Егемен Қазақстан. – 2013.№202. – 3 қыркүйек «Егемен-ақпарат»



Дата03.07.2016
өлшемі27.01 Kb.
#174722
Егемен Қазақстан. – 2013. -№ 202. – 3 қыркүйек

«Егемен-ақпарат»



ҚазАТУ – дағы салтанатты мереке
Үстіміздегі жылғы  1 қыркүйекте С.Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық университетінде «Білім күніне» арналған «ҚазАТУ – БОЛАШАҚ БАСТАУЫ!» атты салтанатты мерекелік іс-шара өтті.

Аталмыш шараға С.Сейфуллин атындағы ҚазАТУ ректоры, ҚР ҰҒА корреспондент-мүшесі А.Күрішбаев, Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаттары Жамбыл Ахметбеков және Бақытбек Смағұлов, ҚР Ұлт­тық Ғылым академиясының академигі Зай­рулла Дүйсенбеков, сахна майталманы Бауыр­жан Ибрагимов, Қазақстан КТК Одағының Прези­денті Есен Елеукен, 2012 жылғы Лондон олим­пиадасының қола жүлдегері, боксшы Марина Вольнова және 2008 жылғы Бейжің Олим­пиа­дасының жүлдегері, таэквондошы Арман Чил­манов, «Қазспорт» телеарнасының Бас дирек­торы, танымал спорт журналисті Диас Ахмет­шәріп, продюссер Евгений Жагалтаев және басқа арнайы шақыртылған меймандар қатысты.

Өз сөзінде университет ректоры, профессор Ақылбек Күрішбаев «Биылғы жылы біз­дің университетіміз аграрлық саладағы бар­лық оқу орындарының ішінде алдыңғы лек­тен орын алды. 2013-2014 оқу жылы универ­ситеттің бірінші курсына 2 804 студент қабылданса, олардың 1 343-і мемлекеттік грант­қа ие болғандар. Бұл студенттердің 47,9% мемлекеттік грантпен оқиды деген сөз. Бұл көрсеткіш – біздің университетіміздің жастар қалауына ие болған беделді оқу орны екенін дәлелдейді», деп атап өтті.

Шара барысында студенттердің www.univerlife.kz әлеуметтік желісінде жүргізілген ЖОО-лар арасындағы республикалық сауал­наманың қорытындысы да жария етілді. Жалпы саны 105 жоғары оқу орыны қатысқан сауалнама студенттер арасында жүргізіліп, нәтижесінде С.Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық университеті «Ең үздік университет» атағын жеңіп алды. Бұл ақжолтай хабар туралы сертификатты университет ректоры Ақылбек Күрішбаевқа Парламент мәжілісінің депутаты Жамбыл Ахметбеков тапсырды.

Биотехнология саласы бойынша жас та болса ғылыми ізденісте жоғары табыстарға қол жеткізіп, арнайы ғылыми гранттарға ие болған агрономия факультетінің студенті Әсем Жанғұлованы университет ректоры А.Күрішбаевтың арнайы мадақтау хатымен ҚР Ұлттық Ғылым академиясының академигі Зайрулла Дүйсенбеков марапаттады.

56 жылдық тарихы бар ҚазАТУ қашанда еліміздің бас қаласы Астанада өтетін мерекелік іс-шаралардың бел ортасында жүреді, уни­вер­ситеттің өнерпаз жастары қалалық, респуб­ликалық, халықаралық өнер додаларында жеңімпаз атануда. «Дән еккен және білім берген адамдар ең бақытты жандар» деп сөзін бастаған сахна саңлағы Бауыржан Ибрагимов университеттің «Қызғалдақ» би ансамблі мен «Шабыт» ұлт-аспаптар ансамбліне Астана қалалық Мәдениет басқармасының атынан арнайы мақтау қағаздарын табыс етті.



Сонымен қатар, университет қабырғасында бірқатар спорт саңлақтары білім алуда. Олардың қатарында боксшылар Данияр Елеусінов, Мерей Ақшалов, Ілияс Сүлейменов, Қазанда өткен халықаралық универсиаданың күміс жүлдегері Эскархан Осканов т.б. бар. Астана қалалық спорт және дене тәрбиесі Басқармасының арнайы сыйлығын салтанатты түрде тапсырған Лондон олимпиадасының қола жүлдегері Марина Вольнова студенттерді спортты серік етуге және саламатты өмір салтын ұстануға шақырды.

Білім күніне арналған мерекелік салтанатты кеш барысында университеттің қоғамдық кәсіптер факультетінің ұжымы дайындаған концерт ұйымдастырылып, мереке көрігін «Аграрка сарбаздары» КТК командасының жұлдыздары толықтырды.

Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет