Әдістемелік ұсыныстар мен нұСҚаулар



Дата01.07.2016
өлшемі236.65 Kb.
#169605


Әдістемелік ұсыныстар мен Ф СО ПГУ 7.18.1/40

нұсқаулар




Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі
С.Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университеті
География және туризм кафедрасы
Зертханалық жұмыстарды орындауға арналған
ӘДІСТЕМЕЛІК ҰСЫНЫСТАР МЕН НҰСҚАУЛАР
Топография мен геодезия негіздері пәні бойынша
5В060900-География мамандығының студенттері үшін

Павлодар
Әдістемелік ұсыныстар мен Ф СО ПГУ 7.18.1/05

нұсқаулардың бекіту парағы




БЕКІТЕМІН

ОІ жөніндегі проректор

_____________Н. Э. Пфейфер

«____»_______________20 ж.

Құрастырушы: аға-оқытушы Б.А. Чашина __________

Зертханалық жұмыстарды орындауға арналған


ӘДІСТЕМЕЛІК ҰСЫНЫСТАР МЕН НҰСҚАУЛАР
Топография мен геодезия негіздері пәні бойынша

5В060900-География мамандығының студенттері үшін


География және туризм кафедрасы
«__» ______________20 ж., хаттама №__ кафедра мәжілісінде ұсынылды
Кафедра меңгерушісі _____________ Д. Д. Есімова «___»___________20__ ж.

Химиялық технологиялар мен жаратылыстану факультетінің оқу-әдістемелік кеңесімен мақұлданды «__» ______________20 ж., хаттама №__


ОӘК төрағасы ____________Ю. М. Каниболоцкая «___»___________20__ ж.
МАҚҰЛДАНДЫ:

ОҮЖжӘҚБ бастығы ___________Жұманқұлова Е. Н. «___»________20__ ж.


Университеттің оқу-әдістемелік кеңесімен мақұлданды

«____»______________20__ж., хаттама №____



Андатпа
«Әдістемелік нұқсаулар» Топография геодезия негіздерімен пәні бойынша зертханалық жұмыстарды орындауға арналған. Әдістемелік нұсқаулардың негізгі мақсаты студенттерге топографиялық карта бетінде геодезиялық аспаптармен өлшеулер жасауды, сондай-ақ жергілікті жер бетінде геодезиялық аспаптармен өлшеу жұмыстарын жүргізе білуді үйрету болып табылады.

Әдістемелік нұсқауларда 4 тақырып қарастырылып, әрбір тақырыптың басында тапсырмалардың орындалу жолдары көрсетілген. Сонымен қатар ғылыми білімдерін толықтырып қана қоймай, алған білімдерін тәжірибелік мақсатта қолдануға бағытталған.



Әдістелемік нұсқаулар студенттерге, жас мамандарға, университет оқытушыларына және ізденушілерге де қолдануға арналған.
Арнайы зертханалық аудиторияларда зертханалық жұмыстарды жүргізу барысында сақталатын қауіпсіздік техника ережелері
1 Жұмыс істеу барысында сақталатын қауіпсіздік техникасы:

  • зертханаларда оқытушы немесе лаборант болмағанда, оқытушының рұқсатынсыз белгіленбеген уақытта жұмыс істеуге болмайды;

  • адамның өмірі мен денсаулығына төнген қауіпі, денсаулықтың нашарлауы, ауыр науқастың пайда болуы жөнінде оқытушыны міндетте түрде хабардар ету;

  • құрал-жабдықтар мен аспаптардың жұмысқа жарамдылығын алдын ала анықтау;

  • құрал-жабдықтар мен аспаптардың жұмысқа жарамсыздығы анықталған жағдайда міндетті оқытушыға ескерту және оны жөндегеннен кейін ғана пайдалану;

  • жұмыс орнындағы жарық түсуін қамтамасыз ету;

  • бөлмеде міндетті тазалық сақталуы тиіс, үнемі таза ауа болу керек, жануарлардың (аквариум, құстың торы) орны да таза болғаны міндетті;

  • санитариялық нормалар сақталып, жұмыс істеу және демалу тәртібі орындалу керек;

  • кафедраның әрбір қызметкері өрт сөндіру құралдарының және өртке қарсы су құбырының орналасу орнын білуге міндетті;

  • аудиториялардағы басты кіре берістің алдындағы орнын және қызметкерлерді эвакуациялау жолдарын жабуға болмайды;

  • әрбір қызметкер апатты жағдайлар немесе өрт жағдайында жәрдем эвакуациялау жоспарын білуге тиісті. Эвакуция сызбалары әрбір қабатта ілінеді;

  • аудиторияларда күрт жанатын, күрт жарылатын заттарды, жаңғыш сұйықтықтарды ұстауға болмайды, электр құралдарды, электр аспаптарды қосып қалдыруға болмайды; электр-жылыту аспартарын өртті қадағалау органдарымен келісілмеген жерде пайдалануға болмайды; жұмысқа жарамсыз розеткаларды, жарықтау және қосу қорапшаларын пайдалануға тыйым салынады;

  • аспаптарды, механизмдер мен аппаратаруны қауіпсіз ретімен өшіру қажет, ал егер құралдар үздіксіз жұмыс істейтін болса, оларды басқа кезектегі қызметкерлерге тапсыру міндетті;

  • жұмыс орнын таза күйінде қалдыру;

  • жеке басының гигиенасы мен өндірістік санитария қағидаларын сақтау шарт;

  • жиһазға зақым тиген жағдайда міндетті оқытушыға немесе лаборантқа баяндау тиісті.

2 Денсаулығына зақым тигенде, уланған жағдайда немесе күрт науқастанған жағдайда медициналық көмек көрсету әрекеті:

  • қажетті жағдайда өртке қарсы қызметінің 01 нөміріне және жедел жәрдем қызметінің 03 нөміріне телефон соғу міндетті;

  • электр тогы тигенде токтың әсерін рубильникті өшіріп, сымды балтамен шауып, сымды зардап шеккенге тимегендей таяқпен алыстатып, немесе токқа тиген адамды киімінен ұстап сүйретіп тоқтауға болады;

  • электр тогының әсерін тоқтатқаннан кейін зардап шеккен адамның тынысы болмаса, жүректің соғуы сезілмесе, міндетті жасанды тыныс алу және жүрекке массаж жасау керек;

  • күйгенде көрсетілетін көмек: киімнің жануын тоқтату (адамның үстіне пальто, көрпе жабу, немесе жалынды сумен өшіру), теріге жабысқан бөлшектерін абайлап қиып, жанған киімді шешу, күйген жерлерін зарарсыздандырылған бинт немесе мақтамен, таза орамалмен жабу;

  • қан тоқтату көмегі: жарақаттан жоғарырақ жерін жгутпен (белбеу, жіп т.б.) байлап қанды тоқтауға болады. Жгутты киімнің үстіне байлайды немесе жгуттың астына мата салады. Жарақатқа зарарсыздандырылған бинт байланады. Жгутты 2 сағаттан артық ұстауға болмайды. Егер 2 сағат уақыт ішінде жарақаттанған адамды медициналық пунктерге жеткізуге мүмкіндік болмаған жағдайда, жгутты 10-15 минутке босату керек. Егер барлық әрекеттер дұрыс жасалынса, адамның қолындағы тырнақтардың түсі қызғылт болып қала береді.

Дәрі-дәрмектер жинағы кафедрада немесе оқу корпусының вахтасында міндетті түрде болу керек.


Тақырып № 3. Топографиялық карталардың проекциялары, бағыт бұрыштары. Топографиялық карталардың географиялық мазмұны

Зертханалық жұмыс №1

Мақсаты – топографиялық карталардағы масштабтарымен таныстыру және оларды анықтауға үйрету

Жалпы теориялық ережелер.

Топографиялық карталардың проекциялары. Гаусс-Крюгер проекциясы. Тікбұрышты координаталар. Шақырымдық сызықтар мен тораптар. Бағыт бұрыштары. Географиялық азимут. Магниттік азимут. Дирекциондық бұрыш. Магниттік бұрылу. Румбтар.

Топографиялық карталарда бейнеленетін нысандар. Масштабты, масштабтан тыс және сызықтық шартты белгілер. Гидрографиялық тораптың бейнеленуі. Өсімдік жамылғысы мен грунттың бейнеленуі.



ЗЖ техникалық жабдықталуы:

  • топографиялық карталар;

  • металды миллиметрлік сызғыш;

  • қарапайым көлденең масштаб;

  • өлшеуіш-циркуль;

  • үшбұрыштар (300, 600)


ЗЖ орындау реті мен әдістемесі


  1. Картаның есептелген масштабын табу






Картадағы кесінділер, см

Жергілікті жердегі кесінділер, м

1

1,34

335

2

2,52

5040

3

6,50

1750

4

9,30

9300

5

12,14

2428

6

7,25

145

7

6,42

12840

8

2,50

1050

9

2,00

1680

10

3,77

9425

11

10,20

2550

12

1,18

59

13

2,50

3150

14

9,35

9350

15

25,40

12700

16

37,50

1875

17

3,00

1260

18

1,01

1010

19

7,20

1800

20

2,40

1200




  1. Жергілікті жердегі арақашықтықты табу керек, егер картадағы сәйкес келетін К кесінділері 1:М масштабқа тең болса






Кесінділер К, см

Карта масштабы 1:М

1

1,0

2,8

9,5

16,2

1:5000

2

1,0

3,9

10,6

17,3

1:10000

3

1,3

4,0

11,7

18,4

1:20000

4

1,8

5,1

12,8

19,5

1:25000

5

1,8

6,2

13,9

20,6

1:31000

6

1,9

8,4

21,5

17,3

1:40000

7

2,4

5,8

19,4

11,5

1:50000

8

2,0

7,3

15,4

10,7

1:62500

9

5,0

6,0

18,7

22,7

1:63360

10

4,5

2,1

14,7

21,2

1:300000

11

1,0

4,9

30,5

57,8

1:200000




  1. Қалыпты көлденең масштабтың көмегімен қағазға бес ара-қашықтықты берілген масштабқа салу керек.






Масштаб

Ара-қашықтық, м

1

1:10000

432 741 314 335 1005

2

1:25000

210 374 145 282 3127

3

1:50000

1250 589 426 305 1270

4

1:100000

1367 694 899 951 4769


ЗЖ нәтижелерін өңдеу әдістемесі

Зертханалық жұмыстың нәтижелері бірыңғай формаға келтіріліп, әдеби дереккөздердің көмегімен нақтылаулар мен толықтырулар жасалынып, жұмыстың тақырыбы бойынша жалпы қорытындылар шығарылады.



ЗЖ есепхатын рәсімдеу талаптары мен қорғау әдістемесі

Зертханалық жұмыстар бойынша есепхаттың құрылымына, мазмұнына және рәсімдеуіне қойылатын талаптар зертханалық жұмыстарды орындауға арналған әдістемелік нұсқаулармен белгіленеді.

Зертханалық жқмыстардың есепхаты А4 форматында беттерде журнал түрінде рәсімделу мүмкін: журналға қойылған сұрақтарға берілген жауаптары енгізіледі.

Зертханалық жқмыс бойынша есепхатты әрбір студент жеке жасайды.

ЗЖ есепхатын құрастыру бойынша жалпы талаптар:

─ есепхаттың кафедрамен белгіленген құрылымын сақтау;

─ материалды баяндаудағы логикалық бірізділік

─ есепхатты сауатты және тиянақты рәсімдеу.

ЗЖ есепхатының құрылымы:

─ ЗЖ мақсаты мен міндеттері;

─ ЗЖ бағдарламасы;

─ пайданалыған жабдықтар, аспаптар, есептеу техника мен материалдардың тізімі;

─ техникалық сипаттамалары көрсетілген зертханалық құрылғының сызбасы;

─ зерттеу әдістемесі;

─ сынаулар хаттамасы;

─ нәтижелерді өңдеу

─ зерттеулердің нәтижелері;

─ нәтижелерді талдау мен қорытынды шығару.

Есепхаттардың құрылымы зерттханалық жқмыстың ерекшелігіне қарай өзгертілу мүмкін.

Барлық зертханалық жұмыстардың есепхаттары бірге жиналып, алғашқы парағы қосылады.

Зертханалық жұмысты орындап, есепхатты дайындаған студент зертханалық жұмысты қорғауға жіберіледі.

Зертханалық жұмыстар орындалған сайын зертханалық жұмысты орындауға бөлінген сабақтарда қорғалады.

Оқытушы студентті зертханалық жұмыстың тақырыбы шеңберінде сұрайды.

Зертханалық жұмысты қорғамаған студент келесі зертханалық жұмысқа жіберіледі.



ЗЖ дайындалуға арналған тапсырмалар:

    1. Картаның есептелген масштабын табу;

    2. Жергілікті жердегі арақашықтықты табу керек, егер картадағы сәйкес келетін К кесінділері 1:М масштабқа тең болса

    3. Қалыпты көлденең масштабтың көмегімен қағазға бес ара-қашықтықты берілген масштабқа салу керек.

Ұсынылатын әдебиет: [1] – C. 4-6, [2] – C. 5-10

Бақылау сұрақтары:

  1. Масштаб деген не?

  2. Масштабтың түрлерін атаңыз

  3. Масштабтың атаулы түрінің ерекшелігі неде?

  4. Сызықтық масштаб не үшін жасалынады?

  5. Сызықтық масштабтың қандай түрлері болады?

  6. Топографиялық карталардың масштабтары қандай?


Тақырып № 4. Топографиялық картада жер бедерін бейнелеу және жергілікті жердегі бедер пішіндерін зерттеу

Зертханалық жұмыс №2

Мақсаты – топографиялық картада жер бедерін бейнелеу әдістерімен танысу және олардың көмегімен жер бедерін бейнелеуге үйрену

Жалпы теориялық ережелер.

Картада жер бедерін бейнелеу тәсілдері. Горизонтальдар. Жер бедерінің қима биіктігі. Жатыс. Еңістелу бұрышы. Биіктік белгілері. Жер бедерінің негізгі элементтері мен пішіндері. Жер бедері бейнесін жалпылау. Топографиялық карта бойынша жергілікті жердің бедер пішіндерін зерттеу.

ЗЖ техникалық жабдықталуы:


  1. топографиялық карта;

  2. сызғыш;

  3. транспортир;

  4. өлшеуіш-циркуль


ЗЖ орындау реті мен әдістемесі


  1. Карталар мен пландарды қолданғанда көбінесе жергілікті жердегі нүктелердің биіктік белгісін анықтауға тура келеді. Осы есепті шешуде үш түрлі жағдай кездесу мүмкін:

    • Нұкте горизонтальда орналасқан. Осы жағдайда нүктенің биіктігі горизонталь белгісіне тең болатыны түсінікті;

    • М нүктесі әр түрлі Нк және Нn горизонтальдарының арасында орналасқанда, нүктенің биіктігін интерполяциялаудың бірнеше әдістері арқылы анықтайды. Бұл үшін сызғыштың көмегімен М нүктесінен еі таяу жатқан горизонтальға дейінгі d1 және d2 қашықтықтарды өлшейді.М нүктесінің Нм биіктік белгісін жердің төмендеу бағытына байланысты екі рет табуға болады:

Hm=Hk + (hd1) / (d1+d2), (5)

Hm = Hk – (hd2) / (d1+d2), (6)

Мұндағы Hn, Hk горизонтальдардың биіктік белгісі, м;

d1 және d2 – М нүктесінің горизонтальдарға дейінгі ара-қашықтықтары;

h – жер бедерінің қима биіктігі, м.


  • Нүкте тұйық горизонтальдың ішінде орналасқанда, әр төбенің ұшар басы болып табылады. М нүктесінің Нм биіктік белгісі шамамен көршілес горизонтальдың биіктік белгісіне жер бедері қимасы биіктігінің жартысын қосқан кезде шығатын санға тең деуге болады.

2. Топографиялық картада немесе планда АВ сызығы бойынша жердің кескінін салу керек болсын. Кескінді кез келген берілген масштабта, демек карта масштабында да салуға болады.

Жергілікті жердің кескінін салу үшін берілген бағытқа жол-жол миллиметрлік қағазды салады. Оған шығып тұрған барлық горизонтальдарды, жер бетінің кедір-бұдырындағы және беткейлердегі нүктелерді белгілейді. Содан соң жол-жол қағазды «горизонталь қашықтықтар графасына кескін сызығының горизонтальдарымен қиылысқан нүктелердің биіктік белгісінің мәндерін жазып қояды.

Кескін нүктелерін биіктік белгісі арқылы тұрғызу шартты горизонттың сызығынан салынады. Көрнекілік үшін кескінді тік масштабы горизонталь масштабымен салыстырғанда 10 есе үлкейіп алынады, бірақ масштабтардың қатынасы басқаша да болуы мүмкін. Шартты горизонттың биіктік белгісін ең кіші биіктік орналасатындай бар нүктеде берілген сызықтан 1 см жоғарырақ нүктеге перпендикуляр тұрғызылып, оларға таңдалған масштабта шартты горизонт сызығы мен нүктелердің биіктік белгілерінің айырымы салынады. Перпендикулярлардың ұштарын қисық сызықпен қосып, жергілікті жерді кескіндейді.

3. Беткейдің құлама тіктігі және сызықтың еңістігі беткей нүктелерінің биіктік айырымының табанына қатынасына тең болады және төмендегі өрнекпен анықталады:



, (7)

Мұндағы h – жер бедері қимасының биіктігі, м;

d – табаны, м.

ЗЖ нәтижелерін өңдеу әдістемесі

Зертханалық жұмыстың нәтижелері бірыңғай формаға келтіріліп, әдеби дереккөздердің көмегімен нақтылаулар мен толықтырулар жасалынып, жұмыстың тақырыбы бойынша жалпы қорытындылар шығарылады.



ЗЖ есепхатын рәсімдеу талаптары мен қорғау әдістемесі

Зертханалық жұмыстар бойынша есепхаттың құрылымына, мазмұнына және рәсімдеуіне қойылатын талаптар зертханалық жұмыстарды орындауға арналған әдістемелік нұсқаулармен белгіленеді.

Зертханалық жқмыстардың есепхаты А4 форматында беттерде журнал түрінде рәсімделу мүмкін: журналға қойылған сұрақтарға берілген жауаптары енгізіледі.

Зертханалық жқмыс бойынша есепхатты әрбір студент жеке жасайды.

ЗЖ есепхатын құрастыру бойынша жалпы талаптар:

─ есепхаттың кафедрамен белгіленген құрылымын сақтау;

─ материалды баяндаудағы логикалық бірізділік

─ есепхатты сауатты және тиянақты рәсімдеу.

ЗЖ есепхатының құрылымы:

─ ЗЖ мақсаты мен міндеттері;

─ ЗЖ бағдарламасы;

─ пайданалыған жабдықтар, аспаптар, есептеу техника мен материалдардың тізімі;

─ техникалық сипаттамалары көрсетілген зертханалық құрылғының сызбасы;

─ зерттеу әдістемесі;

─ сынаулар хаттамасы;

─ нәтижелерді өңдеу

─ зерттеулердің нәтижелері;

─ нәтижелерді талдау мен қорытынды шығару.

Есепхаттардың құрылымы зерттханалық жқмыстың ерекшелігіне қарай өзгертілу мүмкін.

Барлық зертханалық жұмыстардың есепхаттары бірге жиналып, алғашқы парағы қосылады.

Зертханалық жұмысты орындап, есепхатты дайындаған студент зертханалық жұмысты қорғауға жіберіледі.

Зертханалық жұмыстар орындалған сайын зертханалық жұмысты орындауға бөлінген сабақтарда қорғалады.

Оқытушы студентті зертханалық жұмыстың тақырыбы шеңберінде сұрайды.

Зертханалық жұмысты қорғамаған студент келесі зертханалық жұмысқа жіберіледі.



ЗЖ дайындалуға арналған тапсырмалар:

  1. 1:10000 және 1:50 000 масштабтағы карталар бетінде А,Б,В,Г нүктелерінің биіктігін анықтау;

  2. 1:50 000 масштабтағы карта бетінде АВ нүктелерінің арасында кескін құрастыру керек

  3. Оқытушы көрсетуімен төрт сызық бойынша жер бедерінің құлама тіктігін анықтау

Ұсынылатын әдебиет: [1] – C. 8-14, [3] – C. 6-13

Бақылау сұрақтары:

  1. Жер бедерінің бейнелеудің қандай әдістері бар?

  2. Горизонталь деген не?

  3. Бояу әдісінің ерекшелігі неде?

  4. Горизонтальдардың қасиеттерін атап көрсетіңіз

  5. Беткейдің құлама тіктігі деген не және ол қалай анықталады?


Тақырып № 6. Жергілікті жерде бағдарлау

Зертханалық жұмыс №3
Мақсаты – топографиялық картадағы шартты белгілерімен таныстыру және карта оқи білуге үйрету

Жалпы теориялық ережелер.

Жиек жақтарын жергілікті жерде бағдарлау. Карта көмегімен жергілікті жерде бағдарлау. Азимуттар бойымен жылжу. Жер бетіндегі навигациялық аппаратура туралы жалпы мәліметтер. Қайраң мен ішкі алаптардың топографиялық карталары.

ЗЖ техникалық жабдықталуы:


  1. топографиялық карталар;

  2. қара және түсті қарындаштар;

  3. сызғыштар;

  4. транспортир


ЗЖ орындау реті мен әдістемесі

  1. 1:10 000 масштабтағы топографиялық карталардың шартты белгілерін көшіріп, жаттап алу керек;

  2. 1:25 000 масштабтағы топографиялық картаның бір бөлігіне сипаттама беріп, дәптерге жазу керек

  3. 1:10000 және 1:100 000 масштабтағы топографиялық карталардағы шартты белгілердің арасындағы айырмашылықтарын анықтау керек

ЗЖ нәтижелерін өңдеу әдістемесі

Зертханалық жұмыстың нәтижелері бірыңғай формаға келтіріліп, әдеби дереккөздердің көмегімен нақтылаулар мен толықтырулар жасалынып, жұмыстың тақырыбы бойынша жалпы қорытындылар шығарылады.



ЗЖ есепхатын рәсімдеу талаптары мен қорғау әдістемесі

Зертханалық жұмыстар бойынша есепхаттың құрылымына, мазмұнына және рәсімдеуіне қойылатын талаптар зертханалық жұмыстарды орындауға арналған әдістемелік нұсқаулармен белгіленеді.

Зертханалық жқмыстардың есепхаты А4 форматында беттерде журнал түрінде рәсімделу мүмкін: журналға қойылған сұрақтарға берілген жауаптары енгізіледі.

Зертханалық жқмыс бойынша есепхатты әрбір студент жеке жасайды.

ЗЖ есепхатын құрастыру бойынша жалпы талаптар:

─ есепхаттың кафедрамен белгіленген құрылымын сақтау;

─ материалды баяндаудағы логикалық бірізділік

─ есепхатты сауатты және тиянақты рәсімдеу.

ЗЖ есепхатының құрылымы:

─ ЗЖ мақсаты мен міндеттері;

─ ЗЖ бағдарламасы;

─ пайданалыған жабдықтар, аспаптар, есептеу техника мен материалдардың тізімі;

─ техникалық сипаттамалары көрсетілген зертханалық құрылғының сызбасы;

─ зерттеу әдістемесі;

─ сынаулар хаттамасы;

─ нәтижелерді өңдеу

─ зерттеулердің нәтижелері;

─ нәтижелерді талдау мен қорытынды шығару.

Есепхаттардың құрылымы зерттханалық жқмыстың ерекшелігіне қарай өзгертілу мүмкін.

Барлық зертханалық жұмыстардың есепхаттары бірге жиналып, алғашқы парағы қосылады.

Зертханалық жұмысты орындап, есепхатты дайындаған студент зертханалық жұмысты қорғауға жіберіледі.

Зертханалық жұмыстар орындалған сайын зертханалық жұмысты орындауға бөлінген сабақтарда қорғалады.

Оқытушы студентті зертханалық жұмыстың тақырыбы шеңберінде сұрайды.

Зертханалық жұмысты қорғамаған студент келесі зертханалық жұмысқа жіберіледі.



ЗЖ дайындалуға арналған тапсырма: шартты белгілердің көмегімен жергілікті жерде бағдарлау

Ұсынылатын әдебиет: [1] – C. 14-17, [3] – C. 15-18

Бақылау сұрақтары:

  1. Картаның аңызы деген не?

  2. Шартты белгілердің қызметі неде?

  3. Шартты белгілерді ңқандай түрлері болады?

  4. Топографиялық және жалпы географиялық карталардағы шартты белгілердің айырмашылықтары неде?

  5. 1:10000 және 1:100 000 масштабтағы топографиялық карталардағы шартты белгілердің арасындағы айырмашылықтары неде?


Тақырып № 8. Жергілікті жердегі сызықтық өлшемдер. Жер бетіндегі және пландық түсірістер

Зертханалық жұмыс № 4
Мақсаты – топографиялық карталар бойынша өлшеулер жүргізуге және ара-қашықтықтарды өлшеу әдістерін меңгеру

Жалпы теориялық ережелер.

Тікелей жергілікті жердегі өлшемдер. Қашықтық өлшеуіштер (жарық- және радиоөлшеуіштер), рулеткалар. Сызықтардың ауытқуын түзету. Қашықтықты өлшеудің қарапайым тәсілдері. Қашықтықты жанама жолмен өлшеу. Көзбен өлшеу тәсілі.

Жер бетіндегі түсірістердің түрлері. Пландық түсірістер. Рекогносцировка. Ситуация түсірісі. Пландық орналасу. Қиылыстыру әдісі. Айналып түсіру әдісі. Ординаттар әдісі. Жақтаулар әдісі.



ЗЖ техникалық жабдықталуы:

  • топографиялық карталар;

  • металды миллиметрлік сызғыш;

  • қарапайым көлденең масштаб;

  • өлшеуіш-циркуль;

  • үшбұрыштар (300, 600);

  • топографиялық картаның әуесуреті


ЗЖ орындау реті мен әдістемесі


  1. Мына нүктелер арасындағы қашықтықты өлшеу керек: геодезиялық пункт 216,4 – биіктік 213,8; Никитино ауылының құдығы – биіктік 208,8; Добрынино разъезінен кірпіш зауытына дейінгі темір жолдың ұзындығын. Ол үшін берілген нүктелер арасындағы қашықтықтарды сызғышпен өлшеп, картаның масштабына қарай шынайы санға аудару қажет.

  2. Төмендегі өзендердің иерелеіңдік коэффициенттерін анықтау керек:

    • Голубая өзенінің Черное көлінен құятын жеріне дейін;

    • Голубая өзенінің Черное көлінен ағып шығып Андога өзеніне құятын жеріне дейін;

    • Стяча өзенінің, Зорино деревнясынан Андога өзеніне құятын жеріне дейін;

    • 6408 квадратында ағатын Атыжоқ өзенінің Андога өзеніне құйған жеріне дейін

Бұл тапсырманы шешу үшін міндетті түрде есептеу қажет:

  • өзеннің ұзындығын;

  • бастаудан (бастапқы нүктеден) құйған жеріне дейінгі аралық түзу сызық ұзындығын;

  • иірімділік коэффициентін төменегі өрнекпен есептеу:


, (1)

мұндағы а - өзеннің ұзындығы;



l – бастаудан құйған жеріне дейінгі түзу сызықтың ұзындығы

3. Әуесуреттің масштабын топографиялық карта көмегімен анықтау

Ол үшін қажет:


  • әуесуретті картамен салыстыра отырып, берілген аймақты картадан табу;

  • карта мен әуесуреттен ұқсас нысандарды таңдау (жолдардың қиылысы, өзендердің күрт бұрылысы, жеке құрылыстар және т.с.с.). таңдау кезінде бұл нысандар бұрыштарымен орналасып, ал ұзындықтары өлшенентін сызықтар - әуесуреттің диагоналы бойынша орналасуы қажет.

  • әуесурет пен картада таңдалып алынған нүктелер арасындағы қашықтықты өлшейміз. Әуесуретте l1 және l2, ал картада соған ұқсас L1 және L2 кесінділері өлшенді делік. Сонда

, (2)
, (3)

Мұнда m -әуесурет масштабының бөлгіші, М – карта масштабының бөлгіші. Масштабтың орташа бөлгіші тең болады:


(4)

ЗЖ нәтижелерін өңдеу әдістемесі

Зертханалық жұмыстың нәтижелері бірыңғай формаға келтіріліп, әдеби дереккөздердің көмегімен нақтылаулар мен толықтырулар жасалынып, жұмыстың тақырыбы бойынша жалпы қорытындылар шығарылады.



ЗЖ есепхатын рәсімдеу талаптары мен қорғау әдістемесі

Зертханалық жұмыстар бойынша есепхаттың құрылымына, мазмұнына және рәсімдеуіне қойылатын талаптар зертханалық жұмыстарды орындауға арналған әдістемелік нұсқаулармен белгіленеді.

Зертханалық жқмыстардың есепхаты А4 форматында беттерде журнал түрінде рәсімделу мүмкін: журналға қойылған сұрақтарға берілген жауаптары енгізіледі.

Зертханалық жқмыс бойынша есепхатты әрбір студент жеке жасайды.

ЗЖ есепхатын құрастыру бойынша жалпы талаптар:

─ есепхаттың кафедрамен белгіленген құрылымын сақтау;

─ материалды баяндаудағы логикалық бірізділік

─ есепхатты сауатты және тиянақты рәсімдеу.

ЗЖ есепхатының құрылымы:

─ ЗЖ мақсаты мен міндеттері;

─ ЗЖ бағдарламасы;

─ пайданалыған жабдықтар, аспаптар, есептеу техника мен материалдардың тізімі;

─ техникалық сипаттамалары көрсетілген зертханалық құрылғының сызбасы;

─ зерттеу әдістемесі;

─ сынаулар хаттамасы;

─ нәтижелерді өңдеу

─ зерттеулердің нәтижелері;

─ нәтижелерді талдау мен қорытынды шығару.

Есепхаттардың құрылымы зерттханалық жқмыстың ерекшелігіне қарай өзгертілу мүмкін.

Барлық зертханалық жұмыстардың есепхаттары бірге жиналып, алғашқы парағы қосылады.

Зертханалық жұмысты орындап, есепхатты дайындаған студент зертханалық жұмысты қорғауға жіберіледі.

Зертханалық жұмыстар орындалған сайын зертханалық жұмысты орындауға бөлінген сабақтарда қорғалады.

Оқытушы студентті зертханалық жұмыстың тақырыбы шеңберінде сұрайды.

Зертханалық жұмысты қорғамаған студент келесі зертханалық жұмысқа жіберіледі.



ЗЖ дайындалуға арналған тапсырмалар:

    1. У34-37-В-в картасында сызықтық масштабты және өлшеуіш-циркульді қолдана отырып, нүктелер арасындағы қашықтықты өлшеу керек;

    2. Өзендердің ирелеңдік коэффициентін анықтау;

    3. Әуесуреттің масштабын топографиялық карта көмегімен анықтау

Ұсынылатын әдебиет: [1] – C. 23-30, [2] – C. 17-20

Бақылау сұрақтары:

  1. Карта бойынша ұзындықтарды қандай әдістермен өлшеуге болады?

  2. Курвиметр деген не?

  3. Өлшеулердің дәлдігі неге байланысты болады?

  4. Өлшеу кезінде қандай жағдайлар болу керек?

  5. Өлшеулер жасағанда масштабтың қажеті неде?


Әдебиет
Негізгі:

1 Уварова А.К. Топография негіздері және жергілікті жерде бағдарлау. – Алматы: Қазақ университеті, 2008. – 51 б.



Қосымша:

2 Қуанышпаев С.Б. Топографиядан практикалық жұмыстар: оқу құралы. Алматы: Қазақ университеті, 2004. – 47 б.



3 Топографиялық карталар бойынша есеп шығару. – Павлодар: С. Торайғыров атындағы ПМУ, 2006. – 21 б.




Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет