Бірінші Николай патша қол қойған Ақтау бекінісін салу жөніндегі жарлық
еді. Қоңырқұлжа көз жүгіртіп оқи бастады: «Омбы облысына жататын сырт
округтердің Ақтау деген жерінде бекініс салынсын. Бұл бекіністің бастығы-ко-
менданты етіліп полковник не подполковник шеніндегі адам тағайындалсын.
Комендант мынандай міндеттер атқарсын: Ақмола, Қарқаралы, Аягөз округ-
терінің ішкі тыныштығын бақыласын. Осы үш округ ауылдары оңтүстіктегі Бет-
пақдалаға дейін көшкенінде, солардың қорғаншысы болсын. Шекараны үнемі
бақылап тұрсын. Қазақтарды шекарадан әрі қарай бөтен жаққа өткізбесін. Басқа
жұртты да шекарадан бері қарай кіргізбесін. Осы үш округтің жерімен көшкен
керуенді ұры-қарыдан, шапқыншылардан қорғасын. Осы төрт міндетті орындау
үшін жоғарғы аты аталған үш округтің әскерлері Ақтау комендантына бағына-
тын болсын. Және комендантқа біздің бекіністерімізге, не қоластымыздағы қа-
зақ уылдарына шабуыл жасайтын қастар табылса, оны Шу өзенінің бойына дей-
ін қуып, қару қолданып тыйым салуға рұқсат етілсін».
Кенесарының бас жендетімен бірге тоғай ішінде қарамай қайнатып жатқан
әшірап «ағаш құлап» ажал тапқан.
Ақмола бекінісін алу жоспарын ұсынған: Әшірап.
Ақмолада ерлігімен қаза тапқан Басықара, артынан шапқан жеке батыр
атанған Төлебай.
Кенесарының Сыздықты сынауы: «Өткір кездіктің үстіне кеудеңді төсей
құла!»
Абылайды үш жүздің игі жақсылары боз биенің сүтіне шомылдырып, ақ
кигізге орап, хан ғып көтерген күнінің түнінде ол бір ғажайып түс көріп
шығыпты. Бұқар жыраудан жоруын сұрапты… «Астымда Жалынқұйрық
жүйрігім бар. Сарыарқада серуендеп келе жатыр едім, — депті хан Абылай,
— алдымнан бір арыстан тұра қашты, қуып жетіп, алдаспаныммен ішін
Достарыңызбен бөлісу: