Әйелдер тұрғысында 40 хадис және Әйел әдебі



Pdf көрінісі
бет12/54
Дата22.08.2024
өлшемі5.44 Mb.
#503197
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   54
40hadis

«Әй, мүминдер! Сабыр 
және намазбенен Аллаһтан жәрдем тілеңдер. Күдіксіз Аллаһ 
Тағала сабыр етушілермен бірге» 
(Бақара сүресі: 153-аят). 
Хадисте 
баяндалғандай Хазіреті Пайғамбардың (с.а.у.) басына қиын-
қыстау іс түскенде намаз оқитын делінген.


23
Әйелдер тұрғысында 40 хадис
Намаз, дүние мен ақыретте мүминдер үшін көздің нұры етіл-
ген. Мүминдер осы нұрдың себебімен жұмаққа кіретіндіктері де 
айтылған.
����������������
Хазіреті Пайғамбарға (с.а.у.) ең жақын адам
Мағынасы:
Жәбир бин Абдуллаһтан риуаят етілген хадисте Хазіреті 
Пайғамбар (с.а.у.): «Расында сендердің маған ең жақсыларың 
әрі қиямет күнінде ең жақын болатындарың – әдеп тұрғысынан 
ең көркем болғандарың. Сондай-ақ сендердің маған ең сүйкімсіз 
болғандарың әрі қиямет күнінде менен ең ұзақ болатындарың 
арсыз әрі ұрттарын тартайтып сөйлейтіндер және 
«мутәфәйһиқун» болғандарың» деген. Сонда сахабалар:
Уа, Аллаһтың елшісі! Біз арсыздар мен ұрттарын тартай-
тып сөйлейтіндерді жақсы біліп алдық бірақ «мутәфәйһикун» 
дегеніңіз кімдер болғаны? - дейді. Пайғамбарымыз: Олар 
«тәкәппарлар» деп жауап береді 
(Тирмизи, Бирр 71; Ахмед ибн Ханбәл 
4/193, 194).
Хадиске түсініктеме:
Аллаһ Тағала және Оның ең соңғы пайғамбары болған 


24
Әйелдер тұрғысында 40 хадис
Мұхаммедті (с.а.у.) дүниедегі барша нәрседен де артық жақсы 
көру иман ләззатын алуға жетелейді. Иманы кәміл мүмин 
үшін бала-шаға мен мал-мүліктен де Пайғамбарға деген 
сүйіспеншілік қашанда да жоғары тұрады. Осыған байланыс-
ты Пайғамбарымыздың айтқан мынадай бір хадисі бар: «Мені 
өте жақсы көретін бір топ үмбетім мен өмірден өткеннен кейін 
дүниеге келеді. Олар жанұясы мен мал-мүлкін қиып, мені көруді 
армандайды» - деген. Яғни, «мені өте жақсы көретіндердің бір 
тобы – менің сахабаларым; бір тобы – олардан кейін келетіндер. 
Олар мүмкіндіктері болса қолдағы бар мүлкін беріп мені көргісі 
келеді» деген сөз.
Олар екі дүниеде де дәл осындай сезімде жүреді. Жұмақта 
Хазіреті Пайғамбардың (с.а.у.) жанында болу – барша мүмин-
дердің арманы. Сахаба Рабиа бин Қаб әл-Әслами былай дейді: 
Хазіреті Пайғамбарымызбен (с.а.у.) бірге түнегелі отырған бо-
латынбыз. Оған дәрет суы мен керекті заттарды апарып бердім. 
Мұны көріп маған:
Қандай тілегің бар? - деді. Мен:
- Жұмақта сіздің қасыңызда болғым келеді, - дедім.
- Одан басқа бар ма? Мұның үлкен тілек қой - деді.
- Бар тілерім осы ғана - дедім. Хазіреті Пайғамбар (с.а.у.): 
«Олай болса Аллаһқа көп мінәжат етіп, менің жанымда жүр. 
Яғни, саған жасаған дұғамның қабыл болуы үшін намазыңды 
көбірек оқы» - деді.
Осы хадиске түсініктеме берген Ислам ғалымдары былай дей-
ді: Аллаһ Тағала Пайғамбарға жұмақтың қазынасын қалағанына 
бере алатындай мүмкіндік берген. Тіпті жұмақтың қалаған же-
рінен, қалаған адамына орын бере алады. Пайғамбарымызды 
жақсы көру әрі оның сүйіспеншілігіне бөлену мұсылман үшін 
өте маңызды. Оның сүйіспеншілігіне бөленудің белгілері 
жоғарыдағы хадисте баян етілді. Яғни ең алдымен көркем мінез-
ді болу. Көркем мінездің анықтамасында көптеген ерекшелік-
тер айтылған. Көркем мінез жайлы көпшілік ғалымдар былай 


25
Әйелдер тұрғысында 40 хадис
деген: көркем мінез, нәпсіні барша жақсы мінездермен безенді-
ріп, жамандық атаулыдан, азғындықтан арылу. Көркем мінезге 
екі жолмен ие болуға болады: Біріншісі – адам туылғанда беріл-
се; екіншісі – күш-қайрат, талпыну нәтижесінде қол жеткізуге 
болады. Жаратылысында яғни туылғанында берілу. Ол Аллаһ 
Тағаланың сыйы болып есептеледі. Бұған адамның ешқандай 
талпынысының қажеті жоқ. Ал өз күші арқылы жетудің үш 
жолы бар:
1. Көркем мінезді, салиқалы, игі адамдармен үнемі бірге 
жүріп, олардан үлгі алу.
2. Тәрбие арқылы.
3. Нәпсіні жаман іс-әрекеттерден және жаман ойдан арыл-
ту.
Бұл жол өте ұзақ мерзімді талап етеді.
Әдепсіздікті жағымсыз қылық деп атаған Хазіреті Пайғамбар 
(с.а.у.) көркем мінезділікке де анықтама берген. Әбу Һұрайрадан 
(р.а.) риуаят етілген хадисте былай делінеді:
«Әй, Әбу һұрайра! Көркем мінезді болуға тырыс». Әбу 
Һұрайра:
«Көркем мінез деген не?» - деп сұрағанда Пайғамбарымыз: 
«Сенен күдерін үзгендермен күдер үзбей қатынас жасауың әрі 
саған жөнсіз тиіскендерді кешіруің және сені күндегендерге сый-
сияпат беруің» - деген.
Жәбирден (р.а.) риуаят етілген хадистен мынадай нәтиже 
шығаруға болады:
1. Бұл хадис барша мұсылмандарды көркем мінезді болуға 
шақырады
2. Көркем мінезділік Аллаһ Тағала мен Пайғамбардың 
сүйіспеншілігіне бөлейді.
3. Көркем мінезді мұсылман ақыретте Пайғамбарға жақын 
болады.
4. Әдепсіздік Аллаһ Тағала мен Пайғамбардың ашуына ду-
шар етеді.


26
Әйелдер тұрғысында 40 хадис
5. Өсекшілік, жөн-жосықсыз сөйлеу, тәкаппарлық жасау 
әдепсіздіктің белгісі.
6. Әдепсіздік ақыретте Пайғамбардан ұзақтатады.
Осы хадистің түсініктемесін Пайғамбарымыздың мына 
дұғасымен бітірсек, әрі бұл дұғаны жаттап алып, үнемі айтып 
жүруге әдеттенсек:
«Аллаһым! Тәнімді әдемі жаратқаныңдай мінезімді де 
көркем ете гөр».


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   54




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет