Егемен Қазақстан. 2014. №231. 26 қараша



Дата23.07.2016
өлшемі33.03 Kb.
#216748

Егемен Қазақстан. – 2014. - № 231. – 26 қараша

Оразбаев А., Тәжібаева Т, Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ энергоэкология

кафедрасының доценттері.
Жасыл университеттер, бірлесіңдер!
Климаттың өзгеруі, энергетикалық проблемалар, су және азық-түлік қауіпсіздігімен байланысты үдемелі ғаламдық сын-қатерлер, сонымен қатар, аймақтық шиеленістер барша әлемдік қауымдастықтың ақыл-ойы мен күш-жігерін бір арнада тоғыстыруды талап етеді. Бұл ғаламдық идея тұрақты даму конференциясы РИО + 20-да бейнесін тапты. Міне, осы орайда Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың бастамашылдығымен Еуропа, Азия, Тынық мұхит атырабы елдерінің ынтымақтастығын күшейту негізінде дамудың қазіргі, дәстүрлі қалыптарынан жасыл өркендеу тұжырымдамасына өтуге бағытталған «Жасыл көпір» әріптестік бағдарламасы ұсынылды. Бұл мәселе Қазақстан Үкіметінің де назарында.

Елбасы идеясының негізінде Қазақстанның тұрақты дамуы мен экологиялық қауіпсіздігі орайындағы әріптестікті нығайту өте маңызды екенін біз жақсы түсінеміз. Сондықтан да жоғары оқу орындары арасында әл- Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің бұл ретте алдыңғы шептен көрініп, озық ұстанымда болуы заңды. «Жасыл көпірдің» тек мемлекеттер, ғылым, бизнес, қоғамдық институттар арасында ғана емес, сонымен бірге, ұрпақтар арасында да, жастар санасында да тартылуына мән береміз. Ілімді-білімді жастар ғылыми-ақпараттық орталықтар көмегімен «жасыл» экономиканың шеңберінде жастар бастамасының «өсу нүктесі» бағытында ғылыми-оқытушылық тұғырда қойылған міндеттерді ойдағыдай шешу үшін бірігуі керек.

Осындай ұранмен біздің әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің география және табиғатты пайдалану факультетінің энергоэкология кафедрасы ұжымының Қазақстан Ұлттық географиялық қоғамымен бірлесе іске асырып жатқан «Қазақстан жоғары оқу орындарына жасыл кеңсе ұстанымын енгізу» жобасы аясында ілкімді іс-шаралар атқарылуда. Жобаға Қазақстан жоғары оқу орындарының, ғылыми-зерттеу институттарының, өндірістік компаниялалардың өкілдері және еліміздің тәуелсіз сарапшы-экологтары қатысуда.

Қазіргі таңда біздің қоғамымызға өте пайдалы осы жобаның алғашқы семинарында жұмыс тобы нақтыланды, «Жасыл кеңсе» тұжырымдамасын оқу орындарына енгізудегі айқындамалары бекітілді, қанатқақты үйрету семинарын өткізудегі ғылыми-зерттеулік ұсыныстар қарастырылды, студенттік экологиялық акциялардың өту мерзімі мен бағыттары айқындалды.

Жоғары оқу орындарындағы, ғылыми-зерттеу институтарындағы, компанияларындағы ұйымдардың «жасыл жоба» аясында бірігу жолындағы негізгі қадам болып табылатын «Жасыл кеңсе» бойынша ақпараттық желі құру туралы ынтымақтастық меморандумы ұйымдастырылған. Біз www. greenbridge.kaznu.kz виртуалды-коммуникативті алаңында өз ұйымдарымызда «Жасыл кеңсе» ұстанымын енгізу және құру үшін барлығымызға бірігуді ұсынамыз. Тұрақты дамудың болашақтағы қызметі - ғылыми-әдістемелік базасы үшін баға жеткісіз қорларды бірлесе отырып, осы сайтта бір ретке келтіріп жасақтау қажет. ЖОО-лар мен басқа да ұйымдардың қоршаған ортаға тигізетін кері әсерді төмендетуде экономика, ресурстарды сақтау, баламалы энергияны енгізу, екінші реткі қалдықтарды қайта қолдану, экологиялық таза материал мен өнімдер туралы сұрақтарды осы виртуалды дөңгелек үстелінде жастар өкілдері мен студенттердің талдап-талқылауы да бір ғанибет. Сондай-ақ, онда тренингтер және шеберлік сыныптар, пікірталас клубтары, конференциялар, форумдар жаңалықтарын да бөлісе отыруымыз қажет.

Осы игі де ізгілікті меморандумға қол қойған алғашқылар қатарында Қ.Сәтбаев атындагы Қазақ ұлттық техникалық университеті, С.Асфендияров атындагы Қазақ ұлттық медициналық университеті (Алматы қ.), Д.Серікбаев атындағы Шығыс Қазақстан мемлекеттік техникалық университеті, Қазақ- Американ еркін университеті (Өскемен қ.), С.Сейфуллин атындагы Қазақ агротехникалық университеті (Астана қ.) және т.б. бар. Қол қою кезеңі жалғасуда, ал www.greenbridge. kaznu.kz сайтында ЖОО-ның желілік жаңа ақпараттары және Қазақстанның жоғары оқу орындарында «Жасыл кеңсе» ұстанымын енгізу туралы ұйымдар мен компанияларда өткізілген семинарлар көрсетілген.

Сіздердің ұсыныстарыңызды күтеміз және жаңа «Жасыл жобаға» белсенді қатысуға шақырамыз!




Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет