Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Қазақстан



бет16/74
Дата23.02.2016
өлшемі5.76 Mb.
#3108
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   ...   74
141-бап. Шикiзатты, азық-түлiк және өнеркәсiп тауарларын Қазақстан Республикасының шегiнен тысқары жiберу үшiн қабылдау тәртібін бұзу

Пошта ұйымдарының, темір жол, автомобиль, өзен, теңiз және әуе көлiктерiнiң лауазымды адамдарының шикiзаттарды, азық-түлiк және өнеркәсiп тауарларын Қазақстан Республикасының шегiнен тысқары жiберу үшiн қабылдау ережелерiн бұзуы, -

айлық есептiк көрсеткiштiң бестен онға дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.

 

2010.06.10. № 343-ІV ҚР Заңымен 141-1-баппен толықтырылды



141-1-бап. Мұнайды және мүнай өнімдерін заңсыз тасымалдау, иелену, өткізу, сақтау, сондай-ақ мұнайды өңдеу

1. Қылмыстық жаза қолданылатын әрекет белгілері жоқ, мұнайды және мұнай өнімдерінің шығарылуының заңдылығын растайтын құжаттарсыз оны тасымалдау, иелену, өткізу, сақтау, сондай-ақ мұнайды өңдеу, -

жеке тұлғаларға - жүз, лауазымды адамдарға, дара кәсіпкерлерге - жүз елу, шағын немесе орта кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға - үш жүз, ірі кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға бес жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.

2. Осы баптың бірінші бөлігінде көзделген, әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін бір жыл ішінде қайталап жасалған әрекеттер, -

жеке тұлғаларға - жүз елу, лауазымды адамдарға, дара кәсіпкерлерге - екі жүз, шағын немесе орта кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға - төрт жүз, ірі кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға сегіз жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.

 

142-бап. 2006.20.01. № 123-III ҚР Заңымен алып тасталды (бұр. ред. қара) (2006.01.01. бастап қолданысқа енгізілді)



 

2006.20.01. № 123-III ҚР Заңымен 143-бап жаңа редакцияда (бұр. ред. қара) (2006.01.01. бастап қолданысқа енгізілді); 2011.09.11. № 490-ІV ҚР Заңымен 143-бап жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)



143-бап. Заңсыз кәсіпкерлік

Кәсіпкерлік қызметті тіркелусіз не егер арнайы рұқсаттың (лицензияның) міндетті түрде болуы талап етілетін жағдайда, мұндай рұқсатсыз (лицензиясыз) немесе лицензиялау талаптарын бұза отырып жүзеге асыру, сол сияқты кәсіпкерлік қызметтің тыйым салынған түрлерімен айналысу, егер бұл әрекеттер азаматқа, ұйымға немесе мемлекетке ірі залал келтірсе не ірі мөлшерде табыс алумен немесе акцизделетін тауарларды едәуір мөлшерде өндірумен, сақтаумен, тасымалдаумен не өткізумен ұштасқан болса, егер бұл іс-әрекетте қылмыстық жазаланатын әрекет белгілері болмаса, -

жеке тұлғаларға, лауазымды адамдарға, дара кәсiпкерлерге, шағын немесе орта кәсiпкерлiк субъектiлерi болып табылатын заңды тұлғаларға - келтірілген зиян сомасының, алынған табыс сомасының және заңсыз кәсіпкерлік нәтижесінде алынған акцизделетін тауарлар құнының отыз пайызы мөлшерiнде, iрi кәсiпкерлiк субъектiлерi болып табылатын заңды тұлғаларға елу пайызы мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.

Ескертулер.

1. Осы Кодекстің 143 және 143-2-баптарында азаматқа бір мың айлық есептік көрсеткіштен аспайтын сомада келтірілген залал, не ұйымға немесе мемлекетке он мың айлық есептік көрсеткіштен аспайтын сомада келтірілген залал ірі залал деп танылады.

2. Осы Кодекстің 143 және 143-2-баптарында сомасы он мың айлық есептік көрсеткіштен аспайтын табыс ірі мөлшердегі табыс деп танылады.

3. Осы бапта құны бір мың айлық есептік көрсеткіштен аспайтын тауарлар саны едәуір мөлшер деп танылады.»

 

2010.30.06. № 297-ІV ҚР Заңымен 143-1-баппен толықтырылды



143-1-бап. Қазақстан Республикасының заңнамасында кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыруға тыйым салу белгіленген адамның осындай қызметпен айналысуы

Қазақстан Республикасының заңнамасында кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыруға тыйым салу белгіленген адамның осындай қызметпен айналысуы -

әкімшілік құқық бұзушылық жасау заттары және (немесе) құралдары және (немесе) құқық бұзушылық жасау салдарынан алынған табыстары (дивидендтері), ақшасы, бағалы қағаздары тәркілене отырып, жеке тұлғаларға екі жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.

 

2011.09.11. № 490-ІV ҚР Заңымен 143-2-баппен толықтырылды



143-2-бап. Заңсыз банктік қызмет

Банктiк қызметтi (банктiк операцияларды) тiркеусіз немесе рұқсат (лицензия) алу мiндеттi болған жағдайларда мұндай арнаулы рұқсатсыз (лицензиясыз) немесе лицензиялау шарттарын бұзып жүзеге асыру, азаматқа, ұйымға немесе мемлекетке iрi залал келтiрсе, не iрi мөлшерде табыс табумен ұштасса, егер осы iс-әрекетте қылмыстық жазаланатын әрекет белгiлерi болмаса,-

жеке тұлғаларға, лауазымды адамдарға, дара кәсiпкерлерге, шағын немесе орта кәсiпкерлiк субъектiлерi болып табылатын заңды тұлғаларға - келтірілген залал сомасының, заңсыз қызмет нәтижесінде алынған табыс сомасының отыз, iрi кәсiпкерлiк субъектiлерi болып табылатын заңды тұлғаларға елу пайызы мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.

 

2006.20.01. № 123-III ҚР Заңымен 144-бап жаңа редакцияда (бұр. ред. қара) (2006.01.01. бастап қолданысқа енгізілді)



144-бап. Кино- және бейнешығармаларды көпшілікке көрсету ережелерін бұзу

Белгіленген көрсету уақытын және көрермендер санатын сақтамаудан көрініс тапқан, кино- және бейнешығармаларды көпшілікке көрсету ережелерін бұзу, -

жеке тұлғаларға, лауазымды адамдарға, дара кәсіпкерлерге, шағын немесе орта кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға - айлық есептік көрсеткіштің оннан жиырма беске дейінгі мөлшерінде, ірі кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға отыздан жүзге дейінгі мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.

 

2011.18.01. № 393-IV ҚР Заңымен 144-1-баппен толықтырылды

144-1-бап. Көрiнеу жалған жарнама

Жарнама берушiнiң жарнамада тауарларға, жұмыстарға немесе қызмет көрсетуге, сондай-ақ оларды өндiрушiлерге, орындаушыларға немесе сатушыларға қатысты көрiнеу жалған ақпаратты пайдалануы пайдакүнемдiк ниетпен жасалса және iрi зиян келтiрсе, -

жеке тұлғаларға, лауазымды адамдарға, дара кәсіпкерлерге айлық есептік көрсеткіштің бір жүзден үш жүзге дейiнгі мөлшерiнде айыппұл салуға не қырық бес тәулікке дейін әкімшілік қамауға, шағын немесе орта кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға - айлық есептік көрсеткіштің екі жүзден бес жүзге дейінгі мөлшерінде, ірі кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға айлық есептік көрсеткіштің бес жүзден бір мыңға дейінгі мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.

Ескерту. Осы бапта айлық есептік көрсеткіштен бір жүз есе асатын сомаға жеке тұлғалаға келтірілген залал, не айлық есептік көрсеткіштен бес жүз есе асатын сомаға ұйымға немесе мемлекетке келтірілген залал ірі нұқсан ретінде танылады.

 

 2005.22.11 № 90-III ҚР Заңымен 145 - бап жаңа редакцияда (бұр. ред. қара); 2007.27.07. № 314-III ҚР Заңымен  145-бап жаңа редакцияда (2008.01.01. бастап қолданысқа енді) (бұр.ред.қара)



145-бап. Бөтен тауар таңбасын, қызмет көрсету таңбасын, тауар шығарылған жердің атауын немесе фирмалық атауды заңсыз пайдалану

1. Бөтен тауар таңбасын, қызмет көрсету таңбасын немесе тауар шығарылған жердің атауын немесе біртектес тауарлар немесе қызметтер үшін оларға ұқсас белгілерді заңсыз пайдалану, сондай-ақ бөтен фирмалық атауды заңсыз пайдалану, егер бұл іс-әрекеттерде қылмыстық жаза қолданылатын әрекет белгілері болмаса, —



тауар таңбасының, қызмет көрсету таңбасының, тауар шығарылған жердің атауының немесе біртектес тауарлар немесе қызметтер үшін оларға ұқсас белгілердің заңсыз бейнесін қамтитын тауарлар тәркілене отырып, жеке тұлғаларға — айлық есептік көрсеткіштің оннан отызға дейінгі мөлшерінде, лауазымды адамдарға — отыздан елуге дейінгі мөлшерінде, заңды тұлғаларға елуден жүзге дейінгі мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.

2. Осы баптың бірінші бөлігінде көзделген, әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін бір жыл ішінде қайталап жасалған нақ сол іс-әрекеттер,—

тауар таңбасының, қызмет көрсету таңбасының, тауар шығарылған жердің атауының немесе біртектес тауарлар немесе қызметтер үшін оларға ұқсас белгілердің заңсыз бейнесін қамтитын тауарлар тәркілене отырып, жеке тұлғаларға — айлық есептік көрсеткіштің отыздан елуге дейінгі мөлшерінде, лауазымды адамдарға — елуден жүзге дейінгі мөлшерінде, заңды тұлғаларға жүзден екі жүзге дейінгі мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.

Ескертулер:

1. Осы бапта көрсетілген құқық бұзушылықтар жасағаны үшін тәркілеу тауардан, оның орамасынан, бланкілерден немесе басқа да құжаттамадан тауар таңбасының немесе тауар шығарылған жердің атауының дайындалған бейнесін, заңсыз пайдаланылатын тауар таңбасын немесе тауар шығарылған жердің атауын, сондай-ақ олармен айырғысыз дәрежеге дейін ұқсас белгіні жою мүмкін болмаған жағдайда жүргізіледі.

2. Осы баптың бірінші және екінші бөліктеріне сәйкес тәркіленген тауарлар құқық иеленушінің өтініші бойынша оған берілген жағдайларды қоспағанда, осы Кодекстің 628-бабында көзделген тәртіппен жойылуға тиіс.

 

146-бап. 2006.20.01. № 123-III ҚР Заңымен алып тасталды (бұр. ред. қара) (2006.01.01. бастап қолданысқа енгізілді)



 

2011.18.01. № 393-IV ҚР Заңымен 146-1-баппен толықтырылды

146-1-бап. Кредиторлық берешектi өтеуден әдейi жалтару



Тиiстi сот актiсi заңды күшiне енгеннен кейiн ұйым жетекшiсiнiң немесе азаматтың ірi мөлшердегi кредиторлық берешектi өтеуден әдейi жалтаруы -

айлық есептiк көрсеткiштiң бір жүзден үш жүзге дейiнгі мөлшерiнде айыппұл салуға не қырық бес тәулікке дейін әкімшілік қамауға әкеп соғады.

Ескерту. Азаматтың бес жүз айлық есептiк көрсеткiштен асатын сомадағы, ал ұйымның екi мың бес жүз айлық есептiк көрсеткiштен асатын сомадағы берешегi iрi мөлшердегi кредиторлық берешек деп танылады.

 

ҚР 05.12.03 ж. № 506-II (бұр. ред. қара); 2006.20.01. № 123-III (бұр. ред. қара) (2006.01.01. бастап қолданысқа енгізілді); 2006.07.07. № 174-III (бұр.ред.қара); 2008.25.12. № 113-ІV (бұр.ред.қара) ҚР Заңдарымен 147-бап жаңа редакцияда



147-бап. Монополистік қызмет

1. Нарық субъектілерінің Қазақстан Республикасының бәсекелестікті қорғау және монополистік қызметті шектеу саласындағы заңнамалық актісінде тыйым салынған бәсекелестікке қарсы келісімдері, егер бұл іс-әрекеттерде қылмыстық жаза қолданылатын әрекет белгілері болмаса, -

монополистік қызметті бір жылдан аспайтын мерзімде жүзеге асыру нәтижесінде алынған монополиялық табысы тәркіленіп немесе онсыз, лауазымды адамдарға, дара кәсіпкерлерге - бір жүз елу айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде, шағын немесе орта кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға - монополистік қызметті жүзеге асыру нәтижесінде алынған табысының (түсімінің) бес проценті мөлшерінде, ірі кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға он проценті мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.

2. Нарық субъектілерінің Қазақстан Республикасының бәсекелестікті қорғау және монополистік қызметті шектеу саласындағы заңнамалық актісінде тыйым салынған бәсекелестікке қарсы келісілген іс-әрекеттері, егер бұл іс-әрекеттерде қылмыстық жаза қолданылатын әрекет белгілері болмаса, -

монополистік қызметті бір жылдан аспайтын мерзімде жүзеге асыру нәтижесінде алынған монополиялық табысы тәркіленіп немесе онсыз, лауазымды адамдарға, дара кәсіпкерлерге - бір жүз елу айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде, шағын немесе орта кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға - монополистік қызметті жүзеге асыру нәтижесінде алынған табысының (түсімінің) бес проценті мөлшерінде, ірі кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға он проценті мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.

3. Нарық субъектілерінің Қазақстан Республикасының бәсекелестікті қорғау және монополистік қызметті шектеу саласындағы заңнамалық актісінде тыйым салынған өзінің үстем немесе монополиялық жағдайын теріс пайдалануы, егер бұл іс-әрекеттерде қылмыстық жаза қолданылатын әрекет белгілері болмаса, -

монополистік қызметті бір жылдан аспайтын мерзімде жүзеге асыру нәтижесінде алынған монополиялық табысы тәркіленіп немесе онсыз, лауазымды адамдарға, дара кәсіпкерлерге - бір жүз елу айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде, шағын немесе орта кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға - монополистік қызметті жүзеге асыру нәтижесінде алынған табысының (түсімінің) бес проценті мөлшерінде, ірі кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға он проценті мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.

4. Осы баптың бірінші, екінші және үшінші бөліктерінде көзделген, әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін бір жыл ішінде қайталап жасалған іс-әрекеттер, - монополистік қызметті бір жылдан аспайтын мерзімде жүзеге асыру нәтижесінде алынған монополиялық табысы тәркіленіп, лауазымды адамдарға, дара кәсіпкерлерге - үш жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде, шағын және орта кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға - монополистік қызметті жүзеге асыру нәтижесінде алынған табысының (түсімінің) он проценті мөлшерінде, ірі кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға жиырма проценті мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.

Ескерту.

Бәсекелестікке қарсы келісім немесе бәсекелестікке қарсы келісілген іс-әрекеттер түріндегі әкімшілік құқық бұзушылықты жасаған нарық субъектіcін судья, жиынтығында мынадай:

1) нарық субъектісі бәсекелестікке қарсы келісімдер немесе келісілген іс-әрекеттер туралы монополияға қарсы органға мәлімдеген кезде монополияға қарсы орган басқа көздерден осы бәсекелестікке қарсы келісімдер немесе келісілген іс-әрекеттер туралы ақпарат алмаған;

2) нарық субъектісі бәсекелестікке қарсы келісімдерге немесе келісілген іс-әрекеттерге өзінің қатысуын тоқтату жөнінде жедел шаралар қабылдаған;

3) нарық субъектісі мәлімдеу кезінен бастап бүкіл тергеу бойында бәсекелестікке қарсы келісімдер немесе келісілген іс-әрекеттердің фактілері туралы толық ақпаратты хабарлаған;

4) нарық субъектісінің бәсекелестікке қарсы келісімдер немесе келісілген іс-әрекеттерді жасау салдарынан тұтынушыларға келтірілген залалдарды ерікті түрде өтеу шарттары сақталған кезде монополиялық табысын тәркілеуден босатуы мүмкін.

 

2006.20.01. № 123-III ҚР Заңымен 147-1-баппен толықтырылды (2006.01.01. бастап қолданысқа енгізілді); 2010.21.01. № 242-ІV ҚР Заңымен 147-1-бап жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)



147-1-бап. Қазақстан Республикасының мемлекеттік монополия туралы заңнамасын бұзу

1. Мемлекеттік монополия субъектісінің Қазақстан Республикасының мемлекеттік монополия туралы заңнамасында белгіленген шектеулерді сақтамауы, -



мемлекеттік монополия субъектісіне айлық есептік көрсеткіштің екі жүзден үш жүзге дейінгі мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.

2. Мемлекеттік монополия саласына жатқызылған қызметті уәкілетті емес адамның жүзеге асыруы, -

әкімшілік құқық бұзушылық заттары және (немесе) құралдары тәркілене отырып немесе онсыз, жеке адамдарға - жүз, лауазымды адамдарға және дара кәсіпкерлерге - жүз жиырма бес, шағын және орта кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға - екі жүз, ірі кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға үш жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.

 

2006.07.07. № 174-III ҚР Заңымен 147-2-баппен толықтырылды

147-2-бап. Экономикалық шоғырлану кезінде нарық субъектілерінің заңсыз іс-әрекеттерi

Егер монополияға қарсы орган рұқсатының болуы қажет жағдайда, нарық субъектілерінің оның рұқсаттың алмай экономикалық шоғырлануы, экономикалық шоғырлануға қатысушы нарық субъектілерінің экономикалық шоғырлануға рұқсат беру туралы шешімге негіз болған талаптар мен міндеттемелерді орындамауы, -

жеке тұлғаларға айлық есептік көрсеткіштің елуден жүзге дейінгі мөлшерінде, лауазымды адамдарға, дара кәсіпкерлерге - екі жүз елуден үш жүзге дейінгі мөлшерінде, шағын немесе орта кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға - үш жүз елуден төрт жүзге дейінгі мөлшерінде, ірі кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға - бір мың бес жүзден екі мыңға дейінгі мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.

 

2006.07.07. № 174-III ҚР Заңымен 147-3-баппен толықтырылды; 2008.25.12. № 113-ІV ҚР Заңымен 147-3-бап өзгертілді (бұр.ред.қара)



147-3-бап. Монополияға қарсы органның нұсқамаларын орындамау.

Ақпарат беру жөніндегі міндеттемелерді бұзу және

үй-жай мен аумаққа кіруге кедергі жасау

Нұсқаманы орындамау немесе оны толық көлемде орындамау, монополияға қарсы органға белгіленген мерзімде ақпарат бермеу не толық емес көлемде беру, монополияға қарсы органға дұрыс емес және (немесе) жалған ақпарат беру, монополияға қарсы органның тергеу жүргізетін лауазымды адамдарының үй-жай мен аумаққа кіруіне кедергі жасау, -

жеке тұлғаларға айлық есептік көрсеткіштің елуден жүзге дейінгі мөлшерінде, лауазымды адамдарға, дара кәсіпкерлерге - екі жүз елуден үш жүзге дейінгі мөлшерінде, шағын немесе орта кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға - үш жүз елуден төрт жүзге дейінгі мөлшерінде, ірі кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға - бір мың бес жүзден екі мыңға дейінгі мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.

 

2006.07.07. № 174-III ҚР Заңымен 147-4-баппен толықтырылды; 2008.25.12. № 113-ІV ҚР Заңымен 147-4-бап өзгертілді (бұр.ред.қара)



147-4-бап. Мемлекеттік органдардың бәсекеге қарсы іс-әрекеті, жосықсыз бәсеке

1. Мемлекеттік органдардың бәсекеге қарсы іс-әрекеті -

лауазымды адамдарға айлық есептік көрсеткіштің үш жүзден төрт жүзге дейінгі мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.

2. Жосықсыз бәсеке -

дара кәсіпкерлерге айлық есептік көрсеткіштің екі жүз елуден үш жүзге дейінгі мөлшерінде, шағын немесе орта кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға - екі жүз елуден үш жүзге дейінгі мөлшерінде, ірі кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға - бір мыңнан бір мың бес жүзге дейінгі мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.

3. Осы баптың екінші бөлігінде көзделген, әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін бір жыл ішінде қайталап жасалған іс-әрекет,-

лауазымды адамдарға, дара кәсіпкерлерге, шағын және орта кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға - айлық есептік көрсеткіштің үш жүз елуден төрт жүзге дейінгі мөлшерінде, ірі кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға - бір мың бес жүзден екі мыңға дейінгі мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.

 

2006.07.07.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   ...   74




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет