Әйелдер тұрғысында 40 хадис және Әйел әдебі


Әйелдер тұрғысында 40 хадис ����������������������



Pdf көрінісі
бет30/54
Дата22.08.2024
өлшемі5.44 Mb.
#503197
1   ...   26   27   28   29   30   31   32   33   ...   54
40hadis

57
Әйелдер тұрғысында 40 хадис
����������������������
Әйелдің мешітке баруы
Мағынасы:
Абдулаһ бин Омардың (р.а.) айтуынша Хазіреті Пайғамбар 
(с.а.у.) былай деген: «Әйелдердің мешітке кіруіне тыйым 
салмаңдар (кедергі болмаңдар). Бірақ олар үшін үйлері әлдеқайда 
артық»
(Мишкатул Мәсабих І том, 334б хадис 1062).
Хадиске түсініктеме:
Намаз иман келтіргеннен кейінгі әрбір мұсылманның ең 
басты құлшылықтарының бірі. Осы құлшылықты бес уақыт ме-
шітте орындау еркектер үшін өте үлкен сауап. Әйелдерге де осы 
құлшылықты толық орындау міндеттелген. Бірақ олар үшін на-
мазды үйлерінде оқу әлдеқайда артық. Әйелдердің мешітке ба-
рып-бармауы жөнінде ғалымдар бір тұжырымға келе алмаған. 
Имам Нәуәуи: «Қартайған әйел үшін де үйінен артық жер жоқ» 
деген. Абдуллаһ бин Масғуд: «Әйел әурет болып саналады. Ол 
үйінде отырған уақытта Аллаһқа жақын болады. Көшеге шығар 
болса оның ізіне шайтан түседі» деген. Хазіреті Пайғамбар 
(с.а.у.): «Әйелдің бөлмесінде оқыған намазы үйінде оқыған нама-
зынан, ал бөлмесінің бір бұрышында оқыған намазы, бөлмесінде 
оқыған намаздан әлдеқайда артық» деген. Ибн Омардың (р.а.) 
риуаят еткен хадисінен мынадай нәтиже шығаруға болады: 
Әйелдің жамағатпен намаз оқуы үшін мешітке баруына тыйым 
салынбаған. Бірақ, бүліктен сақтану мақсатымен үйінде отыру-
ды дұрыс көрсе оның ең қайырлы ісі болып саналады. Өйткені, 
Хазіреті Пайғамбар (с.а.у.): «Әйелдің жеке оқыған намазы, ме-


58
Әйелдер тұрғысында 40 хадис
шітте оқыған намазынан жиырма бес есе артық» деген. Әйел 
адам мешітке баруына тура келген кезде ол ұятты жерлерін 
жауып, хош иіс себуден сақтанғаны жөн. Хазіреті Пайғамбар 
(с.а.у.) бұл тұрғыда: «Әйел хош иіс сеуіп мешітке барса, ол иі-
сін кетірмейінше намазы қабыл болмайды» деген. Мешіт ішінде 
де олар үшін ең қайырлы орын, ең арқадағы қатар. Бұл жайлы 
Хазіреті Пайғамбар (с.а.у.): «Еркектер үшін ең қайырлы қатар 
алдыңғы, ең жаманы соңғы can. Әйелдер үшін ең қайырлысы ең 
соңғы can, ең жаманы әуелгі сап» деген.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   26   27   28   29   30   31   32   33   ...   54




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет