Әйелдер тұрғысында 40 хадис және Әйел әдебі



Pdf көрінісі
бет23/54
Дата22.08.2024
өлшемі5.44 Mb.
#503197
1   ...   19   20   21   22   23   24   25   26   ...   54
40hadis

�������������������
Тозақтық екі топ кісі
Мағынасы:
Әбу Һұрайра (p.a.) былай дейді: Хазіреті Пайғамбар (с.а.у.): 
«Тозақтық екі mon кісі бар, бірақ мен оларды көрмедім. Біріншісі 
қолдарында сиырдың құйрығындай қамшы бар, онымен адамдар-
ды сабалап ұрып жүрген қауым. Екіншісі киімі бар, бірақ жалаңаш, 
бүгілген әрі бүгітілген бір топ әйелдер! Бастары түйенің 
өркешіндей ирелеңдеген. Олар жұмаққа кіре алмайды, оның иісін 
де искей алмайды. Жұмақтың иісі мынадай қашықтықта сезілсе 
де» 
(Мүслим, Либас 125; Жәннат 52; Муатта, Либас 7).
Хадиске түсініктеме:
Бұл хадис Хазіреті Пайғамбардың (с.а.у.) мұғжизаларының 
бірі. Хазіреті Пайғамбардың (с.а.у.) оларды көргенім жоқ деп 


46
Әйелдер тұрғысында 40 хадис
айтуы, болашақтағы жайттан хабар беріп түрғандығын білдіреді. 
Киімі бар бірақ жалаңаш деген сөзі арқылы мынадай әйелдерді 
меңзеп тұр:
1. Аллаһтың берген нығметінің арқасында киген киімдеріне 
шүкір етпейтін әйелдер.
2. Киім киіп, ұятты әурет жерін жауып жүрсе де қайырлы іс 
істемей, ақыреттік азығын дайындамайтын әйелдер.
З. Әдемілігін паш ету үшін денесін көрсетіп жүретін 
әйелдер.
Бүгілген әйелдер деп сипаттауы Аллаһқа мойынсұнбайтын 
әйелдер тұрғысында. Ал бүгітілген дегені өзінің істегендерін 
өзгелерге үйреткендер. Әйелдер бастарына әр түрлі нәрселер бай-
лап жүргендіктері үшін бастары түйенің өркешіне ұқсатылған.
�������������������
Жасанды шаш (парик)
Мағынасы:
Хазіреті Әбу Бәкірдің қызы Асманың (р.а.) айтуынша: «Бір 
әйел кісі Пайғамбарымызға (с.а.у.) келіп:
- Уа, Аллаһтың Елшісі! Менің жаңа түскен келінім бар. 
Қызылша ауруына шалдығып шаштары төгіліп түсіп қалды. 
Сол шаштарын жалғайын ба? - деп сұрады. Оған Хазіреті 
Пайғамбар (с.а.у.): «Шаш жалғағанға да жалғатқанға да Аллаһ 
Тағала лағнет етсін» деп жауап берді» 
(Мүслим, Либас 115).




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   19   20   21   22   23   24   25   26   ...   54




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет