Э.ғ. д., профессор Байдильдина А. М



бет21/30
Дата15.03.2024
өлшемі260.9 Kb.
#495683
1   ...   17   18   19   20   21   22   23   24   ...   30
annotation153914

Орташа өсу қарқыны. Бұл көрсеткіш құбылыстар мен процестердің орташа жылдық өзгеру жылдамдығын көрсетеді. Орташа өсу қарқынының өлшемдері коэффициентпен немесе пайызбен бе-ріледі және екі тәсілмен есептелінеді.
Бірінші тәсіл: Егер өсу қарқыны тізбектелген тәсілмен және коэффициентпен берілген болса; орташа өсу қарқынының коэф-фициенті геометриялық орташаның формуласымен есептелінеді:


;

Мұнда: Кn - орташа өсу қарқынының коэфициенті;


Кө1; Кө2; Кө3; Көn - тізбектелген тәсілмен есептелінген өсу қарқынының жеке коэффициенттері.
n - өсу қарқыны коэффициенттерінің саны.
Егер осы коэффициентті 100-ге көбейтсе, онда орташа өсу қарқы-нның пайыздық мәні шығады:
Өк = Кө *100


Екінші тәсіл: Тізбектелген және базалық тәсілмен есептелген өсу қарқыны көрсеткіштерінің арасында өзара байланыстылық бар, яғни тізбектелген тәсілмен есептелген өсудің көбейтіндісі базалық тәсілмен есептелген өсу көрсеткіштеріне тең. Онда орташа өсу қар-қыны келесі формуламен есептелінеді:


Кө =n-1 ;
немесе
Өк = Кө * 100;


Орташа арту қарқыны: Бұл көрсеткішті есептеу үшін орта-ша өсу қарқынының көрсеткішінен 1(бірді) немесе 100(жүзді) шегерсе жеткілікті.


Ақ = К0 -1
немесе
Аө = Өк -100


Ақ немесе Аө - орташа арту қарқыны немесе коэфициенті.
Өсіңкілік қатардың осы көрсеткіштері қоғамдық құбылыс-тардың орташа даму немесе кему прцестерін толық мінездеуге, талдауға мүмкіндік береді және олар болашаққа бағдарлама жасау үшін қолданылады.
Қоғамдық құбылыстар мен процестердің сандық көрсеткіш-терінің дұрыс өзгеру заңдылықтарын уақыт бойынша зерттеу, өзара байланыстылықтарын анықтау үшін және сол көрсеткіштерге өңдеу, талдау жұмыстарын жүргізу үшін түрлі статистикалық есептеу тәсілдері қолданылады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   17   18   19   20   21   22   23   24   ...   30




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет