Әкімшілік мәліметтерді жинақтауға арналған нысанды толтыру бойынша түсіндірме



жүктеу 42.09 Kb.
Дата29.02.2016
өлшемі42.09 Kb.


Әкімшілік мәліметтерді жинақтауға арналған нысанды толтыру бойынша түсіндірме
_________ жылдағы жағдай бойынша Үкіметтің сыртқы қарыздары есебінен республикалық бюджеттен берілген кредиттер туралы қарыз алушылар, сенім білдірілгендер (агенттер), түпкі қарыз алушылар ұсынған ақпарат
1. Жалпы ережелер


        1. Бұл түсіндірме _________ жылдағы жағдай бойынша Үкіметтің сыртқы қарыздары есебінен республикалық бюджеттен берілген кредиттер туралы қарыз алушылар, сенім білдірілгендер (агенттер), түпкі қарыз алушылар ұсынған ақпарат нысанын (бұдан әрі – Есеп нысаны) толтырудың бірыңғай талаптарын анықтайды.

2. Есеп нысаны Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысымен бекітілген 2008 жылғы 24 ақпандағы № 387 Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі туралы ереженің 16-тармағының 15) тармақшасына сәйкес жасалған.

3. Есеп нысаны бастапқы есепке алу деректерінің негізінде толтырылады және ай сайын есепті кезеңнен кейінгі 10-ы күніне дейін, жыл сайын есепті кезеңнен кейінгі 10-ыншы қаңтарға дейін ұсынылады.



4. Есеп нысанына бірінші басшы, бас бухгалтер қол қояды және мөрмен бекітіледі.
2. Есеп нысанын толтыру бойынша түсіндірме


  1. Есеп нысанының 1-бағанында реттік сандар көрсетіледі.

  2. 2-бағанда қарыз алушы көрсетіледі.

  3. Есеп нысанының 3-бағанында бюджеттік бағдарламаның және әкімшінің атауы көрсетіледі.

  4. 4-бағанда кредиттік келісімнің нөмірі мен күні көрсетіледі.

  5. Есептің 5-бағанында кредит валютасы көрсетіледі.

  6. 6-бағанда кредит сомасы көрсетіледі.

  7. 7-бағанда игеру мерзімі көрсетіледі.

  8. Есеп нысанының 8-бағанында жыл басындағы барлық борыш қалдығы көрсетіледі.

  9. 9-бағанда жыл басындағы негізгі қарыз бойынша борыш қалдығы көрсетіледі.

  10. 10-бағанда жыл басындағы сыйақы бойынша борыш қалдығы көрсетіледі.

  11. 11-бағанда жыл басындағы басқа төлемдер бойынша борыш қалдығы көрсетіледі.

  12. 12-бағанда есепті кезең басындағы барлық мерзімі өтіп кеткен берешек көрсетіледі.

  13. 13-бағанда есепті кезең басындағы негізгі борыш бойынша мерзімі өтіп кеткен берешек көрсетіледі.

  14. 14-бағанда есепті кезең басындағы сыйақы бойынша мерзімі өтіп кеткен берешек көрсетіледі.

  15. 15-бағанда есепті кезең басындағы өзге төлемдер бойынша мерзімі өтіп кеткен берешек көрсетіледі.

  16. 16-бағанда есепті кезеңде республикалық бюджеттен кредиттер берілген күн көрсетіледі.

  17. Есеп нысанының 17-бағанында есепті кезеңде республикалық бюджеттен берілген валютадағы кредиттер сомасы көрсетіледі.

  18. 18-бағанда есепті кезеңде республикалық бюджеттен берілген теңгедегі кредиттер сомасы көрсетіледі.

  19. 19-бағанда есепті кезеңде өтелуге тиісті негізгі борыш сомасы көрсетіледі.

  20. 20-бағанда есепті кезеңде төленуге тиісті сыйақы сомасы көрсетіледі.

  21. 21-бағанда есепті кезеңде өтелуге тиісті өзге де сомалар көрсетіледі.

  22. Есеп нысанының 22-бағанында есепті кезеңде қарыз алушының сенімді агентіне өтеу күні көрсетіледі.

  23. 23-бағанда негізгі борыш бойынша есепті кезең үшін қарыз алушының сенімді агентіне өтелетін сомасы валютамен көрсетіледі.

  24. 24-бағанда негізгі борыш бойынша есепті кезең үшін қарыз алушының сенімді агентіне өтелетін сомасы теңгемен көрсетіледі.

  25. 25-бағанда сыйақы бойынша есепті кезең үшін қарыз алушының сенімді агентіне өтелетін сомасы валютамен көрсетіледі.

  26. 26-бағанда сыйақы бойынша есепті кезең үшін қарыз алушының сенімді агентіне өтелетін сомасы теңгемен көрсетіледі.

  27. 27-бағанда есепті кезең үшін қарыз алушының сенімді агентіне өтелетін басқа төлемдер сомасы валютамен көрсетіледі.

  28. 28-бағанда есепті кезең үшін қарыз алушының сенімді агентіне өтелетін басқа төлемдер сомасы теңгемен көрсетіледі.

  29. 29-бағанда қарыз алушының/сенімді агенттің есепті кезең үшін республикалық бюджетке өтеу күні көрсетіледі.

  30. 30-бағанда қарыз алушының/сенімді агенттің негізгі қарыз бойынша есепті кезең үшін республикалық бюджетке өтелетін сомасы теңгемен көрсетіледі.

  31. 31-бағанда қарыз алушының/сенімді агенттің негізгі қарыз бойынша есепті кезең үшін республикалық бюджетке өтеуінің бюджеттік сыныптамасының коды көрсетіледі.

  32. 32 бағанда қарыз алушының/сенімді агенттің сыйақы бойынша есепті кезеңге республикалық бюджетке төленетін сомасы теңгемен көрсетіледі.

  33. 33-бағанда қарыз алушының/сенімді агенттің сыйақы бойынша есепті кезең үшін республикалық бюджетке төленген төлемдердің бюджеттік сыныптамасының коды көрсетіледі.

  34. 34-бағанда қарыз алушының/сенімді агенттің өзге төлемдер бойынша есепті кезең үшін республикалық бюджетке өтелген сомасы көрсетіледі.

  35. 35-бағанда қарыз алушының/сенімді агенттің басқа төлемдер бойынша есепті кезең үшін республикалық бюджетке төленген төлемдердің бюджеттік сыныптамасының коды көрсетіледі.

  36. 36-бағанда есепті кезең соңындағы валютадағы негізгі борыш бойынша борыш қалдығы көрсетіледі.

  37. 37-бағанда валютадағы сыйақы бойынша есепті кезең соңындағы борыш қалдығы көрсетіледі.

  38. 38-бағанда теңгедегі негізгі борыш бойынша есепті кезең соңындағы борыш қалдығы көрсетіледі.

  39. 39-бағанда есепті кезең соңындағы барлық мерзімі өтіп кеткен берешек көрсетіледі.

  40. 40-бағанда есепті кезең соңындағы негізгі борыш бойынша мерзімі өтіп кеткен берешек көрсетіледі.

  41. 41-бағанда есепті кезең соңындағы сыйақы бойынша мерзімі өтіп кеткен берешек көрсетіледі.

  42. 42-бағанда есепті кезең соңындағы өзге де төлемдер бойынша мерзімі өтіп кеткен берешек көрсетіледі.

  43. 43-бағанда ескертулер көрсетіледі.


______________________


©dereksiz.org 2016
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет