Әкімшілдік әміршілдік жүйе -елдің экономикасын басқару тәсілі, мұнда әкімшілік, әміршілдік



Дата28.02.2023
өлшемі18.09 Kb.
#470172
Әкімшілдік


Әкімшілдік - әміршілдік жүйе –елдің экономикасын басқару тәсілі, мұнда әкімшілік, әміршілдік
әдістерге басты рөл жүктеледі және билік басқарудың орталық органдарына, төрешілдік аппаратқа
шоғырландырылған.
Басқарудың әкімшілік әдістері – бірлескен қызмет барысында міндетті түрде орындалуға тиіс
нормативтік актілер, директивалар мен бұйрықтар, басқа да жарлықтар арқылы адамдардың
қатынасына ықпал ету құралдарының жиынтығы.
Басқару жүйесі – фирманың ұйымдық құрылымының элементі. Ең басты проблема – фирманың
межеленетін стратегиясының қолданылып жүрген жүйелерінің сәйкес келу дәрежесін анықтауда.
Басқарудың экономикалық әдістері – қызметкердің материалдық мүдделеріне ықпал ету үшін
объективтік заңдылықтар мен санаттарды саналы түрде пайдалануға негізделген басқару әдістерінің
тобы.
Басқарушылық инфрақұрылым – басқару процесін қамтамасыз ететін ұйымдар мен мекемелердің,
олардың бөлімшелерінің жүйесі.
Басшылық стилі – қойылған мақсатқа жету барысында басшылардың бағыныштылармен арадағы
қатынасында қалыптасқан мінез - құлқы.
Бизнес - кәсіпорындардың немесе ұйымдардың, жеке тұлғалардың өңделмеген түрде өнім шығару,
тауарлар өндіру немесе сатып алу және немесе табыс табу мақсатымен басқа тауарларға немесе
ақшаға айырбас ретінде қызмет көрсету харекеті.
Бизнес – жоспар - кәсіпорынды белгілі бір кезеңде дамыту жоспары, козделген мақсатқа қол
жеткізуге бағытталған шаралар жүйесі.
Бизнесмен - бизнеспен айналысушы адам, коммерсант, кәсіпкер.
Экономика – қоғамның өндіргіш күштерінің тиісті сатысына сай келетін өндірістік қанынастардың
жиынтығы.
Экономикалық билік - жеке адамның ықпал жасауына орындаушылардың еліктеуін туғызады немесе
оларды солармен теңесуге ұмтылдырады.
Экономиаклық саясат – мемлекет, үкімет жүргізетін іс қимылдардың сара жолы:, экономиканы
басқару саласындағы шаралар жүйесі. Құрылымдық, инвестициялық, қаржы – несие сыртқы
экономикалық ғылыми техникалық салық бюджет саясатын қамтиды.
Егемендік – мемлекеттің аймақтың, басқа мемлекеттермен аймақтардын экономикалық және саяси
тәуелсіздігі. Мемлекет экономикалық билікті өзінің қолына шоғырландырған мелекеттік ауқымда
экономикалық шешімдерді қабылдаушы мемлекеттік өкім жүргізуші органдармен тұлғалардың
жиынтығы.
Мемлекеттік аппарат – мемлекеттік билік пен мемелекеттің атқарымдарын жүзеге асыратын органдар
жүйесі.
Мемлекеттік үкімет органдарын - әкімдерді, мемлекеттік басқару органдарын, соның ішінде
мемлекеттік өкіметтің жоғары атқарушы және өкім беруші органдарын – министрліктерді
мемлекеттік комитеттерді, жергілікті әкімдерді, тағы басқа органдарын қамтиды. Мемлекеттік кәсіпкерлік ұлттық экономиканы дамыту үшін қажетті тауарлар шығаратын және қызметтер
көрсететін мемлекеттік кәсіпорындардың қызметі. Тек коммерциялық негізде жұзеге асырылмайды.
Мемлекеттік реттеу – үкіметтің экономикалық қызметті өзгертетін немесе бақылайтын ережелер мен
заңдары. М.р. – дің екі түрі бар: олар бағаны және өнімді, салаға кіру мен одан шығуды, стандарттар
мен көлемдерді бақылауға бағытталған тікелей экономикалық реттеу.
Нарықты мемлекеттік реттеу – рынокта шаруашылық жүргізуші субектілерді жұмыс істеуін
мемлекеттік реттеу. Нарықтық инфрақұрылым тауарлары мен көрсетілетін қызметтерідің рыноктағы
қозғалысын қамтамасыз ететін ұйымдармен мекемелер жүйесі.Оның құрамы ұйымдық база- биржа,
жабдықтау - өткізу, коммерциялық фирмалар, қаржы - несие мекемелері.
Нарықтық экономика - еркін кәсіпкерік, өндіріс құрал - жабдығына меншік нысандарының көптігі,
нарықтық баға белгілеу, оны бағдарламалау және реттеу саласы нарықта біріктірілген экономика.
Нарықтық экономика заңдары - тауар өндіруші өз еңбегінің нәтижелерін меншіктеуші болуға тиіс,
тауарлар өндірісін монополиясыздандыру үдемелі салық саясаты т.б. кәсіпкерлік - азаматтар мен
олардың бірлестіктерінің пайда алуға бағытталған мүліктік дербес қызметі. К-ті азаматтар өз атынан,
тәуекелдікке бас тіге отырып, өзінің ұйымдық - құқықтық нысананы шегінде заңды тұлғаның
мүліктік жауапкершілігі кепілдігімен жүзеге асырады.
Кәсіпкер - иелігіндегі мүлікті, т.б. заңды негізінде пайдалану жөнінде өз бастамасымен шешімдер
қабылдауға және кез – келген іс-қимылдарды жүзеге асыруға құқылы заңды немесе жеке тұлға.

Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет