Э.ғ. д., профессор Байдильдина А. М



бет7/30
Дата15.03.2024
өлшемі260.9 Kb.
#495683
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   30
annotation153914

Біртиптік топтау дегеніміз статистикалық бақылау арқылы жиналған әр түрлі бағыттағы жиынтық көрсеткіштерді бір жүйеге келтіріп, топтарға бөлуі және оның қорытынды көрсеткіштеріне талдау жасауды айтады. Құрылымдық топтау мақсаты-біртектес жиынтықтың құрылымы мен оның құрамдас бөліктерін сипаттайтын көрсеткіштер туралы мәліметтер беру. Біртектес, біртипті жиынтық бірліктердің өзгерісін өздеріне тән белгілеріне қарай бөлуді статистикалық құрылымдық топтау дейді. Талдаулық топтаудың негізгі мақсаты-жиынтық бірліктердің өзара байланысын анықтау және олардың бір-біріне әсерін,себептерін зерттеу болып табылады. Бір-біріне әсерін тигізетін талдаулық топтаудың себептік белгілері қоғамдық құбылыстардың өзгергенін, ал нәтижелік белгілері сол себептердің тигізген әсерін көрсетеді. Мысалы, жұмысшының мамандық дәрежесін жоғарлату себептік белгі болып табылса, ал оның салдарынан еңбек өнімділігінің өсуі нәтижелік белгіге жатады.
Талдаулық топтау келесідей:
1.Себептік белгілері бойынша құрылады және нәтижелік белгілердің орта шамасы табылады.
2.Әрбір топты сипаттайтын себептік және нәтижелік белгілердің орташа шамасын есептейді.
3.Себептік және нәтижелік белгілердің арасындағы өзара байланыстың ерекшеліктері анықталады.
Жиынтық бірліктері бір ғана белгісі бойынша топталса, жай топтау, ал екі немесе одан да көп белгілерге қарай топталса, күрделі топтау деп аталады. Топтау белгілері және топқа бөлу принциптері. Статистикалық мәліметтерді топқа бөлу кезінде әрбір топқа көптеген сандық бірліктер енгізілуі керек және оның мағынасы анық көрсетілуі тиіс. Егер топтау негізі сапалық белгіге қарай берілген болса, онда топтың саны сол белгілердің санына сәйкес келеді. Кейбір жағдайда сапалық белгілер өзінің нышандары бойынша бір-бірінен әр түрлі айырмашылықтарына қарай ерекшеленетін болса, онда оларды типтеріне, түрлеріне немесе сыныптарына қарай топтық жіктерге бөлу арқылы жүргізіледі. Сипаттайтын топтау өзінің өзгермелі мәніне сәйкес бүтін және деңгей аралықты болып бөлінеді. Топтық белгі бүтін санмен берілетін болса, онда бүтін сан өзгермелі топтауға жатады, ал ондағы бөліп алынатын топ саны сол берілген белгінің мәніне сәйкес келеді. Деңгей аралығының тұрақты шамасын есептеу алдында оның ең үлкен, ең кіші шамасының сандық мәнін анықтау керек. Тұрақты шама келесі формуламен анықталады:
,
мұндағы, d - деңгей аралығының тұрақты шамасы;
- топтау белгісінің ең үлкен және ең кіші сандық мән шамасы;
n - топтың саны.
Әрбір топтың ең жоғарғы және ең төменгі шегінің арасындағы сандық өзгеріс топтаудың деңгей аралығының тұрақтылық шамасы деп аталады.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   30




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет