Біртектес өсіңкілік қатарларды салыстырмалы тәсілмен талдау. Бұл тәсілді қолдану арқылы біртектес қоғамдық құбылыс-тар мен процестердің белгілі уақыт кезіндегі көрсеткіштерінің өзгергендігі көрсетіледі. Бұл көрсеткіштер нақты және қатысты шамамен көрсетіледі.
Өсіңкілік қатарларды бір негізге келтіру. Егер өсіңкілік қатарлардың көрсеткіштері әртектес қоғамдық құбылыстар мен процестерден тұратын болса, яғни бір-бірімен салыстыруға келмей-тін, әр түрлі өлшем бірліктерімен берілген болса, оларды салыстыр-малы түрде келтіріп, белгілі бір уақыт аралығында болған жағдай-ларға байланысты қорытынды жасау үшін, нақты шамаларды қайта өңдеу арқылы өсіңкілік қатардың көрсеткіштерін бір негізге келтіру қажет.
Интерполяция және экстраполяция әдістері. Интерполяция деп, өсіңкілік қатардың ішінде берілмеген,яғни жетіспейтін сандық көрсеткішті жуық шамамен есептеп табуды атайды. Қатардың белгісіз көрсеткішін анықтау үшін арифметикалық орташа нақты (абсолюттік) өсім, орташа өсу қарқыны.
Y = Yi+Yi+1
2
Нақты өсімді қолдану арқылы есептеуде келесідей формула қолданылады:
+ Yi
Орташа нақты өсім арқылы есептегенде келесі формуламен анықталады:
Экстраполяция тәсілі деп белгілі уақыттағы өсіңкілік қатардың көрсеткіштерін қолдана отырып келешекке болжам жа-сауды, яғни осы уақыттан кейінгі мерзімдердің сандық мәндерін жуық шамамен есептеп табуды айтады. Болжам жасау кезінде сол уақытқа дейінгі әлеуметтік-экономикалық құбылыстар мен процес-тердің даму немесе кему жағдайы, болжам жасалынатын кездерде де өзгермейді деп есептелуі тиіс.Мұндағы қолданылатын тәсілдер-дің ішіндегі ең жеңіл түріне жататындары өсу немесе орташа өсу қарқыны мен орташа нақты (абсолюттік) өсім арқылы есептеу болады.
Орташа нақты (абсолюттік) өсім бойынша.
Ух=У0 +∆н*х мұнда ∆н=∑∆н/n; ∆н = Уn -У0/n;
2. Орташа өсу қарқыны бойынша:
Ух=У0 Көх мұнда ;
Достарыңызбен бөлісу: |