"Әке-шешең" деген сөзді қырсығып айтқандай болды. Ал әке-шешемнің
тірі, жер басып жүргеніне мен кінәлі емес едім.
"Ораза-намаз - тоқтықта ғана" деген. "Тоқ бала аш баламен ойнамайды"
деген. Содан соң "Аласталған Алитет" деген кітапты қолына алып әрі-бері
аударыстырды да, ірге жаққа лақтырып жіберд – Баяғыда бір жетім бала бо-
лыпты, - деп бастады.
Бүгінде менің есімде Тортай айтқан ертектің көбі қалмаған, тіпті сол арман-
шыл баланың өзін де ұмытқандай едім... Тек, "баяғыда бір жетім бала болып-
ты" деп басталушы еді, ал, қалай аяқталатынын білмеймін
–"Бұл дүниеде мен пір тұтар, сырласар жалғыз-ақ нәрсем бар, ол - кітап, -
дейтін. - Әкем де, шешем де сол - кітап. Кейбірін екі-үш қайтара жалықпай
оқып шықтым. Жалғыздығың, жетімдігің, бәрі-бәрі ұмытылып, басқа бір
жұмақты өміірге сапар шеккендей боламын. Әттең, жағдай келсе,
оқуымды одан әрі жалғастырып, Алматыға аттанар едім. Шынымды
айтайыншы, кітап жазып, жазушы болғым келеді."
Жайлаудың жадыраған ашық күндерінің бірінде Тортайға еріп бұзау бағуға
шықтым. Менікі еріккеннің ермегі сықылды еді. Тас шоқының ұшар басына
дейін бұзауларды өргізіп бардық та, еркіне қоя бердік. Өйткені төрт аяқты мал
бұл жерден ұзап ешқайда кете алмайтын. Биіктеген сайын қалың барағы орман
таусылып, таудың таз төбесі басталатын. Заңғар таудың төбесінде үнемі суық
жел соғып тұратындықтан, ағаш болмайды және шөп те бойлап қалың өспейтін
тақыр.
Алтайдан шығысқа тартып кетсек Моңғолия деп қиялдайды Тортай. Онда
барса "о, қазақтар келді" деп құшақ жаяр еді, қымыз, ет төгілер еді. Сосын бір-
бірмен ақ боз атқа отырып елімізге қайтар ек деп армандайды. Астындағы
жақпар тасты тебініп қояды.
Тортай түсінде "көк өгізі ақ боз ат болып жер тарпынып тұр" екен.
Тортайдың әкесі марқұмның тақымы қотыр тайға тимей кеткен екен, яғни ке-
дей болған. Бір рет ауылға барғанымда, азаматтар сөз қылып отыр екен. Тортай
үйленбек болып ішкері жақтан жуастау бір қызға сөйлеседі. Сонда қыз: "Жеке
басыңды қорламаймын, мен көндім, бірақ жаман-жақсы болса да әке-шешем
бар, солардың ықыласынсыз кете алмаймын, өзің алдарынан өтіп қайт", - деген
екен. Содан Тортай атына міне шауып, қыздың үйіне барады. Сәлем алысқан
соң, қалыңдықтың әкесі: "Кімнің баласысың, шырақ?" - деп жөн сұрағанда,
құлағының мүкісі бар Тортай ұқпай қалып: "Малдан келдім, ата", - деп қойып
қалса керек. Шал: "Саңырауға қызымды бермеймін", - деп, ит қосып қуып
Достарыңызбен бөлісу: |