Әкімі Т. Қасымовқа 2010 жылдың 1 тоқсанына Бородулиха ауданының әлеуметтік-экономикалық даму қорытындылары туралы



Дата23.02.2016
өлшемі86.17 Kb.
Бородулиха ауданының

әкімі

Т. Қасымовқа

2010 жылдың 1 тоқсанына Бородулиха ауданының әлеуметтік-экономикалық даму қорытындылары туралы
2010 жылдың 1 тоқсанына өнеркәсіп өндірісінің көлемі 3788,2 млн теңге құрайды, бұл өткен жылдың сәйкес кезеңіне 158,9 % және жоспар- тапсырмасына 178,7 % құрайды. Ауданның өнеркәсібі «Жезкент КБК» «Қазақмыс корпорациясы» ЖШС филиалы тау-кен өндіру кәсіпорынымен ұсынылады. 2010 жылдың қаңтар-наурыз айларында өндірілген негізгі өнім түрлері клесіні құрайды: кен қазу - 416,92 мың тонна, 2009 жылмен салыстырғанда 406,15 мың тонна (102,65%), кенді қайта өңдеу – 418,82 мың тонна, өткен жылмен салыстырғанда 402,31 мың тонна (104,10%), мыс концентратын өндіру – 13013,11 тонна (құндық мәнде – 2828357,92 мың теңге), өткен жылы 16140,25 тонна өндірілді (құндық мәнде – 1700989,91 мың теңге), мырыш концентратын мырыш өндіру – 15434,77 тонна (құндық мәнде – 953218,12 мың теңге) 2009 жылмен салыстырғанда 12685,62 тонна өндірілді (құндық мәнде – 516283,16 мың теңге).

Бородулиха ауданының аумағы - 698992 га құрайды. Ауыл шаруашылығы мәніндегі жерлер 414559 га құрайды, оның ішінде егіндіктер 320288 га құрайды, ол тыңайған мемлекеттік қордан ауыл шаруашылығы құрылымына енгізу есебімен телімдерді өткен жылға қарағанда 10801 га артты. Өткен жылмен салыстырғанда тыңайған жерлер 18909 га кеміді және қазіргі уақытта 9946 га құрайды. Шабындық жерлер мемлекеттік қордан азаматтарға жер телімдерін беру есебінен өткен жылмен салыстырғанда 1914 га көбейіп және 4036 га құрайды. Сонымен қатар жайылымдық жерлер 2515 га көбейіп және аудан бойынша жалпы 73757 га құрайды.

Топырақтың құнарлылығын арттыруын, ауыспалы егістің, ғылыми-негізделуін аймақтық технологияларын сақтау мақсатында ауыл шаруашылығы құрылымдарын күшейту бойынша жұмыстар жүргізіледі жатыр. 2010 жылдың 1 қаңтарыны жағдайы бойынша жай серіктестіктер құру жолымен ірі 50 шаруа-фермерлік қожалықтарымен бірігіп және бүгінгі таңда ауыл шаруашылығы мәніндегі жер телімдерін пайдаланатын жер пайдаланушылардың жалпы саны: клесіні құрайды ЖШС және АҚ 13 шаруашылықтардың жалпы алаңы 114215 га, оның ішінде 84505 га егіндіктер, жалпы алаңы 28983115 га 494-шаруа қожалықтары, оның ішінде 230224 га егістік жерлер, жалпы алаңы 9347 га 2-өндірістік кооперативтері, оның ішінде 5536 га егіндіктер. Ауданда ұсақ тауарлы шаруа қожалықтарын нығайту процесі жалғасуда.

Облыс әкімінің тапсырмасына сәйкес ауданда егістік алқабын кеңейту бойынша жұмыстар жүргізілуде. 2010 жылы жоспарланатын егістік алқабы 299,1 мың га құрайды, бұл 2009 жылға қарағанда 8 пайызға көп. Дәнді және бұршақ дақылдарының егістік алқабы 128,48 мың га құрайды. Күнбағыс егістігінің алқабы 94,5 мың га, картоп 1,704 мың га, көкөніс 0,31 мың га, бақша дақылдары 0,49 мың га құрайды. Жаздық егін 237,4 мың га алқапқа егілетін болады. 29 мың га алқапта сүрі жер.

Ауданының ауыл шаруашылығы құрылымдары егіс жұмыстарын жүргізу үшін жаздық дәнді дақылдар тұқымдарымен толық қамтамасыз етілген. Жаздық егу жұмыстарын жүргізу үшін дәнді 18000 тонна және бұршақ дақылдарының тұқымы бар.

2010 жылдың 9 сәуіріне жағдай бойынша «Қазагрэкс» зертханасына қордағы тұқымның 99,3 % тұқымы тексетуге әкелінді, 72,5 пайызы тексерілді. Тексерілген тұқымдар сұрыпталған және 31,5 пайызы 1 класқа, 32,9 пайызы 2 класқа, 4618 тоннасы немесе 35,6 пайызы 3 класқа сәйкес.

Ауданда көктемгі егіс жұмыстарына машина тракторлық паркін дайындау бойынша тиісті жұмыстар жүргізіліп жатыр, 2010 жылдың 1 сәуіріне жағдайы бойынша қолда бар 1113 бірлік тракторлардың дайындығы -100 %, қопсытқыштар-446 немесе 100%, трактор соқалары - 457 немесе 100%, дән сепкіштер-711 немесе 100%, тырмалар - 5147 немесе 100%, трактор тіркемелері-733 немесе 100%, барлық маркалы жүк автомобильдері - 379 немесе 98% құрайды.

Бородулиха ауданының ауыл шаруашылығы құрылымдарына ПМХЗ -нан дизель отынын жеткізу бойынша оператор анықталды.

Бүгінгі күні «ШығысМұнайӨнімдері» ЖШС операторы арқылы 2460 тонна көлемінде дизель отынын алуға ауыл шаруашылығы құрылымдарымен 34 келісім жасалды.

2010 жылдың 1 тоқсанында ауданның қайта өңдеу өнеркәсібімен 33,9 тонна шұжық және ет өнімдері, 25,8 тонна сүт өнімдері және қаймақ, 11,5 тонна сары май, 26,5 тонна сыр, 388 тонна нан-тоқаш өнімдері, 246 тонна ұн, 105 тонна күнбағыс майы, 72 тонна жарма өндірілді.

2010 жылдың 1 сәуіріне жағдайы бойынша Бородулиха ауданында 41587 бас ІҚМ немесе өткен жыл деңгейіне қарағанда 102,8 % бар, оның ішінде 15319 сиыр немесе 106,7 %, 12377 шошқа немесе 114,7 %, 36218 бас қой және ешкі немесе 111,9 %, 3815 бас жылқы немесе 99,7 %, 78429 бас құс немесе өткен жылдың сәйкес кезеңіне 114,0%.

2010 жылдың қаңтар-наурызына ауданның барлық санаттағы шаруашылықтарда союға өткізілген малдар мен құстардың тірі салмақта 1489,4 тоннаны құрады (2009 жылдың сәйкес мерзімі деңгейіне 104,2 % және жоспар-тапсырмаға 261,3%), 7531,7 тонна сүт сауылған (2009 жылдың сәйкес күні деңгейіне 107,5 % және жоспар-тапсырмаға 105,5 %), 1517,7 мың дана жұмыртқа алынды (2009 жылдың сәйкес кезеңі деңгейіне 110,9 %).

7405 бас бұзау, бұл өткен жылдың сәйкес кезеңіне қарағанда 101% құрайды, 257 бас құлын немесе 100,5 %, 6821 бас қозы немесе 102 %, 3391 бас торай немесе өткен жыл деңгейіне 100,2 % төл алынды.

2010 жылдың 1 тоқсанына ауыл шаруашылығының жалпы өнім көлемі 625,5 млн. теңгені құрайды, бұл жоспар-тапсырманың 90,3 % құрайды. Табиғи индекс көлемі 102,6 % құрайды.



Шағын бизнес бойынша, 2010 жылдың қаңтар-наурыз айларына облыстық департамент статистикасына келісті шағын бизнестің 90 кәсіпорындары тіркелген, бұл өткен жылдың сәйкес кезеңінен 1,1 % төмен. Қызмет ететін кәсіпорындардың саны 46 құрайды (тіркелеген кәсіпорындар санына 51,1 %, бұл тапсырма жоспардың 1,9 % аз).

Ауданда азық-түлік және азық-түлік емес тауарлардың негізгі топтарына мониторгинг күн сайын жүргізіледі. Бірінші қажеттілік тауарларға бағаны негізсіз жоғарлату ауданда байқалмайды.



2010 жылдың 1 ақпанына жағдай бойынша ауданда шағын бизнесті: 247 дүкендер, Бородулиха, Новопокровка ауылдарында орналасқан 2 «Ардагер» әлеуметтік бөлімі және Жезкент кентіндегі «Ардагер» әлеуметтік дүкені, 15 дүңгіршек, 15 ЖҚС, 8 ТҚС, 15 дәріхана (оның ішінде: Жезкент кентіндегі әлеуметтік дәріхана және Бородулиха ауылындағы әлеуметтік бөлім), 12 шаштараз, 2 қонақ үйі, 2 стоматологиялық кабинеті, 39 қоғамдық тамақтандыру объектілері (асханалар, кафелер, ресторандар және барлар), 2 бөлшек базарлары, 6 тігін сәнханасы ұсынады.

Ауданда 2009-2011 жылдарға Бородулиха ауданында шағын кәсіпкерлікті қолдау және дамыту бойынша іс-шаралар жоспары 2009 жылдың 10 сәуірінде бекітілді және әзірленді, осыған сәйкес 2009 жылы 15 объектісі іске қосылды. Ағымдағы жылы келесілер ашылды:



  • Березовка кентінде май шығару цехы;

  • Дмитриевка ауылының «ҚазМұнаГаз өнімдері» АҚ № 114 ЖҚС;

  • Ново Шулба ауылының «Светлое» ш/қ «Юбилей» дүкені;

- Бородулиха ауылы, А.Г. Коваленко ЖК металлопластикалық терезе және есік құру бойынша цехы.

Негізгі капиталда иневстицияның көлемі 447,5 млн теңге немесе өткен жылдың сәйкес кезеңінде тұрғын үйдің 82,6 % құрайды.

Жылдың басынан жалпы алаңы 322,1 шаршы метр пайдалануға енгізілді. 2009 жылдың қаңтар-наурыз айларына тұрғын үй пайдалануға енгізілмеген.

Қазіргі уақытта Бородулиха ауданында 6 инвестициялық жобалар бар:

- «Роза» ш/қ ДӨК қайта құру жобасы 100 млн. теңге сомасына;

- «Еңбек-2» АӨК диірмен құрылысы 53 млн. теңге сомасына;

- «Шығыс Астық» ЖШС «Мал шаруашылығының етті кластерін дамыту «Сахновское» ЖШС және «ШығысАгроГрупп» ЖШС жобасы 470 млн. теңге сомасына;

- «Лада» ш/қ сүт цехын құру жобасы 13 млн. теңге сомасына;

- «Лазарев және К» ЖШС диірмен құрылысы 10 млн. теңге сомасына;

- Скаков ж/к «Ет өнімдерін өндіру» жобасы 15 млн теңге сомасына.

2010 жылы білім жүйесін дамытуға 1 млрд 271 млн 322 мың теңге бөлінді, бұл аудандық бюджеттің 52 %. 2010 жылдың 1 сәуіріне жағдай бойынша 266901,0 мың теңге игерілді.

2009 жылдың жаз кезінде өткізілген оңтайландыруды өткізу нәтижесінде Бек-Карьер ауылының Бек-Карьер толық емес орта мектебі жабылды және Андроновка ауылының Андроновка орта мектебі жалпы білім беретін бастауышы қайта ұйымдастыру жүргізілді.

Қатысушы контингенті 144 қатысушыға азайды және 5149 қатысушыны құрады. Талдау нәтижесі бойынша ауданның мектеп қатысушылар контингенті азаю тенденциясы келесі жылдары балалардың тууынан көбею есебінен төмендейді.

Мектепке дейінгі білім жүйесі өзімен үш бала-бақша ұсынады, онда 600 бала қамтиды, бес шағын орталық, онда 114 баланы қамтиды (2009 жылдың 1 тоқсанында – 3 шағын орталық).

Ағымдағы жылы Бородулиха ауылының мектепке дейінгі тәрбиелеу бала-бақшасында қосымша топ ашылды, 25 орынға Петропавловка ауылының Т. Аманов атындағы орта мектепте 2 шағын орталық және 25 орынға Ивановка ауылының Ивановка орта мектебі ашылды.

Аудан бойынша мектепке дейінгі мекемеледің баларын қамту 79,9 % құрайды.

2010 жылдың 1 тосанына жоғары білімімен 3 жас маман ауылдық жерге жұмыс істеуге көшіп барды. 2010 жылдың 1 сәуіріне жағдай бойынша қаладан ауылға келген 2 маманның әр қайсысы 98910 теңге көлемінде көтерме жәрдемақы алды.

2010 жылдың 1 тоқсанына жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі 133 адамды еңбекпен қамтуға жүктелді.

2010 жылдың 1 сәуіріне жағдай бойынша 172 жұмыссыз тіркелген, бұл 2009 жылдың 1 сәуірдегі жағдай бойынша 8 % аз. Тұрғындарды экономикалық белсенділікке жұмыссыздардың тіркелгендердің үлесі – 0,7 %.

Еңбек ресурстарынан деңгейді төмендету шараларының ауданда жаңа жұмыс орындардың құрылуы болып табылады. 2010 жылдың 1 тосанына ауданда 37 жұмыс орыны құрылды, оның ішінен ауыл шаруашылығы 6, басқа салаларда 31 орын, оның ішінде шағын және орта бизнесте 19 орын.

2010 жылдың 1 сәуіріне аз қамтылған отбасылардың жалпы саны 504 отбасыны құрайды (1559 адам).

Жылды басынан барлығы қоғамдық жұмыстарға 139 жұмыссыз немесе өткен жылдың сәйкес кезеңіне 89 % қатысты. Жұмыстардың жалғастырылуы – 3 ай.

2010 жылдың 1 тоқсан ішінде жастар тәжірибесіне 1 адам жіберілді (2010 жылға қаржыландыру жоспарына келісті). Оқу орындардың кәсіптік түлектерін жастар тәжірибесіне қатысу орташа жалғасуы 3 айды құрайды.

2010 жылдың 1 сәуіріне жағдай бойынша жұмыспен қамту бөлімі делдалдықта еңбекпен қамтылған азаматтардың саны 62 адамды құрайды, бұл 29 өткен жылдың деңгейінен адамға төмен.

Бородулиха ауданының медициналық ұйымдары желісімен түгелдей қамтамасыз етілген. 2010 жылы «Бородулиха ауданының медициналық бірлестігі» ҚКМК үш стационардан құрылған, 11 дәрігерлік амбулаториялармен, 24 медициналық пункттер және ғимаратсыз 8 медициналық қызметкерлермен.

2010 жылы тегін медициналық көмекке кепілденген көлемін орындауға шығындар 416571,533 млн теңгені құрады, бұл 2009 жылмен салыстырғанда 10,9 % көп.

Ауданда келесі демографиялық көрсеткіштер:

- 2010 жылдың бірінші тоқсанына туу 123 адамды құрайды;

- 2010 жылдың 1 сәуіріндегі жағдай бойынша өлім 115 адамды құрайды.

2010 жылдың бірінші тоқсанына госпиталь бюросы арқылы 100 ауру емделуге жіберілді.

Ауданда ауылдық аумақтарды дамытуға үлкен назар аударылды. Бородулиха ауданында жергілікті және республикалық бюджеттен құрылыс салаласында сумен жабдықтау, тұрғын-үй құрылысы, су жүргізу, спорт және білім салаларында жұмыс жасалды. 2010 жылға 294712 мың теңге игеру жоспарланды, оның ішінде 216252 мың теңге республикалық бюджет.

2010 жылдың 1 сәуіріне кіріс бойынша аудандық анықталған бюджет 520656,0 мың теңге жоспарында 462655,7 мың теңге кіріс түсті, орындалу 88,9 % құрады.

Оның ішінде:

- 101248,0 мың тенге жоспарында – жеке кірісі, 108047,7 мың теңге түсті, орындалу 106,7 % құрады.

2010 жылдың 4 айына ауданның толық бюджет шығыны бойынша 520656,0 млн теңге құрады, орындалу 443389,7 млн теңге немесе 85,2 % құрады.

«Субвенциясыз жұмыс істеуге көшу жөніндегі іс-шаралар туралы» облыс әкімдігінің 2007 жылғы 25 наурыздағы № 58 қаулысын орындау туралы есептік кезеңде келесі жұмыстар жүргізілді:

2010 жылы 12 іс-шаралар жоспарланды, оның ішінде 3 - өнеркәсіп, 8 – шағын бизнес, 1 – ауыл шаруашылығы.

2010 жылдың 1 тоқсанына келесі іс-шаралар жоспары орындалды:

Өнеркәсіп:

- күнбағыс дәнін қайта өңдеу бойынша майэкстрациондық цехы, Березовка ауылында жарманы қайта өңдеу бойынша цехы ашылды, 16 жұмыс орыны құрылды.

Шағын бизнес:

- Дмитриевка ауылында «ҚазМұнайГаз» сауда үйі ашылды, 14 жұмыс орыны құрылды.

2010 жылдың 1 сәуіріне жағдай бойынша орта айлық жалақы 51155 теңге құрайды. 2010 жылдың 3 айына аудан бойынша жалақының өсу қарқыны өткен жылдың сәйкес кезеңіне 166,4 % құрайды.

2010 жылдың 1 сәуіріне жағдай бойынша ауданда ірі және орта кәсіпорын бойынша ауданның статистика бөліміне 1-ӨК нысаны бойынша есеп берген 207863 мың теңге мөлшерінде жалақы бойынша қарыз бар. Мерзімі өткен қарыздар жоқ.

Мерзімі өтіп кеткен жалақы бойынша төлемақы сұрақтары аудан әкімінің және дағдарысқа қарсы іс-шаралар бойынша жұмыс тобында үнемі бақылауда.

Экономика және бюджетті

жоспарлау бөлімінің бастығы Б. Құрманбаев


КЕЛІСІЛДІ:
Аудан әкімінің орынбасары А. Нұрғожин

Орын: Ю. Боркова



тел. 2-14-68
Каталог: files
files -> Мазмұны мамандық бойынша түсу емтиханының мақсаттары мен міндеттері
files -> І бөлім. Кәсіпкерліктің мәні, мазмұны
files -> Програмаллау технологиясының көмегімен Internet дүкен құру
files -> Қазақстан Республикасының Жоғарғы Соты «Сот кабинеті»
files -> Интернет арқылы сот ісі бойынша ақпаратты қалай алуға болады?
files -> 6М070600 –«Геология және пайдалы қазба кенорындарын барлау» 1 «Пайдалы қазба кенорындарын іздеу және барлау»
files -> Оқулық. қамсыздандыру: Жұмыс дәптері
files -> «2-разрядты спортшы, 3-разрядты спортшы, 1-жасөспірімдік-разрядты спортшы, 2-жасөспірімдік-разрядты спортшы, 3-жасөспірімдік-разрядты спортшы спорттық разрядтарын және біліктiлiгi жоғары деңгейдегi екiншi санатты жаттықтырушы
files -> Регламенті Негізгі ұғымдар Осы «Спорт құрылыстарына санаттар беру»
files -> Спорттық разрядтар мен санаттар беру: спорт шеберлігіне үміткер, бірінші спорттық разряд, біліктілігі жоғары және орта деңгейдегі бірінші санатты жаттықтырушы, біліктілігі жоғары деңгейдегі бірінші санатты нұсқаушы-спортшы


Достарыңызбен бөлісу:


©dereksiz.org 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет