Әгп кафедрасының сениор-лекторы Жумабаева К. Ж

бет4/4
Дата23.11.2023
өлшемі0.88 Mb.
#484177
1   2   3   4
Презентация 8 Дәріс. Саясаттану.pptx

Авторитаризм – бүгінгі әлемде көптеген елдердегі биліктің мәнін, басқарудың тәсіл-амалдарын анықтап отырған режим. Ол түптеп келгенде жеке адамның, немесе шағын топтың билеуші есебіндегі (патша, диктатор, әскери хунта, деспот, т.б.) шексіз құқығына, күш – айбарына табан тірейді. Бұл режим көбінесе ескі әлеуметтік-экономикалық құрылымы ыдырап, әртүрлі әлеуметтік топтар жіктеліп, қоғам-дәстүрлі қалыптасқан жағдайдан жаңа сапалық өзгеріске көше бастаған өтпелі кезеңдерде пайда болады.

Авторитарлық режимде тоталитаризммен де, демократиямен де жақындастыратын ортақ қасиеттер бар. Биліктің заңмен шектелмейтін диктаторлық сипаты оны тоталитаризмге бейімдесе, қоғамда мемлекет бақылауынан тысқары қоғамдық салалардың (экономика мен жеке бас тіршілігі) болуы – демократияға қарай тартады.

Авторитаризмге тән негізгі белгілер:

1. Билік тұтқасы бір адамның немесе ат төбеліндей шағын топтың қолында;

2. Билік шексіз және қоғамдағы азаматтар тарапынан ешқандай бақылауға алынбайды;

3. Билік күшке сүйенеді, ол күшті қолданып, қуғын-сүргін жасап, қырып-жоюға бармауы мүмкін, бірақ қажет болған жағдайда көпшілікті зорлап айдағынына жүргізе алады;

4. Билік – саяси оппозицияға, ашық саяси іс-әрекетке жол бермейді. Кейбір партиялар мен кәсіподақ және кейбір ұйымдардың болуы мүмкін, бірақ олар билік тұтқасының қатаң бақылауында және биліктің ыңғайына жығылып өмір сүреді;

Билік тұтқасы – қоғам үстінен біртұтас қатаң бақылау жасамайды. Ол негізінен саяси саланы қадағалап ұстайды. Ал қалған салаларға, әсіресе экономиакға еркіндік береді. Автортаризм ең әуелі билеушінің қауіпсіздігін, қоғамдық тәртіпті, қорғанысты – басты назарда ұстайды;

  • Билік тұтқасы – қоғам үстінен біртұтас қатаң бақылау жасамайды. Ол негізінен саяси саланы қадағалап ұстайды. Ал қалған салаларға, әсіресе экономиакға еркіндік береді. Автортаризм ең әуелі билеушінің қауіпсіздігін, қоғамдық тәртіпті, қорғанысты – басты назарда ұстайды;
  • Басқарушы топ жоғарыдан тағайындау арқылы қалыптастырылады;
  • Цензура біршама дәрежеде сақталады, “жартылай жариялық” қағидаты ұсталады;
  • Біртұтас идеология болмайды;
  • Адам және азаматтардың құқықтары мен бостандықтары толық қамтамасыз етілмейді;

Қолданылған әдебиеттер тізімі:
1. Иванов, В. Теория государства. М.: Изд. дом Гос. ун-та -Высшей школы экономики, 2019. 288 с..
2. Пляйс Я.А. Политология : Учебник. - М: ИНФРА-М, 2019. - 414. - ISBN 978-5-16-014758
https://new.znanium.com/catalog/document?id=343224
НАЗАРЛАРЫҢЫЗҒА РАХМЕТ!

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4

©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет