Әйтеке би кенті 30 мамыр 2014 жыл 11 сағат 57 минут



Дата08.06.2016
өлшемі19.13 Kb.
Бір көзден алу тәсілімен мемлекеттік сатып алу қорытындысы туралы хаттама
«Қызылорда облысы Қазалы ауданы Жанқожа батыр ауылындағы №94 орта мектеп ғимаратына ағымдағы жөндеу жұмыстарына» техникалық қадағалау қызметін

мемлекеттік сатып алу
Әйтеке би кенті 30 мамыр 2014 жыл

11 сағат 57 минут
1. Мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушы: Қызылорда облысы, «Қазалы ауданының білім бөлімі» мемлекеттік мекемесі (индекс 120400, Қызылорда облысы, Қазалы ауданы, Әйтеке би кенті, Жанқожа Нұрмағамбетұлы көшесі № 112 үй) «Қызылорда облысы Қазалы ауданы Жанқожа батыр ауылындағы №94 орта мектеп ғимаратына ағымдағы жөндеу жұмыстарына» техникалық қадағалау қызметін мемлекеттік сатып алуға бір көзден алу тәсілімен сатып алуды жүргізді.

2. Сатып алуға бөлінген сома 214 100-00 (екі жүз он төрт мың бір жүз) теңге 00 тиын.

3. Осы тәсілді қолдануға негіздеме: «Қазалы ауданының білім бөлімі» мемлекеттік мекемесінің 2014 жылғы 15 мамырдағы № 182 санды бұйрығына сәйкес.

4. Өнім беруші «Феникс-С» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі Қазақстан Республикасы «Мемлекеттік сатып алу туралы» Заңының 8-бабы 1 тармағында көзделген жалпы және біліктілік талаптарына сәйкес келеді.

5. Шарт жасалатын өнім беруші - «Феникс-С» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі (индекс 120400, Қызылорда облысы, Қазалы ауданы, Әйтеке би кенті, Жалаңтөс Батыр көшесі №32) және келісім шарттың жалпы бағасы – 214 100-00 (екі жүз он төрт мың бір жүз) теңге 00 тиын, Қазынашылық басқармасында тіркелетін сома - 214 100-00 (екі жүз он төрт мың бір жүз) теңге 00 тиын.

6. Сарапшылар тартылған жоқ.

7. Мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушы осы бір көзден алу тәсілімен сатып алу нәтижесі бойынша ШЕШТІ:

1) «Қызылорда облысы Қазалы ауданы Жанқожа батыр ауылындағы №94 орта мектеп ғимаратына ағымдағы жөндеу жұмыстарына» техникалық қадағалау қызметін жүргізу үшін өнім беруші «Феникс-С» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінен (индекс 120400, Қызылорда облысы, Қазалы ауданы, Әйтеке би кенті, Жалаңтөс Батыр көшесі №32) сатып алынсын.

2) Тапсырыс беруші: «Қазалы ауданының білім бөлімі» мемлекеттік мекемесі (индекс 120400, Қызылорда облысы, Қазалы ауданы, Әйтеке би кенті, Жанқожа Нұрмағамбетұлы көшесі № 112 үй) Қазақстан Республикасы «Мемлекеттік сатып алу туралы» Заңының 37 бабының 1 тармағына сәйкес «Феникс-С» жауапкершілігі шектеулі серіктестігімен келісім-шарт жасассын.

3) Мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушы: «Қазалы ауданының білім бөлімі» мемлекеттік мекемесі осы хаттаманың мәтінін Тапсырыс берушінің интернет-ресурсына жіберсін.




Мемлекеттік сатып алуды

ұйымдастырушының уәкілетті өкілі Ж.Қалнияз
«Қазалы ауданының білім бөлімі»

мемлекеттік мекемесінің басшысы Е.Қалнияз


Достарыңызбен бөлісу:


©dereksiz.org 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет