Әйелдер тұрғысында 40 хадис және Әйел әдебі


«Ол күні  олардың ауыздарын мөрлейміз. Бізге олардың қолдары сөйлеп



Pdf көрінісі
бет28/54
Дата22.08.2024
өлшемі5.44 Mb.
#503197
1   ...   24   25   26   27   28   29   30   31   ...   54
40hadis

«Ол күні 
олардың ауыздарын мөрлейміз. Бізге олардың қолдары сөйлеп, 
не істегендеріне аяқтары айғақ болады» деген. Айтқан зікірі мен 
тәсбихтеріне саусақтары куәлік етсін деп, мұсылман әйелдерге 
осы сөздерді саусақтары арқылы орындау керектігін көбірек 
айтқан. Аллаһ Тағала баршамызды ғапылдықтан сақтасын. Дүние 
мен ақыретке пайдалы іс істеуді нәсіп етсін. (Әмин!)
��������������������
Баласын күйеуге айырбастаған әйел


54
Әйелдер тұрғысында 40 хадис
Мағынасы:
Ауф бин Мәликтің (р.а.) айтуынша Хазіреті Пайғамбар 
(с.а.у.) сұқ саусағы мен ортаңғы саусағын біріктіріп: «Мен, сұлу 
да әдемі бола тұра күйеуі өлгеннен кейін тұрмысқа шықпай, бо-
янбай балаларына қараған әйелдермен жұмақта осылай бірге 
боламыз» деген 
(Ахмед ибн Ханбәл 6/29).
Хадиске түсініктеме:
Мүминдердің барлығы жұмаққа кіреді. Бірақ олардың 
жұмақтағы дәрежелері бірдей болмайды. Олар иманы мен амал-
дарына қарай әр түрлі дәрежеде болады. Бұл жайлы Хазіреті 
Пайғамбар (с.а.у.) бір хадисінде былай дейді: «Жұмақтағылар 
өздерінен жоғарыда тұратындарды шығыс пен батыстағы 
жарық жұлдыздарды көргендей айқын көреді. Өйткені олардың 
араларында айырмашылықтар бар».
Сахабалар:
– Уа, Аллаһтың Елшісі! Жоғары дәреже Пайғамбарлардікі 
емес пе? Оған өзгелер қалай қол жеткізеді? - деп сұрағанда; Ха-
зіреті Пайғамбар (с.а.у.): «Аллаһтың атымен ант етемін! Олар 
Аллаһқа сеніп пайғамбарды растаған бір топ адамдар» деп жауап 
береді. Хазіреті Пайғамбар (с.а.у.) сахабалардың ойлағанындай 
жұмақтағы үлкен дәреженің тек қана пайғамбарға тиісті еместігін, 
оған Алаһқа шынайы сеніп, пайғамбарларды растаған адамдарға 
да нәсіп ететінін білдірген. Мүминдердің шексіз қуаныштары 
– Хазіреті Пайғамбармен (с.а.у.) жұмақта бірге болу. Хазіреті 
Пайғамбар (с.а.у.) тірі кезінде жұмақта қандай адамдар өзімен 
бірге болатынын кейде білдіріп те отырған. Жоғарыдағы хадисте 
күйеуі өлсе де тұрмысқа шықпай, бала тәрбиесімен айналысқан 
әйел өзімен бірдей дәрежеде болатындығын айтқан. Тағы да бір 
хадисінде: «Өзінің немесе өзгелердің жетім қалған балаларына 
қараған адаммен жұмақта былай боламыз деп сұқ саусағы мен 
ортаңғы саусағын көрсеткен». Бұл хадистің негізгі мағынасы 
мұндай қайырлы істерді істеген адамдардың дәрежесі үлкен бо-
лады. Пайғамбарымыздың дәрежесіне жету оңай іс емес. Күйеуі 


55
Әйелдер тұрғысында 40 хадис
өмірден өткен әйел тұрмысқа шықсам, балаларымның жағдайы 
не болады деп, тұрмысқа шықпаса Хазіреті Пайғамбар оларды 
өзімен бірге болатындығымен сүйіншілеген. Әрине балаларын 
бағып-қағу ниетінде болса. Әбу Һұрайраның айтуынша Хазі-
реті Пайғамбар (с.а.у.) Әбу Талибтың қызы Умму Ханиді өзіне 
тұрмысқа шығуын өтінген. Сонда ол:
– Уа, Аллаһтың Елшісі! Мен қартайдым, оған қоса балала-
рым да бар деп, тұрмысқа шығуға қарсылығын білдірген. Мұны 
естіген Хазіреті Пайғамбар (с.а.у.): «Бұл түйеге мінген Араб 
әйелдерінің ең қайырлысы» - деген.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   24   25   26   27   28   29   30   31   ...   54




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет