Ежелгі шығыстың таптық қоғамындағы саяси ой-пікірлер. Ежелгі Индиядағы саяси-ой-пікірлер


Ежелгі Грекияның саяси ой-пікірлері



бет3/4
Дата09.04.2024
өлшемі35.4 Kb.
#498215
1   2   3   4
Жоспар полит

4. Ежелгі Грекияның саяси ой-пікірлері.
Грекияда мемлекет (полистер) — жеке қала-мемлекеттер б.з.д. 1-мыңыншы жылдары пайда болды. Онда саяси ой-пікірлердің қалыптасуы 3 дәуірге бөлінеді: ерте дәуір (IХ-YI ғасырлар). Бұл Гомердің, Гесиодтың және атақты «7 данышпанның» шығармалары дүниеге келген заман. Кейінірек бұл дәуірге Пифогор мен пифогорлықтар, Гераклит енеді. 2-дәуір б.з.д. Y-IY ғасырдың бірінші жартысы. Демокрит, софистер, Сократ, Платон, Аристотель заманы. 3-дәуір IY-ғасырдың екінші жартысы – II ғасыр. Үшінші дәуір эллинизм дәуірі деп аталады. Бұл дәуірдің аяғы Македонияның және Римнің ықпалына енуімен ерекшеленеді.
Бірінші дәуір мифтердің идеяларына сәйкес құдайлардың билік үшін таласы болып олимпиялық Зевстің билігінің орнығуымен суреттеледі. Гомердің «Илиада» мен «Одиссея» поэмаларында Зевс жалпыға бірдей әділдікті жақтаушы, зұлымдықты жазалаушы болып көрінеді. «Дике» (әділдік) – Гомерше осылай аталған. «Темис» — дәстүр, кәдімгі құқық – тағы да Гомерше Грекияға тән түсінік болды.
Келесі бір автор Гесиод, шығармалары: «Теогония» және «Еңбектер мен күндер» (YII ғасыр). Тәртіпті жақтайды – Эвномия (әділ заңдылық) «Теогония» деген еңбегінде көрсетілсе, «Еңбектер мен күндерде» патриархалдық (мемлекетке дейінгі) құрылыстың идеяларын жақтады. Адам өмірінің 5 дәуірін: алтын , күміс, қола, жартылай құдай-батыр және қазіргі темір ғасырын көрсетеді. «7 данышпандарға»: Фалес, Периандр, Биант, Солон, Клеобул және Хилон жатады. Олар полистік тұрмыстағы әділ заңдардың өктемдігін дәріптеген.
Б.ж.д. Y – ғасырда қоғам, мемлекет, саясат және құқық проблемалары ерекше қырымен қойыла бастады. Демокрит (460-370) антикалық философияның материалистік бағытын жүргізді. Қоғамдағы ең жақсылар ақксүйектер мен байлар емес, жоғары ақыл-ойы барлар мен адамгершілік қасиеттері барлар. Софистер: Протагор, Горгий, Продик, Гиппий, Антифонт, Фрасимах, Калликл, Ликофрон және т.б. Олардың ішінде демократиялық көзқарастағылар да, басқарудың аристократиялық, тираниялық түрлерін жақтаушылар да болды.
Софистерді сынаушылар ішінен Сократ (469-399) ерекше дараланды. Мемлекеттің және құқықтың адамгершілік табиғатына жақтады. Еңбек бөлісін қолдады, әділдікті жақтаған. Платон (427-347) кемеңгер философ. Үлгілі мемлекет деп жер бетіндегі мемлекет полистерде бейбітшілікті орнату идеясын жақтады. Еңбек бөлісін әділдікті қолдады. Платон өте байлыққа, өте кедейлікке қарсы болған. Орташа болуды қалаған.
Аристотель (384-322) «Платон-маған дос, бірақ ақиқат ең үлкен дос» деген қанатты сөзі бар. Еңбектері: «Саясат», «Афины саясаты», «Этика». Саясат туралы ғылымды жасауға әрекет етті. Саясат ғылым ретінде этикамен тығыз байланысты. Мемлекет табиғи дамудың жемісі. «Варварлар» мен құлдар өмірдің саяси түріне дейін өсіп жетілмеген. Мемлекеттің формаларын ол: монархиялық басқару (патшалық), аристократиялық және политиялық деп бөлген. Басқарудың қате түрлері деп тирания, олигархия және демократияны атаған. Саяси басқаруды – заң арқылы басқару деп түсіндірген.
Үшінші дәуір Эллинизм деп аталады. Ежелгі Грекияның мемлекеттік құрылысының дағдарысы эллинистік дәуірде айқындала түсті. Грекия полистері өз тәуелсіздіктерін жоғалтып, алдымен Македонияның, одан соң Римнің ықпалына түседі. А.Македонскийдің (336-323) жорықтары Шығысты эллинизациялауды бастап, эллинистік монархияларды қалыптастырды. Бұл кезеңнің саяси ой-пікірлері Эпикурдың (341-270) іліміне байланысты дамыды. Табиғат өз заңдылығымен дамиды, құдайлардың араласауынсыз дамиды. Қоғамдық және саяси өмірге араласудың қажеті жоқ, дейді Эпикур. Мемлекет биліктің, саяси араласудың мақсаты адамдардың өзара қауіпсіздігін қамтамасыз ету, олардың өзара үрейленуін жеңуі, бір-біріне зиян келтірмеуі дейді. Заңдар «данышпандарды» «бұқарадан» қорғау үшін қажет екен. Бұл Эпикурдың этикасы.
Зенон (336-264) стоицизмнің негізін қалаушы. Бұл ағым бойынша дүниелік құрылысын тағдырдың өзі басқарады. Жаратылысқа негізделген мемлекет заңдарын бұлжытпай орындауды жақтайды. Стоицизм Полибийге де (210-128) әсер еткен. Оның басты еңбегі «40 томдық тарих». Онда Римнің бүкіл Жерорта теңізіне жасаған өктемдігі көрсетілген. Мемлекеттік құрылым «табиғаттың заңына байланысты жүреді екен. Полибий мемлекеттің 6 формасын көрсетеді: патшалық, тирания, аристократия, олигархия, демократия, охлократия. Римнің мемлекетін құрылымы жағынан ең тұрақты дейді: «үш билікті» — консулдар билігі, сенат және халық билігі, патшалық, арситократиялық және демократиялық бастамасы дейді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет