«Ежелгі дәуір әдебиеті» «Алып Ер Тұңға» дастаны


«Керқұла атты Кендебай» ертегісі



Pdf көрінісі
бет12/228
Дата05.03.2024
өлшемі3.69 Mb.
#494339
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   228
Әдебиет пәнінен барлық шығарма талдау 1 (2)

«Керқұла атты Кендебай» ертегісі
« Тақырыбы: Керқұла атты Кендебайдың ерлігі
« Идеясы: Батырлықты дәріптеу, ерлікті көрсету
« Жанры: ертегі
« Композициялық талдау:
Басталуы: 
Кендебайдың дүниеге келуі
Байланысуы: 
Кендебайдың көкжалды өлтіріп, құлынды құтқаруы
Дамуы: 
Керқұла құлынды асырап, онымен аң аулап, елге қамқорлық жасауы, қозы
баққан баламен кездесуі
Шиеленісуі: 
Керқұла атты Кендебайдың ұзақ жолға аттануы
Шарықтау шегі: 
Кендебайдың ерлік істері, басынан өткендері
Шешімі: 
Баланың ата –анасын құтқарып, еліне аман –есен оралуы
« Кейіпкерлері:
Кендебай
– ертегінің бас кейіпкері, батыр, шыдамды, жанашыр, ақылды, кішіпейіл, қамқор,
қайырымды, өжет. «Торсық шеке, аппақ ұл, алты күнде күліпті, алпыс күнде жүріпті, алты
жылда жігіт болыпты».
Қазанғап
– Кендебайдың әкесі, кедей, құс атып күн күретін аңшы.
Керқұла
– Кендебайтың аты. «Қуса жетіп, қашса құтылатын, аузымен құс тістеген ерен жүй-
рік», нағыз дос, ақылды арғымақ.
Қойшы бала
– жетім, мұңды, зарлы бала, басы таз, киімі өрім-өрім. Мергенбай батырдың
жалғыз баласы.
Хан 
– қаһарлы, айбынды, ақылды, көп елді шапқан.
« Маңызды деректер:
Оқиға Қаратаудың ойында, Қарасудың бойында болады.
Қазанғап құс атып, күн көреді екен, әйелі ау тоқып, жамау жамайды екен.
Бір күндері Кендебай көкжал қасқырды құйрығынан бұлғап жіберіп өлтіріпті, құлынды аман
алып қалып, оны құлан сүтімен асырайды. Алты айдың ішінде алты кез ат болып шығыпты.
Жетім баланың ата-анасы жау қолына түскен екен, өзі Тасқара байдың қозысын бағып жетім
қалыпты.
Кендебайды іздеп келген алты аққу құс бар екен, Кендебайдың қолында алтын кебіс қалып
қояды.
Кендебай күн жүреді, түн жүреді, ай жүреді, апта жүреді, аспанмен тірескен бір биік тауға
жекенде Керқұла атқа тіл бітеді. «Мына таудан әрі ассаң, ағып жатқан өзенді көресің. Өзен-
нің ортасында бір арал бар. Ол аралда адам перісінің ханы тұрады. Сенің қолтығыңдағы ал-
тын кебіс – осы хан қызының кебісі. Баяғы қойшы баланың әке-шешесі де осы ханның қо-
лында. Таудың арғы беткейінде сиыр бағып жүрген зор денелі бір адам бар. Ол – жорықта
қолға түскен адам, қазір ханның құлы. Сен сол адамға бар да, жолына жетерлік пұл бер.


Оның киімін өзің ки де, өзіңнің киіміңді оған кигіз. Сөйтіп, әлгі адамды азат ет те, өзің сиыр-
ды бағып қал. Қазір құйрығымнан бір тал қыл ал да, мені қоя бер, сауыт-сайман, құрал-жаб-
дықтарыңды менің үстіме сал. Әзірге саған менің де, құралдың да керегі жоқ. Егер керек бо-
ла қалсам, құйрығымнан алған қылды тұтат. Сонда мен дайынмын.»
Кендебай: «Айырылғырдың суы айырыл!» – деп еді, өзеннің суы екіге айырылып, ортадан
жол ашылады.
Күндерде хан қара биенің тоғызыншы рет құлындауын, олардың жоғалып кетуін айтып, екі
баласын соны күзетуге жібереді, Кендебай да тығылып күзетеді. Екі баласы ұйықтап қалған-
да, бие алтын құйрықты, құндыз жүнді арғымақ құлын туады. Сол кезде аспаннан бұлт түй-
іліп келеді де, құлынды көтеріп ала жөнеледі, Кендебай алтын құйрықты шап беріп ұстай
алады, құйрық жұлынып қалады.
Хан құлындарды тауып әкелуді бұйырады. От дариясында Кендебай көзін жұмады. Аралдан
алтын құйрықты сегіз құлын мен құйрығы жоқ біреуін тауып алып, Керқұланың айтуымен
науаны ұстап жолға аттанады. Бәйтерек басындағы самұрық алты айда бір азық іздеуге кетеді
екен.
Жолай Кендебай бір үлкен таудан жеті басты дәуді кездестіреді, оның бастарын жеті айна-
лып шоқпарымен ұрып, көздерін қоржынына салып алады. Кендебай жаяу жүріп, арыстанды
кездестіреді. Оны тартып ала жөнелген леп арыстанның аузының лебі болып шығады. Қылы-
шпен арыстанды екіге бөледі, азуын алады. Кендебай енді сұлу қыз кейпіндегі жәдігөй кем-
пірді кездестіріп, оның да басын алады. Елге аман оралады. Ханға келу себебін айтады. Хан
оған шындығын айтып, тапсырмаларын орындағаны үшін кенже қызын беріп, құлдағы
адамдарды азат етеді.
Кендебай елге аман орады, содан бері бұл ел «Керқұла атты Кендебай батырдың елі» атана-
ды.
« Ұлттық құндылық: Ерлікті, батырлықты дәріптейді.
« Өз ойым+түсінік: Балаларға арналған ертегі болса да берер тәрбиесі мол, жақсы істер
жасауға және ештеңеден қорықпауға шақырады.
« Ұқсас шығарма: «Ер Төстік» ертегісі


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   228




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет