Сол күні Аян әжесінің тумаласы Бапай деген шалдың үйіне көшті. Дәл
осы кезде, азын-аулақ көрпе-жастық тиелген шананы Бапай айдап, Аян өзі
қоңыр сиырын бұйдасынан жетелеп көшенің басындағы шалдың үйіне көшіп
бара жатты. Қоңыр сиыр Аянды сүзіп жіберердей боп алға қарай оқтана жүр-
ді. Бірақ сүзген жоқ, жүріп келе жатқан бойда Аянның қаудырлаған сары то-
нының етегіне иіскеді де, тұмсығын созып, ыңырана мөңіреді. Аянның ша-
насы жоқ, сондықтан елдің шана тепкенін қызықтап қарап тұрды,Аян
бәріміздің шанамызды бір-бір реттен теуіп шықты. Ол қып-қызыл боп қара
терге түсе ентігіп, алабұртып, елден ерекше даурыға сөйлеп, сақылдап күлу-
мен болды.
Б
алалар Аянның бастауымен Бапай шалдың үйінің іргесіне келгенде,
Бапайдың кемпірі қуып жібереді. Садықтың ойына ауыл шетіндегі ат
қора түсіп, ертегі тыңдау үшін сол күннен бастап күнде кешкісін ат қо-
раның төбесіне жиналуды әдетке айналдырдық.
«Ғажап ертегілер еді… Дүниедегі жақсылық атаулының бәр-бәрі: ерлік те,
ізгілік те, сұлулық пен ақылдылық та, әйтеуір адамға тән не бір асыл қасиет-
тің барлығы да сол Аянның ертегілерінде болушы еді.»
Садық, Есікбай сынды балалар батырлардың ссілтеген семсерлеріне қы-
зығып, фашистерді бауша қияр едім деп армандайды.
Өзі жетім болған соң ба, кім білсін, Аянның ертегілері көбіне жетім бала
туралы болушы еді.
Біз ертегілердің бәрін Аянның өзі күнделікті ойлап шығаратынын білсек те,
оған пәлендей мән бермеуші едік. Бар білетініміз: Аян күнде неше түрлі ер-
тегілерді ойлап кеп, кешкілік бізге айтып беруі керек, ал біз ұйып оты?рып
тыңдағанды ғана білеміз. Ертегі ойлап шығару оңай ма, қиын ба, ол жағында
еш шаруамыз жоқ. Тіпті ол жағын сөз ете қалғанның өзінде де, «Аян ғой күн
сайын бір ертегі ойлап шығарады, ендеше ертегі шығару қиын да емес
шығар, тек басқамыз ертегіні қалай құрастырудың әдісін білмейтін болар-
мыз», – деп түйетінбіз. Таң атқаннан күн батқанша салп-сұлп етіп, көшенің
аяғынан басына дейін шана сүйретіп сырғанақ ойнауды ғана білетінбіз. Кеш-
кісін тесік пималарымыз бен сырма шарықтарымыз зілдей боп, шылқылдап
су өткеніне қарама?стан, ат қораның төбесіне тартатынбыз…
Достарыңызбен бөлісу: