«Ежелгі дәуір әдебиеті» «Алып Ер Тұңға» дастаны


ЭРНЕСТ ХЕМИНГУЭЙ «ШАЛ МЕН ТЕҢІЗ»



Pdf көрінісі
бет227/228
Дата05.03.2024
өлшемі3.69 Mb.
#494339
1   ...   220   221   222   223   224   225   226   227   228
Әдебиет пәнінен барлық шығарма талдау 1 (2)

ЭРНЕСТ ХЕМИНГУЭЙ «ШАЛ МЕН ТЕҢІЗ»
« Тақырыбы: Сантьяго балықшының өмірінен
« Идеясы: Адамдардың табиғатпен үйлесімдікте өмір сүре алатынын, табиғат-
тан керегіңді ғана мөлшермен алу, босқа құртпау.
« Жанры: Повесть
« Композициялық талдау:
Басталуы: Жолы болмаған балықшы. Шал мен бала
Байланысуы: Сексен бесінші күн
Дамуы: Ерлікке бастар жол. Шалдың теңізге жалғыз шығуы
Шиеленісуі: Теңіз үстіндегі айқас. Жайын балық
Шарықтау шегі: Акулалардың шабуылы. Әлі біткен шалдың ойлары


Шешімі: Жеңіс пен жеңіліс. Шалдың аман оралуы
« Кейіпкерлері:
Сантьяго шал - титықтаған арық кісі, маңдайы, мойыны арса-арса; бетіне
күрең қоңыр дақтар түсіп, өңі шұбар тартқан(теңіз бетіне түскен күн сәулесінің
адам өңіне шағылысуынан болады). Бетін басқан таңдақ мойынға дейін жайы-
лып тараған; екі қолы тілім-тілім(ірі балық ұстағандағы тіліп кеткен қармақбау
іздері, ескі жарықтар). Шалдың өңі де, киімі де - бәрі де тозған, көнерген, тек
көзінде ғана ерекше бір нұр бар, теңіз суы түстес жанары қайсар адам қалпын
танытады.
Манолин бала - бес жасынан шалмен бірге балыққа шығып, шалға бауыр ба-
сып қалған шәкірті, шалға қамқорлық көрсетіп жүреді, осы кәсіпті тек шалдан
үйренгісі келеді.
Педрико - балықшы, шал жайынның басын береді.
Мартин - мейрамхана қожайыны, тамақ беретін жақсы адам.
« Маңызды деректер:
Шал балық аулаудың қыр-сырын әбден меңгергенімен, сексен төрт күн жолы
болмайды.
Бала бес жасынан шалмен бірге балық аулаған.
«Бала дүниежүзіндегі ең жақсы адамды, балықшыны - шал деп есептейді».
Жапатдан-жалғыз шал үнемі серік баланы аңсайды. Теңізде әр нәрсені ойлап,
қиялы әр саққа жүгіреді.
Кішкентай, тозығы жеткен ескі қайық мінген шал жайын ұстайды, жолшыбай
судағы ең қауіпті жыртқыш - акула сан мәрте жолығады, кейде тіпті үйірімен.
Шал: «...адам күйреу үшін жаралмаған. Адамды құртуға болар, ал жеңуге бол-
майды,» - дейді.
Шал жайын акулаларға жем болса да, үш күннен соң оралады, бұл - үлкен
жеңіс.
Бала бұдан-былай балықшы кәсібін толық меңгеру үшін тек шалмен шғуға бел
байлайды.
Шал - батыл, күрескер, рухани жағынан күшті, өмір майданында шыныққан
адам.
«Бала - болашақтың, шал - өткеннің» символы(антитеза); бір-бірін толықтырып,
бірлесіп ғұмыр кешеді.
Шал Гольфстримге қайығымен шығады(84 күн сәтсіз болады).
Бастапқы бір жарым айдай уақыт бойында бала серік болған. Балық ұсталмаған
соң ата-анасы күдер үзіп, шалды «жолын қырсық шалған сорлы - бейбақ» деген,
басқа қайыққа бар деп әмір еткен. Алғашқы аптада 3 жайын ұстайды.
Қарттың қайығындағы қырық жамау желкен - бейне тас-талқаны шыққан жа-
сақтың құлаған туы сияқтанып елестейді.
Бірде 87 күн еш нәрсе іліктіре алмай, баламен шыққанда үш апта бойы күн
сайын бір-бір ірі жайын әкелген.
Балық осы арадан рефрижераторға тиеліп, Гавана базарына жөнелтіледі.


Жел шығыстан соққанда мұрынға акула фабрикасының қаңсық иісі келеді.
Террас жанға жайлы жер.
Баланың жаңа иесі мүлде соқыр болуға айналған.
Шал жағадан аулағырақ барып аулауды ойлайды.
Көзге теңіз тасбақасынан зақым келеді екен.
«Мен елден ерек шалмын».
Үлкен балық түссе, ең бастысы - ептілік.
Балық аулайтын құралдар: багор мен гарпун.
Шалдың үйінде Тәңірінің бейнесі мен Санта Мариа дел Кобренің суреті ілінген,
бұл - шалдың әйелінен қалған мұрасы.
Әйелінің де сәнді жасалған суреті ілулі тұратын, көңілі босай беріп, бұрыштағы
сөреге, таза көйлек астына тығып қойған.
«Сексен бес - құтты күн».
Шал газеттен бейсбол туралы оқығанды ұнататын.
Бейсбол командалары: «Янки», Кливлендік «Индейстер», Детройттың «Жолба-
рыстары», Цинциннатидің «Қызылөңділері», Чикаголық «Ақ шұлықтар».
Сексен бес деген саны бар лоторея билетін екі жарым долларға алуды ойлайды.
Қыркүйек - қазір осы ай, көз мегілі. Қыркүйекте ірі балықтар жөңкіліп жүре бе-
реді, қайратты осы кезде көрсету керек. Мамыр айында балық аулау оңай.
Баланың Мартин берген, шалға әкелген тамағы: қара бұршақ қосқан күріш пен
қуырылған банан, піскен сиыр еті.
Америка лигасында «Янкилер» ұтысұа ие болулы екенін шал газеттен оқиды.
Шалдың кумирі: «ұлы Ди Маджио»
Екінші лигада Бруклин мен Филадельфия. Бруклин жеңетін сияқы, Дик Сайз-
лердің допты тебуі ғаламат. Террассаға келген екен.
Шал ұлы Ди Маджиомен балық аулағысы келеді, оның әкесі балықшы болған
екен. Оның өкшесінде мүйізі бар.
Шал Африка жағалауында жүзген, юнга болған.
Баланың әкесі ұлы бапкер санайтын бейсбол мен жүйрік атты ұнататын адам:
Джон Мак-Грау.
Ең ұлы жаттықтырушылар: Лэюк пен Майкл Гонсалес.
Шал баланы ерте оятатын қоңыраулы сағат сияқты.
Шалдың көретін түстері: жас кезінде көрген Африкасы, Канар аралдарында ой-
нап жүретін арыстанның күшіктері.
Шал кофе ішіп, теңізге аттанады.
Балықшылар «үлкен құдық» деп атайтын жерде су терең, балықтар жиналып қа-
латын.
Шал теңізді «Ла мар» деп атайды. (Теңізді жақсы көретін испандықтар секілді).
Жас балықшылар еркек әуенге сап, испанша «Ел мар» дейтін.
Теңіздегі тіршілік иелері: фрегат құсы, қанатты балық, макрель, көгілдір түсті,
улы мақұлық - физалия, тасбақалар.
Шал бірінші альбакоре, кейін жайын ұстайды. Қайық солтүстік бағытқа сырғи
бастайды, Гавана шаһарынан алыстап барады.


«Әттең, серік баламның болмағаны-ай!»
Шал қабағың жарып алады, алақаны жарақаттанады, сол жақ қолы ұйып қала-
ды.
Жайын басы мен арқасы көкпеңбек, бүйірінде жалпақ жолақтары бар, қайқиған
ұзын сүйір тұмсықты, қайықтан екі фут ұзын екен.
Бір жолы Сантьяго шал Касабланка тавернасында Сьенфугостан келген зор не-
грмен қол күрестіреді. Жексенбі таңертең басталып, дүйсенбі таңертең аяқтала-
ды. Шал жеңіске жетіп, чемпион атанады.
Шал: «Есіңді жи да басқа түскен азапты не адамша көтер... не балықша шыда...»
Шал жайынды гарпунмен өлтіріп, қайығының жанына орап байлап қояды, қы-
зыл ала қан теңізге тарайды.
«Ал, қартым, қимылда,» - дейтін шалдың өзі.
Жайынның жолақтарының жалпақтығы - кере қарыс, көздері шарадай.
Багормен балдырдан іліп алып, сілкіп ұсақ шаяндарды қорек етеді.
Бір сағаттай өткен соң, қан иісімен жеткен бір акула соқтықты.
Бірінші, Мако тұқымдас, ең ұшқыр балықтай шапшаң жүзетін ірі акула, арандай
аузынан басқа жері әсем біткен сұлу жыртқыш - Дентусо.
Шал гарпунды акуланың дәл қарақұсына қадайды.
Жайынның қырық қадақтай етінен, қыруар жіп пен гарпуннан айырылады.
«Бірақ адам күйреу үшін жаралмаған...»
Енді шал екі ескектің біреуінің сабына пышағын бекітіп, соны қару етеді.
«Үмітсіздікке салыну ақымақшылық болады. Мұның өзі және күнә секілді...»
Жайын етінің түсі қызыл болмаса да, сиыр еті секілді тығыз әрі дәмді екен.
Екінші рет, екі акула үш бұрыштанған қоңыр қанатты, жалпақ тұмсықты - Гала-
нос. Акула ішіндегі ең озбыры, өлексені де талғамай жұта беретін сасық
жыртқыш.
Бұлар жайынның жарты етіне жуық, ең жақсы деген жерлерін әкетті.
Келесі акула жалғыз, бұл да жалпақ тұмсықты, шошқа секілді, арандай ауызды.
Шалда багор, екі ескек, бір румпель мен тоқпақ қана бар.
Күннің көзі ұясына батарда тағы екі Галанос акула тиісті. Жайынның жарты еті
ада болады, тұмсығы найзадай сүп-сүйір.
Кенет шалға «өлген екенмін,» -деген ой келеді, бірақ денесі сыздап ауырды, бұл
- тіршілік белгісі.
«Егер сатылатын болса, аздап бақыт сатып алар едім...»
Түн ортасында акулалармен тағы айқасты, үйірмен келеді. Бұл ең соңғысы бола-
ды, жайынның құр сүйегі ғана қалады.
Шал демін әрең алды, аузына өгеше дім келді, қолқасы үзілгендей.
Шал Гаваньға жеткенде тып-тыныш бәрі ұйқыда.
Өзінің лашығына жеткенше бес рет аялдайды. Лашығына жетіп ұйқыға кетеді.
Ертеңіне бала шалға кофе әкеліп, аяп кетіп жылап алады.
Бала: «Мен сенің қолыңа бақыт құсын қондырамын,»-дейді.
Жайын басын Педрико алсын, мүйіз тұмсығын балаға береді.


Сол күні Террассаға туристер келеді, балықтың оыртқа сүйегін көреді.
Бұл - «Tiburon» акула.
Ал шал лашығында ұйықтап жатыр, серік бала қасында, ал түсінде арыстандар-
ды көріп жатты...
« Ұлттық құндылық: табиғатпен үйлесімділік
« Түсінік+өз ойым: Автор қандай жағдай болса да, үміт отын өшірмеу керек-
тігін, берілмей, істеген істі соңына дейін жеткізу қажеттігін астарлайды.
« Ұқсас шығарма: Әбіш Кекілбаев «Шыңырау»


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   220   221   222   223   224   225   226   227   228




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет