Э.ғ. д., профессор Байдильдина А. М


Өзін-өзі тексеру сұрақтары немесе тесттер



бет8/30
Дата15.03.2024
өлшемі260.9 Kb.
#495683
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   30
annotation153914

Өзін-өзі тексеру сұрақтары немесе тесттер
1.Статистикалық жинақтау дегеніміз не?
2.Статистикалық топтаудың қандай түрлері бар?
3.Статистикалық топтау деген не?
4.Статистикалық таратпалы қатарлар дегеніміз не?
5.Статистикалық кесте деген не?
6.Статистикалық кестелердің қандай түрлері болады?


4-дәріс. СТАТИСТИКАЛЫҚ МӘЛІМЕТТЕРДІ ҚАЙТАТОПТАУ ЖӘНЕ КЕСТЕ ҚҰРУ


Қайта топтау дегеніміз алғашқы топтастырылған топтық көрсеткіштерді жаңа топтарға өзгерту әдісі. Алғашқы топтастырылған топтық көрсеткіштер әлеуметтік жоқ құбылыстар мен процестерге талдау жасағанда сұрақтарға толық жауап бермейтін болса, онда қайта топтау әдісі қолданылады. Ол екі әдіспен жүргізіледі:
1.Бастапқы топтастырылған ұсақ топтардың деңгей аралығын қосып, оларды көбейту арқылы ірі топтарға айналдыру.
2.Әр жерде жиналып, әр түрлі өңделген топтық көрсеткіштерді бір-бірімен салыстыру үшін бір жүйеге келтіру қажет болғанда проценттік үлесі бойынша қайта топтастыру.
Бұл әдістерді қолдану кезінде жалпы жиынтық мөлшері өзгермейді, ал ішкі сандық құрылым қандай шамамен берілсе де түрлі топтық өзгерістер кездеседі.
Статистикалық таратпалы қатарлар дегеніміз қоғамдық құбылыстар мен процестер туралы сандық көрсеткіштерді өздеріне тән өзгермелі белгілеріне қарай белгілі бір тәртіп бойынша ретке келтіріп топтарға бөлу. Олар белгілеріне қарай сапалық және сандық таратпалық қатарлар болып екі түрге бөлінеді. Сандық таратпалы қатарлар көрсеткіштердің сан түрінде берілуі, ал сапалық таратпалы қатарлар дегеніміз- жиынтық белгілері бойынша топтап ретке келтіру. Сапалық таратпалық қатарларды ретке келтіру кезінде оның сандық көрсеткіштері әр топ бойынша нақты және қатысты шама түрінде жеке келтіріледі. Егер жиынтық бірліктері сандық белгілері бойынша ретке келтіріліп сипатталатын болса, онда мұндай бөлімді өзгермелі таратпалық қатарлар деп атаймыз. Мысалы, жұмысшының айлық табысына немесе тарифтік кесте бойынша мамандық дәрежелеріне қарай бөлімді айтады. Өзгермелі таратпалы қатарлар өздерінің сандық белгілеріне қарай бүтін және деңгей аралықты болып бөлінеді.Егер топтау кезіндегі сандық белгілеу бүтін санмен берілсе, олар бүтін санды таратпалы қатарлар деп аталады. Топтау кезінде сандық белгілер бүтін санмен беріліп, белгілер бір сан аралығы мен бүтін сандық белгілер берілсе, ол деңгей аралықты деп аталады. Таратпалы қатарлар екі бөліктен тұрады: варианттан және жиілік көрсеткіштерінен. Вариант бұл –топтау кезіндегі статистикалық таратпалық қатарлардың сандық және сапалық белгілері бойынша бөлінуі, яғни статистикалық таратпалы қатарлардың нені зерттейтінін анықтайтын көрсеткіш. Ол статистикада «х» әрпімен белгіленеді. Вариант жағымды, жағымсыз, нақты және қатысты шамалармен берілуі мүмкін. Жиілік әрбір топтағы варианттық сандық көрсеткіштермен, яғни сол варианттық сандық көрсеткіштің өз қатарында қаншалықты қайталануын көрсететін көрсеткіштердің жеке мәндері болып табылады. Статистикада жиілік «f» әрпімен белгіленеді. Бір варианттың бірнеше жиілік көрсеткіштері болуы мүмкін, варианттың жиілік көрсеткіштері өз мәндеріне қарай бірнеше түрде беріледі: нақты, қатысты, бүтін және бөлшек сан түрінде. Олар варианттың жиілігі болып табылады. Сондықтан статистикалық таратпалы қатарлар қоғамдық құбылыстар мен процестердің құрылымы мен құрамын зерттеуге үлкен әсерін тигізетін және топтаудың жиі қолданылатын негізі бір түрі болып саналады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   30




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет