- Балқытқан кезде компоненттері бір-бірімен реакцияласпайтын жүйенің балқу температурасы қарапайым болады.
- Бұл диаграмма қоспалардың балқу температурасы таза заттың балқу температурасындай тұрақты болмай,қоспаның құрамы өзгерген сайын өзгеріп отырады.
- Мұндағы, TA E ликвидусы бойымен қоспадан таза А заты, TBE ликвидусы бойымен таза В заты кристалданады.
- Ликвидус қисықтарынан жоғары температурада жүйе тек сұйық күйде, СД қисығынан(солидус қисығы) төмен температурада жүйе тек қатты күйде болады.
- Ликвидус және солидус қисықтарының қиылысқан нүктесі(Е) – эвтектикалық нүкте деп аталады.
- Эвтектикалық нүктеде тепе-теңдіктегі сұйық фаза мен қатты фазаның құрамдары бірдей болғандықтан ,эвтектикалық қоспа таза зат сияқты тұрақты температурада балқиды.
Конгруэнтті балқитын Қосылыстар түзетін Екі компонентті жүйелердің балқу диаграммасы - Жүйе компоненттері бір-бірінде балқып еріген кезде химиялық реакцияға түсіп қосылыс түзіледі.Бірақ ол бастапқы заттарға ыдырамайтын тұрақты болса, конгруэнтті балқитын қосылыс деп аталады.
- Мұндай қосылыс балқыған кезде тепе-теңдіктегі қатты және сұйық фазалардың құрамдары бірдей болады.
- Диаграммада магний мен қорғасынның балқу диаграммасы берілген.Олар химиялық әрекеттесіп, PbMg2 қосылысын түзеді. Яғни қоспаны суытқанда 3 қатты фаза пайда болады.
Инконгруэнтті Қосылыстар түзетін Екі компонентті жүйелердің балқу диаграммасы - Кейбір жүйелерде түзілетін химиялық қосылыс қыздырғанда балқу температурасына жетпей бастапқы алынған компоненттерге ыдырап кетеді.Мұндай қосылыстарды инконгруэнтті балқитын қосылыстар деп атайды.
- Мұндағы, С-перитектикалық нүкте(қатты фаза мен сұйық фазаның әрекеттесуінен түзілетін қатты ерітінді)
- Суреттегі жүйеде 2KCl×CuCl қосылысы түзіледі.Бұл қосылыс тұрақсыз болғандықтан,өзінің балқу температурасынан (Т=499°С) төмен температурада бастапқы KCl және CuCl заттарына ыдырап кетеді.
- Инконгруэнтті қосылыстың балқу температурасы мен құрамын көрсететін F нүктесі тәжірбие жүзінде анықталмайтын максимум. Себебі қосылыс тек D –нүктесінен төменгі температурада,яғни қатты күйінде ғана тұрақты,ол D нүктесінде С балқымасы мен KCl кристалына, ал одан жоғары температурада бастапқы компоненттерге ыдырап кетеді.
Достарыңызбен бөлісу: |