Әдістемелік құралдың міндеттері


Мына сөздер мен сөз тіркестерін пайдаланып сөйлем құраңыз



бет22/45
Дата09.06.2024
өлшемі202.86 Kb.
#502468
1   ...   18   19   20   21   22   23   24   25   ...   45
171289153944 (1)

6. Мына сөздер мен сөз тіркестерін пайдаланып сөйлем құраңыз.
Қазба байлықтар, кен орындары, жәдігерлер, алтын адам, обалар, археологиялық зерттеулер, экспедиция, мамандық иелері, жастар, студенттер.
Дескриптор Білім алушы
- сөздер мен сөз тіркесінің мағынасын түсінеді
- сөз тіркестерімен сөйлемдер құрастырады
7. Мәтінді оқып, стилін анықтаңыз.
- мәтінді оқып, стилін анықтаңыз
-мәтіннен термин сөздерді теріп жазыңыз
-мәтінде айтылған тәртіптерді жадыңызда ұстаңыз
-мәтіннен есімдіктің түрлерін тауып, теріп жазыңыз
Әлем жұртшылығы тарихы деректері мен мүраларға қашанда үлкен қызығушылыкпен, құлшыныспен қарайды. Жаһан жұртшылығының басым бөлігі туристік сапарға шыға қалса, міндетті түрде тарихи бай өлкелерге ат басын тірейді. Мәселен, Мысырдың пирамидаларын немесе Ұлы Қытай қорғанын көру кезінде сұлулыққа деген құштарлығы бар жандардың барлығының армны болар. Ал, жекелей заттардың да құны, бағасы жылдан – жылға артып келеді. Мысалы, әйгілі суретші Леонардо да Винчидің «Джокондасы» әлі күнге дейін сақтандырылмаған екен. Оның басты себебі картина құнының жоқтығы екендігі бізге бұрыннан мәлім.
Қазақстан жерінде де көптеген археологиялық қазбалар табылған. Көне қалалардың орны халқымыздың бай тарихынан сыр шерткендей. Ал, күні бүгінге дейін жоғалмай келген Тараз, Түркістан сияқты сан ғасырлық тарихы бар қалалар бүгінде көптеген туристердің таңдана отырып аралайтын мекеніне айналған.
Археологиялық қазбаларға келетін болсақ, бұл тұрғыдан Қазақстан жерін зерттеудің негізгі жұмыстары ХХ ғасырда жүргізілген. Қала орындары, зираттар, мешіт- медреселер кең байтақ Отанымыздың түкпір- түпкірінен табылған.
Ал, Алматы облысындағы есік қорғанынан «Алтын адам» табылған кезде алыс -жақын елдердің барлығы елең еткенді. Бұл 1970 жыл болатын. Археологиялық олжаны тапқан тарих ғылымдарының докторы Кемел Ақышев басқа да ғалымдармен кеңесе отырып бұл біздің заманымызға дейінгі IV ғасырда өмір сүрген сақ ханзадасы деген шешімге келді. «Алтын адамның» бойындағы қаруы да, үстіндегі киімі де түгелдей дерлік алтыннан құйылған. Бұл ең алдымен киімнің ішіндегі адамның, сонан соң оның елінің дәулетін көрсетсе, екіншіден сол кездің өзінде-ақ түсті металлургияның қыр - сырын меңгерген тайпалардың өмір сүргенін куәландырғандай. Аталмыш олжаның көшірмесі Алматыдағы Орталық мұражайға қойылды, кейін қазақ елінің басты символы ретінде басқа елдерде қойылған көрмелерге шығарылды.
Оңтүстік астананың орталық алаңында (Республика алаңы) Тәуелсіздік монументінің негізгі бейнесі де осы «Алтын адам».


Дескриптор Білім алушы
- мәтінді оқиды
- мәтіннің стилін анықтайды

8. Жоғарыда берілген мәтіннен есімдіктерді тауып, оларды мағыналық түрге ажыратыңыз, бағанға орналастырыңыз.



Жіктеу

Сілтеу

Сұрау

Өздік

Белгісіздік

Болымсыздық

Жалпылау



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   18   19   20   21   22   23   24   25   ...   45




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет