Мәтіндегі үстеулерді тауып, түрлерін анықта, олардың жасалу жолдарын түсіндір.
Дескриптор Білім алушы
- мәтінді оқиды, үстеуді табады
үстеудің түрлерін анықтайды
- үстеудің жасалу жолдарын түсіндіреді
2.Төменде берілген үстеулерден сөйлем құра.
Ұдайы, жата-жастана, қазір, ерте, әбден, керісінше, бұрындау, әрең, батырларша, ішкері, артта, әуел баста, күнімен, ежелден, осылайша, екеулеп, шетінен.
Дескриптор Білім алушы
- берілген үстеулерден сөйлем құрастырады
3.Берілген сұрақтарды топ болып талқылаңдар.
1.Ұлттың ұлт болып қалыптасуына не қажет деп ойлайсыз?
2. «Жер тағдыры-ел тағдыры» деген сөзді қалай түсінесіз?
3.Өлі тілдерге қандай тілдер жатады?
4.Тілді сақтау үшін не керек деп ойлайсыз?
Дескриптор Білім алушы
- мәтінді оқиды, берілген сұрақтарды топ болып талқылайды
4. Төменде берілген үстеулерді мағынасына қарай топтастыр.
Амалсыздан, қасақана, үйді-үйіне, нағыз, тікелей, қайыра, анағұрлым, бостан-босқа, жоққа, тең-теңімен, әуел баста, бүрсігүні, кері, кейде, тысқары, ала жаздай, мұнда, бірен-саран, бірталай, рет-ретімен, әлдеқашан, күндіз.
Мезгіл үстеу
|
Мекен үстеу
|
Мөлшер үстеу
|
Сын (бейне) үстеу
|
Күшейту үстеуі
|
Мақсат үстеуі
|
Себеп-салдар үстеуі
|
Топтау үстеуі
|
М: бүгін
|
М: жоғары
|
М: соншалық
|
М: өзінше
|
М. орасан
|
М: жорта
|
М.бекерге
|
М:Алды-алдына
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
Дескриптор Білім алушы
- берілген үстеулерді мағынасына қарай топтастырады
5. Мақал-мәтелдерді толықтыр.
1. Еңбегіне қарай - құрмет,
... ... - ... .
2. Еңбегіне қарай табысы,
... ... ... .
3. Еңбегің егіз болса, байлығың сегіз болады.
Еңбегің қатты болса,... ... ... .
4. Еңбек адамның көркі,
... ... ... .
5. Еңбек — ата, ... - ... .
6. Еңбек бейнет емес , ... .
7. Еңбекке бейім болсаң,
... ... ... .
8. Еңбек ерлікке жеткізер, .
... ... ... .
9. Еңбек етпей елге өкпелеме,
... ... ... ... .
10. Еңбек ет те мактан,
... ... ... .
Керекті сөздер: қатарыңнан кейін болмайсың, Ерлігіне қарай дабысы, татқаның тәтті болады, зейнет, жер - ана, Ерлік елдікке жеткізер, Адам заманның көркі, Егін екпей жерге өкпелеме, Ойнап күл де шаттан,
Жасына қарай - ізет.
Дескриптор Білім алушы
- берілген мақал мәтелдерді оқиды
мақал мәтелдерді керекті сөздермен толықтырады
Достарыңызбен бөлісу: |