51
Әйелдер тұрғысында 40 хадис
майды». Яғни, әйелдердің көпшілігінде ақыл мен дінінде
кемшілік бар десе де, кейбір әйелдер көпшілік еркектерден
әлдеқайда артық. Ақыл жағынан да, діндарлық жағынан да
еркектерді басып озатын әйелдер де бар. Хазіреті Пайғамбар
(с.а.у.) қиямет қайымға дейін болатын барлық нәрсені теле-
дидардан көріп тұрғандай үмбетіне айтып берген. Мұны
өздігінен емес Аллаһтың білдіруімен айтқан. Яғни, тозақ пен
жұмақты көруі әрі тозақтағылардың көшпілігінің әйелдер
екендігін көруі соның нәтижесі. Сондықтан да
мұсылман
әйелдерді
садақа беруге, қайырлы іс істеуге, кешірім сұрап
жалбарынуға шақырған.
Сонымен қатар берілген нығметке шүкір етпей қарсы шығу
мен қарғыс айтудың үлкен күнә екенін білдіріп, мұсылман
әйелдерді мұндай істерден тыйған. Хазіреті Пайғамбарымыз
(с.а.у.) бір хадисінде:
«Кімде-кім бір нәрсеге қарғыс айтса сол
қарғыс аспанға көтеріледі, аспанның қақпалары жабылады.
Содан кейін жерге түседі де қарғысты қабылдамайды. Кейіннен
қарғыс оңды-солды жүреді. Тұрақты орын таппағандықтан
қарғыс айтылған адамға барады. Егер ол адам қарғысқа лайық
болса сонда қалады. Егер лайық болмаса қарғыс, қарғысты
айтқан адамның өзіне барады» деп жөн-жосықсыз сөйлеуден
және де қарғыс айтудан барша мұсылмандарды, соның ішін-
де әйелдерді тоқтатқан. Қазақта «айтылған сөз атылған оқпен
тең» демекші әрбір сөйлеген сөзімізге ерекше мән бергеніміз
жөн.