Әгп кафедрасының сениор-лекторы Махмутов Б. Л



бет1/3
Дата02.05.2024
өлшемі242.87 Kb.
#500371
  1   2   3
Презентация 15 тақырып Саясаттану


АЛМАТЫ ТЕХНОЛОГИЯЛЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ»
https://atu.kz/
«Инжиниринг және ақпараттық технологиялар» факультеті
«Әлеуметтік-гуманитарлық пәндер» кафедрасы
«Әлеуметтік-саясаттану білім модулі
(әлеуметтану, саясаттану, мәдениеттану, психология)
ӘГП кафедрасының сениор-лекторы Махмутов Б.Л.
Раб.тел.:8 (727) 296-71-52 (вн. 107)
Эл.адрес: bekenti_84@mail.ru
№ 15 Дәріс. Әлемдік саясат және халықаралық қатынастар.
Дәріс жоспары:
1. Әлемдік саясат ұғымы, құрылымы, негізгі субъектілері.
2. Халықаралық қатынастар
3. ҚР сыртқы саясатының негізгі бағыттары.
Саясат – бүкіләлемдік құбылыс. Ол дүние жүзіндегі барлық адамдардың, ұлттар мен ұлыстардың, әлеуметтік топтардың, ұйымдар мен мемлекеттердің өмір тіршілігінің ажырамас саласы, қоғамдық болмыстың айқындаушы факторларының бірі. Қазіргі заманда әлемдік саяси үрдістің ағымдарынан тысқары оқшау қалып отырған ешқандай мемлекет те, халық та жоқ.
Әлемдік саяси үрдіс дегеніміз - дүние жүзі қауымдастығының өміріне қатысты саяси шешімдерді қабылдап, оларды іске асыру жолындағы мемлекеттік саяси институттардың, қоғамдық және саяси қозғалыстардың, халықаралық ұйымдардың , жеке адамдардың іс-әрекеті. Әлемдік саяси үрдістің нақты тарихи дәуірге байланысты өзіндік мазмұны, ерекшеліктері мен заңдылықтары бар.
Осы тұрғыдан алғанда ең әуелі назар аударатын нәрсе – осы заманғы әлем өте күрделі, сан алуандылыққа толы, сөйте тұра – біртұтас. Бүгінгі дүние шынында да сан алуан. Әлемде 200-дей мемлекет, 3000 – нан астам этникалық топтар бар. Олардың ә-рқайсысының тарихта өзіндік жолы, қалыптасқан дәстүрі, тілі және діни нанымы, ұлттық сипаты бар. Әр халықтың, мемлекеттіңғ экономикалық, әлеуметтік және рухани даму деңгейі де әр басқа, олар тарихи дамудың әр сатысында тұр. Соған сәкес өмір салты, мақсат-мүдделері де алуан түрлі. Мұның бәрі олардағы саяси жүйенің сипатының, мемлекеттік құрылыстың көптүрлілігін, демократиялық нышандардың деңгейін анықтайтыны сөзсіз. Осыдан келіп саяси құбылыстардың күрделілігі мен қайшылықты түрде өрбуі туындайды.
Осындай сан алуандылыққа қарамастан бүгінгі әлем, адамзат қоғамы біртұтас дейтін себебіміз неде? Біріншіден, әрбір адам жалпы адамзаттық құндылықтарға мойын ұсынып, өз бойына сіңіруге талаптанады. Демек, барлық адамдарға ортақ арман-мүдде, іс-әрекет, құндылық қасиеттер оларды жақындастырады. Екіншіден, дүние жүзіндегі барлық адамдардың, барлық халықтар мен мемлекеттердің өмір тіршілігіне қауіп төндіретін қару-жарақ әлі жойылған жоқ. Бұл да елдердің ортақ мүддесін қалыптастырады. Үшіншіден, осы заманғы ғылыми-техникалық революция бүкіл әлемді біртұтас қамтыды. Өндіргіш күштердің интеграциясы, дүниежүзілік біртұтас нарықтың қалыптасу үрдістері екпінді түрде жүріп жатыр. Төртіншіден, дүние жүзі халықтарының, мемлекеттердің арасындағы өзара экономикалық, саяси, мәдени т.б.қарым-қатынастар аса жоғары дәрежеде өтіп жатыр. Ешқандай да халық немесе мемлекет басқалардан тысқары, байланыссыз, өзара әсерсіз өмір сүріп, ілгері дами алмайтын жағдай қалыптасты. Әр елдің тағдыры әлемдік қауымдастық тағдырымен ұштасты. Ең бастысы елдер мен халықтар өзара байланысты, өзара тәуелді екендіктерін терең сезінетін ахуал орнықты. Осы ахуал бүгінгі замандағы жаңаша саяси ойлаудың өзегі болып табылады. Бесіншіден, біздің дәуірімізде дүние жүзіндегі барлық халықтар мен елдердің тағдырына тікелей қатысы бар адамзат алдында тұрған бүкіләлемдік мәселелер көп.
Бүкіл әлемдік мәселелерді төрт топқа бөлуге болады:
  • әлеуметтік-саяси сипаттағы проблемалар: ядролық соғыстың өртін өшіріп, қарулану процесін ауыздықтау, мемлекетаралық, ұлтаралық және аймақтық шиеленістерді бейбіт жолмен шешу, халықтар арасында өзара сенім мен сыйласым дәстүрін орнықтырып, қауіпсіздік жүйесін нығайту, ақпараттық ағымдарды игілікті пайдалану;
  • әлеуметтік-экономикалық сипаттағы проблемалар: артта қалуды, кедейшілікті жою, энергетикалық, шикізаттық, ішіп-жемдік, демографиялық дағдарыстарды реттеп, олардан шығу жолдарын бірлесіп іздеу;
  • әлеуметтік-экологиялық проблемалар; қоршаған ортаны, табиғатты күтімге алып, ұқыпты пайдалану;
  • адам проблемасы. әлеуметтік, экономикалық, саяси құқықтар мен бостандықтарға өміршеңдік сипат беру, надандықтың жолын кесіп, рухани дамуға жол ашу, қасіретті аурулармен тізе қосып күресу.

Халықаралық қатынастар түрлі қоғамдық ғылымдардың зерттеу объектісі болып табылады. Олардың ішінде жетекші орынды саяси ғылымдар иеленді. Үйткені ол мемлекеттік билікті тікелей зерттейтін негізгі ғылым болып саналады, ал халықаралық қатынастар дегеніміз –мемлекеттер арасындағы халықаралық аренадағы қатынастар болып табылады. Зерттеу объектісінің күрделілігі (билік пен басқарудың орталық ядросының жоқтығы, көптармақтылықтың (полицентризм), сыртқатебу (гетрогендік) факторларының жинақтаушы факторлардан үстемдігі, кездейсоқтық (стихиялық) пен субъективтік факторлардың үлкен мәнге ие болуы және т.б. ), сан – алуан ғылыми ұстанымдардың пайда болып, халықаралық қатынастар туралы бірнеше теориялардың қалыптасуына әкеліп соқты. Осылайша мемлекет өміріне құқық пен моральдың қағидаттарын (принциптерін) еңгізудің нәтижесінде адамзаттың әлемдік үкіметтің басқаруындағы біртұтас қоғамға айналатындығы туралы ұстанымнан халықаралық қоғам теориясы туындайды.
Факторлар теориясы әлемдегі күштердің даму қатынастарының алаңы ретінде қарастырылады, бұл қатынастар өз кезегінде саяси, экономикалық, әлеуметтік, психологиялық факторларға тәуелді болады. Материальдық факторлар –халықаралық алаңдағы мемлекеттің күш-қуатын анықтайды, ал қалғандары оның бағытын айқындайды.
Халықаралық қатынастар мен халықаралық саясат бір-бірімен тығыз байланысты.
Мемлекеттердің өзара ықпалды сыртқы саясаты халықаралық ортадағы спецификалық жағдайда билікті басып алуды, ісе асыру мен нығайтуды білдіреді.
Ықпал ету аумағына қатысты халықаралық қатынастардың келесі түрлері бар:
• саяси;
• экономикалық;
• идеологиялық;
• әскери;
• мәдени қатынастар және т.б
Саяси ғылым әлемдік саясатты жүйелік ұстанымның аясында қарастырады. Халықаралық қатынастар халықаралық саясат субъектілерінің өзара ықпалдастығы.
Халықаралық жүйе (ХЖ) – нің құрылымы, қатысушылары және сыртқы ортасы оның өзіндік сапалық ерекшелігін қалыптастырады. Жүйедегі байланыстардың негізі:
  • тарихи кезеңдегі жетекші дамыған мемлекеттердің қарым-қатынасынан тұратын - күштер орталығына негізделген қатынастардан;
  • дау – жанжалдар мен тұрақсыздықтың салдарларынан туындайтын қарама – қайшылықтардың түйіндерінен;
  • құрылымнан жоғары тұратын ұйымдар - халықаралық үкіметтік және үкіметтік емес ұйымдар және халықаралық құқықтан тұрады.

Халықаралық Жүйенің негізгі қатысушысы – мемлекет. Ол сыртқы саясатты жүргізетін, келісім шарттарға қол қоятын және кепілдік беруге қабілетті бірден бір жалпыұлттық институт болып табылады. Халықаралық қатынастардың субъектілері ретінде сондай-ақ ұлттар, мемлекеттік емес, халықаралық ұйымдар, түрлі әлеуметтік институттар, топтар мен жеке тұлғалар болады. ХЖ – нің сыртқы ортасы дегеніміз - әлемдік экономика және әлеуметтік сала болып табылады. Әлемдік экономика дегеніміз – экономикалық әлеуеттіліктің тұтас жиынтығы. Ол әлемдік саясатқа шешуші түрде ықпал етеді.

Халықаралық Жүйенің негізгі қатысушысы – мемлекет. Ол сыртқы саясатты жүргізетін, келісім шарттарға қол қоятын және кепілдік беруге қабілетті бірден бір жалпыұлттық институт болып табылады. Халықаралық қатынастардың субъектілері ретінде сондай-ақ ұлттар, мемлекеттік емес, халықаралық ұйымдар, түрлі әлеуметтік институттар, топтар мен жеке тұлғалар болады. ХЖ – нің сыртқы ортасы дегеніміз - әлемдік экономика және әлеуметтік сала болып табылады. Әлемдік экономика дегеніміз – экономикалық әлеуеттіліктің тұтас жиынтығы. Ол әлемдік саясатқа шешуші түрде ықпал етеді.

ХЖ өзінің қызметін әлемдік және аймақтық саяси, құқықтық, экономикалық және мәдени құрылымдар арқылы жүзеге асырып отырады. Негізгі жаһандық ұйымдарға (өзінің жетекші ұйымдарымен БҰҰ, Халықаралық банк, ХВФ, ЮНЕСКО, БДҚҰ), жаһандық – аймақтық ұйымдарға (үлкен жетілік, ОБСЕ), аймақтық ұйымдарға (ЕО, НАТО, АСЕАН) және т.б жатады.

ХЖ-нің субъектілерінің сапалық өзгеруі, құрылымдық өзгерістер халықаралық қатынастардың тарихи дамуына әкеледі. Тарих халықаралық қатынастар жүйесінің сапалық жағынан сан - алуан болғандығына куә болған. Халықаралық қатынастарды жіктеудің өлшемі ретінде ХЖ – гі күштер орталығын қалыптастыруға бағытталған әрекеттердің сипаты мен халықаралық алаңдағы үстемдікке қол жеткізу үшін жасалатын күрес алынады.

Халықаралық қатынастар негізгі екі қағидат: күш пен құқыққа негізделеді. Қазіргі кезеңдегі жағдайға қарап бағалайтын болсақ, саясат мемлекетаралық мүдделердің реттеудің құралына айнала түскен сайын құқықтың күштен үстемдігі соншалықты айқындалып келеді.

Халықаралық қатынастар негізгі екі қағидат: күш пен құқыққа негізделеді. Қазіргі кезеңдегі жағдайға қарап бағалайтын болсақ, саясат мемлекетаралық мүдделердің реттеудің құралына айнала түскен сайын құқықтың күштен үстемдігі соншалықты айқындалып келеді.



Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет