Әдістемелік нұсқаулықтар мен сілтемелер титулдық беті; әдістемелік нұсқаулықтар; әдістемелік сілтемелер



Дата30.06.2016
өлшемі144 Kb.
#169077

Әдістемелік нұсқаулықтар мен сілтемелер титулдық беті; әдістемелік нұсқаулықтар; әдістемелік сілтемелер






Форма

Ф СО ПГУ 7.18.3/40


Қазақстан Республикасы білім және ғылым министрлігі


С.Торайғыров ат. Павлодар мемлекеттік университеті
Жылуэнергетика кафедрасы

5В070800 Мұнайгаз ісі мамандығы студенттері үшін


«Мұнайгаз саласындағы қоршаған ортаны қорғау» пәнін оқу бойынша
ӘДІСТЕМЕЛІК НҰСҚАУЛЫҚТАР

Павлодар




Әдістемелік нұсқаулықтар мен сілтемелерді бекіту парағы; әдістемелік нұсқаулықтар; әдістемелік сілтемелер





Форма

Ф СО ПГУ 7.18.3/41






БЕКІТЕМІН

ОІ бойынша проректор

________Н.Э. Пфейфер

«___» _________20__ ж.



Құрастырушы: магистр, доцент _____________ Талипов О.М.
Жылуэнергетика кафедрасы
Әдістемелік нұсқаулықтар

«Мұнайгаз саласындағы қоршаған ортаны қорғау» пәнін оқу бойынша


5В070800 Мұнайгаз ісі мамандығы студенттері үшін

Кафедра отырысында ұсынылған

Хаттама № _____ «__»_______________20__ж.
Кафедра меңгерушісі ___________ С.А. Глазырин «____» ________20__ж.

Энергетика факультетінің оқу-әдістемелік кеңесімен мақұлданды «_____»______________20__ж. Хаттама №____


ОӘК төрағасы _____________________ М.М. Кабдуалиева
МАҚҰЛДАНДЫ:

ОҮЖиӘҚБ бастығы ____________ А.А. Варакута «____»___________20__ ж.
Университеттің оқу-әдістемелік кеңесімен мақұлданды

«_____»______________20__ж. Хаттама №____




1 Жалпы мәліметтер

«Мұнайгаз саласындағы қоршаған ортаны қорғау» пәні студенттерге мұнайгаз саласы кәсіпорындары объектілерінің қоршаған табиғи ортаға әсері жайында негізгі мәліметтер береді, атмосфералық ауа мен табиғи су қоймалары ластануының алдын-алу әдістерімен таныстырады. Қазақстан Республикасының экологиялық саясаты, табиғатты қорғау заңнамасы мен экологиялық нормалау туралы негізгі түсініктер береді.


«Мұнайгаз саласындағы қоршаған ортаны қорғау» пәнін оқу кезінде келесі әдебиеттер ұсынылады:

Негізгі әдебиеттер:

  1. Құлжанов К.С., т.б. Мұнай өндеу процесстерін жетідіру. Оқулық. Алматы: ЖШС «Print-S», 2011, -333 б.

  2. Асқарова Ұ.Б. Экология және қоршаған ортаны қорғау: Оқу құралы. – Алматы. Заң әдебиеті, 2008. -427 б.

Қосымша әдебиеттер:

  1. Т.К. Ахмеджанов, А.Т. Қартабай, Б.Т. Ақашев. Мұнай және газ өндірудің техникасымен технологиясы. оқулық /, - Алматы: Дәуір, 2011. – 464 б.


2 «Мұнайгаз саласындағы қоршаған ортаны қорғау» пәнін игеру бойынша әдістемелік нұсқаулықтар
2.1 Кіріспе

Берілген тақырыптың материалдары курс міндеттері мен мақсатын игеруге, биосфераның қазіргі күйі туралы мәлімет алуға мүмкіндік береді.

Бұл тақырыпты игеру барысында экология, қоршаған ортаны қорғау мен әлемдік қоғамдастық үшін қоршаған орта күйінің ролі мен қоршаған ортаны қорғау ұғымдарын ұғыну қажет.

Берілген тақырыптарды игеру нәтижесінде студенттер:



білуі керек

- адам әрекетінің климат пен табиғатқа әсерін;

- бүгінгі күнге ауа құрамы;

- экологияны анықтау;

- антропогенді ластау әсері.

Қарастырылған сұрақтар [1], [2] әдебиеттері, кіріспеде қарастырылған.


2.2 Табиғи орта, күйі және мәселелері

Берілген тақырыпты оқу кезінде физика-химиялық табиғи үрдістер, бос атмосфераға табиғи және антропогенді қоспалар таралуына назар аударған жөн.

Атмосфераға табиғи және өндірістік тастаулардың үлесін салыстырмалы түрде, отынның барлық түрлерін жағу кезінде өндірістік кәсіпорындардың кетуші газдары құрамын білген жөн. Зиянды заттардың шектеулі-мүмкін концентрациясы анықтамасын игеріп, негізгі зиянды заттар үшін ШМК сандық мәнін есептеген жөн.

Берілген тақырыптарды игеру нәтижесінде студенттер:



білу керек

- мұнайгаз өнеркәсібінің қоршаған ортаға әсерінің бағыттарын

- зиянды заттармен ластау көздерін

- қоршаған ортаға улы тастаулар деңгейін

- ауаның жоғары тозаңдылығының әлем климатына әсері

- аймақтың экологиялық жағдайын

- зиянды заттардың адам мен табиғатқа әсерін

- улы заттар классификациясын

- зиянды заттар ШМК

істей алуы керек

- жұмыс істеп тұрған энергожабдықтардың дыбыстық қуатын есептеуді

- отынның түрлерін жағу кезінде зиянды тастауларды сұрыптауды.

Берілген тақырыпқа қатысты сұрақтар [1], [2] әдебиеттерде қарастырылған.

2.3 Мұнайгаз өндірісі кәсіпорындары әрекетінің атмосферадағы үрдістері мен құрамына әсері

Берілген тақырыпты оқу кезінде улы заттар мен бірбағыттағы әрекетті заттар классификациясына назар аудару қажет.

Тақырыпты игеру барысында зиянды заттардың адам мен табиғатқа әсерін зерттеген жөн. Өндірістік қалдықтар пайда болуының сипаттамалары мен принциптеріне назар аудару қажет. Ауаны түрлі ингредиенттерден тазартудың негізгі принциптері. Тастаулардың таралуы.

Берілген тақырыптарды игеру нәтижесінде студенттер



білу керек

- зиянды заттардың адам мен табиғатқа әсерін

- улы заттар классификациясын

- энергетиканың әрбір саласы үшін БҰҰ елдері мен шет елдер үшін қоршаған орта ластануының көлемін.

- зиянды заттардың атмосферада таралу қызметін;

істей алуы керек

- бірбағыттағы әрекетті зиянды заттарды айыра білу.

Берілген тақырыпқа қатысты сұрақтар [1], [2], [3] әдебиеттерде қарастырылған.
2.4 Мұнайгаз өндірісі кәсіпорындары әрекетінің су ресурстары күйіне әсері

Берілген тақырыпты оқу кезінде өндірістік кәсіпорындардың ағынды суларын жою әдістеріне назар аударған жөн.

Мұнайгаз өнеркәсібі ағынды суларының тастауларын кеміту әдістерін қарастырған жөн. Теңіз ластануының алдын-алу мен мұнай төгілуін жою бойынша шаралар.

Каспий мен Арал суларының мұнаймен ластануының ерекшеліктеріне аса назар аудару. Содан кейін магистральді мұнай құбырларында мұнай базалары мен мұнайсорылу станцияларында ағынды суларды тазарту тәсілдерін қарастыру.

Берілген тақырыптарды игеру нәтижесінде студенттер:

білу керек

- ағынды сулар классификациясын

- су қоймаларының өсімдік және жануарлар әлеміне ағынды сулар ластануының әсері;

- барлық категориялы ағынды суларды тазарту әдістері;

- кәсіпорындағы суды рационалды пайдалану әдістері.

істей алуы керек

- ағынды суларды тазарту аппараттарын есептеу.

- балық шаруашылығын нормалаудың жалпы санитарлық, улы, балық шаруашылық зияндылық көрсеткіштерін айыра білу.

Берілген тақырыпқа қатысты сұрақтар [1], [2] әдебиеттерде қарастырылған.


2.5 Мұнайгаз өндірісі кәсіпорындары әрекетінің жер ресурстарына әсері

Тақырыпты игеруді түрлі өндірістің қатты және сұйық қалдықтары, олардың топырақ пен грунт суларына әсерінен бастаған жөн. Кейін қалдықтарды зарарсыздандыру әдістері зерттеледі. Өндірістік қалдықтар жойылуына назар аудару. Жер рекультивациясы.

Берілген тақырыптарды игеру нәтижесінде студенттер

білу керек

- ШМК, ШМТ, ВСВ, ПДС және т.б. ұғымдар;

- экологиялық сараптама ұғымы;

- нормалау принципі;

- радиациялық қауіпсіздік нормалары

істей алуы керек

- зиянды заттар ШМК, ШМТ, ПДС анықтау.

Берілген тақырыпқа қатысты сұрақтар [1], [2] әдебиеттерде қарастырылған.
2.6 Ұңғыманы бұрғылау кезінде қоршаған ортаны ластаудың алдын-алу

Бұл тақырыпты ұңғыманы бұрғылау кезінде мұнай және химиялық ластану көздерін қарастырудан бастаған жөн.

Бұрғыламалы ағынды суларды тазартудың гидроциклонды тәсілдері.

Тақырыпты игеру үрдісінде теңізде ұңғыманы бұрғылау кезінде теңіз ортасын ластайтын негізгі зиянды әсерлер классификациясы білу қажет. Ұңғыманы бұрғылау кезінде күкірттісутегіні нейтралдауға аса назар аудару.

Берілген тақырыптарды игеру нәтижесінде студенттер

білу керек

- ұңғыманы бітеу кезінде пайда болатын ластанулар, оларды жою шаралары;

- бұрғыламалы ағынды сулар мен оларды жинақтау мен тазартуға қолданылатын жабдықтар;

- теңіз ұңғымасын сынау мен игеру үшін жабдықтар;

- мұнайдың теңіз алынуы кезінде ластанудың негізгі көздері.

істей алуы керек

- теңізде ұңғыманы бұрғылау кезінде теңіз ортасын ластайтын негізгі зиянды әсерлер классификациясын жасау;

- Бұрғымалы шлам мен қабаттама топырақты мұнайдан тазарту үшін техникалық құралдар мен өндірістік ағындарды айырып, қажеттісін таңдай білу.

Берілген тақырыпқа қатысты сұрақтар [1] әдебиеттерде қарастырылған.


2.7 Мұнай мен газды даярлау, тасымалдау мен сақтау кезінде қоршаған орта ластануының алдын-алу

Бұл тақырыпты мұнай кен орындарында мұнай мен газ шығындарын зерттеуден бастаған жөн. Кейін кәсіпшілік мұнай мен газды дайындау кезінде ластану көздері қарастырылады. Сонымен қатар мұнайдың құбырлы тасымалдануы кезіндегі ластану көздері және оларды төмендету жолдарына назар аудару қажет.

Мұнай кен орындарында ұңғыма өнімдерін жинақтау жүйелеріне қойылатын талаптарға аса назар аударған жөн.

Тақырыпты оқу барысында мұнай, газ және судың жинақтау мен дайындау жүйесін жетілдірілген жүйелерін енгізуді игеру қажет.

Берілген тақырыптарды игеру нәтижесінде студенттер:

білу керек

- мұнай кен орындарында мұнай мен газ шығындарының себептері мен көздерін;

- кәсіпшілік мұнай мен газды дайындау кезінде ластану көздері;

- мұнайдың құбырлы тасымалдануы кезіндегі ластану көздері және оларды төмендету жолдары.



істей алуы керек

- мұнай кен орындарында ұңғыма өнімдерін жинақтау әдістерінде бағытталу;

- мұнай төгілуі кезінде апаттарды жою.

Берілген тақырыпқа қатысты сұрақтар [1], [3] әдебиеттерде қарастырылған.


2.8 Табиғатты қорғау бойынша шаралардың экономикалық қырлары

Тақырып су қоймаларын ағынды сулар тастауларынан, атмосфераға мұнай өндіретін кәсіпорындардың тастауларынан қорғау бойынша шаралар тиімділігін зерттейді. Тақырыпты игеру барысында халық шаруашылығына қоршаған ортаны ластаудан келетін зардап бағалануына назар аударған жөн. Содан кейін түрлі табиғатты қорғау шараларының салыстырма бағасын жасау қажет.

Берілген тақырыптарды игеру нәтижесінде студенттер:

білу керек

- мұнай өндіретін кәсіпорындардың тастауларынан атмосфераны қорғау бойынша шаралар тиімділігінің көрсеткіштері;

- су қоймаларын, ағынды сулар тастауларынан қорғау бойынша шаралар тиімділігінің көрсеткіштері;

- табиғатты қорғау шараларының ТЭН.



істей алуы керек

- түтіндік құбыр құрылысына шығындалатын капиталсалымдарды есептеу;

- су қоймасына ағынды сулар тастауларын жүзеге асыру кезінде келетін экономикалық зардапты есептеу.

Берілген тақырыпқа қатысты сұрақтар [2], [8] әдебиеттерде қарастырылған.



2.9 Қазақстан Республикасындағы табиғатты қорғау әрекетін басқару

Берілген тақырыпты игеру кезінде ҚР табиғатты қорғау құжаттамасының түрлілігіне назар аудару қажет.

Тақырыпты оқу алдында қоршаған ортаны қорғау саласындағы ҚР заңнамалық актілер пайда болуы тарихын зерттеуден бастаған жөн. Тақырыпты зерттеу барысында ҚР экологиялық кодексі, табиғатты қорғау заннамасын бұзу үшін тартылатын жауапкершілік жайында білу қажет. Кейін экологиялық сараптама мақсаттары, міндеттері мен кезеңдері зерттеледі.

білу керек

- ҚР экологиялық кодексінің жалпы күйі;

- экологиялық саясат ұғымы;

- табиғатты қорғау құжаттарының тізімі;

- қоршаған ортаны қорғауға қатысты мемлекеттік органдар, мекемелер мен азаматтардың міндеттері;

- табиғатты қорғау заңнамасын бұзу үшін жауапкершілік түрлері;

- экологиялық қауіпсіздік концепциясы;

- экологиялық сараптама ұғымы;



істей алуы керек

- экологиялық кодекс мақалаларында бағыттала алу;

- экологиялық құқық бұзушылық үшін түрлі жауапкершілікі түрлерін айыра білуді;

- экологиялық сараптаманы жоспарлауды.



Берілген тақырыпқа қатысты сұрақтар [1], [2] әдебиеттерінде қарастырылған.

Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет