Әдістемелік нұсқауларға арналған титул парағы


Беттің тегістігі қандай көрсеткіштермен мінезделеді ?



бет3/6
Дата29.06.2016
өлшемі4.31 Mb.
#166701
1   2   3   4   5   6

1 Беттің тегістігі қандай көрсеткіштермен мінезделеді ?


2 Ra , Rz, Sm , S, tp бұл қандай көрсеткіштер?

3 Негізгі ұзындық деген не, ол қалай тағайындалады?

4 Беттің тегістігі сызбада қалай белгіленеді?

5 Беттің тегістігін өлшеп анықтауға қандай аспаптар қолданылады?

6 МИС-11 микроскоптың құрылысы қандай?

7 МИС-11 микроскопты қолданып қалай өлшеуег болады?



7 Сөздік


№1 зертханалық жұмыс “Тетік бетінің тегістігін өлшеу”

1 Шероховатость- кедір-бұдырлық

2 Шероховатость поверхности – беттің кедір-бұдырлығы

3 Метод - әдіс

4 метод оценки – бағалау әдісі

5 средство измерений- өлшеу құралы

6 неровность – тегіссіздік

7 базовая длина – базалық ұзындық

8 отклонение – ауытқу

9 среднее арифметическое отклонение профиля Ra – Ra профилінің орта арифметикалық ауытқуы

10 высота неровности Rz – Rz тегіссіздіктің биіктігі

11 средний шаг неровности Sm – кедір-бұдырлықтардың орта қадамы

12 опорная длина профиля tp –tp профильдің тіреуіш ұзындығы

13 точка – нүкте

14 свойство – қасиет

15 обозначение – белгілеу

16 образцы шероховатости – кедір-бұдырлық үлгісі

17 образцы сравнения – салыстыру үлгісі

18 оценка качество поверхности – беттің сапасын бағалау

19 основные метрологические характеристики – негізігі метрологиялық сипаттамалары

20 предел измерения - өлшеу шегі

21 погрешность измерения - өлшеу қателігі

22 особенность – ерекшелік

23 цена деления – бөлу бағасы

24 устройство – құрылғы

25 измерительное устройство - өлшеу құрылғысы

26 значение – мән

27 значение величины – шама мәні

28 устройство измерительное - өлшеу құрылғысы

29 устройство отчетное– санау құрылғысы

30 настройка – баптау (реттеу)

31 настройка прибора – аспаптарды баптау

32 безопасность – қауіпсіздік

33 прибор – аспап

34 прибор измерительный - өлшеу аспабы

35 принцип действия - әрекет принципі

36 применение методов - әдістерді қолдану

2 Зертханалық жұмыс. Сатылық біліктің дәлдік көрсеткіштерін өлшеу


2.1 Зертханалық жұмыстың мақсаты

Зертханалық жұмыстың мақсаты: сатылық біліктің дәлдік көрсеткіштерін өлшеу әдіснамасымен танысу, ИЗВ-2 оптикалық ұзындық өлшегішпен және әмббап өлшеу құралдарымен жұмыс істеу дағдыларын алу.


2.2 Жалпы бөлімі

Өңдеу дәлдігі, немесе технологиялық дәлдік берілген шақтама үшін шын ауытқулардың сейілу өрісінің сәйкестік дәрежесімен бағаланады. Өлшемдер ретінде сызықтық және бұрыштық шамалар, қалып пен беттердің орналасу ауытқулары танылады.

Кез-келген бұйымның, соның ішінде сатылық біліктің де геометриялық ауытқулары келесі түрде жіктеледі:

1) нақты өлшемдердің ауытқулары;

2) беттердің орналасу ауытқулары;

3) бет қалпының ауытқулары;

4) беттердің толқындылығы мен беттедің кедір-бұдырлығы.

Өлшемдердің ауытқуларын өлшеу кезінде біліктің жеке мойындардың диаметрінің ауытқулары, олардың беттердің арасындағы қашықтық және т.б. бақыланады. ГОСТ 25347-82 өлшепмдердің ауытқуларына жататын терминдер мен анықтамалар орнатылған.

Білік беттерінің орналасу ауытқуларын бағалаған кезде жағдайлардың көпшілігінде біліктің жеке цилиндрлік беттерінің осьтерінің оның жалпы осіне қатысты осьтестіктерінен ауытқуы бақыланады. Көрсетілген ауытқулар 1 тетіктің екі шеткі қимада (2.1 сурет) екі 2 өлшеу бастиектер көмегімен өлшенеді. Өлшеу кезінде бақыланатын беттер тексеру тақтасына орнатылған 3 пышақты призмалық тіректерге бірдей негізделеді. Біліктің әрбір мойынының осьтестіктен ауытқу шамасы біліктің өз ось айналасында толық айналым кезінде өлшеу бастиегінің межелігі бойынша есептеулердің жартылай айырымы ретінде анықталады.

Жағдайлар қатарында, білік мойындарының осьтестіктен ауытқулары орталықтар осьтеріне қатысты беріледі. Бұл жағдайда тетік орталықтарда орнатылады, 2.1 суретте олар штрихталған сызықтармен көрсетілген. Ауытқуларды өлшеу үрдісі мен бұл ауытқуларды анықтау ертеде келтірілген мысалмен ұқсастықта жүргізіледі.



2.1 сурет – Осьтестіктен ауытқуды өлшеу сұлбасы
Беттердің орналасуының ауытқулардың негізгі түрлеріне жататын терминдер мен анықтамалар ГОСТ 24642-81 орнатылған.

Білік қалпының ауытқуын бағалау кезінде әдетте, оның цилиндрлік беттерінің бойлық және көлденең қималарындаға ауытқулар бақыланады.

Шеңберліктен ауытқу шын пішіннің нүктелерінен жанасатын шеңберге дейін ең үлкен қашықтық (2.2 а сурет) ретінде анықталады.


а б в
2.2 сурет – Білік қалпының көлденең қимадағы ауытқуы


Т шеңберлік шақтамасы (2.2 а сурет) жіберілетін шеңберліктен ең үлкен ауытқу ретінде анықталады. Шеңберліктен ауытқулардың жеке түрлері болып сопақтық пен қырлау табылады. Сопақтық – шеңберліктен ауытқу, мұнда шын пішін өзімен сопақтық түрлі мүсін көрсетеді, оның ең үлкен және ең кіші диаметрлері өзара пенпендикуляр бағыттарда (2.2 б сурет) орналасқан. Қырлау – шеңберліктен ауытқу, мұнда шын пішін өзімен көпқырлы мүсінді көрсетеді (2.2 в сурет). Тетіктің сопақтығы мысалға, жону немесе ажарлау білдегінің айналдырығының ауытқуы, тетіктің теңгерілмегендігі мен басқа себептерден болады. Қырлаудың пайда болуы тетіктің айналу орталығының күйінің сәттегі өзгеруімен, мысалы орталықсыз ажарлау кезіндегідей түсіндіріледі.

Цинлиндрліктен ауытқу шын беттің нүктелеріне жанасатын цилиндге дейін мөлшерлешенетін бөлім шектерінде ең үлкен қашықтық ретінде анықталады (2.3 а сурет).

Цилиндрліктің шақтама өрісі ретінде бір-бірінен цилиндрлік шақтамасына тең қашықтықта орналасқан осьтестік цилиндрлермен шектелген кеңістік қабылданады. Цилиндрлік беттің бойлай қимасы пішінінің ауытқымалары ретінде жазықтықта жататын, оның осінен өтетін шын бетті құратын нүктелерден мөлшерленетін бөлім шектерінде жанасатын пішіннің сәйкес қабырғасына дейін қашықтықты қабылдайды (2.3 а сурет). Мұндай ауытқыманың шақтама өрісі арқылы белгіленеді (2.3 а сурет).

а б в

г д
2.3 сурет – Білік қалпының бойлай қимадағы ауытқуы
Бойлай қимадағы пішіннің ауытқымасының жеке түрлері болып конус тәрізділік, бөшке тәрізділік, ершік тәрізділік және иілгендік табылады (2.3 д сурет). Конус тәрізділік – бойлай қимадағы пішіннің ауытқымасы, мұнда жасаушылар түзу сызықты, бірақ параллель емес (2.3 б сурет). Бөшке тәрізділік – бойлай қимадағы пішіннің ауытқымасы, мұнда жасаушылар түзу сызықты емес және даметрлері қиманың шеттерінен ортасы на қарай үлкейеді (2.3 в сурет). Ершік тәрізділік – бойлай қимадағы пішіннің ауытқымасы, мұнда жасаушылар түзу сызықты емес және даметрлері қиманың шеттерінен ортасына қарай кішірейді (2.3 г сурет).

Бөшке тәрізділік жиі орталықтарда ұзын жіңішке біліктерді қыру кезінде, сүйеуіштерсіз (орта бөлігінде кесу күшінің құрамдастарының әсерінен шеттеріне қарағанда үлкен серпімді иілістер пайда болады). Жуан қысқа біліктер жиі біліктің шеттерінен ығысуынан ершік тәрізді болып шығады (кесу күшінің құрамдастары екі орталықтардың арасында бірқалыптырақ болады). Бөшке тәрізділік пен ершік тәрізділік білдектердің бағыттаушы тұғырларының қателіктері себебінен және тағы басқа себептерден бола алады. Конус тәрізділіктің себебі кескіштің тозуы, айналдырық пен білдектің артқы тұғыр сүйеутөлкесінің геометриялық осьтерінің сәйкессіздігі (орталықтардың ығысуы), орталықтар оьстерінің тұғырдың бағыттаушыларына параллельдіктен ауытқуы бола алады.

Қырлардың тақ саны мен білік осінің иілгендінің болмауы кезінде, шеңберлік пен цилиндрліктен ауытқымалар біліктің ең үлкен және ең кіші өлшенген диаметрлері арасындағы жартылай айырмасы ретінде анықталады. Көрсеткіштерді есептелуі алтыдан кем емес нүктлерде жүргізіледі: білік осі бойымен үш қимада (шеттері мен орталығы бойынша) және білік осіне қиылысып үш қимада (қималар арасында орналасу керек). Қалыптың негізгі ауытқулары мен шақтамаларына қатысты терминдер мен анықтамалар ГОСТ 24642-81 орнатылған.

Біліктердің дәлдігін бағалау кезінде қалыптың қосындылық ауытқулары мен оның беттерінің орналасуы бақыланады. Дәлдік көрсеткіштерінің бұл түріне біліктің цилиндрлік бетінің радиаль және бүйіржақтық ауытқуы жатады, олардың өлшеу сұлбасы 2.4 суретте көрсетілген.

Базалық оське қатысты айналу бетінің радиль ауытқуы қарастырылатын пішіннің шеңберліктен ауытқуы мен оның орталығының базалық оське қатысты ауытқуының бірігіп көрсетілуінің нәтижесі болып келеді. Ол айналу бетінің шын пішінінің нүктелерінен бұл оське перпендикуляр қиманың базалық осіне дейін ең үлкен және ең кіші қашықтықтардың айырмасына тең. Бүйіржақты ауытқу – бүйіржақты беттің жазықтықтан ауытқымасы мен бұл беттің базалық оське қатысты перпендикулярлықтан қосындылық ауытқымасы, ол шын пішіннің бүйіржақтық бетінің нүктелерінен базалық оьске рпенпендикуляр жазықтыққа ең үлкен және ең кіші айырмаға тең.

2.4 сурет – Бүйіржақтық және радиаль ауытқуды өлшеу сұлбасы
Бұл көрсеткіштерді өлшеу кезінде білік қысқы, прзма немесе орталықтарға орнатылады. Ауытқу шамасы тетікті бұрғандағы өлшеу құрылғының ең үлкен және ең кіші көрсетулері арасындағы айырымы ретінде анықталады.

Дәлдіктің кедір-бұдырлықтың және толқындылық сияқты көрсеткіштері білік түрлі беттерінде кезеңмен қайталанатын түзу еместіктердің жиынтығын бағалау үшін қызмет етеді.

Бұл жұмыста сатылы біліктің дәлдік көрсеткіштерін өлшеу кезінде пайдаланылмайды.

Жоғарыда көрсетілген біліктің дәлдік көрсеткіштерін өлшеу үшін әртүрлі өлшеу және баөқылау құралдары пайдаланыла алады. Оларды таңдау өндірістің көлемі мен бақыланатын тетіктің құрылымдық ерекшеліктері, бұл тетікті дайындаудың дәлдігіне байланысты. Бұл жұмыста, өлшеулерді жүргізген кезде, әсбебап өлшеу құралдары (штангенциркуль және тегіс микрометр) мен оптикалық-механикалық аспап (көлденең ұзындық өлшегіш ИЗВ-2) қолданылады.


2.3 ИЗВ-2 аспабының суреттелуі

ИЗВ-2 көлденең ұзындық өлшегіш түйіспелі әдіспен бұйымдардың сыртқы өлшемдерін тікелей өлшеу үшін қызмет етеді. Аспаптың негізгі берілгендері 2.1 кестеде келтірілген.


2.1 кесте

1 Межелік бойынша өлшеу шектері, мм

0 - 100

2 Межеліктің бөлу бағасы, мм

1

3 Шиыршықты көзәйнекті микрометрдің ең төмен бөлу бағасы, мм

0,001

4 Ұзындық өлшегіштің көрсетулерінің шекті қателігі, мм


Аспапты өлшеуер түйіспелі әдіспен өткізіледі.

Өлшеу сырық өзегі өзінің салмағы әрекетінен түсіріледі, жән ұштығы бұйым бетіне жанасады. Өлшеу сырық өзегінің ішінде шыны милииметрлік жоғары дәлдікті межелік орнатылған. Межеліктің жағдайы бойлай компаратор принципін сақтайды: өлшенетін ұзындық миллиметрлік межеліктің түзу сызықты жалғасы болып табылады, межелік бөлулерінің жазықтығы өлшеу сырық өзегінің осімен және оның қозғалысының бағытымен сәйкес келеді. Миллиметрлік межелікті жарықтау үшін шам, жарық сүзгі және конденсатордан тұратын құрылғы қызмет етеді. Межеліктің штрихтары мен сандарды шиыршықты көзәйнекті микрометрі бар микроскоппен қарастырады.

Ұзындық өлшегіштің оптикалық сұлбасы 2.5 суретте көрсетілген. Мұндағы 1 – 2 жамылғы шынысы бар миллиметрлік шыны межелік. 3 – жарықтану шамы. 4 – жарықты сүзгі. 5 – конденсатор. 6 – микроскоп объективі. 7 және 8 – жарық шоғырын ауытқитын призмалар. 9 – көзәйнек. 10 және 11 – шиыршықты микрометрдің межеліктері.

Ұзындық өлшегіш көлденең таған мен өлшеу бастиегінен тұрады. Көлденең таған келесі түрде құрылған. 1 негізде (2.6 сурет) «қарлығаш құйрығы» түрдегі бағыттауышшы және өлшеу бастиегін көтеру және түсіру үшін тісті төрткілдеші бар 2 бағанашығы бекітілген. Үш реттелетін пышақтар 3 аспапты 4 деңгеймен орналастыру үшін қызмет етеді.

2.5 сурет – Ұзындық өлшегіштің оптикалық жүйесі

2.6 сурет – ИЗВ-2 көлденең ұзындық өлшегіш
Бағыттаушы 5 тақтайшаларда түсірілетін бүйірлік 6 үстелі бекітілген, үстелге өлшенетін 7 бұйым орнатылады. Үстелдің бетінде ауыстырылатын үстелшелерді бекіту үшін үш бұрандалы тесіктер бар. Үстел 6 серіппелі орнықтырғышпен бекітіледі. Өлшеу бастиегінің 9 тұрқысы 10 кронштейнде бекітілген, ол бағыттаушы бағанашыққа орнықтырылады. Кронштейннің бағанашық бойынша орын ауыстыруы тісті төрткілдешпен ілінісетін түтіктің 11 дөңгелек тұтқасының айналуымен іске асырылады. Кронштейн қажетті күйде 12 бұрамамен бекітіледі. 13 сырыз өзектің ішінде миллиметрлік шыны межелік орнатылған. Сырық өзектің төменгі шетінде жүкті 14 тығырықты бұрамалау үшін бұранда бар. Сырық өзектің бұл шетіне өлшеу сұққышы отырғызылған, оған өлшеу ұштығы 15 бекітіледі. Сырық өзекті дөңгелек тұтқаның 16 айналуымен жоғарыға орын ауыстырады. Дөңгелек тұтқаны оның бүйіржағындағы меңзер бағытында ғана айналдыру жөн. Сырық өзек өзінің салмағы әрекетінен түсіріледі. Сырық өзекті тоқтатқышты бұрамамен бекітеді.

Өлшеу бастиегінің тұрқысында шиыршықты көзәйнекті микрометрі бар 18 есептеуіш микроскоп бекітілген, қарама-қарсы қабырғада бастиектің тұрқысында жарықтану қысқысы орнатылған. Дөңгелек 19 тұтқасы (2.7 сурет) және бұрама 20 нольдік есептеу орнату үшін қызмет етеді. 20 бұраманы айналдыру үшін көзәйнекті шиыршықты микрометрдің 21 тұрқысы 22 платасына қатысты орын ауыстырады. Тұрқы платада тоқтатқышты 23 бұрамамен бекітіледі.



2.7 сурет – Есептеуіш микроскоп

2.4 Жұмысты орындау реті

2.4.1 Осы жұмыста пайдаланылатын ИЗВ-2 ұзындық өлшегіштің құрылғысы мен әмбебап өлшеу құралымен танысу. Олардың негізгі метрологиялық сипаттамаларын 2.2 кестеге толтыру.


2.2 кесте

Аспаптың атауы

Өлшеу құралының түрі

Межеліктің бөлу құны

Көрсеткіштердің ауқымы

Өлшеулердің ауқымы













2.4.2 Ұзындық өлшегішті 220В кернуімен желіге қосу және есептеуіш микроскоптың межелігін «0»-ге реттеу.

2.4.3 Ұзындық өлшегіштің үстеліне білікті орнату және ретімен диаметрі 40мм біліктің цилиндрлік бетінің қалпының ауытқуларын бойлай және қиылысу қималарды өлшеу (2.8 сурет), өлшеу нәтижелерін 2.3 кестеген енгізу.

2.8 сурет
2.4.4 Өлшеулер біткеннен соң ұзындық өлшегішті желіден сөндіру.

2.4.5 Білікті ПБ-500 аспабының ортасына орнату және диаметрі 20мм білік бетінің орталықтар осьтеріне қастысты осьтестіктен ауытқуды өлшеу, диаметрі 25мм білік бетінің радиаль ауытқуын, өлшеулер нәтижелерін 2.4 естеген енгізу.


2.3 кесте

Өлшенетін көрсеткіш

Ұзындық өлшегіш бойынша есептеу, мм

Көрсеткіштің шекті мәндері, мм

Көрсеткіштің шын мәндері, мм

1

2

3

1 Диаметрі 40мм білік бетінің қалпының бойлай қимада ауытқуы, мм
















2 Диаметрі 40мм білік бетінің қалпының қиылысу қимада ауытқуы, мм















2.4.6 ШЦ-П штангенциркульдің көмегімен біліктің жеке беттері, өлшеу шектері 0-25мм және 25-50мм МК түрдегі тегіс микрометрлер арасында сызықтық өлшемдерді өлшеу (40мм, 120мм, 30мм), өлшеу нәтижелерін 2.4 кестеге енгізу.

2.4.7 Өлшеулерді аяқтағаннан соң микрометр мен штангенциркульдерді қораптарға салу.

2.4.8 2.8 суретте көрсетілген мәліметтерді пайдалана отырып 2.3 және 2.4 кестелердің «Шекті мәндері»бағанасына білік дәлдігінің өлшенген көрсеткіштерінен әрбірінің талаптанатын мәндерін енгізу.

2.4.9 Олардың шын мәндерімен әрбір өлшенген дәлдік көрсеткішінен шекті мәндерді салыстыра отырып көрсеткіштердің әрбіреуі бойынша және тетік бүтінімен бойынша жарамдылық туралы қорытынды жасау.

2.4.10 Алынған нәтижелерді оқытушыға көрсету, жұмыс бойынша есепті дайындау.


2.4 кесте

Өлшенетін көрсеткіш, мм

Көрсеткіштің шекті мәндері (ауытқулары), мм

Көрсеткіштің шын мәндері, мм

Ең үлкен

Ең төмен

1










2 120 - 0,9










3










4 Диаметр 20 - 0,14










5 Диаметр 25 - 0,14










6 Диаметрі 25мм бетінің орталықтар осьтеріне қатысты радиаль ауытқуы










7 Диаметрі 20мм білік бетінің орталықтар осьтеріне қатысты радиаль ауытқуы











2.5 Жұмыстың жеке кезеңдерін орындау бойынша нұсқаулар

Ұзындық өлшегішті «0»-ге реттеу келесідей өткізеді. Дөңгелек 19 тұтқа мен бұрама 2 көмегімен (2.7 сурет) бекітілмеген тоқтатқышты бұрама 23 кезінде миллиметрлік межеліктің нольдік сызықшасын шиыршықтың екілік нольдік орамының ортасына әкеледі де 24 тұрқыны 23 бұрамамен бекітеді. Аспапты реттеп алып, өлшеу сырық өзегін көтереді, үстелге өлшенетін бұйымды орнатады, өлшеу сырық өзегін ұштықтыңбұйыммен түйісуіне дейін түсіреді. Микроскоптың 18 (2.6 сурет) межелігі бойынша санауды оқиды.

Санау принципін нақты мысалда қарастырайық. Есептеу микроскоптың көру өрісінде (2.8 сурет) бір уақытта көрінеді: миллиметрлік межеліктің «11», «12», «13» сандарымен ірі белгіленген үш сызықшасы; «0»-ден «10»-ға дейін бөлулері бар болатын миллиметрдің ондық бөліктерінің қозғалыссыз межелігі; миллиметрдің жүздік және ондық бөліктерін санау үшін арналған шеңберлік межелік және шиыршықтың екілік орамдары.

Санау алдында шиыршықтың екілік орамын дөңгелек тұтқа 19 арқылы миллиметрлік сызықша екілік орамдар бөлігінде орам сызықтарының дәл ортасында болатындай етіп орналастыру керек. Миллиметрлерді санау үшін индекс ретінде миллиметрдің ондық бөліктерінің межелігінің нольдік сызықшасы қызмет етеді.



2.9 сурет – Есептеу микроскоптың межелігі
2.9 суретте «12» миллиметрлік сызықшасы миллиметрдің ондық бөліктерінің межелігінің нольдік сызықшасын өтті, ал ең жақын үлкен «13» сызықшасы нольдік сызықшаға жеткен жоқ. Санау 12мм плюс «12» сызықшасынан миллиметрдің ондық бөліктерінің межелігінің нольдік сызықшасына дейін үзінді болады. Бұл үзіндіде миллиметрдің ондық бөліктер саны «2» миллиметрдің ондық бөліктер межеліктің өтілген сызықшасы санымен белгіленген. Миллиметрдің жүздік және мыңдық бөліктері шеңберлікмежелік бойынша саналады, санау үшін индексі болып межелік нұсқағышы қызмет етеді, шеңберлік межеліктің бөлу құны – 0,001мм.

2.8 суретте «72» сызығы көрсеткіш пен межелік аралығының кейбір бөлігін өтті. Аралықтың бұл бөлігін ондық бөліктерде көзге өлшейді: ол шамамен дөңгелек межеліктің 0,5 бөліндісіне тең. Осылайша, ақырғы есептеу 12,2725мм.

ПБ-500 аспаптағы өлшеу әдіснамасы №4 зертханалық жұмыста келтірілген.

2.6 Есептің мазмұны

Жұмыс бойынша есеп келесіні қосу керек:

1) жұмыстың қысқаша дайындалған мақсаты.

2) білік сызбасы (2.8 сурет).

3) пайдаланылған өлшеу құралдарының негізгі метрологиялық сипаттамаларымен 2.1 кесте.

4) 2.2 и 2.3 кестелері өлшеунәтижелерімен.

5) жұмыс бойынша жалпы қорытынды.
2.7 Қауіпсіздік шарттары

2.7.1 Тәжірибелік бөлімді орындауға құрылғы мен ұзындыө ИЗВ-2 өлшегіштің жұмыс принципін оқыған студенттер ғана жіберіледі.

2.7.2 Ұзындық өлшегіште реттеу мен өлшеулерді лаборант қатысуымен өткізеді.

2.7.3 Ұзындық өлшегішті 220В кернеудегі желіге қосу алдында оның төмендететін трансформаторға қосылғанына көз жеткізу керек.

2.7.4 Өлшеулерді өткізгеннен кейін ұзындық өлшегішті желіден сөндіру.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет