Егістік тәжірибеге қойылатын талаптар



жүктеу 63.75 Kb.
Дата16.06.2016
өлшемі63.75 Kb.
1 Тәжірибе сабағы

Тақырыбы: “Егістік тәжірибеге қойылатын талаптар”

Қарастырылатын сұрақтар:

  1. Егістік тәжірибенің біркелкілігі

  2. Тек қана бір айырмашылық принципін сақтау

  3. Егістік тәжірибені арнайы жер телімінде жүргізу

  4. Өнімділікті есептеу және тәжірибенің шынайылығы

Әдебиеттер: К.Уразымветова “Тәжірибе ісі әдістемесі” Алматы, 2012

Б.А.Доспехов “Методика опытного дела” М., 1979

Егістік тәжірибеде мәдени өсімдіктер топырақ, климат және агротехникалық факторлар бірге зерттеледі. Тек қана егістік тәжірибеде өнімділік пен оған әсер етуші құралдар арасындағы байланыс анықталады.

Егіншілікте көптеген сұрақтар егістік тәжірибесіз шешілмейді (жер өңдеу жүйесі, күтіп-баптау шаралары, ауыспалы егіс, тыңайтқыштарды ауыспалы егісте қолдану, тыңайтқыштар мен гербицидтер бірлестігі және т.б.)

Егістік тәжірибе нәтижелерінің барлығы белгілі әдістемелік талаптарды сақтауға байланысты болады:


  1. Тәжірибе біртектілігі

  2. Тек қана бір айырмашылық принципін сақтау

  3. Тәжірибені арнайы жер телімінде участкіде жүргізу

  4. Өнімді есептеу және тәжірибе шынайылығы

  1. Тәжірибе біртектілігіне – тәжірибенің аймақтың немесе ауданның топырақ-климат және агротехникалық жағдайларына сәйкесті болуы керек. Біртектілікке зерттеулерді аудандастырылған сорттармен және белгіленген дақылдармен жүргізу жатады. Сонымен бірге егістік тәжірибені агротехниканың жоғары деңгейінде жүргізу жатады.

  2. Тәжірибе қоюда барлық жағдайлардың бірегейлігін сақтау, тек қана бір айырмашылық, ол зерттелетін шара. Ол маңызды және міндетті талап сондықтан оны жалғыз айырмашылық принципі деп атайды. Сондықтан оны тәжірибе жұмысында қатаң сақтайды. Ол ғылыми эксперименттің негізгі жағдайы болып есептелінеді.

  3. Егістік тәжірибені арнайы бөлінген жер телімінде (белгілі тарихы бар) жүргізу талабы. Ол жалғыз ғана айырмашылық принципінің логикалық жалғасы.

  4. Өнімді есептеу және тәжірибенің шынайылығы. Егістік тәжірибенің соңғы және басты нәтижесі өнімділік. Сондықтан өнімділік және оның сапасына есеп жүргізу зерттелген құбылысты объективті көрсету үшін, тәжірибе шынайы болуы керек. Тәжірибенің шынайлығы (дұрыстығы) – логикалық дұрыс құрылған схема және жүргізу әдістемесі. Олар зерттеушінің қойған мақсаты мен міндеттеріне сәйкес келуі керек, нысан дұрыс таңдалуы және тәжірибе жүргізу жағдайы анықталуы керек.

Тәжірибе жүргізуде зерттеуші үш қате түрімен кездеседі: кездейсоқ, жүйелі және озбыр (ірі).

Қате – таңдап жүргізілген байқаумен нақтылы мағыналы өлшенген бірлік арасындағы айырмашылық. Нақтылы өлшенген бірлік болып өнімділік есептелінеді.



  1. Кездейсоқ қате – көп сандар есептеуде кеткен қателік, олардың пішімділігі өте аз болады. Ол әрбір егістік тәжірибеде кездеседі. Оны матеметикалық өңдеу арқылы анықтауға болады.

  2. Жүйелік қателер – өлшенетін бірліктің мөлшерін азайтады немесе көбейтеді, яғни дұрыс бермейді. Егістік тәжірибеде зерттелмейтін фактордың ауытқуынан болады (учаскінің топырағының құнарлылығының әсері).

  3. Ірі (озбыр) қателер. Егістік тәжірибенің негізгі талаптарын бұзу нәтижесінде болады. Зерттеушінің қателігінен бір жерге екі рет тыңайтқыш, пестицид шашу, мөлдектерді ауыстырып алу және т.б. Ондай қателіктерді мөлдекті брактау арқылы жүзеге асырады. Ірі қателіктерді болдырмау үшін, тәжірибені мұқият жүргізу және ұйымдастыру.


Егістік тәжірибе түрлері

  1. Агротехникалық

  2. Сортсынау

Тәжірибелердегі зерттелетін факторлар санына байланысты: бір факторлы, көп факторлы, жалғыз, жаппай, қысқа мерзімде, көпжылдық болып бөлінеді.

Факторлардың өзара байланысына қарай: оң байланыс – қосымша өнім бірігіп қолдануда көп, бір-бірлеп қолданысқа қарағанда; кері байланыс – қосымша өнім бірігіп қолданғанда жеке қолданысқа қарағанда аз.

Ұзақтығына байланысты егістік тәжірибелерді қысқа мерзімді, көпжылдық және ұзақ мерзімді деп бөледі. Қысқа мерзім – 3-10 жыл, көпжылдық – 10-50 жыл, ұзақ мерзімді – 50 жылдан аса.

2 Тәжірибе сабағы



Тақырыбы: “Егістік тәжірибеге жер телімдерін таңдау және оларды егіске даярлау”

Қарастырылатын сұрақтар:

  1. Жер телімдеріне қойылатын талаптар

  2. Тәжірибе участогының тарихы

  3. Тәжірибе алаңының топырағы

  4. Тәжірибе участкісін себуге әзірлеу және зерттеу

1) Болашақ тәжірибеге арналған жер телімі төмендегідей жағдайларға сәйкесті болуы керек: қасиеттері сол аймаққа тән және кең тараған топырақ құнарлылығына және жер бедеріне (рельеф).

Бұл бірінші және маңызды талап жер теліміне қойылатын сондықтан оны егістік тәжірибеге алаңының біртектілігі деп атайды.

Екінші талап тәжірибе алаңына қойылатын топырақ жамылғысының бірегейлігі, ол арқылы тәжірибе нәтижелерінің дәлдігін қамтамасыз етуге болады.

Әдістеменің негізгі талаптарына жауап беретін жер телімін таңдауда, оның тарихын тыңғылықты оқу, топырақ зерттеулерін жүргізу, жер бедерін мұқият зерттеу, микрорельеф, ластануды және кездейсоқ факторлар мүмкіндіктерін ескеру.

2) Тәжірибе алаңының тарихы. Егер жер телімінің шаруашылықтық тарихы белгісіз болса, онда ол жерге тәжірибе салуға болмайды. Сондықтан анықтау керек, таңдалған жерге соңғы 3-4 жылда бір түрлі дақылдар себілгенін және бірегей тыңайтқыштар берілгені, жер өңдеу және т.б. біркелкі агротехникалық шаралар және тыңайтқыштар, көң, тереңдігін жырту, дренаж, бұршақ тұқымдастар егістігі бәрі топырақ құнарлылығына әсерін тигізеді.

Сондықтан, біріншіден жер телімінің бір тектілігін анықтау керек (3-4 жылғы соңғы деректермен)

Жер таңдауда кездейсоқ факторларға көңіл бөлінуі керек, олар болашақ тәжірибе алаңының біртектілігін бұзуы мүмкін.

Тәжірибе алаңы тұрғын үйлерден кем дегенде 50-100м алшақ, орманға 20-30м-ге жақындамауы немесе жеке ағашқа, жолдан 10-20м алшақ болу керек.



Тәжірибе алаңының топырағы. Жер телімінің тарихын білгеннен кейін, оның топырағын зерттейді. Топырақтың әр түрлілігін дұрыс білу үшін, топырақ картасын пайдалану керек. Егер ол жоқ болса, онда телім топырағын тыңғылықты зерттеу керек.

Тәжірибе алаңының жер бедері (рельефі). Жер бедеріне қойылатын талаптар зерттеу мақсатынан және өсімдік түрінен туындайды. Сондықтан тәжірибе алаңы біртекті болуы үшін, оның жер бедеріне қарап орналастырып өсіру керек. Көптеген тәжірибелерге тегіс жерлер қажет, ал суармалы егіншілікте су дұрыс жүруі үшін участок еңіс болуы керек 0,005-0,01м-ге дейін.

Участокты дайындау және зерттеу. Алдын-ала жер телімінің шаруашылықтық тарихымен танысу және топырақты тексеру тек-қана бағдарлы мәлімет қана береді, сондықтан ол жер участігін жөнінен толық мәлімет бере алмайды.

Топырақтың біртектілігін тыңғылықты зерттеу үшін тегістеуші егіс (уравнительный) жүргізу қажет. Өндіріс жағдайында кейде екі рет тегістеуші егісті себуге болады. Тегістеуші егістің маңызы, көзбен көру арқылы жер телімінің жарамдылығына өндірістік жағдайда баға беруге болады.

Аталған мақсатты орындау үшін, топырақты тексеру және тегістеу жұмыстарын жүргізу, танап тарихымен танысып оқу, визуальды (көз мөлшерімен) топырақ құнарлылығының өзгермелілігін тегістегіш немесе өндірістік егісте зерттеу жеткілікті.

Тәжірибе ісі дәрістері”



  1. Агрономиялық зерттеулердің негізгі түсініктері және жүргізу әдістері.

  2. Егістік тәжірибеге қойылатын талаптар және зерттеулер түрлері.

  3. Егістік тәжірибені жүргізудің ерекше жағдайлары.

  4. Егістік тәжірибе әдістемесінің негізгі элементтері.

  5. Егістік тәжірибеде нұсқалар орналастыру

  6. Егістік тәжірибені жоспарлау

  7. Егістік тәжірибені орналастыру техникасы мен жүргізу.

  8. Суармалы егістік жағдайында тәжірибе жүргізу ерекшеліктері.

  9. Топырақты эрозиядан қорғау тәжірибелері әдістемесі.

  10. Ашық топырақта көкөніс дақылдарын өсіру тәжірибелері.

  11. Жылыжайларда көкөніс дақылдарын өсірудің тәжірибелері.

  12. Жеміс және жидек дақыладарымен тәжірибе жүргізу.

  13. Шабындықтар мен жайылымдардағы тәжірибелер.

  14. Өндіріс жағдайында егістік тәжірибелер салу.

  15. Далалық тәжірибелердегі жиналатын құжаттар мен есеп беру.


©dereksiz.org 2016
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет