Комбайнды қызықтап, орақ басына да көмектеседі, масақ та теріді, лобогрейка
шауып кеткен бидайды баулады. Ал кешкісін балағанның ішіне сұлай кеттік.
Шаншатай әнші еді, сыбызғыдай сиқырлы дауысы бар, көп ән үйретті.
Әкелген бояу қарындаштар да кәдеге жарады.
Бір күні Шаншатайдың айтып көрсетуімен мен үлкен ақ қағазға «Кірпі»
деп бадырайтып жаздым да, тұсына кірпінің суретін салды.
Алғашқы газетімізді жұрт тамақ ішетін бастырманың жалпақ діңгегіне жап-
сырғанбыз. Оқығандар қыран күлкіге батты. Қарғыс сөздер де шығып-шығып
қалады. Бірақ жұрт дән риза.
Достарыңызбен бөлісу: