Әйелдер тұрғысында 40 хадис және Әйел әдебі



Pdf көрінісі
бет31/54
Дата22.08.2024
өлшемі5.44 Mb.
#503197
1   ...   27   28   29   30   31   32   33   34   ...   54
40hadis

��������������
Әйелдің күйеуіне құрмет көрсетуі
Мағынасы:
Әбу Һұрайрадан (p.a.) риуаят етілген хадисте Хазіреті 
Пайғамбар (с.а.у.): «Егер адамның адамға сәжде етуін әмір етер 
болсам, әйелдің күйеуіне сәжде етуіне әмір берер едім» деген 
(Тирмизи, Рида 10).
Хадиске түсініктеме:
Пенденің Аллаһқа жақындайтын ең керемет сәті сәжде 
халінде. Ол маңдай мен мұрнын жерге тигізу арқылы орын-
далады. Сәжде делінгенде осы мағына көз алдымызда бейне-
ленеді. Періштелердің Хазіреті Адамға және Жүсіпке (ғ.с.) 
бауырларының сәжде етуіндегі мақсатын құрмет көрсету деп 
түсіну керек. Ислам діні мұндай әрекеттерді адамның адамға 
иілуі болғандықтан тыйым салған. Адамның адамға құрмет 


59
Әйелдер тұрғысында 40 хадис
көрсету мақсатымен иілуі «сәлем» ретінде болғандықтан оның 
ешқандай әбестігі жоқ. Аллаһтан өзгесіне сәжде етуге Хазіреті 
Пайғамбардың (с.а.у.) өзі де әмір бере алмайтынын жоғарыдағы 
хадисінен көруге болады. Егер рұқсат берілген жағдайда 
әйелдің күйеуіне сәжде етуіне әмір берер еді. Бұл хадистің 
айтылуындағы негізгі мақсат мына төмендегідей: Ансарлардың 
біреуінің өте асау түйесі болады. Асаулығы соншалық жанына 
адам жуытпайтын. Сондықтан оны иесі еш пайдасына жарата 
алмады. Қатты ызаланып мұны Хазіреті Пайғамбарға (с.а.у.) 
айтты. Пайғамбар қасына бірнеше сахабаны ертіп түйе жүрген 
жерге барды. Сахабалар:
– Уа, Аллаһтың Елшісі! Оған жақындамаңыз. Сізге зи-
янын тигізуі мүмкін. Хазіреті Пайғамбар (с.а.у.): «Ол маған 
ештеңе істей алмайды. Мені таниды» - дейді. Түйенің қасына 
жақындады. Қолын түйенің басына апарып, басын сипады. 
Түйе басын жерге қойып Хазіреті Пайғамбарға (с.а.у.) құрмет 
көрсетті. Хазіреті Пайғамбар (с.а.у.) мұғжиза ретінде түйемен 
сөйлесті. Түйе иесінің су, шөп бермей аштан-аш байлайты-
нын, онымен қоймай тынымсыз жұмыс істететіндігін айтып 
шағымданды. Түйенің Пайғамбарға (с.а.у.) көрсеткен құрметіне 
таңқалған сахабалар былай деді:
– Уа, Аллаһтың Елшісі! Ол жануар бола тұра сізге бас иіп 
сәжде етті. Біз адамбыз ғой, сізге сәжде етсек жараспай ма? Біз-
ге саған сәжде етуге рұқсат бер. Сонда Пайғамбар (с.а.у.) оларға 
қарап:
Адамның адамға сәжде етуін әмір етер болсам, әйелдің 
күйеуіне сәжде етуіне әмір берер едім, - деп жауап берді.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   27   28   29   30   31   32   33   34   ...   54




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет