«Ежелгі дәуір әдебиеті» «Алып Ер Тұңға» дастаны



Pdf көрінісі
бет134/228
Дата05.03.2024
өлшемі3.69 Mb.
#494339
1   ...   130   131   132   133   134   135   136   137   ...   228
Әдебиет пәнінен барлық шығарма талдау 1 (2)

Композициялық талдау:
Басталуы: Шөл дала мен сусыма құм. Жорықтан қайтып келе жатқан әмірші.
Байланысуы: Аспанмен бой таласқан ұзын сырық - көк мұнара. Ұлы
ханымның Әміршіге құрты бар қызыл алманы беріп жіберуі. Әміршінің ішкі
ойлары мен мұнараның сыры.
Дамуы: Шебер Жаппардың өмірі туралы. Шаһарға келіп мешіт салуға қатысу.
Әкесінің аманат айтып, қаза болуы.
Шиеленісуі: Жаппардың көк мұнараны салуы. Кіші ханымға деген махаббаты.
Шарықтау шегі: Махаббат. Әміршінің шебер мен Кіші ханымды қатал
жазалауы.
Шешімі: Әміршінің ішкі ойлары мен Қағба туралы түс көруі, жолбарысты олжа
етуі. Шөлдегі жорық, көзіне елестеген құмырашы жігіт пен ажал.
«
Кейіпкерлері:
Әмірші - Шаршы әлемдегі әрбір тірі пенденің құлағына көк найзаның
сүңгісіндей суық естілетін айбарлы Алмас хан.
Кіші ханым - ақ желең көйлекті, басында да ақ селдір перде. Қымсына
күлімдеген нәркес жанары бар, шиедей албыраған екі етті ерін. Үлбіреп тұрған
сұлу уыз жас. Әміршінің кіші әйелі.
Жаппар шебер - ендір қара жігіт, шаһарға алғаш келгенде он жеті жастарда
болатын. Кіші ханымға мұнара салу кезінде ессіз ғашық болады.
Жаппардың әкесі - Ортөбелік шебер құмырашы, көкжөтелден қаза болады.
Ұлы ханым - дүниеқоңыз, қызғаншақ. жаман мінезді жан.
Күтуші әйел - ернін жымқыра тістеген, опаны аямай жаққан ат жақты сопақша
жүзі шығылтықтанып тұрады. Сүрмелі көздің сояу кірпіктері қыдығы кеткен


бетте өз-өзінен мен мұндалап тұратын қақсақалдыққа тән қайсарлықты астына
бүгіп, өп-өтірік келтірген болады.
Бас шебер - мұнара ісіне араласушы, барлық жайтты біліп жүрген жан.
Ахмет саудагер - жуан қара кісі, майға бөгіп жылтырап көрінетін қысыңқы көзі
бар. Қаладағы адамдардың барлығын дерлік танитын адам, Жаппар мен әкесі
келген үйдің иесі.
Пір -  құмандай қара шал елең етпей, бетін құбыладан аудармай безеріп отыра
береді. Шақшадай басына дағарадай ақ сәлде орап апты. Қушық кішкене бетіне
сұс беретін бір уыс сұйқылт шоқша сақалы әуелеп қапты. Шүңірек қастың
астында сығалап жататын күлгін кегіс жылтырақ көзін бұл жолы тарс жұмып
алыпты. Қолындағы аса таяқты мытып ұстап апты. Тарамыс қолындағы бар
сіңір, бар тамыр бадырайып-бадырайып шығып тұр. Пір әлденеге ұйып қалған.
Маңызды деректер:


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   130   131   132   133   134   135   136   137   ...   228




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет