Ежелгі түрік тайпалары одағының қалыптасуы. Түрік қағанаты



бет2/6
Дата31.01.2022
өлшемі100.5 Kb.
#454960
1   2   3   4   5   6
Ежелгі түрік тайпалары одағының қалыптасуы.

Тарихы

Қалыптасуы


Ұлы қоныс аудару дәуірі (II — V ғасырлар) ҚазақстанныңОрта Азия мен Шығыс Еуропаның этникалық және саяси қартасын едәуір дәрежеде өзгертті. V ғасырда түркі тілдес теле (тирек) тайпалар одағының саны көп топтары Солтүстік Моңғолиядан Шығыс Еуропаға дейінгі далалық өңірге қоныстанады, оңтүстігінде олардың көшіп жүретін жерлері Әмударияның жоғарғы ағысына дейін жеткен.

VI ғасырда Қазақстан жерлері құдіретті держава — билеушілері түркі тайпасының әулеттік Ашина руынан шыққан Түркі қағанатының билігіне түсті. Түркі этносының өзі қағанаттың құрылар алдындағы кезеңде ГәңсуШығыс Түркістан және Алтай аудандарында III ғасырдан VI ғасырға дейін кезең-кезеңмен қалыптасқан.

Түркі қағанатының саяси-әскери бірлестік ретінде қалыптасқан мекені - Жетісу деп пайымдалады. Жетісу мен Шығыс Қазақстан жужан мемлекетінің шет аймақтары болатын. Осы аймақтарда орналысқан тайпалар - теле - 492 ж. жужандарға қарсы шығып, тәуелсіз мемлекет құрады. Дегенмен де, 516 ж. жужандар жаңа құрылған мемлекетті тағы да өздеріне бағындырады. 545 ж. теле тайпасының Ашина руы жужандарға қарсы күресті басқарады. 551 ж. батыр Бумын Қытайдағы Батыс Вэй патшалығымен бірігіп, жужан мемлекетін талқандайды.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет