Әдістемелік ұсыныстар мен нұсқаулардың; әдістемелік ұсыныстардың



жүктеу 144.8 Kb.
Дата17.06.2016
өлшемі144.8 Kb.

Әдістемелік ұсыныстар мен нұсқаулардың; әдістемелік ұсыныстардың; әдістемелік нұсқаулардың титул парағы






Нысан

ПМУ ҰС Н 7.18.3/40


Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі

С. Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университеті


Филология, журналистика және өнер кафедрасы
«Қазақ әдебиетін оқыту әдістемесі » пәнінен 050117- «Қазақ тілі мен әдебиеті» мамандығының сыртқы бөлім студенттеріне арналған пәнді оқыту бойынша


ӘДІСТЕМЕЛІК ҰСЫНЫСТАР МЕН НҰСҚАУЛЫҚТАР

Павлодар




Әдістемелік ұсыныстар мен нұсқауларды; әдістемелік ұсыныстарды; әдістемелік нұсқауларды бекіту парағы






Нысан

ПМУ ҰС Н 7.18.3/41






БЕКІТЕМІН

ОІ жөніндегі проректор __________ Пфейфер Н.Э.

20__ж. «___»____________


Қ ұрастырушы: _____________ ф.ғ.д., профессор Жүсіпов Н.Қ.

Филология, журналистика және өнер кафедрасы

«Қазақ әдебиетін оқыту әдістемесі » пәні бойынша 050117- «Қазақ тілі мен әдебиеті» мамандығының сыртқы бөлім студенттеріне арналған

Пәнді оқыту бойынша әдістемелік нұсқау


Кафедраның отырысында ұсынылды

20__ж. «___»______________,№__ Хаттама


Кафедра меңгерушісі _____________ Жүсіпов Н.Қ. 20__ж. «____» ________

Филология, журналистика және өнер факультетінің ОӘК мақұлданды

20__ж. «___»______________, №____ Хаттама

ОӘК төрағасы _______________ Жұманқұлова Е.Н. 20__ж. «____» ________



МАҚҰЛДАНДЫ:

ЖжӘҚБ бастығы _____________ А.А.Варакута 20__ж. «____» ________

Университеттің оқу-әдістемелік кеңесімен мақұлданды

20__ж. «___»______________ №____ Хаттама

Курс бойынша қамтылатын тақырыптар

1-тақырып. Әдебиетті оқыту әдістемесі пәні.

Әдебиетті оқыту әдістемесі ғылыми пән екендігі. Әдебиет пәнінің мектептік пәндер жүйесіндегі орны және өзіндік ерекшеліктері. Қазақ әдебиеті пәнін мектепте оқытудың мақсат-міндеттерін, әдеби білім мазмұнын, оны анықтайтын ұстанымдарды және өмір талабына сай оқыту әдістемесін жетілдірудің теориялық-методологиялық негіздері. Оқушылардың қазақ әдебиеті пәнінен алатын білім аясының ұлттық құндылықтарға негізделіп философия, тарих, әдебиеттану, тіл білімі, эстетика, педагогика, психология, т.б. ғылым салаларымен байланыстылығы. Мұғалім және оның әдеби білім берудегі орны. Әдебиетті оқытудың шығармашылық сипатын күшейту, оқушылардың шығармашылығына жүйелі ықпал жасай отырып, оқу еңбегіндегі ой дербестігін, оқу әрекетін, образды ойлау, өзіндік ой-пікірін дамыту. Әдебиетші мұғалімінің кәсіби шеберлігі мен адамдық, азаматтық тұлғасына қойылатын өлшемдер.



2-тақырып. Әдебиетті оқыту әдістемесінің қысқаша тарихы.

1917 жылға дейін қазақ жерінде үш түрлі мектептің өмір сүргендігі. Олар: Қадым мектебі, Жәдит мектебі, Медреселік білім беру жүйесі.

Ы.Алтынсариннің халық ағарту саласындағы тарихи тәжірибесі. Ы.Алтынсариннің қазақ мектептерін ашудағы еңбегі. Ы.Алтынсариннің ағартушылық көзқарастары және оқыту әдістемесіне қосқан жаңалықтары.

Қазақтың ағартушы-демократтарының халық санасын оятуға қосқан тарихи үлесі: Шоқан, Абай, Шәкәрім, С.Көбеев, Б.Өтетілеуов, С.Торайғыров, А.Байтұрсынов, М.Дулатов, М.Жұмабаев, т.б.

Әр кезеңде мектепке арналған әдебиет пәні бағдарламалары мен оқулықтарын жааудағы С.Сейфуллин, М.Әуезов, С.Мұқанов, Қ.Жұмалиев, М.Ғабдуллин, С.Қирабаев, Ш.Кәрібаев, Т.Ақшолақов, т.б. еңбектері. Әдебиетті оқыту әдістемесінің негізін қалаудағы Ә.Қоңыратбаев пен А.Көшімбаевтың алатын орны. Олардың ғылыми-әдістемелік мұрасы.

Қазіргі кездегі қазақ әдебиетін оқытуды жетілдіруге байланысты соны әдістемелік ізденістер.


3-тақырып. Жалпы білім беретін мектептегі әдебиет курсының мазмұны мен құрылысы.

Әдебиет оқу пәні ретінде халықтың көркем тарихын оқып-үйрену арқылы оқушылардың рухани дүниесінің қалыптасып, дамуын көздейтіндігі.

Әдебиет пәні бағдарламасының мемлекеттік құжат ретіндегі қызметі. Бастауыш (1-4), базалық білі (5-9) сыныптарында берілетін әдеби білім көлемі, өтілу принциптері мен мақсаты, 10-11 сыныптардағы тарихи-әдебиеттік курстың ғылыми негіздері, мақсаты, әдістемелік құрылымы.Базалық білі беру және тарихи-әдеби курстар негізіндегі әдеби білім берудің дамыта оқыту (сатылай, сұрыптай оқыту), көрнекілік, саналылық пен белсенділік, жүйелілік пен бірізділік, т.б. принциптері.

Әдебиет пәні бағдарламаларын мемлекеттік білім стандарты талаптарына сай жетілдіру, білім мазмұнын жаңарту бағытындағы соңғы кездегі әдіскер ғалымдарының ізденістері.

5-9 сыныптар курсы. Бұл сыныптағы оқушылардың психологиялық ерекшеліктері. Орталау сынып оқушыларының жас ерекшелігіне қатысты мәселелерінің бағдарламада қамтылу қажеттігі. 10 сыныпта оқылатын шығармалардың оқушылардың ұлттық рухани санасын, тарихи танымын, адамгершілік-эстетикалық көңіл-күйлерін қалыптастыруға ықпалы.

Оқушының ауызша және жазбаша тілін дамытуға шығармашылық белсенділігі мен өзіндік ізденістеріне байланысты жұмыс түрлерінің маңызы.

10-11 сыныптар курсы. Жоғары сыныптағы тарихи-әдебиеттік курстың базалық білім курсымен тығыз сабақтастығы. әдебиеттің тарихи курсының аталған сыныптарда кезең-кезеңімен белгілі бір хронологиялық жүйеде оқылатыны. Жоғары сыныптарда әдебиетті оқытуда әдебиеттану ғылымының жетістіктерін пайдаланудың тиімді жақтары.

Шетел және туыс халықтар әдебиетін оқыту ерекшеліктері.


4-тақырып. Әдебиетті оқытуда базалық білім курсы мен тарихи-әдеби жоспарлау әдістері.

Сабақта өтілетін көркем шығарманы алдын-ала жоспарлаудың оқушының жүйелі әдеби-эстетикалық түсінігін қалыптастырудағы рөлі. Күнтізбелік, тақырыптық, сабақ жоспарларын жасау әдістемесі. Тақырыптық және сабақ жоспарларының құрылымы. Сабақ түрлері. Жаңа сабақ, қайталау, тексеру, бекіту сабақтары. Дәстүрлі емес сабақтар: экскурсия, баспасөз, сайыс, дуэт, кітапханалық, мұражайда өтетін сабақтар, т.б. мұғалімнің сабаққа әзірлігіне қойылатын талаптар.

Әдебиет оқулықтары мен оқу құралдары. Олардың педагогикалық-психологиялық, оқыту әдістемесі ғылымдарының соңғы жетістіктеріне сай жетілдіріліп, толықтырылып отыратыны.
5-тақырып. Әдебиетті оқыту әдістері.

Әдебиетті оқытудың әдебиеттің ғылымилығы және сөз өнері ретіндегі жетекші методологиялық принциптеріне сүйенетіндігі. Сол принциптерден туындайтын әдістемелік принциптер.

Әдебиетті оқыту процесі. Оқытудағы әдістердің алатын орны, қызметі. Әдебиетті оқыту әдістерінің мұғалім мен оқушының бірлескен еңбегін тиімді ете түсентіндігі.

Оқытудың ауызекі әдістері: әңгіме, баяндау, дәріс, пікірлесу, т.б.

Оқытудың көрнекілік әдістері: кесте, ауызша журнал, схема, буклеттер, техникалық құралдар, оқу фильмдері, телесабақтар, иллюстрация, демонстрация.

Оқытудың практикалық әдістері: ауызша, жазбаша жаттығулар. Олардың әдеби білімді бекітудегі рөлі.

Шығармашылық оқу әдісі. Осы әдісті қолдануда шәкірттердің әдеби қабілетін шыңдауына, ықылас-зейінін көркем шығарманың ішкі микроқұрылымына бағыттауына мүмкіндік алатындығы.

Эвристикалық әдіс. Бұл әдістің шығармашылық әдіспен сабақтастығы, бірін-бірі толықтыратындығы. Көркем мәтінді талдауда шәкірттің интеллектуалдық ойлау қисынын қалыптастыратыны. әдеби шығарманың бойындағы адамгершілік, отаншылдық, философиялық, т.б. құндылықтар жөнінде шәкірт түсінігін қалыптастырудағы эвристикалық әдістің орны. Эвристикалық пікірлесу, оның әдеби материалды меңгертудегі пайдалы жақтары. Эвристикалық әдісті жүзеге асыратын тәсілдер.

Зерттеу әдісі. Зерттеу әдісінің оқушылардың алдына жоғары дәрежедегі теориялық және практикалық зерттеу міндеттерін қоятыны. Оқушылардың әдеби материал жөнінде дерек жинау (тәжірибе, эксперимент, бақылау, кітаппен жұмыс, т.б.) және оны жүйелеу, жинақтау, теориялық талдау жасау қабілетінің зерттеу әдісін қолдану процесінде қалыптасып дамитыны. Бұл әдістің эвристикалық әдіспен сабақтастығы, айырмашылықтары. Зерттеу әдісінің сыныптағы әдебиет сабақтарында қолдана бермейтіндігі. Арнайы теориялық проблема төңірегіндегі жеке зерттеу жүргізуге лайықтылығы.

Репродуктивтік әдіс. Бұл әдістің мұғалімнің басшылығымен жүзеге асырылатыны. Оны қолдану процесінде оқушының білімді мұғалімнің дәрісінен, оқулықтан, қосымша әдебиеттерден дайын күйінде алатыны. Білімді берілген қалпында қабылдау арқылы екінші жақтың ойын ұғып, қабылдауға, еске сақтауға үйренетіні.
6-тақырып. Көркем шығарманы оқыту.

Мектепте әдеби білім беру заңдылықтарын сақтаудың міндеттілігі (әдеби білім тұжырымдамасы, бағдарлама, оқулық). Пәннің функционалды қызметінің толықтығын сақтау, білімді ізгілендіру, оқу-тәрбие ісін демократияландыру, әдеби білімнің жүйелілігі мен үзіліссіздігі, ғылымилығы, оқушы жас ерекшелігіне лайықтылығы, түсініктілігі, тарихилық ұстанымы, пәнаралық байланыс т.б.

Көркем мәтінді меңгертуде мәнерлеп оқи білуге үйретудің маңызы. Мазмұндау, оның түрлері. Мәтінді меңгертудің талдау-жинақтау арқылы жүргізілетіндігі. Көркем шығарманың сыныптар жүйесі бойынша белгіленген әдеби білім көлеміне сай талдау арқылы жүзеге асатыны. Мектептік талдаудың оқушының әдеби қабілетін дамытуға қызмет ететіні. Көркем туындыны талдаудың педагогикалық принциптері. Талдаудың әдебиетті оқытуда кеңінен қолданылып жүрген түрлері. Образ бойынша талдау, оның өзіндік ерекшелігі. Тақырыптық талдаудың тиімді жақтары. Проблемалық талдау. Проблемалық талдаудың оқушыны көркем туындының ішкі әлеміне бойлатудағы ерекше қызметі. Тұтас талдаудың шығармадағы авторлық позицияны көре білуге қолайлылығы. Талдау түрлерінің өзара сабақтастығы.
7-тақырып. Эпикалық шығармаларды оқыту.

Эпикалық шығармаларды оқытуды ұйымдастыру. Шағын, орта, кең көлемді эпикалық түрге жататын эпикалық шығармаларды оқыту әдістемесіндегі өзгешеліктер. Проблемалық оқыту, оның эпикалық шығармаларды меңгертудегі тиімділігі. Проблемалық сұрақтардың қызметі. Проблемалық ситуация әдіс-тәсілдері. Оқытудың проблемалы түрінде іздену принципінің басым болуы, өздік жұмыстардың орындалады, оқушылардың ойлау қабілеті дамиды, шығармашылық қиял, әртүрлі болжамдар туындайды т.б.

Көркем шығарманың көркемдік құндылығы мен тәрбиелік құнарының жан-жақты ашылатыны.

Шығарманың сюжеттік-композициялық желісіне талдау жасау жолдары. Көркем мәтінмен жүргізілетін ауызша және жазбаша тіл дамыту жұмыстарының түрлері. Тіл дамыту жұмыстарының оқушының сөйлеу мәдениетін қалыптастырудағы қызметі. Эпикалық шығармаларды оқытудағы белгілі әдіскер мұғалімдердің кең тараған әдістемелік тәжірибелері.


8-тақырып. Драмалық шығармаларды оқыту.

Драмалық шығармалардың жанрлық ерекшеліктеріне тән заңдылықтармен таныстыру. Драмалық шығармалардың мәтінімен жүргізілетін жұмыс түрлері. Драмалық шығармаларға тікелей қатысты акт, көрініс, шегініс, монолог, диалог,, ремарка, т.б. әдеби-теориялық ұғымдар қызметі.

Драмалық шығармалардың көркемдік ерекшеліктеріне талдау жасау жолдары. Драмалық образ, оның көркемдік бітіміне тән ерекшеліктерге назар аударту. Пьесаны сахналық қойылымға айналдырудағы драматург, режиссер, актер, суретші еңбегі.

Драмалық қойылымдағы декорация, музыкалық көркемдеу, т.б. жұмыстардың пьеса мазмұнын күшейтудегі қызметі. Мектеп жағдайында драмалық шығармаларды оқытудағы әдістемелік тәжірибелер.


9-тақырып. Лириканы оқыту.

Мектепте лириканы оқытуға арналған әдіскерлердің еңбегіне шолу. Лириканы оқыту әдістемесі шығарманың тақырыптық-идеялық мазмұнына, эстетикалық-көркемдік қуатына, сабақтың оқу тәрбиелік міндеттеріне сай берілетіндігі. Лирикадағы ақындық тіл ой нақтылығымен, табиғи бояуымен, суреткерлік қуатымен сабақ көрнекілігін қамтамасыз етуі. Оқушы қызығушылығының лирикалық шығарманың азаматтық үніндегі, әлеуметтік мазмұнындағы астарларға, жеке сөз, сөз тіркесіндегі, тұтас сөйлемдердегі көркемдік бояуларды , эмоциялық реңтерді қабылдау қабілетін дамытуға бағытталатындығы. Лириканы оқытудағы басты мәселе мазмұн мен форма бірлігін сақтау. Лирикадағы философиялық-эстетикалық, поэтикалық ой арқауын түсіну, шығармадағы шынайы адамдық сезім биігін ұғу.


10-тақырып. Әдебиет сабағында көркем шығармамен жұмыс істеу кезеңдері.

Сабақ және оның кезеңдері. Кіріспе сабақ, көркем мәтінмен жұмыс кезеңі, қорытынды сабақ.

Кіріспе сабақтар. Ерекшеліктері. Сабақ процесінде алатын орны. Оларды ұйымдастыруға қойылатын әдістемелік талаптар. Кіріспе сабақтардың дұрыс ұйымдастырылуы. Оларға бөлінетін уақыт мөлшері.

Жазушы өмірі мен шығармашылығына шолу тақырыптарды, монографиялық тақырыптарды өтеуге қатысты кіріспе сабақтар.

Көркем мәтінмен жұмыс кезеңі. Бұл кезеңнің сабақтың кіріспе бөлімімен сабақтастығы. Көркем мәтінмен жүргізілетін мәнерлеп оқу, мазмұндау, салыстырмалы талдау, т.б. жұмыстар кешені.

Талдау түрлері. Мұғалім нақты шығарманы талдау түрін әдеби шығарманың көркемдік табиғатындағы белгілерге сүйеніп айқындайтыны. Көркем мәтінді талдаудың көптүрлілігі. Оқыту әдістерінің талдау нәтижелерінің мазмұнына қарай берілетіндігі.

Қорытынды сабақтар. Олардың кіріспе сабақтармен, көркем мәтнмен жұмыс кезеңімен тығыз сабақтастығы. Қорытынды сабақтардың көркем шығарманы талдаудың шешуші кезеңі екендігі. Алдыңғысабақтарда берілген әдеби білімнің қорытынды сабақтарда бекітілетіні. Бекіту сұрақтарының орны.

11-тақырып. Әдебиет сабағы

Әдебиет сабағы және оның мектептік пәндер жүйесіндегі орны. Оқу қызметін ұйымдастырудағы мақсат-міндеттер. Әр сабақтың өз тұжырымдамасы, логикасы, білімділік, тәрбиелік бағыт-бағдары болатыны. Сабақтың өзіне дейінгі, өзінен кейінгі сабақтармен үзіліссіз, біртұтас білімдік жүйе құратындығы. Мұғалімнің сабақ процесіндегі ізденісі, шығармашылық қызметі. Сабақтың мұғалім-сынып-оқушы қызметіне қатысты дидактикалық принципке негізделген. Ұлт мектептеріндегі қазақ тілі мен әдебиеті мамандығы үшін қосымша: Ұлт мектептеріндегі қазақ әдебиетін оқытудың жалпы мәселелері. Ол туралы еңбектерге шолу. Орыс тілді сыныптардағы қазақ әдебиеті сабағы, онда берілетін әдеби білімнің көлемі, мақсат міндеттері, өзіне тән ерекшеліктері. Бағдарламаға енгізілген қазақ әдебиеті туындыларының орыс тіліне аударылуындағы проблемалық мәселелер, аударма сапасы жөнінде түсінік беру қажеттігі. Көркем шығармадағы қазақ халқындағы салт-дәстүрлік ерекшеліктері әдеби материалмен байланыста түсіндірілетіні. Қазақ әдебиеті туындыларын орыс әдебиетінің ұқсас шығармаларымен салыстыра отырып оқып-үйретудің тиімділігі. Мәтінді меңгеруге арналған әдебиет тапсырмалар жүйесі, мәтінге дейінгі дайындау кезеңі оқушының белсенділігін, қызығушылығын ояту мәселелерін, сөйлеу мәдениетіне дағдыландыру, сөздік қорын байыту т.б.

Оқыту әдісмесіндегі ұтымды, қолайлы әдіс-тәсілдері орнымен пайдалана білу; оқушылардың бағдарлама бойынша алған білім-дағдыларын ары қарай дамытып, теңдету, өздігінен жұмыс істеу қабілетін тәрбиелеу.
12-тақырып. Әдебиет сабағындағы тіл дамыту жұмыстары.

Әдебиет сабағындағы тіл дамыту жұмыстары. Өзіндік ерекшелігі. Тіл дамыту сабақтарындағы пәнаралық байланыс қызметінің маңызы. Мәнерлеп оқып ауызша мазмұндау жұмыстарының оқушы тілін дамытудағы рөлі. Оқушыны шешендік өнерге баулудың тіл дамыту жұмыстарына қатыстылығы. Әртүрлі жанрдағы шығармаларды оқыту процесінде жеке сөз, сөз тіркестері, сөйлемдермен, образдармен жұмыс істей білуге баулу.

Жазба жұмыстар арқылы тіл дамыту. Жазба жұмыстарының түрлері. Шығарма жазу арқылы оқушының аналитикалық ойлау жүйеснің қалыптасатыны. Оқушыны шығарма жазуға үйретудің әдістемелік тәжірибелері. Мазмұндама жаздыру. Оның оқушының әдеби материалды еске сақтау және жүйелі әрі бейнелі мазмұндау тілін қалыптастыратыны.

5-7, 8-9 сыныптардағы шығарма жұмыстарының спецификасы. 10-11

сыныптардағы тақырыптық, бағларламалық, шығармашылық, публицистикалық шығарма түрлері. Щығарманың оқушынң жазу тілін қалыптастыруға әсер-ықпалы.
13-тақырып. Әдебиет сабағындағы көрнекілік түрлері.

Әдебиет сабағының көрнекілігі. Әдебиет сабақтарында көрнекіліктерді пайдаланудың мақсаты. Көрнекіліктерді сыныпта, сыныптан тыс жұмыстарда, факультатив сабақтарда пайланудың елеулі айырмашылықтарының болатыны. Мұғалімнің көрнекіліктерді сыныпта әдеби білім берудің мақсатына берудің мақсатына орай таңдап алатыны. Көрнекіліктердің түрлері (көру, есту, синтетикалық, т.б.) және олардың пайдаланудың тәртібі.

Сабақта пайдаланылатын техникалық құралдардың түрлері, олардың әрқайсысының қызметі. Әдебиет сабақтарында көнекіліктер мен техникалық құралдарды пайдаланудың шегі. Оның әдебиет пәнінің өзіндік ерекшелігіне қатысты жақтары.

Сабақта көнекіліктер мен техникалық құралдарды пайдалану мәселесесіне арналған ғылыми-әдістемелік еңбектерге шолу.


14-тақырып. Мұғалім даярлау жүйесіндегі педагогикалық практика.

Студенттің университет қабырғасында алған білімдерін практикамен ұштастыру. Мектептің әдеби білім талаптарына сай орталау сыныптардағы әдебиеттік оқу курсын оқушы мен мұғалімнің бірлескен шығармашылық еңбегі негізінде ұйымдастыра білу. Жоғары сыныптардағы тарихи -әдебиеттік курсты оқытуда оқушы бойында көркем шығарманы оқып-үйренудің, талдаудың, мәтінмен өз бетінше жұмыс жүргізудің білімдік-тәрбиелік дағдыларын қалыптастыру мақсатын құру.


15-тақырып. Әдебиет бойынша сыныптан тыс оқу және сыныптан тыс жұмыстар.

Мектеп оқушысына сыныпта әдеби білім беру ісі сыныптан тыс оқу, сыныптан тыс жұмыстар арқылы да жүргізіледі. Мерекелік датаға арналған әдеби шаралар, поэзия кештері, әдеби конференциялар, әдебиет үйірмесі, т.б. жұмыстар оқушының шығармашылық белсенділігін арттырады. Әдеби мұралардың көлемі ұшан-теңіз. Оның, барлығын әдебиеттік оқу сабақтарында түгел қамту мүмкін емес. Бағдарламалық материал негізінде оның көлемін кеңейту, сыныптан тыс жүргізілген әртүрлі жұмыстар арқылы іске асырудың жолдары.

Сыныптан тыс оқу. Оның сыныптағы әдебиет сабақтарымен тығыз байланыстылығы. Сыныптан тыс оқуды жылдық жоспарлаудың тиімділігі. Оны ұйымдастырудың тәсілдері. Оқушылардың әдеби білімінің аясының кеңеюі, әдебиеттің идеялық, эстетикалық мән-мағынасына терең бойлап, түсінуі оқырмандық қызығушылының қалыптасуы сыныптан тыс оқумен толықтырлады. Сыныптан тыс оқуға қатысты еңбектерге шолу.

Факультативтік сабақ. Оның сыныптағы әдебиет сабақтары мен сыныптан тыс жұмыстардың арасын жалғастырушылық сипаты. Ерекшеліктері. Арнаулы бағдарлама арқылы жоғары сыныптарда өтілетіні. Мұндай сабақтарды жүргізу әдістемесі.



Қолданылатын єдебиеттер

Негізгі:

  1. Ақшолақов Т. Көркем шығармаға талдау жасау. – А. Мектеп, 1993.

  2. Бадырақов Қ. Жоғары кластарда қазақ әдебиетінен тапсырмалар жүйесі. –А., 1977.

  3. Бітібаева Қ. Әдебиетті оқыту әдістемесі. А., 1997.

  4. Бітібаева Қ. Әдебиет сабағының түрлері мен үлгілері. – А., 1999.

  5. Бітібаева Қ.Әдебиетті тереңдетіп оқыту. – А. 2003.

  6. Голубков В. Методика преподавания литературы. М., 1962.

  7. Дайырова Ә. Орта мектепте І.Жансүгіров творчествосын оқыту. - А., 1969.

  8. Жұмажанова Т.Қ. Әдебиеттен кластан тыс жұмыстарды ұйымдастырудың ғылыми-әдістемелік негіздері. А., 1995.

  9. Жұмажанова Т.Қ. Қазақ әдебиетінен оқу-әдістемелік күнтізбелік жоспары. 6-7 сынып. А., 2003.

  10. Жұматаева Е. Әдебиетті оқытудың кейбір мәселелері. А., - 1999.

  11. Көшімбаев А. Қазақ әдебиетін оқыту методикасы. – А. Мектеп, 1969.

  12. Қалиев С. Мектепте Ғ.Мүсірепов шығармаларын оқыту жолдары.- А. 1974.

  13. Қараев Ж. Ешеева Ж. Программалап оқыту және оның компьютерді оқытуға пайдалану мен байланысы. – А. 1991.

  14. Қирабаев С. Мектеп және қазақ әдебиеті. А., Мектеп, 1979.

  15. Құрманова Н, Мухлис К. Текст теориясы және тексті талдау әдістемесі. – А. АлМУ, 2000.

  16. Құрманбаева Г., Дүйсебаев С. Әдебиет сабақтарының үлгілері. А., 1999.

  17. Мақпыров С., Әдебиеттен шығарма жұмыстары. А., 1981.

  18. Мәшһүр Жүсіп.Қ. Көркем сөздің құдіреті. (Мектепте қазақ әдебиетін оқыту). Павлодар, 2000.

  19. Мәшһүр Жүсіп.Қ. І.Жансүгіровтың «Құлагер» дастанын оқыту. «Қазақ тілі мен әдебиеті», №8, 2002.

  20. Сманов Б. С.Мұқановтың «Ботагөз» романын оқыту. А., 2000.

Ќосымша:

21. Абайдың тәлімгерлік тағылымы. (құрастырушы Ә.Дайырова). А., 1996.

22. Құсайынов А. Оқулықтану мәселелері. А., 2000.

23. Марацман Б., ЧирковскаяТ. Проблемная изучение литературного произведения в школе. М., Просвещение, 1977.

24. Мемлекеттік білім стандарты. А. 2000.

25. Прессман Л. Кабинет литературы. М., 1975.



26.Обернихина Г.А. Уроки литературы сегодня. М., 2000.


©dereksiz.org 2016
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет