оны өмір қажеттілігіне жарату үшін көп іздену шарт. Өнер тарихымен жан – жақты танысу үшін көп оқу керек. Өнер тарихы дегеніміз – адамзат тарихы. Өнер адамның әлеуметтік дамуындағы бірден – бір белгі болып табылады.

Өнердің бастапқы нышандары немесе оның пайда болуы. Өнер тарихы- адамзат тарихы. Палеолит дәуірінің алғашқы кескіндеме ескерткіштері: Альтамира, Ляско, ле-Комбатель, фон-де-Гом үңгірлеріндегі тасқа таңбаланған суреттер мен мүсіндер. Бейнелеу өнерінің түрлері: графика, кескіндеме, силуэт (контрлы суреттер), мүсін өнері.

Әдебиет: [1, б. 15 - 25] [6, б. 9 - 19]



ТАҚЫРЫП 2 Дәріс II Ежелгі Мысыр өнері. Ежелгі Месопотамия өнері

Мысыр мәдениеті мен өнерінің бізге жеткен алғашқы белгілері. Мысыр өнер ошақтары. Бедерлеме өнері. Нармер тақтасы. Перғауын Джосердің пирамидасы – Мысыр классикалық сәулет өнерінің алғашқы қарлығашы. Ең көне қала – Мемфис. Пирамидалар алқабы. Перғауын Хуфудың пирамидасы. Хефрен сфинкісі. Фивыдағы Карнап және Луксор храм – ғибадатханалары – сәулет өнерінің маржандары. Монументальды сурет өнері. Мүсіндеу мен сурет өнеріндегі шарттылық. Перғауын Тутонхомонның қабірінен табылған көркем өнер қазынасы.

Қосөзен алқабы – ірі мәдениет пен өнердің тоғысқан жері. Шумер-Акклад, Вавилон мемлекеттері. Сирия, Финикия, Палестина, Ассирия, Урарту, Иран, Хет патшалықтары кезіндегі ғасырлар бойы жасалған өлмес өнері. Шумердегі монументальды сәулет өнері, бейнелеу өнері (мүсін, бедерлеме, мозаика, әртүрлі әсемдік бұйымдар). Шумерлік сына жазуы. Әйгілі қалалар: Ур, Урук, Сузы, Киш, Лагаш, Эль-Обейд, Мари, Джемдет-Наср. Вавилоннан табылған мәдени ескерткіштер. Бедерлеме өнері. Эанантума стелласы. Хаммурапи заңдар жинағы. Шумер таблицасы (Эрмитаж).

Әдебиет: [2, б. 10 - 40] [9, б. 45 - 61]



ТАҚЫРЫП 3 Дәріс III Үнді өнері.

Өнердің алғашқы көне кезеңі (б.з.д. III-II ғасырлар). Ерте үнді өнері. Хараппа және Мохенджо-Даро. Инд цивилизациясы. Үнділік мүсін өнері. Буддизм кезеңінің өнері. Паталипутра сәулеті. Буддизмдік – символикалық күмбездер (Бхархут, Санча). Буддалық бедерлеме – бейнелеу стилі. Ең ежелгі храм – чайтья. Будда бейнесі. Гандхара, Матхура мектебі. Амаравати өнері. Үнді өнерінің гүлдену кезеңі. Гупттар кезеңінің классикалық өнері. Буддалық мүсін өнері. Үнді өнерінің теориясы. Аджанта храмы. Сәулет, пластика, мүсін, бедерлеме, кескіндеме, портреттік өнер. Гупттар кезеңіндегі сәулет өнері. Жартастық храмдар. Храмдық мүсін өнері (Шива құдайының бет – бейнесі). Жоғары үнді өнерінің кемелденген кезі. Кхаджурахо, Бхуванешвар– храм қалалары.



Әдебиеттер: [3, б. 60 - 75] [8, б. 34 - 73]

ТАҚЫРЫП 4 Ежелгі және ортағасырлық Қытай өнері


Қытай – адамзат мәдениетінің ең құнарлы бастамасының бірі. Б.э.б. III-II ғғ. Ғажайып сансыз өнер туындылары. Иероглифтік жазу, құмыра жасау, керамика, жібек орамындағы алғашқы суреттер. Жартастағы храмдар. Қорғандардағы қабірлік бедерлеме (рельеф). Керамикалық ыдыс жасау әдісі. Қытай өнерінің гүлдену кезеңі (VII-XIII ғғ). Таң империясы. Сарайлар мен храмдар құрылысы. Император сарайы. Көп ярусты Қытай пагодалары. Үңгірлік будда храмы (Юньган, Лунмынь). IV-VI ғғ. Жартастық храм – цяньфодун. Вайрочаны Буддасының алып мүсіні. Қытай көркемдік стилінің сыры. Аллегория, символ, поэтикалық образ. Сәулет өнері, кескіндеме, мүсіндік бедерлеу, монументальды бейнелеу.

Әдебиет: [4, б. 55 - 78] [7, б. 40 - 63]



ТАҚЫРЫП 5 Антик дүниесінің өнері. Ежелгі Греция өнері. Ежелгі Рим өнері

Эгей өнері. Б.э.д. III-II ғғ. Б.э.д. Хеттер патшалығы. Крит аралындағы Эгей мәдениеті мен өнері. Қалалар мен сарайлар: Троя, Кносс, Фест, Маллия, Пелапоннес түбіндегі – Микены. Кносс сарай – қаласы (лабиринті). Кносс сарайынан табылған өнер туындылары. Көзе жасау өнерінің сыры. Фрескалық кескіндемелер.

Грек архаикасы өнері. Б.э.д. VII-VI ғасырлар. Архаика кезеңі – грек өнерінің түп-тамыры, негізі. VIII ғасыр Грециядағы материалдық мәдениеттің дамуы. Финикийлік жазу – грек алфавитінің негізі. Сәулет ғимаратының ордерлері. Грек сәулетіндегі бағаналы сарай храмдары. Коринфтегі Аполлон, Гера сарайлары. Олимпиада. Жалаңаш мүсіндер – “Куростар”. Архаикалық көзе жасау өнері.

Грек классикалық өнері (б.э.д. VI-V ғғ). Афины – элладаның мәдени орталығы. Сәулет өнерінің озық үлгісі – Гера, Зевс ғибадатханалары. Классикалық мүсін өнерінің туындысы – Афины бейнесі. Посейдонның сом бейнесі.

Б.э.д. V ғ. әйгілі мүсінші, сәулетші – Фидий. Жеңімпаз Афины мүсіні. Зевстың мүсіні. Афины акрополі. Сәулетшілер: Иктинд және Калликрат. Парфенон храмы. Әлемнің бір кереметінің бірі – Фидийдің Афиныға орнатылған ескерткіші. Мүсіншілер Мирон мен Поликлет. Артемида ғибадатханасы. Галикарнас мавзолейі. Эпидаврдағы театр. Этрустар өнері (б.э.д. VII-VI ғғ). Әйгілі қалалар: Цере, Тарквиний, Клузий. Этрустар храмы: Капитолий, Юпитер (VI ғ). Терракоталық тас табыттар. Мүсін жасау өнері. Этрурия шеберлерінің керамикасы. Қолдан құю тәсілі. Құмыра жасау, метал өңдеу, зергерлік өнер, фантастикалық бейнелер (химера). Капитолий ана қасқыр мүсіні. Римдік сәулет өнері. Аппий жолы. Рим форумы. Бейнелеу өнері. Портрет жасау.

Әдебиет: [1, б. 15 - 25] [6, б. 9 - 19]



ТАҚЫРЫП 6 Сақ – скиф өнері

Көшпенділер мәдениеті мен өнер ерекшеліктері. Қазақстан территориясын мекендеген сақ тайпаларының жазу таңбалары. “Есік обасы”. Скиф-сақ өркениетінің “Хайуанат” стилі. Зооморфтық скиф – сақ өнері және табиғат. “Аң бейнелі” әдіспен әсемделген нәзік – нақышты дүниелер. Скиф-сібірлік хайуанат тәсілінің гүлденуі. “Бұғы тастар” бедерлемесі. Тамғалы шатқалы. Бұғытас қорымы. Шілікті қорғаны, Саймалы Таш, Ешкі өлмес аңғарларындағы петроглифтік суреттер. Тас бетіндегі антроморфтық кескіндер.

Есік қорғанынан табылған “Алтын адам” – ғажайып өнер туындысы. Бедерлеме - өнер тарихындағы айшықтау тәсілінің озық үлгісі. Қола құйма өнерінің тамаша мектептері. Құйма және тастан қашау тәсілі. Құрбандық ыдыс жақтауларын көркемдеу әдістері. Ақсай шатқалынан табылған түйе мүсіншесі (б.э.д. IV-III ғғ).

Әдебиет: [5, б. 98 - 134] [8, б. 68 - 105]



ТАҚЫРЫП 7 Византия өнері

Византия мәдениеті Греция мен Рим мәдениетін жалғастырушы – мирасқор ретінде. Византия өнері және оның өзіндік көркемдік стилі. Екінші Рим – Константинополь – София ғибадатханасы. Византиялық сәулетшілер мен суретшілер. Меровингтік және Каролингтік әулеттері кезеңі өнері (V-X ғғ). Ұлы Карл франктер мемлекеті. Римдік базилик жобасындағы шіркеулер. Мүсіндеу мен сәулет өнері. Кресті – күмбезді тип (Константинополь). Әулие София храмы – византия сәулет өнерінің жетістігі. Византиялық көркемсурет пен мозаика, фреска, икон жасау, кітап миниатюрасы.

Әдебиет: [4, б. 75 - 100] [7, б. 63 - 123]

ТАҚЫРЫП 8 Мұсылман өнері

VIII ғ. басындағы бір орталыққа бағындырылған мемлекет – Араб халифаты. Қалалардың дамуы. Аббасидтер тұсындағы үлкен құрылыстар. Қаланы бөліктерге бөлу – басқарушы цитадель, шахристан және рабад.

Мешіттер мен медреселер типтері. Сирия, Египет, Иран (VII-X ғғ) мешіт типі. Ирандық сәулет дәстүріндегі мешіт типі. Көп қырлы, мұнаралы мешіт – мавзолей типі. Кабус, Марага, Самас, Радкен, Исфахандағы көп қырлы, мұнаралы мешіттер. Мұсылман сәулет өнеріндегі әртүрлі көркемдік мектептер мен ағымдардың көрініс табуы. Сирия, Ирак, парсы, византия, алдыңғы Азия өнерінің ықпалы. Сарайлық құрылыс комплексі. Гранадтағы Альгамбр сарайы (VIII-VI ғғ) - Испаниядағы мұсылмандық сәулет өнерінің інжу – маржаны. Арабтардың храмдық сәулет өнеріндегі ою-өрнек: күйдірілген кірпіш, алебастр, фаянс, керамика, мозаика. Қолданбалы өнердің гүлденуі: шыны үрлеу, қару-жарақты әшекейлеу, алтын мен күмістен апталған бұйымдар, бронзалық бұйымдар, парча, алтын-күміс жіптерден тоқылған жібек маталар, жібек, жүннен тоқылған кілемдер.

Әдебиет: [3, б. 124 - 145] [9, б. 99 - 129]



ТАҚЫРЫП 9 Ортағасырлық Батыс Еуропа өнері

Батыс Еуропалық романдық көркемөнер ағымы (X-XII ғғ). Роман стиліндегі діни құрылыстар. Құрылыс принциптері және негізгі стилистикалық белгілері. Роман сәулет өнеріндегі базиликалық тип. Крестті-аркалы тәсіл. Крестті-күмбезді тәсіл. Роман өнеріндегі бедерлеме бейнелер және мүсін. Роман стиліндегі ою-өрнек пен бейнелеу пластикасы. Діни “інжіл” мазмұнына құрылған бедерлеме айшықтар, витраждық өрнектер. Флоренцияда салынған Сан Миньято аль Монте шіркеуі және оның құрылысының басты ерекшелігі. Германия сәулет-кешендері-Майнц, Шпаер, Вормс. Байе кілемі.

Әдебиет: [5, б. 156 - 205] [10, б. 89 - 109]

ТАҚЫРЫП 10 Батыс Еуропалық Қайта Өрлеу дәуірінің өнері

Қайта Өрлеу кезеңінің мәдениеті мен өнерінің жалпы сипаттамасы және оны кезеңдерге бөлу. Еуропалық мәдениет орталығы-Италия.

Кескіндеме – негізгі өнер түрі. Көркемсуреттегі әлемді танудың ренессанстық ұмтылысы және оның заңдылықтары. Сызықтық перспектива және адам анатомиясы мен пропорциясын зерттеуге негізделген бейнелеу тілінің жаңа принциптерінің қалыптасуы.

Флоренция сәулетшілерінің жаңа кескіндеме негізі. Джотто-итальяндық кескіндеме реформаторы. Мазаччо Джоттоның реалистік дәстүрін жалғастырушы; Бранкаччи капелласының әшекейі. Сандро Боттичелли-Флоренцияның XVғ. аяғындағы ірі сәулетшісі. “Көктем”, “Венераның тууы”, атты қолтаңбасындағы идеялық қарама-қайшылықтары. Ерте Қайта Өрлеу дәуірінің сәулет өнері. Қайта Өрлеу сәулетшілерінің готикалық принциптерден бас тартып, антикалық мұраларға бой ұруы; үндестік, анықтылық, тектатоникалық принциптеріне ізденіс. Филиппо Брунеллески – сәулет өнерінің реформаторы. Леон Баттиста Альберти және оның ренессанстық сәулет пен бейнелеу өнерінің теориялық негіздерін талдаудағы көрнекті рөлі.

Әдебиет: [5, б. 205 - 255] [7, б. 130 - 165]

ТАҚЫРЫП 11 XVIIғ. Батыс Еуропа өнері. Батыс Еуропа өнерінің XVIIIғ. негізгі даму тенденциялары

XVII ғасырдағы Батыс Еуропа елдерінің жаңа тарихи және мәдени даму кезеңі. Өнердегі ұлттық мектептердің пайда болуы. Негізгі стильдік жүйелердің дамуы: барокко және классицизм. Итальян бароккосының тууы және оның Батыс Еуропа елдеріне тарауы. Барокко өнерінің негізгі белгілері мен көркемдік ерекшеліктері. Бастаушы сәулет өнері: оның негізгі жетістіктері. Л. Бернинидің барокколық ансамбль принципі. Бернинидің мүсіндік туындыларындағы сезімдік және патетикалық образдары. Франческо Борромини. Оның күрделі композициялық тәсілі, кеңістікті қолдану шешімдері, көркемдік және пластикалық эффектілігіне негізделген ізденісі. “Құбылмалы” фасадтар үлгісі.

Франциядағы XVIIғ. өнеріндегі классицизмдік бағыт. Оның негізгі белгілері: антикалық мұраларды үндеуі. Қоғамдық мұраттар мен жоғары адамгершілік принциптерінің бекуі. Үндестік және түсініктілік бірлігі. Көркемсуреттегі дамыған дербес жанрлар жүйесінің қалыптасуы.

Әртүрлі өнер стильдерінің өмір сүруі – осы кезең сипатының белгісі. Италиядағы, Германиядағы, Австриядағы, Шығыс Еуропадағы соңғы барокко үлгісі. Сарайлық құрылыстар мен репрезентативтік ансамбльдердің белең алуы; ондағы декоративтілік пен эффектілік. Сарайлық-парктік ансамбльдердегі көрнекі-декоративті принциптердің орнығуы.

Рококо- XVIIIғ. Сарайлық өнердің бөлмелік – интимдік жаңа стилі. Сәулет өнері және интерьердің декоративтік принципі; Ж. Бофран, Ф. Буше творчествосы: рококолық көркемсурет.

Әдебиет: [4, б. 155 - 189] [9, б. 156 - 189]



ТАҚЫРЫП 12 Батыс Европаның XIX ғ. өнері. Импрессионизм

Европа мен Американың XIX ғ. әлеуметтік-тарихи даму ерекшеліктері және ұлы Француз революциясы идеясының әсері.

Өнердің идеялық, қоғамдық күреспен байланысы және ондағы жаңа кезеңнің қарама-қайшылықтарының көрініс табуы. Ұлттық көркемөнерлік мектептердің гүлденуі.

Романтизмнің көркемдік ерекшеліктері, тақырып спецификасы, композициялық түсінігі, көркемдік проблемалары. Бейнелеу өнеріндегі романтизмнің көрнекті өкілдері: Т. Жерико, Э. Делакруа және т.б.

XIX ғ. әдебиет пен өнердегі реализм бағытының дамуы, реализм өнерінің прогрессивті қоғамдық ойлармен тығыз байланысы: оның әлеуметтік проблемаларды ұғынуға деген терең қызығушылығы. Реализмнің көркемөнерлік әдісі.

Импрессионизм өнерінің 1860-1870 жылдар аралығындағы көрінісі, оның реалистік өнермен байланысы және салондық академизмге қарсы тұруы. Қоршаған ортаның тікелей әсері, суреткердің көз алдында болып жатқан құбылыстарды дәл сол қалпында айнытпай беруге деген ұмтылыс. Көркемдік әдістер арқылы жарық пен ауа ортасын тудыру. Композициялық жаңа мүмкіндіктер. Пленэрлік программа. Осы бағыттың екі кезеңі. Түр-түсті, жарық пен ауа эффектілігін берудегі таза локальды (формальды) ізденістердің күшейе түсуі. Импрессионистер творчествосындағы этюдқа құрылған композициялардың жаңа әдістері (К. Моне).

Әдебиет: [3, б. 136 - 178] [10, б. 111 - 119]

ТАҚЫРЫП 13 XX ғ. өнері

Тарихи үрдістердің күрделенуі мен жылдамдана түсуі; дәуірдің негізгі қарама-қайшылықтарының өзгеріске түсуі. XIX ғ. мәдениеті мен өнерінің тоқырауы және оның ғылыми-техникалық прогресс дамуымен, дәуірдің глобальдық оқиғаларымен байланысы. Адамдар қатынасындағы жаңа әлеуметтік, моральдық жағдайлар; олардың өнердегі көріністері. Өнердегі жаңа тенденциялардың (интеллектуализациялық, рационализмдік, экспериментаторлық) пайда болуы. Өнердің философиямен және психологиямен байланысы.

Модернизм - XIX ғ. мәдениеті мен өнерінің негізгі бағыттарының бірі; оның философиялық-эстетикалық түп негізі. Модернизмнің ішкі ағымдарының көптүрлілігі: модерн немесе югендстиль, символизм, экспрессионизм, фовизм, кубизм.

Әдебиеттер: [2, б. 105 - 125] [8, б. 63 - 85]



ТАҚЫРЫП 14 Орыс өнерінің тарихы

Киев Русі өнері; орыс мәдениетінің қайнар бұлағы және византия мәдениетінің үндестігі. Сәулет өнері: Киев және Новгородтағы София соборлары. Киев София соборының фрескалары мен мозаикалары, икон жасау.

Феодалдық бөлшектену кезеңіндегі сәулет өнері (XII-XIII ғғ). Үш өнер мектебінің қалыптасуы: Владимир-Суздаль, Ұлы Новгород пен Псков сәулеті өнері. Кескіндеме Ф. Грек және А. Рублев творчествосы.

Москва княздігінің маңайындағы орыс жерлерін біріктіру. Сәулет өнерінің біртұтас мектебінің қалыптасуы және оның ерекшеліктері.

Көне қалалардың радиалды-дөңгелек жобасы. Монастырлар мен бекіністер. Москва Кремлінің сәулеттік комплексінің құрылысы (XV-XVI ғғ). Кескіндеме. Дионисия творчествосы. Ағаш шатырлы ғибадатханалар (X IV-XIX ғғ), оның өзіндік дәстүрлері және тас шатырлы сәулет өнеріне тигізген ықпалы. Тас шатырлы мұнара- ғибадатхана (XVI-XVII ғғ); Василий Блаженныйдың храмы. Москва сәулетінің басқа да қала сәулетіне тигізген әсері (Кремлдер, монастырлар).

XVI-XVII ғғ. Кескіндеме. Ярославльдің, Ростовтың, Москваның фрескалары мен икондары. XVIIғ. Орыс кескіндемесінің жаңа белгілері (С. Ушаков творчествосы). Портреттік өнердің қалыптасуы.

Әдебиеттер: [1, б. 105 - 124] [6, б. 123 - 160]

ТАҚЫРЫП 15 Қазақ өнері

Қазақстанның Ресейге қосылуының бейнелеу өнерінің туындауындағы мәні. Қазақ бейнелеу өнерінің қалыптасуындағы орыс реалистік мектебінің тигізген ықпалы. XX ғасырдың 20-шы жылдарындағы көркемөнерлік өмірдің жандануы. 30-40жж. Қазақ бейнелеу өнерін ұйымдастыру қорының қалыптасуы. 1938ж. Алматы көркемөнер училищесінің ашылуы. Қазақстанның көркемөнер галереясын ұйымдастыру жөніндегі шешімін қабылдау (1935ж). Қазақстанның республикалық суретшілер Одағының Съезінің өткізілуі (1940ж). Москвада Шығыс халықтарының мәдениеті музейінде тематикалық көрменің ашылуы; “Қазақстан өнерін советтендіру” девизімен. Ұлттық өнер қалыптасуындағы Н.В. Крутильниковтың, А.И. Бортниковтың, А.В. Гербановскийдің, Ф.И. Болкоевтың, А.С. Пономаревтың, Г.А. Брыловтың ролі. Алғашқы ұлттық суретшілердің пайда болуы. Ходжиахмет және Құлахмет Ходжиковтар, Аубакир Исмаилов, Абылхан Қастеев, олардың творчествосы. Қастеевтің Қазақстанның бейнелеу өнерінің дамуындағы басшылық ролі; оның жұмыстары: “Сүт фермасы”, “Бие сауу”, “Түрксиб”, “Бесжылдықтың құрылысы”, “Қазақстан байлықтары”.

Қазақстандағы классикалық авангард дамуының ерекшелігі және оның өкілдері: В.В. Стерлингов, Т.Н. Глебов, Е.А. Говоров, С.Калмыков, И.Я. Иткинд, П.Я. Зальцман

Әдебиеттер: [1, б. 189 - 219] [5, б. 235 - 256]



ұсынылған әдебиеттер тізімі:

Негізгі:

1 Садохин А. П. Дүниежүзілік көркем мәдениеті: жоо арналған оқулық -М.:Юнити-Дана.-2006.-496 с.

2 Драч Г. В. Дүниежүзілік көркем мәдениеті (дүниежүзілік өркениеттің) - Ростов н/Д:Феникс.-2008.-535 с.

3 Львова Е. П. Дүниежүзілік көркем мәдениеті. -СПб:Питер.-2006.-416 с.

Қосымша:

4 Маркова А. Н. Мәдениеттану. Дүниежүзілік көркем мәдениеті:ЖОО студенттіне арналған оқулық - М.:Юнити.-2006.-576 с.

5 Юлдашбаева З. Б. Мәдениеттану: оқу құрал - М.:Высш. шк..-2008.-279 с.

6 Волкова Д. В. Мәдениеттану: оқу құрал - 2008.-315 с.

7 Лисичкина О. Б. Дүниежүзілік көркем мәдениеті. Византия/О. Б. Лисичкина.-М.:АСТ; Астрель.-2005.-271 с.

8 Грожан Д. В. Дүниежүзілік көркем мәдениеті: ЖОО студенттіне арналған оқулық/Д. В. Грожан. - Ростов н/Д:Феникс.-2005.-191 с.



9 Чекалов Д. А. Дүниежүзілік көркем мәдениеті: лекциялар/Д. А. Чекалов, В. А. Кондрашов.-Ростов н/Д:Феникс.-2005.-350

10 Эренгросс Б. А. Дүниежүзілік көркем мәдениеті: 2 т. - М.:Высш. шк. Т. 2, 2005.-511 с.

Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет