Әкімшілік құқық бұзушылық туралы



бет8/54
Дата14.06.2016
өлшемі3.01 Mb.
#134285
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   54

               түрлерiн жүргiзу
      Тарихи-мәдени мұраларды қорғау мен пайдалану жөнiндегi тиiстi мемлекеттiк органдардың келiсiмiнсiз және осы органдардың нұсқауы бойынша ескерткiштердiң паспорттандырылуы мен сақталуын анықтау жөнiндегi алдын ала шараларды жүзеге асырмай, тарих пен мәдениет ескерткiштерiнiң сақталуына қатер төндiретiн жобалау, iздестiру, құрылыс, мелиорация, жол жұмыстарын және басқа да жұмыс түрлерiн жүргiзу; ескерткiштердi қорғау өңiрлерiнде жер, құрылыс және басқа да жұмыстарды жүргiзу, сондай-ақ тиiстi мемлекеттiк ескерткiштердi қорғау органдарының рұқсатынсыз бұл өңiрлерде шаруашылық қызметпен айналысу, тарих пен мәдениет ескерткiштерiн қорғау мен пайдалануды мемлекеттiк бақылауды жүзеге асыратын тиiстi органдардың ескерткiштердi қорғау жөнiндегi ережелердiң бұзылуын жою туралы нұсқамаларын орындамау, -
      жеке тұлғаларға - жүргізіліп жатқан жұмыстарын тоқтата тұрып не онсыз айлық есептiк көрсеткiштiң бестен онға дейiнгi мөлшерiнде, лауазымды адамдарға, дара кәсiпкерлерге, шағын немесе орта кәсiпкерлiк субъектiлерi болып табылатын заңды тұлғаларға - елуден жүзге дейiнгi мөлшерiнде, iрi кәсiпкерлiк субъектiлерi болып табылатын заңды тұлғаларға екi жүзден екi жүз елуге дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
      Ескерту. 130-бапқа өзгеріс енгізілді - Қазақстан Республикасының 2006.01.20. N 123 (2006 жылғы 1 қаңтардан бастап  қолданысқа енгізілді), 2007.07.21. N 307 Заңдарымен.
      131-бап. Егiстiктер мен екпелердi басып өту
      1. Автомобильмен не трактормен, комбайнмен немесе өзге де өздiгiнен жүретiн машинамен егiстiктердi немесе екпелердi басып өту, -
      айлық есептiк көрсеткiштiң үштен онға дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
      2. Егiстiктердi немесе екпелердi күш көлiгiмен басып өту, -
      айлық есептiк көрсеткiштiң бiрден беске дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
      131-1-бап. Егістіктерді, шөмелелерді таптау, ауыл
                  шаруашылығы дақылдарының алқапта жиналған
                  астығын бүлдіру немесе жою, екпелерді зақымдау
      1. Ұйымдық-құқықтық нысанына қарамастан ауыл шаруашылығы ұйымдарының, шаруа немесе фермер қожалықтарының, жеке қосалқы шаруашылықтардың егістіктерін, шөмелелерін мал немесе құс жайып таптау, ауыл шаруашылығы дақылдарының алқапта жиналған астығын бүлдіру немесе жою не екпелерін зақымдау –
      азаматтарға – айлық есептiк көрсеткiштiң елуге дейiнгi мөлшерiнде, лауазымды адамдарға жиырмадан елуге дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
      2. Осы баптың бірінші бөлігінде көзделген, әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін бір жыл ішінде қайталап жасалған нақ сол іс-әрекеттер –
      азаматтарға – айлық есептiк көрсеткiштiң елуден жүзге дейiнгi мөлшерiнде, лауазымды адамдарға жетпістен жүзге дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
      Ескерту. Кодекс 131-1-баппен толықтырылды - ҚР 03.07.2013 № 121-V (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Конституциялық заңымен.
      132-бап. <*>
      Ескерту. 132-бап алып тасталды - Қазақстан Республикасының 2006.01.20. N 123 (2006 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) Заңымен.
      133-бап. <*>
      Ескерту. 133-бап алып тасталды - Қазақстан Республикасының 2006.01.20. N 123 (2006 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) Заңымен.
      134-бап. <*>
      Ескерту. 134-бап алып тасталды - Қазақстан Республикасының 2006.01.20. N 123 (2006 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) Заңымен.
      134-1-бап. Мемлекеттiк заттай гранттарды қайтару
                  мерзiмдерiн бұзу
       Мемлекеттiк заттай гранттардың инвестициялар туралы заңнамада белгiленген қайтару мерзiмдерiн бұзу, -
      шағын немесе орта кәсiпкерлiк субъектiлерi болып табылатын заңды тұлғаларға - айлық есептiк көрсеткiштiң үш жүзден төрт жүзге дейінгі мөлшерiнде, iрi кәсiпкерлiк субъектiлерi болып табылатын заңды тұлғаларға бiр мыңнан екi мыңға дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
      Ескерту. 134-1-бап жаңа редакцияда - Қазақстан Республикасының 2006.01.20. N 123 (2006 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді), өзгеріс енгізілді - 2007.07.27. N 314 (2008 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.
      135-бап. <*>
      Ескерту. 135-бап алып тасталды - Қазақстан Республикасының 2006.01.20. N 123 (2006 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) Заңымен.
      135-1-бап. Меншік нысанына қарамастан, террористік
                  тұрғыдан осал объект басшысының немесе өзге
                  лауазымды адамының өзiне сенiп тапсырылған
                  объектінің терроризмге қарсы қорғалуын
                  қамтамасыз ету және қауіпсіздігінің тиісті
                  деңгейін сақтау жөніндегі міндеттерді
                  орындамауы және (немесе) тиісінше орындамауы
      Ескерту. Тақырып жаңа редакцияда - ҚР 2013.01.08 N 63-V (алғашқы ресми жариялағанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.
      1. Меншік нысанына қарамастан, террористік тұрғыдан осал объект басшысының немесе өзге лауазымды адамының өзiне сенiп тапсырылған объектінің терроризмге қарсы қорғалуын қамтамасыз ету және қауіпсіздігінің тиісті деңгейін сақтау жөніндегі міндеттерді орындамауы және (немесе) тиісінше орындамауы, егер бұл әрекеттерде қылмыстық жаза қолданылатын әрекет белгiлерi болмаса, -
      айлық есептiк көрсеткiштiң бестен онға дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
      2. Осы баптың бiрiншi бөлiгiнде көзделген, әкiмшiлiк жаза қолданылғаннан кейiн бiр жыл iшiнде қайталап жасалған iс-әрекеттер (әрекетсіздік), -
      айлық есептiк көрсеткiштiң оннан отызға дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
      Ескерту. 135-1-баппен толықтырылды - Қазақстан Республикасының 2003.12.05. N 506 , өзгеріс енгізілді - 2006.01.20. N 123 (2006.01.01 бастап қолданысқа енгізілді), өзгеріс енгізілді - 2007.07.27. N 314 (2008.01.01 бастап қолданысқа енгізіледі), 2013.01.08 N 63-V (алғашқы ресми жариялағанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.
      136-бап. Бөтен бiреудiң мүлкiн ұсақ-түйектеп ұрлау
      1. Ұйымға меншiк құқығында тиесiлi немесе оның қарауындағы бөтен бiреудiң мүлкiн ұрлық, алаяқтық жасау, иеленiп кету, жұмсап қою жолымен ұсақ-түйектеп ұрлау, -
      айлық есептiк көрсеткiштiң он беске дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға, ал егер iстiң мән-жайлары бойынша бұл шараның қолданылуы жеткiлiксiз деп танылса, он тәулiкке дейiн әкiмшiлiк қамауға алуға әкеп соғады.
      2. Ұсақ-түйектеп ұрлау:
      1) бiр топ адамдар қатысып;
      2) бiрнеше мәрте;
      3) тұрғын үйге, қызметтiк немесе өндiрiстiк үй-жайға не сақтау орнына заңсыз кiру арқылы жасалса, -
      айлық есептiк көрсеткiштiң жиырма беске дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға не он бес тәулiкке дейiн әкiмшiлiк қамауға алуға әкеп соғады.
      Ескерту.
      1. Бөтен бiреудiң мүлкiн ұрлау, егер ұрланған мүлiктiң құны заңдарда белгiленген он еселенген айлық есептiк көрсеткiштен аспаса, ұсақ-түйектеп ұрлау деп танылады.
      2. Ұсақ-түйектеп ұрлау, егер бұған дейiн осы бапта көзделген бiр немесе одан да көп әкiмшiлiк құқық бұзушылық жасалған, немесе егер ұсақ-түйектеп ұрлауды Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексiнiң 177-183 , 250 , 256 немесе 261-баптарында көзделген қылмыстар жасағаны үшiн сотталған адам жасаған болса, бiрнеше мәрте ұсақ-түйектеп ұрлау деп танылады.
      136-1-бап. Алдау немесе сенiмге қиянат жасау жолымен
                  мүлiктiк залал келтiру
      Алдау немесе сенiмге қиянат жасау жолымен меншiк иесiне немесе өзге мүлiк иеленушiге ұрлық белгiлерiнсiз мүлiктiк залал келтiру –
      айлық есептiк көрсеткiштiң бір жүзден үш жүзге дейiнгі мөлшерiнде айыппұл салуға не қырық бес тәулікке дейін әкімшілік қамауға әкеп соғады.
      Ескерту. 13-тарау 136-1-баппен толықтырылды - ҚР 2011.01.18 № 393-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.
      136-2-бап. Бөтен біреудің мүлкiн абайсызда жою немесе
                  бүлдiру
      Бөтен біреудің мүлкiн iрi зиян келтiрiп абайсызда жою немесе бүлдiру –
      айлық есептiк көрсеткiштiң бір жүзден үш жүзге дейiнгі мөлшерiнде айыппұл салуға не қырық бес тәулікке дейін әкімшілік қамауға әкеп соғады.
      Ескерту. Осы бапта айлық есептік көрсеткіштен бес жүз есе асатын мүліктің құны немесе залалдың мөлшері ірі залал ретінде танылады.
      Ескерту. 13-тарау 136-2-баппен толықтырылды - ҚР 2011.01.18 № 393-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.
      136-3-бап. Қаржылық (инвестициялық) пирамиданың қызметін
                  жарнамалау
      Қаржылық (инвестициялық) пирамида қызметінің жарнамасын шығару, тарату және орналастыру – бұқаралық ақпарат құралының шығарылуын (эфирге шығуын) үш айға дейінгі мерзімге тоқтата тұрып, жеке тұлғаларға – айлық есептік көрсеткіштің бір жүзден бір жүз елуге дейінгі мөлшерінде, лауазымды тұлғаларға, дара кәсіпкерлерге – бір жүз елуден бір жүз жетпіске дейінгі мөлшерінде, шағын немесе орта кәсіпкерлік субъектілері немесе коммерциялық емес ұйымдар болып табылатын заңды тұлғаларға – екі жүзден үш жүзге дейінгі мөлшерінде, ірі кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға төрт жүзден алты жүзге дейінгі мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
      Ескерту. 13-тарау 136-3-баппен толықтырылды - ҚР 17.01.2014 N 166-V Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
14-тарау. КӘСIПКЕРЛIК ҚЫЗМЕТ САЛАСЫНДАҒЫ ӘКIМШIЛIК ҚҰҚЫҚ БҰЗУШЫЛЫҚ
      137-бап. <*>
      Ескерту. 137-бап алып тасталды - Қазақстан Республикасының 2006.01.20. N 123 (2006 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) Заңымен.
      138-бап. <*>
      Ескерту. 138-бап алып тасталды - Қазақстан Республикасының 2006.01.20. N 123 (2006 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) Заңымен.
      139-бап. <*>
      Ескерту. 139-бап алып тасталды - Қазақстан Республикасының 2006.01.20. N 123 (2006 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) Заңымен.
      140-бап. Шикiзатты, азық-түлiк және өнеркәсiп тауарларын
                Қазақстан Республикасының шегiнен тыс жерге
                әкету немесе жiберу ережелерiн бұзу
      1. Шикiзатты, азық-түлiк және өнеркәсiп тауарларын Қазақстан Республикасының шегiнен тыс жерге әкету немесе жiберу ережелерiн бұзу, -
      жеке тұлғаларға - айлық есептiк көрсеткiштiң беске дейiнгi мөлшерiнде, лауазымды адамдарға, дара кәсiпкерлерге - онға дейiнгi мөлшерiнде, шағын немесе орта кәсiпкерлiк субъектiлерi болып табылатын заңды тұлғаларға - отызға дейiнгi мөлшерiнде, iрi кәсiпкерлiк субъектiлерi болып табылатын заңды тұлғаларға елуге дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
      2. Осы баптың бiрiншi бөлiгiнде көзделген, әкiмшiлiк жаза қолданылғаннан кейiн бiр жыл iшiнде қайталап жасалған iс-әрекеттер, -
      шикiзат немесе тауарлар тәркiлене отырып немесе онсыз, жеке тұлғаларға - айлық есептiк көрсеткiштiң онға дейiнгi мөлшерiнде, лауазымды адамдарға, дара кәсiпкерлерге - он беске дейiнгi мөлшерiнде, шағын немесе орта кәсiпкерлiк субъектiлерi болып табылатын заңды тұлғаларға - қырыққа дейiнгi мөлшерiнде, iрi кәсiпкерлiк субъектiлерi болып табылатын заңды тұлғаларға алпысқа дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
      Ескерту. 140-бап жаңа редакцияда - Қазақстан Республикасының 2006.01.20. N 123 (2006 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) Заңымен.
      141-бап. Шикiзатты, азық-түлiк және өнеркәсiп
               тауарларын Қазақстан Республикасының шегiнен
               тысқары жiберу үшiн қабылдау тәртiбiн бұзу
      Пошта ұйымдарының, темiр жол, автомобиль, өзен, теңiз және әуе көлiктерiнiң лауазымды адамдарының шикiзаттарды, азық-түлiк және өнеркәсiп тауарларын Қазақстан Республикасының шегiнен тысқары жiберу үшiн қабылдау ережелерiн бұзуы, -
      айлық есептiк көрсеткiштiң бестен онға дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
      141-1-бап. Мұнайды және мұнай өнімдерін заңсыз тасымалдау,
                  иелену, өткізу, сақтау, сондай-ақ мұнайды өңдеу
      1. Қылмыстық жаза қолданылатын әрекет белгілері жоқ, мұнайды және мұнай өнімдерінің шығарылуының заңдылығын растайтын құжаттарсыз оны тасымалдау, иелену, өткізу, сақтау, сондай-ақ мұнайды өңдеу, -
      жеке тұлғаларға - жүз, лауазымды адамдарға, дара кәсіпкерлерге - жүз елу, шағын немесе орта кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға - үш жүз, ірі кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға бес жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
      2. Осы баптың бірінші бөлігінде көзделген, әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін бір жыл ішінде қайталап жасалған әрекеттер, -
      жеке тұлғаларға - жүз елу, лауазымды адамдарға, дара кәсіпкерлерге - екі жүз, шағын немесе орта кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға - төрт жүз, ірі кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға сегіз жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
      Ескерту. Заң 141-1-баппен толықтырылды - ҚР 2010.10.06 N 343-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.
      142-бап. <*>
      Ескерту. 142-бап алып тасталды - Қазақстан Республикасының 2006.01.20. N 123 (2006 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) Заңымен.
      143-бап. Заңсыз кәсіпкерлік
      Кәсіпкерлік қызметті тіркелусіз не егер арнайы рұқсаттың (лицензияның) міндетті түрде болуы талап етілетін жағдайда, мұндай рұқсатсыз (лицензиясыз) немесе лицензиялау талаптарын бұза отырып жүзеге асыру, сол сияқты кәсіпкерлік қызметтің тыйым салынған түрлерімен айналысу, егер бұл әрекеттер азаматқа, ұйымға немесе мемлекетке ірі залал келтірсе не ірі мөлшерде табыс алумен немесе акцизделетін тауарларды едәуір мөлшерде өндірумен, сақтаумен, тасымалдаумен не өткізумен ұштасқан болса, егер бұл іс-әрекетте қылмыстық жазаланатын әрекет белгілері болмаса, -
      жеке тұлғаларға, лауазымды адамдарға, дара кәсiпкерлерге, шағын немесе орта кәсiпкерлiк субъектiлерi болып табылатын заңды тұлғаларға – келтірілген зиян сомасының, алынған табыс сомасының және заңсыз кәсіпкерлік нәтижесінде алынған акцизделетін тауарлар құнының отыз пайызы мөлшерiнде, iрi кәсiпкерлiк субъектiлерi болып табылатын заңды тұлғаларға елу пайызы мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
      Ескертулер.
      1. Осы Кодекстің 143 және 143-2-баптарында азаматқа бір мың айлық есептік көрсеткіштен аспайтын сомада келтірілген залал, не ұйымға немесе мемлекетке он мың айлық есептік көрсеткіштен аспайтын сомада келтірілген залал ірі залал деп танылады.
      2. Осы Кодекстің 143 және 143-2-баптарында сомасы он мың айлық есептік көрсеткіштен аспайтын табыс ірі мөлшердегі табыс деп танылады.
      3. Осы бапта құны бір мың айлық есептік көрсеткіштен аспайтын тауарлар саны едәуір мөлшер деп танылады.
      Ескерту. 143-бап жаңа редакцияда - ҚР 2011.11.09 N 490-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) Заңымен.
      143-1-бап. Қазақстан Республикасының заңнамасында
                  кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыруға тыйым
                  салу белгіленген адамның осындай қызметпен
                  айналысуы
      Қазақстан Республикасының заңнамасында кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыруға тыйым салу белгіленген адамның осындай қызметпен айналысуы -
      әкімшілік құқық бұзушылық жасау заттары және (немесе) құралдары және (немесе) құқық бұзушылық жасау салдарынан алынған табыстары (дивидендтері), ақшасы, бағалы қағаздары тәркілене отырып, жеке тұлғаларға екі жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
      Ескерту. 14-тарау 143-1-бап толықтырылды - ҚР 2010.06.30 N 297-IV (2010.07.12 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңымен.
      143-2-бап. Заңсыз банктік қызмет
      Банктiк қызметтi (банктiк операцияларды) тiркеусіз немесе рұқсат (лицензия) алу мiндеттi болған жағдайларда мұндай арнаулы рұқсатсыз (лицензиясыз) немесе лицензиялау шарттарын бұзып жүзеге асыру, азаматқа, ұйымға немесе мемлекетке iрi залал келтiрсе, не iрi мөлшерде табыс табумен ұштасса, егер осы iс-әрекетте қылмыстық жазаланатын әрекет белгiлерi болмаса, -
      жеке тұлғаларға, лауазымды адамдарға, дара кәсiпкерлерге, шағын немесе орта кәсiпкерлiк субъектiлерi болып табылатын заңды тұлғаларға – келтірілген залал сомасының, заңсыз қызмет нәтижесінде алынған табыс сомасының отыз, iрi кәсiпкерлiк субъектiлерi болып табылатын заңды тұлғаларға елу пайызы мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
      Ескерту. 14-тарау 143-2-бап толықтырылды - ҚР 2011.11.09 N 490-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) Заңымен.
      144-бап. Кино- және бейнешығармаларды көпшiлiкке көрсету
               ережелерiн бұзу
      Белгiленген көрсету уақытын және көрермендер санатын сақтамаудан көрiнiс тапқан, кино- және бейнешығармаларды көпшiлiкке көрсету ережелерiн бұзу, -
      жеке тұлғаларға, лауазымды адамдарға, дара кәсiпкерлерге, шағын немесе орта кәсiпкерлiк субъектiлерi болып табылатын заңды тұлғаларға - айлық есептiк көрсеткiштiң оннан жиырма беске дейiнгi мөлшерiнде, iрi кәсiпкерлiк субъектiлерi болып табылатын заңды тұлғаларға отыздан жүзге дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
      Ескерту. 144-бап жаңа редакцияда - Қазақстан Республикасының 2006.01.20. N 123 (2006 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) Заңымен.
      144-1-бап. Көрiнеу жалған жарнама
      Жарнама берушiнiң жарнамада тауарларға, жұмыстарға немесе қызмет көрсетуге, сондай-ақ оларды өндiрушiлерге, орындаушыларға немесе сатушыларға қатысты көрiнеу жалған ақпаратты пайдалануы пайдакүнемдiк ниетпен жасалса және iрi зиян келтiрсе, –
      жеке тұлғаларға, лауазымды адамдарға, дара кәсіпкерлерге айлық есептік көрсеткіштің бір жүзден үш жүзге дейiнгі мөлшерiнде айыппұл салуға не қырық бес тәулікке дейін әкімшілік қамауға, шағын немесе орта кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға – айлық есептік көрсеткіштің екі жүзден бес жүзге дейінгі мөлшерінде, ірі кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға айлық есептік көрсеткіштің бес жүзден бір мыңға дейінгі мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
      Ескерту. Осы бапта айлық есептік көрсеткіштен бір жүз есе асатын сомаға жеке тұлғаларға келтірілген залал, не айлық есептік көрсеткіштен бес жүз есе асатын сомаға ұйымға немесе мемлекетке келтірілген залал ірі нұқсан ретінде танылады.
      Ескерту. 14-тарау 144-1-баппен толықтырылды - ҚР 2011.01.18 № 393-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.
      145-бап. Бөтен тауар таңбасын, қызмет көрсету таңбасын,
               тауар шығарылған жердiң атауын немесе фирмалық
               атауды заңсыз пайдалану
      Бөтен тауар таңбасын, қызмет көрсету таңбасын немесе тауар шығарылған жердiң атауын немесе бiртектес тауарларға немесе көрсетілетін қызметтерге арналған, олармен ұқсас белгілеулерді заңсыз пайдалану, сондай-ақ бөтен фирмалық атауды заңсыз пайдалану –
      тауар таңбасының, қызмет көрсету таңбасының, тауар шығарылған жер атауының немесе бiртектес тауарларға немесе көрсетілетін қызметтерге арналған, олармен ұқсас белгілеулердің заңсыз бейнесiн қамтитын тауарлар тәркiлене отырып, жеке тұлғаларға айлық есептік көрсеткіштің оннан отызға дейiнгi мөлшерінде, лауазымды адамдарға – отыздан елуге дейiнгi мөлшерінде, заңды тұлғаларға – елуден бір жүзге дейiнгi мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
      Ескерту:
      1. Осы бапта көрсетiлген құқық бұзушылықтарды жасағаны үшiн тәркiлеу тауардан, оның орамасынан, бланкiлерден немесе басқа да құжаттамадан тауар таңбасының немесе тауар шығарылған жер атауының дайындалған бейнесiн, заңсыз пайдаланылатын тауар таңбасын немесе тауар шығарылған жердiң атауын, сондай-ақ олармен айырғысыз дәрежеге дейiн ұқсас белгiлеуді жою мүмкiн болмаған жағдайда жүргiзiледi.
      2. Осы бапқа сәйкес тәркiленген тауарлар, құқық иеленушiнiң өтiнiшi бойынша оған берiлген жағдайларды қоспағанда, осы Кодекстiң 628-бабында көзделген тәртiппен жойылуға жатады.
      Ескерту. 145-бап жаңа редакцияда - ҚР 13.06.2013 N 104-V (алғашқы ресми жарияланғанынан кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) Заңымен.
      146-бап. <*>
      Ескерту. 146-бап алып тасталды - Қазақстан Республикасының 2006.01.20. N 123 (2006 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) Заңымен.
      146-1-бап. Кредиторлық берешектi өтеуден әдейi жалтару
      Тиiстi сот актiсi заңды күшiне енгеннен кейiн ұйым жетекшiсiнiң немесе азаматтың ірi мөлшердегi кредиторлық берешектi өтеуден әдейi жалтаруы –
      айлық есептiк көрсеткiштiң бір жүзден үш жүзге дейiнгі мөлшерiнде айыппұл салуға не қырық бес тәулікке дейін әкімшілік қамауға әкеп соғады.
      Ескерту. Азаматтың бес жүз айлық есептiк көрсеткiштен асатын сомадағы, ал ұйымның екi мың бес жүз айлық есептiк көрсеткiштен асатын сомадағы берешегi iрi мөлшердегi кредиторлық берешек деп танылады.
      Ескерту. 14-тарау 146-1-баппен толықтырылды - ҚР 2011.01.18 № 393-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.
      147-бап. Монополистік қызмет
       1. Нарық субъектiлерiнiң «Бәсекелестік туралы» Қазақстан Республикасының Заңында тыйым салынған бәсекелестiкке қарсы келiсiмдерi, егер бұл iс-әрекеттерде қылмыстық жаза қолданылатын әрекет белгiлерi болмаса, -
      «Бәсекелестік туралы» Қазақстан Республикасының Заңында тыйым салынған монополистiк қызметтi бiр жылдан аспайтын мерзiмде жүзеге асыру нәтижесiнде алынған монополиялық табысы тәркiленiп, лауазымды адамдарға, дара кәсiпкерлерге – бір жүз елу айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде, шағын немесе орта кәсiпкерлiк субъектiлерi немесе коммерциялық емес ұйымдар болып табылатын заңды тұлғаларға «Бәсекелестік туралы» Қазақстан Республикасының Заңында тыйым салынған монополистiк қызметтi жүзеге асыру нәтижесiнде алынған табысының (түсiмiнiң) бес пайызы мөлшерiнде, iрi кәсiпкерлiк субъектiлерi болып табылатын заңды тұлғаларға – он пайызы мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
      2. Нарық субъектiлерiнiң «Бәсекелестік туралы» Қазақстан Республикасының Заңында тыйым салынған бәсекелестiкке қарсы келiсiлген iс-әрекеттерi, егер бұл iс-әрекеттерде қылмыстық жаза қолданылатын әрекет белгiлерi болмаса, -
