Э.ғ. д., профессор Байдильдина А. М



бет19/30
Дата15.03.2024
өлшемі260.9 Kb.
#495683
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   ...   30
annotation153914

Нақты (абсолюттік) өсім: Егер әр уақыттың дәрежесін белгілі бір тұрақты базалық уақыттың дәрежесін шегеретін болса, онда нақты өсім тұрақты тәсілмен есептелінген, оның формуласы:

н = Уі – У0;


мұнда н – нақты өсім (кему);
Уо – тұрақты базалық уақыттың дәрежесі;
Уі ағымдағы уақыттың дәрежесі;
і – қатардың реттік нөмірі.

Егер уақыттың дәрежесінен өзінің алдында тұрған уақыт дәрежесінен шегеретін болса, онда тізбекті тәсілмен есептелінген нақты өсім анықталады және оған келесі формула қолданылады:


н = У і - Уі-1;

мұнда У і – ағымдағы уақыттыңи дәрежесі;


Уі-1 – ағымдағы уақыттың алдында тұрған дәрежесі;
Өсу қарқыны: Өсу қарқыны коэффициентпен немесе пайызбен өлшенеді: нақты өсім сияқты өсу қарқыны да тұрақты және тізбектелген тәсілмен есептелінеді. Егер өсіңкілік қатардағы әрбір уақыт дәрежесін тұрақты бір базалық уақыт дәрежесіне бөлетін болсақ, онда тұрақты өсу қарқынның коэффициенті есептелінеді. Оның формуласы:


Кө= Уі/У0 ;

мұнда: Кө - өсу қарқынының коэффициенті,


У0 –тұрақты базалық уақытының дәрежесі;
Уі- ағымдағы уақыттың дәрежесі;
Егер өсіңкілік қатардың әрбір уақыттағы дәрежесін өзінің алдында тұрған уақыт дәрежесіне бөлетін болса, онда өсу қарқынының коэффициенті тізбектелген тәсілмен есептелген болып саналады және келесі формула бойынша есептеледі:
Кө = Уіі-1;

мұнда: Уі –ағымдағы уақыттың дәрежесі;


Уі-1 - ағымдағы уақыттың алдында тұрған дәрежесі;
Өсу қарқынының коэффициентін (Кө) 100-ге көбейтіп, оның пайызын (Өк) есептеуге болады. Ол келесі формула арқылы көрсетіледі:
Өк= Кө *100 немесе Уі/У0 *100% тұрақты (базлық)тәсіл;


Өк= Кө *100 немесе Уіі-1*100% тізбектелген тәсіл;


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   ...   30




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет