Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Қазақстан


№ 174-III ҚР Заңымен 147-5-баппен толықтырылды; 2008.29.12 № 116-IV ҚР За



бет17/74
Дата23.02.2016
өлшемі5.76 Mb.
#3108
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   ...   74
№ 174-III ҚР Заңымен 147-5-баппен толықтырылды; 2008.29.12 № 116-IV ҚР Заңымен (2009 жылғы 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді) 147-5-бап жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)

147-5-бап. Қазақстан Республикасының табиғи монополиялар және реттелетін нарықтар туралы заңнамасын бұзу

1. Табиғи монополия субъектісінің табиғи монополиялар салаларындағы және реттелетін нарықтардағы басшылықты жүзеге асыратын уәкілетті органға белгіленген нысандардағы ақпаратты, есепті, хабарламаны табыс етпеуі, сол сияқты белгіленген нысандардағы ақпаратты, есепті, хабарламаны белгіленген мерзімдерін бұза отырып табыс етуі - дара кәсіпкерлерге - екі жүз, шағын немесе орта кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға - үш жүз, ірі кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға бір мың айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.

2. Осы баптың бірінші бөлігінде көзделген әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін бір жыл ішінде қайталап жасалған нақ сол іс-әрекеттер (әрекетсіздік) - дара кәсіпкерлерге - екі жүз елу, шағын немесе орта кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға - үш жүз елу, ірі кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға бір мың бес жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.

3. Табиғи монополиялар салаларындағы және реттелетін нарықтардағы басшылықты жүзеге асыратын уәкілетті органға ақпаратты, есепті, хабарламаны табыс ету міндетін қоспағанда, табиғи монополия субъектісінің шектеулерді сақтамауы, сол сияқты табиғи монополия субъектісінің Қазақстан Республикасының табиғи монополиялар және реттелетін нарықтар туралы заңнамасында белгіленген міндеттерді орындамауы немесе тиісінше орындамауы -

дара кәсіпкерлерге - үш жүз, шағын немесе орта кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға - төрт жүз, ірі кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға екі мың айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.

4. Осы баптың үшінші бөлігінде көзделген, табыс (түсім) алуға әкеп соққан іс-әрекеттер (әрекетсіздік) - дара кәсіпкерлерге және заңды тұлғаларға әкімшілік құқық бұзушылық жасау нәтижесінде алынған табыстың (түсімнің) он проценті мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.

Ескерту. Әкімшілік құқық бұзушылық жасау нәтижесінде алынған табыс (түсім) деп табиғи монополия субъектісі алған табыс (түсім) пен табиғи монополия субъектісі Қазақстан Республикасының заңнамасын сақтаған кезде алуға тиіс табыс (түсім) арасындағы айырма түсініледі.

 

2008.29.12 № 116-IV ҚР Заңымен (2009 жылғы 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді) 147-6-баппен толықтырылды

147-6-бап. Электр энергиясын өткізу (сату) тәртібін бұзу

1. Спот-сауда-саттықта (өздері өндіретін электр энергиясы көлемінің он процентінен аспайтын), теңгерімдеуші нарықта және экспортқа өткізу (сату) жағдайларын қоспағанда, энергия өндіруші ұйымның электр энергиясының тиісінше шекті, жеке, есептік тарифінен асатын тариф бойынша электр энергиясын өткізуі (сатуы) -

заңды тұлғаларға әкімшілік құқық бұзушылық жасау нәтижесінде алынған табыстың (түсімнің) он проценті мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.

2. Электр энергиясын экспорттаған жағдайды қоспағанда, энергия өндіруші ұйымның көтерме және (немесе) бөлшек сауда нарығының субъектілері болып табылмайтын жеке және заңды тұлғаларға электр энергиясын өткізуі (сатуы) -

әкімшілік құқық бұзушылық жасау нәтижесінде алынған табыстың (түсімнің) жүз проценті мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.

3. Теңгерімдеуші нарықтағы сатып алу-сату жағдайын қоспағанда, энергиямен жабдықтаушы ұйымның энергиямен жабдықтаушы басқа ұйымға электр энергиясын өткізуі (сатуы) - әкімшілік құқық бұзушылық жасау нәтижесінде алынған табыстың (түсімнің) жүз проценті мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.

Ескерту. Әкімшілік құқық бұзушылық жасау нәтижесінде алынған табыс (түсім) деп мыналар түсініледі:

осы баптың бірінші бөлігі бойынша: осы бапта көзделген жағдайларды қоспағанда, энергия өндіруші ұйымның алған табысы (түсімі) мен электр энергиясының тиісінше шекті, есептік, жеке тарифі бойынша есептелген табыс (түсім) арасындағы айырма;

осы баптың екінші және үшінші бөліктері бойынша: Қазақстан Республикасының электр энергетикасы туралы заңнамасында белгіленген электр энергиясын өткізуге (сатуға) тыйым салуды бұзу нәтижесінде алынған барлық табыс (түсім).

Табыс (түсім) құрамына өткізілген (сатылған), бірақ әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттама жасалған күнге ақысы төленбеген электр энергиясының құнын да енгізу керек.

 

2008.29.12 № 116-IV ҚР Заңымен 147-7-баппен толықтырылды (2009 жылғы 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді)



147-7-бап. Реттелетін нарық субъектілерінің міндеттерді бұзуы

1. Реттелетін нарық субъектісінің баға деңгейін растайтын негіздемелік материалдарды қоса бере отырып босату бағалары туралы ақпаратты, Қазақстан Республикасының бухгалтерлік есеп пен қаржылық есептілік туралы заңнамасына сәйкес қаржылық есептілікті, сондай-ақ монополиялы өндірілетін (өткізілетін) тауарлардың (жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің) өндіру (өткізу) көлемдері, табыстылық деңгейі мен босату бағалары туралы ақпаратты Қазақстан Республикасының табиғи монополиялар және реттелетін нарықтар туралы заңнамасында белгіленген мерзімде табыс етпеуі, сол сияқты табиғи монополиялар салаларындағы және реттелетін нарықтағы басшылықты жүзеге асыратын уәкілетті органға дұрыс емес және (немесе) толық емес ақпаратты табыс етуі - дара кәсіпкерлерге - үш жүз, шағын немесе орта кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға - төрт жүз, ірі кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға екі мың айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.

2. Реттелетін нарық субъектісінің бағалардың алдағы көтерілетіні туралы хабарламаны Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген мерзімде табиғи монополиялар салаларындағы және реттелетін нарықтардағы басшылықты жүзеге асыратын уәкілетті органға ұсынбай тауарлардың (жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің) бағасын көтеруі және оларды өткізуі, сол сияқты табиғи монополиялар салаларындағы және реттелетін нарықтардағы басшылықты жүзеге асыратын уәкілетті орган айқындаған баға деңгейіне дейін Қазақстан Республикасының табиғи монополиялар және реттелетін нарықтар туралы заңнамасында белгіленген тәртіппен қолданыстағы немесе жобаланған бағаны түсірмеуі - дара кәсіпкерлерге және заңды тұлғаларға әкімшілік құқық бұзушылық жасау нәтижесінде алынған табыстың (түсімнің) он проценті мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.

Ескерту. Әкімшілік құқық бұзушылық жасау нәтижесінде алынған табыс (түсім) деп реттелетін нарық субъектісінің алған табысы (түсімі) мен бағаны көтергенге дейін қолданыста болған баға бойынша не деңгейін табиғи монополиялар салаларындағы және реттелетін нарықтардағы басшылықты жүзеге асыратын уәкілетті орган айқындаған баға бойынша есептелген табыс (түсім) арасындағы айырма түсініледі.

Табыс (түсім) құрамына сатылған, бірақ әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттама жасалған күнге дейін ақысы төленбеген тауарлардың (жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің) құнын да енгізу керек.

 

2008.29.12 № 116-IV ҚР Заңымен 147-8-баппен толықтырылды (2009 жылғы 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді)

147-8-бап. Реттелетін нарық субъектісінің баға белгілеу тәртібін сақтамауы



Реттелетін нарық субъектісінің Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілеген баға белгілеу тәртібін сақтамауы - дара кәсіпкерлерге - үш жүз, шағын немесе орта кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға - төрт жүз, ірі кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға екі мың айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.

 

2008.29.12 № 116-IV ҚР Заңымен 147-9-баппен толықтырылды (2009 жылғы 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді)

147-9-бап. Энергия өндіруші ұйымның инвестициялық бағдарламаны орындамауы



Энергия өндіруші ұйымның табиғи монополиялар салаларындағы және реттелетін нарықтардағы басшылықты жүзеге асыратын уәкілетті орган енгізген инвестициялық бағдарламаны орындау туралы нұсқаманы орындамауы - тұтынушылардан алынған және инвестициялық бағдарламаны іске асыру мақсатында пайдаланылмаған сомалардың он проценті мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.

 

2010.15.11. № 352-ІV ҚР Заңымен 147-10-баппен толықтырылды



147-10-бап. Қазақстан Республикасының биоотын өндірісін және айналымын мемлекеттік реттеу туралы заңнамасын бұзу

1. Биоотын өндірушілердің кейіннен биоотын етіп қайта өңдеу үшін тамақ шикізатын сатып алуға арналған квоталар нормаларын асырып жіберуі - шағын немесе орта кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға - үш жүз қырық, ірі кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға бір мың бес жүз жетпіс айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.

2. Осы баптың бірінші бөлігінде көзделген, әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін бір жыл ішінде қайталап жасалған іс-әрекеттер - асырып жіберілген квота мөлшерінде тамақ шикізатынан өндірілген өнім тәркілене отырып және биотынды өндіру жөніндегі қызметпен айналысу әрекеті алты айға дейінгі мерзімге тоқтататыла тұрып, шағын немесе орта кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға - үш жүз тоқсан, ірі кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға бір мың сегіз жүз жиырма айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.

3. Биоотынды өндіру кезінде 1 және 2-сыныпты бидайды тамақ шикізаты ретінде пайдалану - шағын немесе орта кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға - екі жүз, ірі кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға жеті жүз елу айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.

4. Құрамы техникалық регламенттермен белгіленген құрамға сәйкес келмейтін биоотынды сату - шағын немесе орта кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға - үш жүз, ірі кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға жеті жүз елу айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.

5. Денатуратталмаған биоэтанолды, оны биоотын өндіру зауытына немесе биоотынның басқа түріне қайта өңдеу үшін мұнай өңдеу зауытына жеткізу жағдайларын қоспағанда, айналымға шығару - шағын немесе орта кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға - үш жүз, ірі кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға жеті жүз елу айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.

6. Белгілі бір биоотын өндіру зауытында екі және одан да көп биоотын өндірушілердің биоотын өндіруді жүзеге асыруы - шағын немесе орта кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға - бір жүз, ірі кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға жеті жүз елу айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.

7. Биоотын өндірушілердің биоотынды өндіріс паспортынсыз, биоотын өндірісінің көлемін есепке алуды бақылау аспаптарынсыз не олардың бұзылып тұрған уақытында өндіруі - осы кезеңде өндірілген өнім тәркілене отырып, шағын немесе орта кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға - екі жүз жиырма, ірі кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға жеті жүз отыз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.

8. Биоотын өндірушілердің генетикалық жағынан түрлендірілген көз (объекті) болып табылатын немесе генетикалық жағынан түрлендірілген көздерді (объектілерді) қамтитын тамақ шикізатын олардың қауіпсіздігін ғылыми тұрғыдан негізделген растаусыз және мемлекеттік тіркеуден өткізусіз қабылдауы - шағын немесе орта кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға - екі жүз елу, ірі кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға тоғыз жүз қырық айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.

9. Биоотын өндірушілердің биоотынды ілеспе жүкқұжаттарын ресімдемей сатуы - шағын немесе орта кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға - екі жүз жетпіс, ірі кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға жеті жүз он айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.

10. Биоотын өндірушілердің, тиісті құжаттары бар кезде биоотынды экспорттауын қоспағанда, биоотын өндіруді жүзеге асырмайтын және (немесе) мұнай өнімдерін компаундирлеуге лицензиясы жоқ тұлғаларға биоотынды сатуы - биоотынның сатылған партиясына тең көлемін тәркілей отырып, шағын немесе орта кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға - үш жүз, ірі кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға тоғыз жүз тоқсан айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.

11. Биоотын өндірушілердің, тиісті құжаттары бар кезде биоотынды экспорттауды қоспағанда, өндірілген биоотынды биоотын нарығының қатысушылары болып табылмайтын тұлғаларға оны сақтау үшін беруі - биоотынның сатылған партиясына тең көлемін тәркілей отырып, шағын немесе орта кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға - екі жүз жиырма, ірі кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға алты жүз алпыс айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.

12. Тиісті құжаттары бар кезде биоотынды экспорттауды қоспағанда, биоотын нарығының қатысушылары болып табылмайтын және (немесе) мұнай өнімдерін компаундирлеуге лицензиясы жоқ тұлғалардың биоотынды сақтауы - биоотынның сатылған партиясына тең көлемін тәркілей отырып, шағын немесе орта кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға - бір жүз жетпіс, ірі кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға екі жүз алпыс айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.

13. Осы баптың жетінші, сегізінші, тоғызыншы, оныншы, он бірінші бөліктерінде көзделген, әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін бір жыл ішінде қайталап жасалған іс-әрекеттер - биоотынның тиісті көлемін тәркілей отырып, шағын немесе орта кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға - төрт жүз, ірі кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға бір мың үш жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.

14. Осы баптың он екінші бөлігінде көзделген, әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін бір жыл ішінде қайталап жасалған іс-әрекеттер - шағын немесе орта кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға - екі жүз қырық, ірі кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға төрт жүз отыз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.

 

2012.09.01. № 533-IV ҚР Заңымен 147-11-баппен толықтырылды (күшіне енетін мерзімін қара)



147-11-бап. Қазақстан Республикасының газ және газбен жабдықтау туралы заңнамасының талаптарын бұзу

1. Газбен жабдықтау жүйелері субъектісінің тауарлық, сұйытылған мұнай газын және (немесе) сұйытылған табиғи газды өндіру, тасымалдау (тасу), сақтау және өткізу жөніндегі мәліметтерді табыс етпеуі, сол сияқты мәліметтерді белгіленген мерзімдерді бұза отырып табыс етуі -



дара кәсіпкерлерге, шағын немесе орта кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға - елу, ірі кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға бір жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.

2-тармақ 2012 жылғы 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізіледі

2. Қазақстан Республикасының газ және газбен жабдықтау туралы заңнамасында белгіленген газбен жабдықтау жүйелері объектілерін пайдалану жөніндегі шектеулерді сақтамау, -



дара кәсіпкерлерге, шағын немесе орта кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға - бір жүз, ірі кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға үш жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.

3-тармақ 2012 жылғы 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізіледі

3. Қазақстан Республикасының газ және газбен жабдықтау туралы заңнамасында белгіленген тауарлық және (немесе) сұйытылған мұнай газын есепке алу және (немесе) өткізу тәртібін бұзу, -



дара кәсіпкерлерге, шағын немесе орта кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға - айлық есептік көрсеткіштің бір жүзден бір жүз елуге дейінгі мөлшерінде, ірі кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға бес жүзден жеті жүзге дейінгі мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.

4-тармақ 2012 жылғы 1 сәуірден бастап қолданысқа енгізіледі

4. Шикі және (немесе) тауарлық газды сатып алуға мемлекеттің артықшылықты құқығын жер қойнауын пайдаланушының бұзуы -



заңды тұлғаларға бір мың айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.

5-тармақ 2012 жылғы 1 сәуірден бастап қолданысқа енгізіледі

5. Тауарлық газбен жабдықтаудың бірыңғай жүйесі объектілерін, тауарлық газбен жабдықтаудың бірыңғай жүйесі объектілеріне ортақ меншік құқығындағы үлестерін және (немесе) тауарлық газбен жабдықтаудың бірыңғай жүйесі объектілерінің меншік иелері - заңды тұлғалар акцияларының пакеттерін (қатысу үлестерін) сатып алуға мемлекеттің басым құқығын газбен жабдықтау жүйелері объектісі меншік иесінің бұзуы -



заңды тұлғаларға бір мың айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.

6. Тауарлық газбен жабдықтаудың бірыңғай жүйесі объектілерін пайдаланудың белгіленген технологиялық режимдерін тауарлық газбен жабдықтаудың бірыңғай жүйесі субьектілерінің сақтамауы -



дара кәсіпкерлерге, шағын немесе орта кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға - екі жүз, ірі кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға бір мың бес жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.

7-тармақ 2012 жылғы 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізіледі

7. Осы баптың үшінші бөлігінде көзделген, кіріс (түсім) алуға әкеп соққан іс-әрекет, -



аккредиттеу туралы куәлiктiң қолданысын тоқтата тұрып не одан айырып, дара кәсіпкерлер мен заңды тұлғаларға әкімшілік құқық бұзушылық жасау салдарынан алынған кірістің (түсімнің) отыз пайызы мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.

Ескертпе. Әкімшілік құқық бұзушылық жасау салдарынан алынған кіріс (түсім) деп әкімшілік құқық бұзушылық жасаған дара кәсіпкер немесе заңды тұлға алған кіріс (түсім) пен дара кәсіпкер немесе заңды тұлға Қазақстан Республикасының заңнамасын сақтаған кезде алуға тиіс болған кіріс (түсім) арасындағы айырма түсініледі.

 

2012.09.01. № 533-IV ҚР Заңымен 147-12-баппен толықтырылды (күшіне енетін мерзімін қара)



147-12-бап. Бағаларына мемлекеттік реттеу белгіленген мұнай өнімдерін, тауарлық және сұйытылған мұнай газын өткізудің шекті бағаларын асырып жіберу

1. Мұнай өнімдерін бөлшек саудада өткізушілердің Қазақстан Республикасының мұнай өнімдерінің жекелеген түрлерін өндіру және айналымын мемлекеттік реттеу туралы заңнамасына сәйкес белгіленген мұнай өнімдерін бөлшек саудада өткізудің шекті бағасынан асырып жіберуі,-



дара кәсіпкерлерге, шағын немесе орта кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға - екі жүз, ірі кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға мың айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.

2-тармақ 2012 жылғы 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізіледі



2. Тауарлық және сұйытылған мұнай газын көтерме саудада өткізуді жүзеге асырушы тұлғалардың газ және газбен жабдықтау туралы Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес белгіленген көтерме саудада өткізудің шекті бағасын асырып жіберуі, -

шағын немесе орта кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға - екі жүзден үш жүзге дейін, ірі кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға бір мыңнан екі мыңға дейінгі айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.

3-тармақ 2012 жылғы 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізіледі



3. Осы баптың бірінші және екінші бөліктерінде көзделген, әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін бір жыл ішінде қайталап жасалған іс-әрекеттер,-

аккредиттеу туралы куәлiктiң қолданысын тоқтата тұрып не одан айырып, дара кәсіпкерлерге, заңды тұлғаларға әкімшілік құқық бұзушылық жасау салдарынан алынған кірістің (түсімнің) жүз пайызы мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.

Ескертпе. Әкімшілік құқық бұзушылық жасау нәтижесінде алынған кіріс (түсім) деп әкімшілік құқық бұзушылық жасаған дара кәсіпкер немесе заңды тұлға алған кіріс (түсім) пен Қазақстан Республикасының заңнамасы сақталған кезде дара кәсіпкер немесе заңды тұлға алуға тиіс болған кіріс (түсім) арасындағы айырма түсініледі.

 



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   ...   74




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет