- Объективті зерттеу.
- Мейірбикелік диагнозын белгілеу.
- Қазіргі физиологиялық диагноздан басқа қашанда потенцияльды диагнозы болу керек: физикалық жүктемеден кейінгі жүрек тұсының шаншуы – стенокардия, МИ; ентігу – жүрек қызметі жеткіліксіздігінің көрінісі.
- Физиологиялық диагноздан басқа мейірбике науқаста рухани-психологиялық және қоғамдық мәселелердің бар жоқтығын анықтау керек (жолдастарының мәселесі) бейімделу мәселесі, аурумен байланысы (жүрек тұсы ауырсынуында – қорқыныш, қайталай дертінің қозуын тудыруы мүмкін), жұмысқа қабілеті төмендеумен, өлімнен қорқу …
- Ұқыптылықпен мейірбикелік зерттеуде мейірбике науқастың медициналық мәселесін анықтап, мейірбикелік диагнозды қоюы керек:
- жүрек аймағының ауырсынуы
- ентігу
- жөтел
- жүрек қағу
- бастың ауырсынуы, айналуы, көздің қарауытуы, құлағы шыңылдап, құсу.
- Бұдан сырт рухани, психологиялық, қоғамдық мәселелерін анықтау керек.
- Науқастың барлық мәселелерінің арасынан мейірбике науқаспен келісе отырып, алғашқы күтім жоспарын таңдауы керек.
-
- III кезең – мейірбикелік қатысуды жоспарлау.
- Мысалы. Алғашқы анықталған мәселе (диагноз) – стенокардияға байланысты науқас жүрек аймағының ауырсынуын бастан кешіреді. Мейірбике қысқамерзімді мақсат қояды: 15-20 минут ішінде науқастың жағдайын жеңілдету, жайлы жағдай жасау, тыныштықты қамтамасыз ету, нитроглицерин беру.
- Ұзақмерзімдік мақсаты: Науқасты тұзы, майы шектелген диетаға отырғызу. Мейірбикелік қатысу жоспарын іске асыру.
- Мейірбике белгілеген жоспарын ұқыптылықпен орындап, өзінің әрекетін жұмыс күнделік дәптеріне жазып отыру керек.
Ойық жара ауруының мейірбикелік қатысуы төмендегідей болуы мүмкін: - Ойық жара ауруының мейірбикелік қатысуы төмендегідей болуы мүмкін:
- 5-6 рет тамақтану, сәйкесті диета тағайындау (1а, 1, жеке);
- Белгіленген тамақтану тәртібін қатаң сақтау. Физиологиялық қызметін бақылау;
- Дәрігердің тағайындауы бойынша ауру басатын дәріні дайындау;
- Науқасқа психотерапевтикалық қолдау көрсету;
- Туысқандарымен қарым-қатынас орнатыпн оларды науқасты күтімдеуге қатыстыру;
- Науқасқа өзін бақылау дағдысын үйрету.
- Мейірбикелік қатысудың өнімділігін бағалау:
- ЖҚЖ мүшелерінің ауруларында: жүрек аймағының ауырсыну сезімінің, ентігудің басылуы, белгілі физикалық жүктемеге төзе алатындай болу. т.д. Мейірбике ЖҚЖ ауруларының асқынуы, диеталық сұрақтар туралы науқастармен сұхбаттасу.
Достарыңызбен бөлісу: |