      «Бәсекелестік туралы» Қазақстан Республикасының Заңында тыйым салынған монополистiк қызметтi бiр жылдан аспайтын мерзiмде жүзеге асыру нәтижесiнде алынған монополиялық табысы тәркiленiп, лауазымды адамдарға, дара кәсiпкерлерге – бiр жүз елу айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде, шағын немесе орта кәсiпкерлiк субъектiлерi немесе коммерциялық емес ұйымдар болып табылатын заңды тұлғаларға «Бәсекелестік туралы» Қазақстан Республикасының Заңында тыйым салынған монополистiк қызметтi жүзеге асыру нәтижесiнде алынған табысының (түсiмiнiң) бес пайызы мөлшерiнде, iрi кәсiпкерлiк субъектiлерi болып табылатын заңды тұлғаларға – он пайызы мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
      3. Нарық субъектiлерiнiң «Бәсекелестік туралы» Қазақстан Республикасының Заңында тыйым салынған өзiнiң үстем немесе монополиялық жағдайын терiс пайдалануы, егер бұл iс-әрекеттерде қылмыстық жаза қолданылатын әрекет белгiлерi болмаса, -
      «Бәсекелестік туралы» Қазақстан Республикасының Заңында тыйым салынған монополистiк қызметтi бiр жылдан аспайтын мерзiмде жүзеге асыру нәтижесiнде алынған монополиялық табысы тәркiленiп, лауазымды адамдарға, дара кәсiпкерлерге – бiр жүз елу айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде, шағын немесе орта кәсiпкерлiк субъектiлерi немесе коммерциялық емес ұйымдар болып табылатын заңды тұлғаларға «Бәсекелестік туралы» Қазақстан Республикасының Заңында тыйым салынған монополистiк қызметтi жүзеге асыру нәтижесiнде алынған табысының (түсiмiнiң) бес пайызы мөлшерiнде, iрi кәсiпкерлiк субъектiлерi болып табылатын заңды тұлғаларға – он пайызы мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
      4. Осы баптың бiрiншi, екiншi және үшiншi бөлiктерiнде көзделген, әкiмшiлiк жаза қолданылғаннан кейiн бiр жыл iшiнде қайталап жасалған iс-әрекеттер -
      «Бәсекелестік туралы» Қазақстан Республикасының Заңында тыйым салынған монополистiк қызметтi бiр жылдан аспайтын мерзiмде жүзеге асыру нәтижесiнде алынған монополиялық табысы тәркiленiп, лауазымды адамдарға, дара кәсiпкерлерге – үш жүз айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде, шағын немесе орта кәсiпкерлiк субъектiлерi немесе коммерциялық емес ұйымдар болып табылатын заңды тұлғаларға «Бәсекелестік туралы» Қазақстан Республикасының Заңында тыйым салынған монополистiк қызметтi жүзеге асыру нәтижесiнде алынған табысының (түсiмiнiң) он пайызы мөлшерiнде, iрi кәсiпкерлiк субъектiлерi болып табылатын заңды тұлғаларға – жиырма пайызы мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
      5. Жеке және (немесе) заңды тұлғалардың нарық субъектiлерiнiң экономикалық қызметiн «Бәсекелестік туралы» Қазақстан Республикасының Заңында тыйым салынған нарық субъектiлерiнiң бәсекелестiкке қарсы келiсiмдерiнiң кез келген нысанына әкеп соқтыра алатындай, әкеп соқтыратын немесе әкеп соқтырған үйлестiруi -
      жеке тұлғаларға – екі жүз айлық есептiк көрсеткiш мөлшерінде, лауазымды адамдарға, дара кәсiпкерлерге – үш жүз айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде, шағын немесе орта кәсiпкерлiк субъектiлерi немесе коммерциялық емес ұйымдар болып табылатын заңды тұлғаларға – бес жүз айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде, iрi кәсiпкерлiк субъектiлерi болып табылатын заңды тұлғаларға бiр мың айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
      6. Осы баптың бесiншi бөлiгiнде көзделген, әкiмшiлiк жаза қолданылғаннан кейiн бiр жыл iшiнде қайталап жасалған iс-әрекет -
      жеке тұлғаларға – үш жүз айлық есептiк көрсеткiш мөлшерінде, лауазымды адамдарға, дара кәсiпкерлерге – төрт жүз айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде, шағын немесе орта кәсiпкерлiк субъектiлерi немесе коммерциялық емес ұйымдар болып табылатын заңды тұлғаларға – жеті жүз айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде, iрi кәсiпкерлiк субъектiлерi болып табылатын заңды тұлғаларға бiр мың бес жүз айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
      Ескерту.
      Судья бәсекелестiкке қарсы келiсiм немесе бәсекелестiкке қарсы келiсiлген iс-әрекеттер түрiндегi әкiмшiлiк құқық бұзушылықты жасаған нарық субъектiсiн мынадай шарттарды жиынтықты сақтаған:
      1) нарық субъектiсi монополияға қарсы органға бәсекелестiкке қарсы келiсiмдер немесе бәсекелестікке қарсы келiсiлген iс-әрекеттер туралы мәлiмдеген кезде монополияға қарсы орган басқа көздерден осы бәсекелестiкке қарсы келiсiмдер немесе бәсекелестікке қарсы келiсiлген iс-әрекеттер туралы ақпарат алмаған;
      2) нарық субъектiсi бәсекелестiкке қарсы келiсiмдерге немесе бәсекелестікке қарсы келiсiлген iс-әрекеттерге өзiнiң қатысуын тоқтату жөнiнде жедел шаралар қолданатын;
      3) нарық субъектiсi мәлiмдеген кезден бастап бүкiл тергеу бойында бәсекелестiкке қарсы келiсiмдер немесе бәсекелестікке қарсы келiсiлген iс-әрекеттер фактiлерi туралы толық ақпаратты хабарлайтын;
      4) нарық субъектiсiнiң бәсекелестiкке қарсы келiсiмдер немесе бәсекелестікке қарсы келiсiлген iс-әрекеттердi жасау салдарынан тұтынушыларға келтiрiлген залалды ерiктi түрде өтейтін кезде монополиялық табысын тәркiлеуден босатуы мүмкiн.
      Ескерту. 147-бап жаңа редакцияда - ҚР 06.03.2013 N 81-V Заңымен (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi).
      147-1-бап. Қазақстан Республикасының мемлекеттiк монополия
                  туралы заңнамасын бұзу
      1. Мемлекеттiк монополия субъектiсiнiң Қазақстан Республикасының мемлекеттiк монополия туралы заңнамасында белгiленген шектеулердi сақтамауы, -
      мемлекеттiк монополия субъектiсiне айлық есептiк көрсеткiштiң екi жүзден үш жүзге дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
      2. Мемлекеттiк монополия саласына жатқызылған қызметті уәкілетті емес адамның жүзеге асыруы, -
      әкімшілік құқық бұзушылық заттары және (немесе) құралдары тәркілене отырып немесе онсыз, жеке адамдарға - жүз, лауазымды адамдарға және дара кәсiпкерлерге - жүз жиырма бес, шағын және орта кәсiпкерлiк субъектiлерi болып табылатын заңды тұлғаларға - екі жүз, iрi кәсiпкерлiк субъектiлерi болып табылатын заңды тұлғаларға үш жүз айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
      Ескерту. 147-1-баппен толықтырылды - ҚР 2006.01.20 N 123 (2006 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді), жаңа редакцияда - ҚР 2010.01.21 № 242-IV (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-б. қараңыз) Заңдарымен.
      147-2-бап. Нарық субъектiлерiнiң экономикалық шоғырлану
                  кезiндегі заңсыз iс-әрекеттерi
      1. Егер монополияға қарсы орган келісімінің болуы қажет болған жағдайда, нарық субъектiлерiнің мұндай келісімді алмай-ақ экономикалық шоғырлануы, экономикалық шоғырлануға қатысушы нарық субъектiлерiнiң экономикалық шоғырлануға келісім беру туралы шешiмге негiз болған талаптар мен мiндеттемелердi орындамауы -
      жеке тұлғаларға – бір жүз, лауазымды адамдарға, дара кәсiпкерлерге – үш жүз, шағын немесе орта кәсiпкерлiк субъектiлерi немесе коммерциялық емес ұйымдар болып табылатын заңды тұлғаларға – төрт жүз, iрi кәсiпкерлiк субъектiлерi болып табылатын заңды тұлғаларға екi мың айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
      2. Егер жасалған экономикалық шоғырлану туралы хабарламаның болуы қажет болған жағдайда, монополияға қарсы органға мұндай хабарламаны ұсынбау немесе уақтылы ұсынбау -
      жеке тұлғаларға - бір жүз, лауазымды адамдарға, дара кәсiпкерлерге – үш жүз, шағын немесе орта кәсiпкерлiк субъектiлерi немесе коммерциялық емес ұйымдар болып табылатын заңды тұлғаларға – төрт жүз, iрi кәсiпкерлiк субъектiлерi болып табылатын заңды тұлғаларға екi мың айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
      Ескерту. 147-2-баппен толықтырылды - ҚР 07.07.2006 N 174 Заңымен (ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткеннен кейін қолданысқа енгізіледі); жаңа редакцияда - ҚР 06.03.2013 N 81-V Заңымен (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi).
      147-3-бап. Монополияға қарсы органның нұсқамаларын

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   54




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет