Эйнштейннің арнайы салыстырмалық теориясы



бет4/4
Дата30.04.2024
өлшемі1.06 Mb.
#500197
1   2   3   4
    Бұл бет үшін навигация:
  • E = mc2

Массаның артуы

Салыстырмалықтың арнайы теориясымен Ньютонның 2 – заңын сәйкес келтіруге тырысқан Эйнштейн өз теориясының тағы бір салдарын байқады: дененің салмағы оның қозғалысының жылдамдығына тәуелді. Қимылсыз бақылаушы көзқарасы тұрғасынан қозғалыстағы дененің салмағы осы дененің тыныштықтағы салмағынан көп болып шығады. Дененің жылдамдығы жарық жалдамдығына жақындаған сайын оның салмағыда арта түседі және егер дене жарық жылдамдығымен қозғала алатын болса онда оның салмағы шексіздікке дейін өсер еді. Бұдан шығатыны, салмағы 0 – ден бөлек ешқандай денені жарық жылдамдығына дейін жеткізу мүмкін емес, өйткені бұл үшін шексіз энергия қажет болар еді.

Эйнштейннің тұжырымдамасы бойынша, “Дененің массасы дегеніміз – оның ішіндегі энергияның мөлшері”. Осылайша ғылымда әйгілі қатынас пайда болады:

Эйнштейннің тұжырымдамасы бойынша, “Дененің массасы дегеніміз – оның ішіндегі энергияның мөлшері”. Осылайша ғылымда әйгілі қатынас пайда болады:

E = mc2

Мұндағы E – дененің толық энергиясы, m – оның тыныштықтағы массасы, c – жарық жылдамдығы.

Қорытынды

Эйнштейн кеңістіктік – уақыттық бейнелеудің өзі ашқан, салыстырмалықтың арнайы теориясы үшін маңыздылығын бірден байқады. Содан бері табиғаттың заңдары төрт өлшемдік тұрғыда жазылады.

Біздің Әлем – төрт өлшемді. Кеңістік пен уақыт тәуелсіз физикалық мәндер ретінде қарауға болмайды, керісінше олар өзара тығыз сипатта байланысқан.

Салыстырмалықтың арнайы теориясы кеңістікті, уақытты және Әлемді біздің түсінумізде шын мәнінде төңкеріс жасады. Бірақ бұл ХХ ғасырдың басындағы физикадағы жалғыз төңкеріс емес еді. Шамамен сол кездің өзінде сәулеленумен заттың табиғаты туралы түсініктер түбірімен өзгерді. Бұл кванттық теорияның немесе кванттық физиканың да қалыптасу мезгілі болды.


Назарларыңызға
рахмет!

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет