басым қарбыз тәрізді доп-домалақ, тап-тақыр.
Шашымды Әубәкір шал кеше ғана ұстарамен сыпырып алып тастаған. Қатты-
лығы, қайраттылығы шошқаның қылшығынан бір кем емес. Осы ауылда оны
алуға жарайтын бір ғана ұстара бар — ол Әубәкірдікі. Оның өзі де алғаш салған
бетте тұтқырланып, жүрмей қалады.
Біздің «Спартак» кеше қайраттықтардан жеті де бес болып ұтылған еді. Бүгін
оларды қалайда жеңуіміз керек. Команданың капитаны ретінде соған қатты ши-
рығып, іштей дайындықпен келе жатырмын. Мектептің қасында Жантас ұшыра-
са кетті. Қолында лагерьге жолдама бар екен, бірақ тізімде Қожа жоқ болып
шығады.
Майқановамен алғашқы кездесуі: жаңа оқулықтар, дәптерлер сатып жатыр де-
генді естідім, әжемнен ақша ала салып, замғап дүкенге келдім. Рас, сатып жа-
тыр екен. Бірақ адам деген лық толы. Кезектің соңы далаға шығып кетіпті. Ке-
зекті күтпей өтіп кетпекші болғанда көк көзді бойы Қожанікіндей тықылдаған
келіншек ұстап алады. Бұл Сәбира Майқанова болып шығады. Қазақ тілінен
мұғалім және класс жетекшлері болады.
Қожа кешігіп келгенде, бірінші сабақ орыс тілі. Анфса Михайловна
Пушкин-
нің «Қысқы кешін» жаттауға беріпті, Қожа ұмытып кетеді, бірақ соңында қоңы-
рау соғылып Қожаның жолы болады.
Бақа ұстап келудә тапсырған - зоология пәнінің мұғалімі Оспанов.
Мен бір, екеудің орнына тіс порошогінен босаған қаңылтыр қобдишаға толты-
рып, бес бақа әкелдім. Оның біреуі ғана үлкендеу еді де, басқалары кішкентай
ұсақ бақалар болатын. Кішкентай бақаның бірін Майқанованың сумкасына
сүңгітіп жібереді, Майқанова содан сабаққа екі күн бойына келмеді. Шошынып,
ауырып қалыпты. Жұмысқа бүгін ғана шығып отыр.
«Түбінде адам болатын бала» деп директорға мақтап бара жатқан: Майқанова.
Кешкі астан кейін төр үйге кіріп, стол шамды жақты да, сырттан ештеңе көрін-
бестей етіп терезе перделерін түсірді. Бұрышта кісі бойы үлкен айна алдына
отырып құпия кеңес құрды.
Қаулы. Қадыров Қожаның жеке бас тәртібіне байланысты мәселені талқылай
кеп, құпия кеңес мынадай қаулы алады:
«БІРІНІШ. Тәртіпсіздік кісіні жексұрын кӛрсетіп бітеді екен. Оған көзім әбден
жетті. Әрі бұл адамның келешегі үшін зиян. Тәртіпсіз болсаң, комсомолға да ал-
май қоюы мүмкін. Сондықтан, қалай еткенде де, тәртіпті болуым керек. Ол
үшін:
а) Бұдан былай ешкімге тиіспей, жайыма жүремін. Досым болсын, қасым бол-
сын, бейбіт қатар өмір сүруге тырысамын.
ЕСКЕРТУ! Егер тиісуші мен болмай, басқа болса, оған: «Аулақ жүр, жақсылық
көрмейсің» деген тәрізді ескертпелер жасауым керек. Онда да тыңдамай, баса
көктеп келе жатса, мұндай жағдайда, қажет деп тапсам, қол да жұмсау арқылы
қорғануға еріктімін деп санаймын.
ә) Осыдан осылай ешқандай тәртіпсіз, тұрпайы сөзді аузыма алмаймын. Үлкен-
ді аға, кішіні іні деп тұрам.
ЕКІНШІ. Әрбір тәртіпсіздік қылығым үшін дер кезінде аяусыз жазаланып