Әдістемелік нұсқауларға арналған титул парағы



бет6/6
Дата29.06.2016
өлшемі4.31 Mb.
#166701
1   2   3   4   5   6

5.4 Жұмысты орындау реті

5.4.1 Аспаптың құрылғысымен танысу, микроскоптың жарықтандырушысын 15 желіге қосу (5.5 сурет). Окулярдың 2 диоптрийлік балдағының айналуымен окулярлы тордың сызықтарының ең нақты суреттеріне жету, окулярдың 4 диоптрийлік балдағының айналуымен – бұрышөлшегіш межелігінің сызықтарының нақты суреттеріне.

5.4.2 Тұғыр орталықтарында орнатылған бақылау білікшенің көмегімен тұғыр орталықтары осьтерінің үстелдің бойлай орын ауыстыруына қатысты параллельдікке жету.

5.4.3 Тұғыр орталықтарында бұрандалық мөлшерлегішті оның өтетін жағының бұранданың өлшенетін аймағы микроскоптың көрінетін бөлігінде орналасатындай етіп орнату.

5.4.4 Бұранданың сыртқы және ішкі диаметрлерін өлшеу, алынған мәліметтерді 5.2 кестеге толтыру.

5.4.5 Бұранданың орташа диаметрін үш сымша әдісімен анықтау, алынған мәліметтерді кестеге толтыру.

5.4.6 Пішіннің оң және сол жақтары бойынша бұранданың қадамын өлшеу, алынған мәліметтерді өңдеу және нәтижені 5.2 кестеге толтыру.

5.4.7 Бұранда пішіні бұрышының жартысының төрт мәнін өлшеу, алынған мәліметтерді өңдеу және нәтижені 5.2 кестеге толтыру.

5.4.8 Микроскопта барлық өлшеулерді өткізгеннен соң аспапта желіден шығарады.

5.4.9 ГОСТ 18107-72 «Метрикалық бұранда үшін мөлшерлегіштер» пайдалана отырып, сыртқы, ішкі, орташа диаметрлер, пішін бұрышының жартысы мен мөлшерлегіш бұрандасы қадамының ауытқуларын анықтау. Алынған мәліметтерді 5.2 кестенің сәйкес бағаналарына толтыру.

5.4.10 Бұранда параметрлерін өлшеудің нәтижесінде алынған мәліметтерді бұранда параметрлерінің ауытқулардың жіберілетін мәндерімен салыстыру, мөлшерлегіштің жарамдылығы туралы қорытынды беру.

5.4.11 Есепті дайындау мен оны оқытушыға көрсету.

5.2 кесте

Бұранда параметрлері

Параметрдің шын мәнісі

Параметрдің шекті мәндері

(ГОСТ 18107-72)



Параметрдің жарамдылығы туралы қорытынды

Сыртқы диаметр , мм










Ішкі диаметр , мм










Орташа диаметр , мм










Қадам , мм










Пішін бұрышының жартысы , град











5.5 Жұмыстың жеке кезеңдерін орындау бойынша нұсқаулар

Бұранданың параметрлерін дұрыс өлшеу үшін бұранданың осі (өлшенетін мөлшерлегіштің орталықтарының осі) үстелдің бойлай орын ауыстыруына параллель болу керек, яғни тұғыр орталықтарының осі аспапта үстелдің бойлай орын ауыстыруына параллель орналасуы керек. Бұл цилиндрлік бақылау білікшенің көмегімен іске асырылады, оның жасаушылары білікшенің орталықтарының осьтеріне параллель. Білікшені тұғырдың орталықтарына орналастыра етіріп, микроскопты қолсаппен 11 (5.5 сурет) бекітеді және үстелді микробұрамамен 8 қиылысқан бағытта окулярдың 2 көру аумағында бақылау цилиндрінің шеттері бірінің нақты көлеңкелік суретін көретіндей етіп орын ауыстырады. Кейін окулярға 2 бақылап және окулярлы бастиектің дөңгелек 3 тұтқасын айналдыра етіп, градусты және минуталық межеліктердің нольдік сызықшаларын сәйкестендіру қажет (мұндай күйде тордың бойлай штрих сызықшасы үстелдің бойлай орын ауыстыруының бағытына параллель). Окулярға 2 білік көлеңкесіне бақылай отырып және қолсап 9 көмегімен үстелді 6 бұра отырып, білікшенің жасаушысын тордың бойлай пунктирлі сызығына параллель күйге келтіру. Реттеудің дұрыстығына көз жеткізуге үстелді бойлай бағытта орын ауыстыра отырып болады, мұнда білікшенің көлеңкелік суреті бойлай бағытта орын ауыстырмауы керек.

Бұранданың ішкі және сыртқы диаметрлерінің өлшеулерін өткізе отырып, әдіснамалық нұсқаулардың 5.4 бөлімінде көрсетілген әдістемені пайдалану керек. Бұранданың орташа диаметрін үш сымшалар әдісімен өлшеу әдіснамалық нұсқаулардың 5.2.2 бөлімінде келтірілген әдістемеге сәйкес өткізілуі қажет. Сымшалардың ең тиімді диаметрі (5.2) формула бойынша, ал бұранданың орташа диаметрі – (5.5) формуласы бойынша анықталады. өлшемі МК түрдегі микрометр көмегімен өлшенеді.

а б

в
а, б –бұранда қадамын өлшеу;

в – пішін бұрышының жартысын өлшеу


5.8 сурет – Бұранда параметрлерін өлшеудің сызба-нұсқалары
Бұранда қадамын бұл қадамның жинақталған қателігінің шамасы бойынша бағалайды. Бұранда қадамының жинақталған қателігі деп мөлшерлегіштің екі жақтары арасында бұрамалау ұзындығы немесе берілген ұзындықтың шектерінде (осы жұмыста бұл бұранданың төрт толық орамының ұзындығы) кез келген орамдар мөлшерлегішінің екі параллель жақтары арасындағы осьтік бағытта шын және номиналды қашықтықтары арасындағы айырмашылық аталады. Қадам бойынша өлшеулер үстелдің бойлай орын ауыстыруының 7 микробұрамасы көмегімен іске асырылады. Алдымен үстел микроскопын орын ауыстырады, және окулярлы торды бұрып тұрып, окуляр торының штрихтік сызығын шеткі толық бұраманың (5.8 б сурет) мөлшерлегіштің қабырғаларының бірінің суретімен келтіреді. Бұл күйде микровинт 7 межелігі бойынша бастапқы есепті өткізеді.

Кейін микроскоп үстелін бойлай бағытта өлшенетін бұранданың төрт орамына орын ауыстырады, штрихтік сызықты мөлшерлегішті бір атты қабырғасына келтіреді және екінші (қорытынды) есептеуді өткізеді. Өлшенген шама (5.8 б сурет) қорытынды және бастапқы есептеулер арасындағы айырмашылық ретінде анықталады. Өлшеу қадамының қателігінің дәлдігін жоғарлату мақсатында мөлшерлегіштің оң жақтары сияқты, сол жақтары бойынша (5.8 а, 5.8 б сурет) екі рет өткізу керек. Шын мән ретінде төрт өлшеулердің нәтижелерінің орташа мәні ретінде қабылданады. Номиналды мәні келесі формула бойынша анықталады


, (5.6)
мұндағы - номиналды қадам;

- өлшенетін бұранданың орамдар саны.

Пішін бұрышының жартысын өлшеу пішіннің оң және сол бүйір қабырғалары арасындағы бұрыштарды анықтауда және бұранданың осіне перпендикуляр түйінделеді; метрикалық бұрандада пішін бұрышы ось перпендикулярына қатысты симметриялы орналасуы қажет, бұранда қисаймауы керек. Көлденең жазықтықта орталықтарда тетіктің қисаюы нәтижесінде пайда болатын бұл бұрыштарды өлшеудің жүйелік қателігін жоққа шығару үшін өлшеулерді осьтен екі жағынан әрбір жағынан бұрыштың жартысынан (5.8 в сурет) өткізеді. Сол кезде бұрыштың сол () және оң () жартысының шын мәні өлшеулер нәтижелерінің орташа арифметикалық мәндері ретінде анықталады:


, (5.7)
=. (5.8)
Бұранда мөлшерлегіші бұрышының жартысын өлшеу келесідей өткізеді. Микроскоптың градустық межелігін алдын ала 0, 90, 160 немесе 270° орнатады, штрихтік тордың сызықтарының бірі бұранда осіне перпендикуляр болу керек және аталған мәндердің бірі бірінші есептеудің басы ретінде қабылдануы керек. Кейін бұранда осіне перпендикуляр штрихтік тордың сызығы кезекпен мөлшерлегіштің оң жағына қарама-қарсы бағыттарда, есептеуді өткізе отырып қосады және мөлшерлегіш бұрышының жартысының орташа мәнін есептейді. Ұқсас әрекеттерді мөлшерлегіштің сол жағында өткізеді, ал бұл жағдай үшін орташа мәні (5.8) формула бойынша есептейді.
5.6 Есептің мазмұны

Жұмыс бойынша есеп өзінде қосу керек:

1) қысқаша дайындалған жұмыс мақсаты.

2) БМИ микроскоптың негізгі метрологиялық сипаттамалары, орташа диаметрді анықтаумен байланысты аралық өлшеулер мен есептеулер

3) орташа диаметрді анықтаумен байланысты аралық өлшеулер мен есептеулер, қадам мен бұранда қадамының жартысы

4) жұмыс бойынша жалпы қорытынды


5.7 Қауіпсіздік шаралары

5.7.1 Тәжірибелік жұмысты орындауға БМИ микроскоптың құрылғысы мен жұмыс принципін меңгерген студенттер ғана жіберіледі. Микроскопта реттеу мен өлшеулерді тек оқу шеберінің қасында ғана орындау.

5.7.2 Барлық өлшеулерді өткізгеннен кейін микроскопты желіден сөндіру.
5.8 Бақылау сұрақтары

1. Қандай параметрлер бекітпелі цилиндрлік бұранда пішінінің сипаттамасы үшін пайдаланылады?

2. Қай жағдайларда бұранданың жиынтықты бақылау пайдаланылады, қалай және ненің көмегімен ол өткізіледі?

3. Қай жағдайларда бұранданың элемент бойынша бақылауы пайдаланылады, қалай және ненің көмегімен ол өткізіледі?

4. Бұрандалардың орташа диаметрдің бақылау қалай және ненің көмегімен ол өткізіледі?

5. БМИ микроскоптың құрылымы қандай?

6. Микроскопта көрсетулердің оқылуы қалай жасалады?

7. Бұранданың өлшенген параметрлерінің жарамдылығы қалай анықталады?


Әдебиет тізімі

Негізгі

1 «Техникалық реттеу туралы» ҚР Заңы. Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылы

2 «Тұтынушылардың құқықтарын қорғау туралы»: ҚР Заңы – Алматы, 2010.

3 «Өлшеу бірлігін қамтамасыз ету туралы»: ҚР Заңы – Алматы, 2008.



4 Өзара ауыстырымдылық, стандарттау, сертификаттау негіздері және техникалық өлшеу. Сапа менеджменті. М. Самсаев, И. Самсаев, Б. Жүнісбаев, ж.б. Оқу құрал - Алматы: «Бастау» баспасы, 2008. – 262 б.

5 Өзара ауыстырымдылық, стандарттау және техникалық өлшеулер. Оспан Ә.Ж., Жусин Б.Т., Мұқашева Н.А. – Астана: С.Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық университетінің баспаханасы, 2008. 196 б.

6 Стандарттау, метрология және сертификаттау негіздері. Қажғалиев Н.Ж., Жусин Б.Т., Захан С. Оқулық. – Астана: С. Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалықуниверситетінің баспаханасы, 2009. 196 б.

7 Жаңзақов М.М., Мырзабек К.А. Стандарттау – Қызылорда, «Тұмар», 2007 ж. – 224 бет.

8 Лифиц И.М. Стандартизация, метрология, сертификация. – М.: Издат. 2002. 296с.
Қосымша

9 Основы взаимозаменяемости: метод. указания к курсовой работе для студ. машиностроит. спец. (для внутривуз. пользования)/ Ю. А. Малыхина, А. Е. Абельдинов. - Павлодар: Кереку, 2008. - 106 с.

10 Основы взаимозаменяемости: учеб. - метод. пособие к лаб. работам по дисциплине "Основы взаимозаменяемости" для студ. машиностроит. спец. / Ю. А. Малыхина, А. Е. Абельдинов. - Павлодар:Кереку,2008. - 73 с.

11 Сергеев А.Г., Латышев М.В. Сертификация. Учебное пособие – М.: Логос, 2001. – 248 с.

12 Практическая сертификация продукции и услуг. Учебное пособие/Под ре. В.Я. Кершенбаума, Т.В. Горяистовой – М.: АНО «Технонефтегаз». 2001. – 312 с.

13 Басаков М.И. Сертификация продукции и услуг с основами стандартизации и метрологии. Ростов-на-Дону: Март, 2002. – 356 с.

14 Спицнадель В.И. Системы качества в соответствии с международными стандартами ISO 9000: Учебное пособие – СПб: Издательский дом «Бизнес-пресса», 2000. – 336 с

15 Варакута С.А. Управление качеством продукции: Учебное пособие – М.: ИНФРА – М, 2002. – 207 с.



16 Мишин В.Н. Управление качеством: Учебное пособие для ВУЗов – М.: ЮНИТИ-ДАНА, 2000.- 303 с.

17 Абрамов В.А. Сертификация продукции и услуг. – М.: Ось – 89, - 2000. – 312 с.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет