Арту қарқыны: өсіңкілік қатардың бұл көрсеткіші нақты артудың салыстырмалы шамасын көрсетеді де коэффициент немесе пайыз өлшемдерімен өлшенеді. Бұл көрсеткішті анықтау үшін нақты өсімнің шамасын базалық ретінде алынған уақыт дәрежесіне бөлу керек.
Арту қарқынын есептеу үшін келесі формулалар қолданылады:
Ақ.б = ∆н /У0 *100 базалық тәсіл;
А қ.т = ∆н /Уі-1 *100 тізбектелген тәсіл;
мұнда: А – арту қарқыны;
∆н – нақты өсім;
У0 – тұрақты базалық уақыттың дәрежесі;
Уі-1 – ағымдағы уақыттың алдында тұрған дәрежесі.
Егер өсу қарқынының көрсеткіштері есептелінген болса, ода арту қарқынын анықтау үшін өсу қарқынынан 1(бірді) немесе 100(жүзді) шегеру арқылы да табуға болады. Ол келесі формулалар бойынша есептелінеді:
Ақ =Кө – 1
немесе
А қ = Өқ – 100
мұнда: Кө - өсу қарқыны (коэффициент ретінде)
Өқ - өсу қарқыны (пайыз ретінде)
Бір пайыздың артуының нақты мәні: Бұл көрсеткіштің экономикалық мәні өте жоғары, себебі артудың әрбір пайызының нақты мәні қаншаға және қалай өзгергені көрсетіледі.
Бұл көрсеткішті есептеу үшін әр уақыттағы нақты (абсолют-тік) өсімнің шамасын, сол кездегі арту қарқынына бөледі және оның мәні тізбектелген тәсіл арқылы келесі формула бойынша есептелінеді:
А% = ∆н/Ақ
немесе
А% = Уі-1/100;
мұнда: А % - бір пайыздық артудың нақты мәні;
∆н – нақты (абсолюттік) өсім;
Ақ – арту қарқыны;
Уі-1 – ағымдағы уақыттың алдында тұрған дәрежесі.
Уақыт өткен сайын өсіңкілік қатардың сандық көрсеткіштері де өзгеріп отырады, сондықтан олардың жалпы өзгерісінің заңдылықтарын анықтау, талдау үшін өсіңкілік қатардың орташа көрсеткіштері қолданылады.
Олар: өсіңкілік қатардың орташа дәрежесі, орташа нақты (абсолюттік) өсім, орташа өсу және арту қарқыны.
Осы орташа көрсеткіштердің шамасын есептеу, ондағы көрсетілген уақыт мерзіміне бір мезгілді немесе уақыт аралықты қатарлар дәрежесіне байланысты болады және оларды есептеу әр түрлі тәсілдермен есептелінеді:
Достарыңызбен бөлісу: |