Шөптің арт жағын ала, ызғырық желдің өтінде лауылдап от жанып жа-
тыр. Бұл ат қораның төбесі күзде ғана сабанмен жабылған. Жанып
жатқан сол сабан екен. Шетте отырған балалардың бірі шылымын сөн-
дірмей лақтырып тастап, сабан содан тұтанса керек. Не істерімізді біл-
мей сасқалақтап, қорадан секіріп-секіріп түсіп, тым-тырақай қаша жөнелдік.
Осы кезде аянның тобығы қайта шығып кетіп, Тұржанның соққысы-
ның астында қалады. Осыдан соң қатты ауырып қалады. Үйге келсе, автор-
дың атасы қатты ұрсады.
Аянның ойы: «Ағам келеді ғой жақында әлі. Сонда көрсетеді Тұр-
жанға».
Он шақты күннен кейін Аян төсектен тұрып жүре бастады. Тобығы тайған
аяғын жер сыпырғандай көлденеңінен сүйретіп солтақтап басатын болды.
Кей күні ойыннан кейін мен кешкі тамақты ішіп ап, Бапайдың үйіне ба-
ратынмын. Мен келгенде Аян ылғи темір пештің аузында от жағып
отырады. Ол кезде – соғыс жылдарында біздің ауыл отынға сабан жаға-
Достарыңызбен бөлісу: