Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Қазақстан


№ 123-III (2006.01.01. бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред



бет32/69
Дата13.06.2016
өлшемі4.79 Mb.
#131929
1   ...   28   29   30   31   32   33   34   35   ...   69
№ 123-III (2006.01.01. бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара) ҚР Заңымен 303-бап өзгертілді

303-бап. Қазақстан Республикасының континенттiк қайраңында теңiз ғылыми зерттеулерiн жүргiзу ережелерiн бұзу

1. Қазақстан Республикасының континенттiк қайраңында қызметтiң заңды түрлерiне кедергi жасаған немесе жасауы мүмкiн, Қазақстан Республикасының рұқсатымен немесе халықаралық шарттарымен көзделген теңiз ғылыми зерттеулерiн жүргiзу ережелерiн бұзу, не Қазақстан Республикасының континенттiк қайраңында теңiз ғылыми зерттеулерiнiң бағдарламаларын заңсыз өзгерту, -



жеке тұлғаларға - он, лауазымды адамдарға - жиырма, заңды тұлғаларға жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.

2. Осы баптың бірінші бөлігінде көзделген, әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін бір жыл ішінде қайталап жасалған іс-әрекеттер, -



құқық бұзушылық жасалған кемесі мен құралдары, сондай-ақ алынған зерттеулер нәтижелері тәркілене отырып не онсыз, жеке тұлғаларға - айлық есептік көрсеткіштің он беске дейінгі мөлшерінде, лауазымды адамдарға - жиырма беске дейінгі мөлшерінде, заңды тұлғаларға жүз елуден екі жүзге дейінгі мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.

 

2006.20.01. № 123-III (2006.01.01. бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара) ҚР Заңымен; 2007.19.12 № 11-IV Заңымен (бұр. ред. қара); 2010.21.01. № 242-ІV ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 304-бап өзгертілді



304-бап. Қазақстан Республикасының континенттiк қайраңында қалдықтар мен басқа да материалдарды көму ережелерiн, сондай-ақ уақытша тоқтата тұру және бөлшектеу ережелерiн бұзу

1. Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шарттарда көзделген Қазақстан Республикасының континенттiк қайраңында кемелердi және өзге де қалқымалы құралдарды, ұшатын аппараттарды, жасанды аралдарды, қондырғылар мен құрылыстарды, қалдықтар мен басқа да материалдарды көму ережелерiн, сондай-ақ пайдалы қазбалар орындарының бүлiнуiне, адамдардың өмiрiне немесе денсаулығына зиян келтiруге, биологиялық ресурстарға, теңiз флорасы мен фаунасына залал келтiруге немесе қызметтiң басқа да заңды түрлерiне кедергi туғызуға әкеп соғуы мүмкiн уақытша тоқтата тұру мен бөлшектеу ережелерiн бұзу, -



жеке адамдарға - бес, лауазымды адамдарға, дара кәсіпкерлерге - жиырма, заңды тұлғаларға жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.

2. Осы баптың бірінші бөлігінде көзделген, әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін бір жыл ішінде қайталап жасалған іс-әрекеттер, -



құқық бұзушылық жасалған кемесі мен құралдары тәркілене отырып не онсыз, жеке тұлғаларға - он, лауазымды адамдарға, дара кәсіпкерлерге - жиырма бес есептік көрсеткіш мөлшерінде, заңды тұлғаларға қоршаған ортаға келтірілген зиян сомасы мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.

 

2006.20.01. № 123-III (2006.01.01. бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара) ҚР Заңымен 305-бап өзгертілді



305-бап. Қазақстан Республикасының континенттiк қайраңын қорғау органдары лауазымды адамдарының заңды талаптарын орындамау

1. Қазақстан Республикасының континенттiк қайраңын қорғау органдары лауазымды адамдарының кеменi тоқтату туралы заңды талаптарын орындамау, сондай-ақ бұл лауазымды адамдардың өздерiне жүктелген өкiлеттiктердi жүзеге асыруына, соның iшiнде кеменi тексеруiне кедергi жасау, -

лауазымды адамдарға - айлық есептiк көрсеткiштiң жиырмаға дейiнгi мөлшерiнде, заңды тұлғаларға жетпіске дейінгі мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.

2. Осы баптың бірінші бөлігінде көзделген, әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін бір жыл ішінде қайталап жасалған іс-әрекеттер, -

құқық бұзушылық жасалған кемесi мен құралдары, сондай-ақ алынған зерттеу нәтижелерi тәркiлене отырып не онысыз, лауазымды адамдарға - айлық есептiк көрсеткiштiң жиырма беске дейiнгi мөлшерiнде, заңды тұлғаларға жүзден жүз елуге дейінгі мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.

 

2006.20.01. № 123-III (2006.01.01. бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара) ҚР Заңымен 306-бап жаңа редакцияда; 2007.27.07. № 314-III ҚР Заңымен  (2008.01.01. бастап қолданысқа енді) (бұр.ред.қара); 2007.19.12 № 11-IV Заңымен (бұр. ред. қара); 2010.21.01. № 242-ІV ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 306-бап өзгертілді



306-бап. Қазақстан Республикасының континенттік қайраңындағы, аумақтық суларындағы (теңізіндегі) және ішкі суларындағы минералдық және биологиялық ресурстарды заңсыз беру

1. Қазақстан Республикасының континенттік қайраңындағы, аумақтық суларындағы (теңізіндегі) және ішкі суларындағы минералдық және биологиялық ресурстарды шетелдіктерге, басқа мемлекеттің заңнамасына сәйкес құрылған заңды тұлғаларға не шет мемлекеттерге заңсыз беру, -

жеке адамдарға - айлық есептік көрсеткіштің онға дейінгі мөлшерінде, лауазымды адамдарға, дара кәсіпкерлерге - жиырмаға дейінгі мөлшерінде, заңды тұлғаларға заңсыз берілген минералдық және биологиялық ресурстар құнының жүз проценті мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.

2. Осы баптың екінші бөлігінде көзделген, әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін бір жыл ішінде қайталап жасалған іс-әрекет, -

құқық бұзушылық жасалған кемесі мен құралдары, сондай-ақ алынған зерттеу нәтижелері тәркілене отырып не онсыз, жеке адамдарға- айлық есептік көрсеткіштің он беске дейінгі мөлшерінде, лауазымды адамдарға, дара кәсіпкерлерге - жиырма беске дейінгі мөлшерінде, заңды тұлғаларға заңсыз берілген минералдық және биологиялық ресурстар құнының екі жүз проценті мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.

 

2006.20.01. № 123-III (2006.01.01. бастап қолданысқа енгізілді) ҚР Заңымен 306-1-баппен толықтырылды; 2007.27.07. № 314-III ҚР Заңымен  (2008.01.01. бастап қолданысқа енді) (бұр.ред.қара) 306-1-бап өзгертілді



306-1-бап. Экологиялық аудит туралы заңнаманы бұзу

1. Міндетті экологиялық аудит жүргізу туралы заңнама талаптарын орындамау, -



жеке тұлғаларға - айлық есептік көрсеткіштің үштен беске дейінгі мөлшерінде, лауазымды адамдарға, дара кәсіпкерлерге - оннан отызға дейінгі мөлшерінде, заңды тұлғаларға жүзден екі жүзге дейінгі мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.

2. Экологиялық аудиторлардың (экологиялық аудиторлық ұйымдардың) көрінеу дұрыс емес экологиялық аудиторлық есеп жасауы, -



экологиялық аудиторларға - айлық есептік көрсеткіштің елуден жетпіске дейінгі мөлшерінде, орта кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын экологиялық аудиторлық ұйымдарға — екі жүзден екі жүз елуге дейінгі мөлшерінде, ірі кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын экологиялық аудиторлық ұйымдарға бес жүзден жеті жүзге дейінгі мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.

3. Осы баптың екінші бөлігінде көзделген, әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін бір жыл ішінде қайталап жасалған іс-әрекет, -



экологиялық аудиторлық қызметпен айналысу құқығынан айыра отырып, экологиялық аудиторларға - айлық есептік көрсеткіштің сексеннен жүзге дейінгі мөлшерінде, орта кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын экологиялық аудиторлық ұйымдарға — үш жүзден төрт жүзге дейінгі мөлшерінде, ірі кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын экологиялық аудиторлық ұйымдарға - сегіз жүзден бір мыңға дейінгі мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.

4. Тексеріліп жатқан тұлғаның экологиялық аудит жүргізілу барысында дұрыс емес экологиялық аудиторлық есеп жасауға әкеп соғатын көрінеу дұрыс емес немесе толық емес ақпаратты беруі, -



лауазымды адамдарға, дара кәсіпкерлерге — айлық есептік көрсеткіштің екі жүзден үш жүзге дейінгі мөлшерінде, шағын немесе орта кәсіпкерлік субъектілері немесе коммерциялық емес ұйымдар болып табылатын заңды тұлғаларға — үш жүзден төрт жүзге дейінгі мөлшерінде, ірі кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға алты жүзден жеті жүзге дейінгі мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.

 

2010.21.01. № 242-ІV ҚР Заңымен 306-2-баппен толықтырылды



306-2-бап. Бекіре тұқымдас балықтардың таңбалау тәртібін бұзып таңбаланған уылдырығын не таңбаланбаған уылдырығын өткізу

1. Бекіре тұқымдас балықтардың таңбалау тәртібін бұзып таңбаланған уылдырығын не таңбаланбаған уылдырығын өткізу -



таңбалау тәртібін бұзып таңбаланған уылдырықты не таңбаланбай өткізілетін уылдырықты тәркілей отырып жеке адамдарға - айлық есептік көрсеткіштің отыздан отыз беске дейінгі мөлшерінде, лауазымды адамдарға, дара кәсіпкерлерге - елуден алпысқа дейінгі мөлшерінде, шағын немесе орта кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға - жетпістен тоқсанға дейінгі мөлшерінде, ірі кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға жүзден жүз жиырмаға дейінгі мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.

2. Осы баптың бірінші бөлігінде көзделген, әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін бір жыл ішінде қайталап жасалған іс-әрекеттер, -



таңбалау тәртібін бұзып таңбаланған уылдырықты не таңбаланбай өткізілетін уылдырықты тәркілей отырып жеке адамдарға - айлық есептік көрсеткіштің алпыстан жетпіске дейінгі мөлшерінде, лауазымды адамдарға, дара кәсіпкерлерге - жүз оннан жүз жиырмаға дейінгі мөлшерінде, шағын немесе орта кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға - жүз қырықтан жүз алпысқа дейінгі мөлшерінде, ірі кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға екі жүзден екі жүз жиырмаға дейінгі мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.

 

2011.03.12. № 505-ІV ҚР Заңымен 306-3-баппен толықтырылды



306-3-бап. Қоршаған ортаны қорғау саласындағы жұмыстарды орындау мен қызметтер көрсететін жеке және заңды тұлғалардың дәйексіз деректерді ұсынуы

1. Қоршаған ортаны қорғау саласындағы жұмыстарды орындау мен қызметтер көрсететін жеке және заңды тұлғалардың эмиссиялар нормативтерін, қоршаған ортаны қорғау жөніндегі іс-шараларды, өндірістік экологиялық бақылау бағдарламасы мен олар бойынша есептерді әзірлеу кезінде дәйексіз деректерді ұсынуы,-



лауазымды адамдарға, дара кәсіпкерлерге - айлық есептік көрсеткіштің отыздан елуге дейінгі, заңды тұлғаларға - жүзден екі жүзге дейінгі мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.

2. Осы баптың бірінші бөлiгiнде көзделген, әкiмшiлiк жаза қолданылғаннан кейiн бiр жыл iшiнде қайталап жасалған iс-әрекет, -



лауазымды адамдарға, дара кәсіпкерлерге - лицензияның қолданылуы тоқтатыла тұрып, айлық есептік көрсеткіштің жетпістен жүзге дейінгі мөлшерінде, заңды тұлғаларға - лицензияның қолданылуы тоқтатыла тұрып не онсыз, айлық есептік көрсеткіштің екі жүз елуден үш жүзге дейінгі мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.

3. Осы баптың бірінші және екінші бөліктерінде көзделген әрекеттерді жасау, олар қоршаған ортаға ірі залал келтіруге әкеп соқса не үш реттен артық жасалса және егер бұл әрекеттерде қылмыстық жаза қолданылатын әрекет белгілері болмаса, -



лауазымды адамдарға, дара кәсіпкерлерге - лицензиядан айыра отырып, айлық есептік көрсеткіштің жүзден жүз жиырмаға дейінгі мөлшерінде, заңды тұлғаларға - лицензиядан айыра отырып, үш жүз елу айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.

 

ҚР 05.12.03 ж. № 506-II (бұр. ред. қара) Заңымен 20-тараудың тақырыбы жаңа редакцияда; 2007.21.07. № 299-III ҚР Заңымен 20-тараудың тақырыбы жаңа редакцияда (бұр.ред.қара); 2009.24.07 № 190-IV ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2011.06.01. № 378-IV ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2012.12.01. № 540-ІV ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2012.10.07. № 33-V ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 20-тараудың тақырыбы өзгертілді



20-тарау. Карантин ережелері, астық нарығы мен астықты сақтау, мақта саласы, тұқым шаруашылығы, мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық бақылау және қадағалау және асыл тұқымды мал шаруашылығы сондай-ақ азық-түлік тауарларының өңірлік тұрақтандыру қорларын қалыптастыру және пайдалану саласындағы әкімшілік құқық бұзушылықтар

 

2006.20.01. № 123-III ҚР Заңымен 307-бап өзгертілді (бұр. ред. қара) (2006.01.01. бастап қолданысқа енгізілді)



307-бап. Карантиндiк зиянкестермен, өсiмдiк ауруларымен және арамшөптермен күрес жөніндегі ережелердi бұзу

Қазақстан Республикасының аумағын карантиндiк объектiлерден қорғау жөніндегі ережелердi бұзу, -



жеке тұлғаларға - айлық есептік көрсеткіштің екіден беске дейінгі мөлшерінде, лауазымды адамдарға, дара кәсіпкерлерге, шағын немесе орта кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға - жиырмадан қырыққа дейінгі мөлшерінде, ірі кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға елуден жүзге дейінгі мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.

 

2006.20.01. № 123-III ҚР Заңымен 308-бап жаңа редакцияда (бұр. ред. қара) (2006.01.01. бастап қолданысқа енгізілді)



308-бап. Карантиндік тексеруден және тиісті өңдеуден өтпеген материалдарды әкелу және әкету

Карантиндік тексеруден және тиісті өңдеуден өтпеген импортталатын және экспортталатын өсімдік материалдарын өсімдік карантині жөніндегі шекаралық пункттерге және шекарадағы бекеттерге әкелу және олардан әкету, осы жүктерді рұқсат етілетін карантин құжаттарынсыз тасымалдау, -

карантиндегі өнімдерді тәркілей отырып не онсыз, жеке тұлғаларға - айлық есептік көрсеткіштің екіден беске дейінгі мөлшерінде, лауазымды адамдарға, дара кәсіпкерлерге, шағын немесе орта кәсіпкерлік субъектілері немесе коммерциялық емес ұйымдар болып табылатын заңды тұлғаларға - жиырмадан қырыққа дейінгі мөлшерінде, ірі кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға алпыстан жүзге дейінгі мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.

 

309-бап. 2006.20.01. № 123-III ҚР Заңымен алып тасталды (бұр. ред. қара) (2006.01.01. бастап қолданысқа енгізілді)



 

ҚР 05.12.03 ж. № 506-II Заңымен 309-1-баппен толықтырылды; 2006.20.01. № 123-III ҚР Заңымен 309-1-бап өзгертілді (бұр. ред. қара) (2006.01.01. бастап қолданысқа енгізілді); 2007.27.07. № 314-III ҚР Заңымен  309-1-бап жаңа редакцияда (2008.01.01. бастап қолданысқа енді) (бұр.ред.қара); 2011.15.07. № 461-IV ҚР Заңымен 309-1-бап өзгертілді (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін алты ай өткен соң қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)



309-1-бап. Қазақстан Республикасының астық туралы заңнамасын бұзу

1. 2009.11.12 № 229-IV ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)



2. Астықты экспорттау және импорттау кезінде астық сапасының тиісті паспорттарынсыз өткізу, —

жеке тұлғаларға — бес, дара кәсіпкерлерге, шағын немесе орта кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға — он бес, ірі кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға — жүз елу айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.

3. Мемлекеттік ресурстар астығын сақтайтын астық қабылдау кәсіпорындарының астықтың кез келген мөлшерін тиеп жөнелтуі және (немесе) көлік ұйымдарының астықты уәкілетті органмен алдын ала келіспей әкетуі —

орта кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға, — айлық есептік көрсеткіштің жүзден жүз елуге дейінгі мөлшерінде, ірі кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға, — жүз елуден екі жүзге дейінгі мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.

4. Астық қабылдау кәсіпорындарының астықтың сандық-сапалық есебін жүргізу; астық қолхаттарын беру, олардың айналымы және өтелуі ережелерін бұзуы, —

орта кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға — айлық есептік көрсеткіштің жүз елуден екі жүзге дейінгі мөлшерінде, ірі кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға екі жүз елуден үш жүзге дейінгі мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.

5. Астық қабылдау кәсіпорнының «Астық туралы» Қазақстан Республикасының Заңында рұқсат етілген қызметті қоспағанда, астық қолхаттарын беру арқылы қойма қызметі бойынша қызметтер көрсетуге қатысты емес қызметті жүзеге асыруы, үшінші тұлғалардың міндеттемелері бойынша кепілдіктер беруі және (немесе) өз мүлкін кепілге беруі, —



лицензияның қолданылуын тоқтата тұрып, орта кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға, — айлық есептік көрсеткіштің жүзден жүз жиырмаға дейінгі мөлшерінде, ірі кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға, — екі жүз елуден үш жүзге дейінгі мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.

6. Астық қабылдау кәсіпорындарының астықтың сандық және сапалық көрсеткіштерін жүйелі түрде (қатарынан күнтізбелік алты ай ішінде екі және одан да көп рет) бұрмалауы, олар құжаттамамен расталған жағдайда, —

лицензияның қолданылуын тоқтата тұрып, орта кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға — айлық есептік көрсеткіштің жүз елуден екі жүзге дейінгі мөлшерінде, ірі кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға төрт жүз елуден бес жүзге дейінгі мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.

7. Астық қабылдау кәсіпорнының оларсыз астық қолхаттарын беру арқылы қойма қызметі бойынша қызметтер көрсету жөніндегі қызметті жүзеге асыру толығымен мүмкін болмайтын не айтарлықтай нашарлайтын негізгі құрал-жабдықтарды иеліктен шығаруы, —

лицензияның қолданылуын тоқтата тұрып, орта кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға — айлық есептік көрсеткіштің жүзден жүз жиырмаға дейінгі мөлшерінде, ірі кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға екі жүз елуден үш жүзге дейінгі мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.

8. Лицензияның қолданысын тоқтата тұру мерзімі өткеннен кейін осы баптың бесінші, алтыншы, жетінші бөліктерінде көзделген әкімшілік жауаптылыққа тартуға әкеп соққан бұзушылықтарды жоймау, —

лицензиядан айыра отырып, орта кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға — айлық есептік көрсеткіштің екі жүзден екі жүз елуге дейінгі мөлшерінде, ірі кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға бес жүзден бес жүз елуге дейінгі мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.

2009.11.12 № 229-IV ҚР Заңымен тоғызыншы бөлікпен толықтырылды



9. Агенттің астықты қайта өңдеу ұйымдарына ішкі нарықты реттеу мақсатында өткізген мемлекеттік сатылатын және мемлекеттік тұрақтандыру астық ресурстарының астығын олардың нысаналы пайдаланбауы -

шағын және орта кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға - бір жүз, ірі кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға - екі жүз елу айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.

2009.11.12 № 229-IV ҚР

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   28   29   30   31   32   33   34   35   ...   69




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет